Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет60/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

(i) Тану және бағалау
Негізгі құралдар объектілері амортизацияның жинақталған сомаларын және құнсызданудан болған жинақталған шығындарды шегеріп өзіндік құн бойынша көрсетіледі.
Өзіндік құн тиісті активті сатып алуға тікелей байланысты шығындарды қамтиды. Өз күшімен тұрғызылған (салынған) активтердің өзіндік құнына материалдарға кеткен залалдар, еңбекақы төлеуге кеткен тікелей шығындар, мақсаты бойынша пайдалану үшін активтерді жұмыс күйіне келтірумен тікелей байланысты барлық басқа шығындар, активтерді қайта жөндеу және жою, олардың алып жатқан учаскесін қалпына келтіру шығындары мен қарыздар бойынша капиталға айналған шығындар кіреді. Тиісті жабдықтың функционалдық мақсатымен тығыз байланысты бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алуға кеткен шығындар сол жабдықтың құнына капиталға айналады.
Негізгі құралдар объектісін құрайтын елеулі компоненттердің пайдалы қолданудың әртүрлі мерзімдері болса, олар негізгі құралдардың жеке объектілері (елеулі компоненттері) ретінде ескеріледі.
Негізгі құралдар объектісінің істен шығуынан болған пайда немесе залалдың кез келген сомасы оның істен шығуынан болған түсімдерді оның теңгерімдік құнымен салыстыру арқылы анықталады және сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында «өзге кірістер» немесе «өзге шығыстар» тармағы бойынша нетто-мөлшерде танылады.


3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Негізгі құралдар, жалғасы

(ii) Кейінгі шығындар
Негізгі құралдар объектісінің елеулі компонентін ауыстырумен байланысты шығындар осы объектінің теңгерімдік құнын егер Топ келешекте көрсетілген компонентпен байланысты экономикалық пайда алуы және оның құнын сенімді бағалау мүмкін болған жағдайда арттырады. Ауыстырылған компоненттің теңгерімдік құны есептен шығарылады. Негізгі құралдар объектілеріне күнделікті қызмет көрсету шығындары пайда болған сәтінде сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады. Негізгі құралдар құрамында арнайы қосалқы бөлшектер және маңызды бастапқы құны мен 1 (бір) жылдан көп пайдалы қызмет ету мерзімі бар көмекші жабдықтар көрсетіледі. Өзге қосалқы бөлшектер мен көмекші жабдық тауарлық-материалдық қорлар құрамында танылады және пайдалануға берілген сәтте шығындар құрамында көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет