Топ бақылауындағы ұйымдар еншілес ұйымдар болып табылады. Топ инвестициялар объектісіне қатысудан болған ауыспалы кірістермен байланысты тәуекелдерге Топ ұшыраған немесе осындай кіріс алуға құқығы болғанда және осы кірістің шамасына ықпал ету мақсатымен осы кәсіпорынға қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі болғанда, еншілес кәсіпорынды бақылайды. Еншілес кәсіпорындардың қаржылық есептіліктерінің көрсеткіштері бақылауды алған күннен бастап ол тоқтатылған күнге дейін шоғырландырылған қаржылық есептілік құрамында көрінеді. Еншілес кәсіпорындардың есеп саясаты Топта қабылданған есеп саясатына оны сәйкес келтіру қажет болған жағдайларда ғана, өзгерістерге ұшырады. Еншілес кәсіпорындағы бақыланбайтын үлеске өтетін шығындар тіпті осы шотта дебеттік («дефицит») на қалдықтың туындауына алып келсе де, бақыланбайтын үлестер шотына толық көлемде жатқызылады.
3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ Шоғырландыру қағидаттары, жалғасы Кәсіпорындардан жалпы бақылаудағы бизнесті сатып алу
Топты бақылайтын, акционердің бақылауында тұрған кәсіпорындардағы үлестерді беру нәтижесінде туындаған бизнесті біріктіру жөніндегі мәмілелер сатып алудың тиісті мәмілесі есептілікте ұсынылған салыстырмалы кезеңдердің ең ерте бастасында немесе жалпы бақылауды белгіленген күні орын алса, егер соңғысы кейінірек болса, салыстырмалы деректер қайта есептеледі деп ескеріледі. Сатып алынған активтер мен міндеттемелер Топтың бақылаушы акционерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде көрсетілген олардың бұрынғы теңгерімді құны бойынша танылады. Сатып алынған кәсіпорындар капиталының компоненттері қосымша капитал бөлігі ретінде танылатын сатып алынған кәсіпорынның жарғылық капиталын қоспағанда, Топ капиталының тиісті компоненттерімен қалыптасады. Сатып алу бойынша мәміледе төленген ақша қаражатының кез келген сомасы тікелей капитал құрамында көрінеді.