• Ы.Алтынсарин Орынборда оқып жүріп шығыстанушы-ғалым В.В.Григоревпен танысты.
• 1857жылы Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді.
• Ыбырай орыс демократтары Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герценнің шығармашылықтарын білді.
• Алтынсаринге «шоқынған» айыбы тағылған.
- 1869жылы Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке Алтынсарин отырды. Уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік сот қызметтерін атқарды.
- Алтынсарин халықтың тұрмысын мәжбүрлі түрде өзгерту: «ең қабілетті деген ұлттың өзін тоқырауға ұшыратуы мүмкін»деп, патша өкіметінің халықтарға зиянын көре білді.
- Ыбырай Алтынсарин эволюциялық жолды таңдады.
«Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын».
Абай Құнанбайұлының қоғамдық көзқарасы.
• Құнанбайұлының жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған сәтпен сай келді.
• XIX ғасырдың 60-90жылдарындағы әкімшілік реформаның енуін өз көзімен көрді.
• Абай – Е.Михаэлис, С.Гросс, Н.Коншин, Н.Долгополов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов шығармаларымен таныс.
- Абай: «Бай болғың келсе – өнер үйрен. Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұталмайды».
- Абай болыс басқарушыларын, сайлау жүйесін қатты сынға алды: «Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы ''Сені біз сайламадық па?'' деп елдің бұлданғанымен күні өтеді. Екінші жылы кондидатпен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды?».
- Абай келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды: «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды».
- Абайды әділ би деп жұрт Қарқаралы, Өскемен, Зайсан уездерінен іздеп келетін. Билердің ар-ұяттан безгені туралы: «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған биліктің ешбір қасиеті жоқ».
- Құнанбайұлы жала жабу, өтірік айту туралы: «Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік ''шапты, талады'' деген әртүрлі қылмыстық іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание – тергеу шығарады. Бағанағы жақсы адамның сайлауға жарамауы үшін, өтірік айтып, көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған».
• Абай Құнанбайұлына Баянауылдан шежіреші-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлыкеліп тұрады.
• Ақынды ''ақ патшаның жауы'', ''бүлікшіл'', ''ата-бабалардың әдет-ғұрпын, салт-жоралғысын бұзушы'' деп кінәлады.
• 2020жылы елімізде Абайдың 175жылдық мерейтойы өтті.
31-32. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері