Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ



бет64/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Қаржы құралдары

Топ туынды емес қаржы активтерін мына санаттар бойынша жіктеді: өзгеруі пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері, өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері, қарыздар мен дебиторлық берешек, сондай-ақ сату үшін қолда бар қаржы активтері.
Топ туынды емес қаржылық міндеттемелерді өзге қаржылық міндеттемелердің санатына жіктейді.


(i) Туынды емес қаржы активтері мен міндеттемелері – тану және тануды тоқтату
Топ бастапқыда қарыздар мен дебиторлық берешекті, сондай-ақ басталған/шыққан күні шығарылған борыштық бағалы қағаздарды таниды. Барлық өзге қаржы активтері мен міндеттемелерді бастапқы тану келісім жасалған күні жүзеге асырылады, нәтижесінде Топ құралдың шарттық ережелерінің тарапы болады.
Топ қаржы активін тануды осы қаржы активінен ақша қаражатының ағынына шарттық құқықты қолдану мерзімі өткен сәтте, не болмаса Топ қаржы активін иеленумен байланысты барлық тәуекел мен пайда басқа тарапқа берілетін мәміле нәтижесінде шартпен көзделген сол қаржы активі бойынша ақша қаражатының ағындарын алу құқығын берген жағдайда тоқтатады. Топта пайда болған немесе қалған, берілген қаржы активінде кез келген қатысу жеке актив немесе міндеттеме ретінде танылады.
Топ тиісті келісім шарт оның міндеттері орындалған немесе күші жойылған сәтте не болмаса олардың әрекет ету мерзімі өткенде қаржылық міндеттемені тануды тоқтатады. Қаржы активтері мен міндеттемелер тек Топтың сол уақытта танылған сомаларды өзара есепке алуға заңдық қорғаумен қамтамасыз етілген құқығы болған жағдайда және олар бойынша нетто-негізде есеп айырысуға не болмаса бір мезгілде активті өткізіп, міндеттемені атқаруға ниет қылса, өзара есепке алынады және қаржы жағдайы туралы есепте ұсынылады.
Егер осы құқық келешектегі оқиғаға себепші болмаса және әдеттегі қызмет барысында да, Топ немесе контрагенттердің қайсыбірі міндеттемелерді орындамаған, орындай алмайтын немес банкрот болған жағдайда да заңды орындалған болып табылса, Топтың қазіргі сәтте заңды түрде қорғаумен қамтамасыз етілген өзара есепке алуды жүзеге асыру құқығы бар.


Қарыздар және дебиторлық берешек
Қарыздар мен дебиторлық берешекке актив нарығында баға белгіленбейтін, белгіленген немесе анықталған төлемдерді көздейтін қаржы активтері жатады. Мұндай активтер мәміле бойынша тікелей шығындарға жататын сомаға көбейетін әділ құн бойынша бастапқыда танылады.Қарыздар мен дебиторлық берешек бастапқы танылғаннан кейін, олардың құнсыздануынан болған шығындар шегеріліп, тиімді пайыз мөлшерлемесі әдісі қолданылып есептелетін амортизацияланған құн бойынша бағаланады.
Қарыздар мен дебиторлық берешектің санатына мына кластағы қаржылық активтер енгізілді: қызметкерлерге қарыздар (7-ескертпені қараңыз), сауда және өзге дебиторлық берешек (9-ескертпені қараңыз), банктік депозиттер (11-ескертпені қараңыз) және ақша қаражаты және оның баламалары (12-ескертпені қараңыз).


Ақша қаражаты және оның баламалары
Ақша қаражаты мен оның баламаларына кассадағы ақша қаражаты, талап еткенге дейін банктік депозиттер, «Кері РЕПО» шарттары бойынша 30 күн мерзімге дейінгі дебиторлық берешектер және өтеу мерзімі сатып алған күннен бастап үш ай немесе одан аз жоғары және олардың әділ құны бойынша өзгерістің елеусіз тәуекеліне ұшырайтын өтімді инвестициялар жатады. Талап бойынша өтелуі тиіс және ақша қаражатын басқарудың интегррациялық жүйесі шеңберінде Топ қолданатын банктік овердрафттар ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте ақша және оның баламалары құрамына енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет