Қоғамлық-саяси ойдың бастауы және дамуы



бет5/25
Дата03.06.2022
өлшемі100,09 Kb.
#145864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қ тарих 11Г 2бөлім

Дулат Бабатайұлы Шығыс Қазақстан обылысы Аягөз ауданында туылған. Отарлық озбырлықтың күшейгенін, хандық биліктің жойылуын, округтік орталық төр құрылуын жанымен сезінген ақын өлеңдерінде басына түскен ауыртпалықты жырлайды. “О, Сарыарқа, Сарыарқа” атты өлеңінде қазақтың ауыр жағдайын суреттейді. “Кеңесбайға”, “Бараққы” өлеңдерінде әкімдердің жағымсыз образын сипаттап ашық айтады. “Өсиетхана” өлеңінде халықтың өткен өмірін жырлайды.


  • Шортанбай Қанайұлы(1819-1881) – зар заман кезеңінің белгілі ақыны. Қазақстанның Оңтүстік өңірінде дүниеге келген. Ол “Зар заман” өлеңінде мұңды жыр толғайды. Ел ішінде кең таралған осы өлеңнен бастап, олар “Зар заман” ақыны ретінде танала бастады.



    • Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906)“Қазтуған”, “Үш қиян” жырларында елде жаппай қоныстанушылар пайда болып, қазақтарды жерінен айырғанына қатты күйінеді.




    • Әбубәкір Керделі – қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақын өз поэзиясында ел үшін жан аямай күресуге шақырады. 1905 жылы Қазан қаласында Әбубәкір Керделінің өлеңдер жинағы шықты.

    29-30. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары


    • Демократия - халық билігі.

    • Декабристер - 1825 жылы желтоқсанда көтеріліс ұйымдастырған орыс революционерлері.

    • Ағартушы - білім беріп, оқу-ағарту ісімен айналысатын адам.

    • Билер соты - қоғамдағы құқықты реттейтін дәстүрлі билік.


    Абай Құнанбайұлы: «Болыс болдым,мінекей,
    Бар малымды шығындап.
    Түйеде қом, атта жал,
    Қалмады елге тығындап…»

    1. Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарасы.

    • Уәлихановтың дүниеге көзқарасының қалыптасуына декабристер ықпал етті. Олар оның ғылымға, әдебиетке, өнерге, Батыс демократиялық құндылықтарға құштарлығын күшейтті.

    • Уәлиханов шығыс тілдеріне білімін Омбы кадет корпусында тереңдетті.

    • Корпуста Г.Н.Потанинмен бірге оқып, дос болған.

    • Пушкиннің, Лермонтовтың, Гогольдің, Диккенстің шығармаларын оқыған.

    - 1860жылы Санкт-Петербургте орденмен марапатталды, әскери шені өсті. Уәлихановты орыс патшасы II Александр қабылдады. Шоқан Александрға: «Орыс шенеуніктері қазақ халқына жақсы қарасын» - , деп өтінішін анық жеткізді.



    - 1862жылы Атбасар округі бойынша аға сұлтан болуға кондидатурасын ұсынды.

    - 1862жылы қазанда, орыс жазушысы Ф.М.Достоевскийге хат жазады: «Байқайсың ба, бұл шенеуніктер үшін ''болу не болмау'' сияқты нәрсе. Шенеуніктер байлар мен баққұмар қазақтарды маған өшіктіріп, ''Уәлиханов аға сұлтан болса, сендерге сор болады, ол теңдік деген ұғымды ұстаған адам…Құдайға сенбейді. Мұхаммед пайғамбарға өш'', - деп өсек таратты».

    - 1822жылы Орта жүзде хандық билік жойылып, жайылым тарыла бастады.

    - Уәлиханов округтік басқарудың енуіне байланысты: «Біздің жерімізді округтер бойынша бөліп, жазғы және қысқы жайылымдарды атақты рулар мен адамдарға беру – малшаруашылығына кесірін тигізетін басты себептердің бірі ретінде есептелуі тиіс. Мұндай реформалар кедергі келтіретін зиянды, әрі халық үшін қасірет әкеледі».

    - Ш.Уәлиханов Кіші жүзде сайлау жүйесінің болмауын елеулі кемшілік көріп, қарсы шықты: «Орынбор дала басқармасының негізгі кемшілігі, ол орда шенеуніктерін халықтың сайлауымен емес, шекара бастықтарының қалауымен тағайындауында».

    - «Сот реформасы туралы жазбалар» мақаласында: «реформа оңтайлы, яғни қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп жасалғанда ғана ұтымды болады».

    - Шоқан патша өкіметі жүргізіп отырған сот реформасының халыққа жат сипаты туралы: «Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың өміріне зорлықпен ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келеді».

    - Уәлиханов дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, зияткерлік әлеуеті туралы: «Ресей империясының құрамына етіп отырған барлық бұратаналардың ішінде халық санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де бізге – қазақтардың үлесіне тиеді».

    - Шоқан Уәлиханов Билер сотының артықшылығы туралы: «Орыс талапкері немесе жауапкері көптеген жағдайда орыстың тергеу орнынан гөрі, бидің сотын артық көреді…Билер сотының артықшылығы: 1) ол істі некен-саяқ болмаса, жалғыз шешпейді; 2) оған қатысатын адамға шек қойылмайды, ал тіпті кейде олар ақтаушы да болып көрінеді және бидің шешіміне шағым жасауға да құқы бар».




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет