Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ



бет55/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Шоғырландыру қағидаттары, жалғасы

    1. Шоғырландыру кезінде алынып тасталатын (элиминирленетін) операциялар

Топ ішіндегі қалдықтар мен операциялар, топ ішіндегі операциялардан болған іске асырылмаған кірістер мен шығыстар элиминирленеді. Инвестициялар объектілерімен операциялар бойынша іске асырылмаған пайда үлестік қатысу әдісімен ескеріледі, тиісті инвестициялар объектісінде Топтың қатысу үлесі шегінде инвестициялардың құнын азайту есебінен алынып тасталады. Іске асырылмаған шығындар іске асырылмаған пайда сияқты тәртіпте, бірақ әлі де құнсызданудың куәлігі болып табылмайтын деңгейде ғана элиминирленеді.

(б) Кірістер мен шығыстарды тану
Кірістер Топтың экономикалық пайданы алуы ықтимал ретінде бағаланған және кірістер төлемнің жүзеге асырылу уақытына қарамастан кірістер сенімді бағаланатын болған жағдайда танылады. Кірістер шартта айқындалған төлем талаптары ескеріліп және салық пен баж шегеріліп алынған немесе алынуы тиіс сыйақының әділ құны бойынша бағанады. Топ өзі қағидатшыл немесе агент ретінде көріне ме, соны анықтау мақсатымен белгілі бір критерийлерге сәйкес кірістерді алуды көздейтін өз жасайтын шарттарды талдайды. Топ өзі төменде көрсетілгендерді қоспағанда, осындай барлық шарт бойынша принципал ретінде көрінеді деген байламға келді. Қызметтерді ұсынудан түскен кірістер жұмыстардың аяқталу сатысына сүйеніп танылады. Егер шарттан болған қаржылық нәтиже бағаланбайтын болса, кірістер өтелуі мүмкін, келтірілген шығыстар шегінде ғана танылады.

  1. Пошта жөнелтілімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Жай және тапсырысты пошта жөнелтілімдерін жеткізуден түскен кірістер есепті күні аяқталу сатысына сілтеме жасалып танылады. Қызметтердің аяқталу сатысы пошта жөнелтілімдерін жеткізудің орташа мерзімі негізінде бағаланады. Мұндай жөнелтілімдерді жеткізу бойынша шығыстар туындауына қарай танылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет