ежелгі түркі сөзі - бауырластар, қандастар, туыстар, көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Алаш қозғалысы - XX ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық күрес. Қазақ газеті - 1913–1918 жылдары шығып тұрған жалпыұлттық апталық басылым
1.Алаш қозғалысының тарихи негіздері
🔷 XIX ғасырдың аяқ кезі - XX ғасырдың басында халықтың жағдайы күрт нашарлайды 🔷 Патшаның 1905 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шегара шебіндегі алқап казак əскерлерінің «мəңгілік» пайдалануына беріледі. 🔷 1905–1907 жылдары елде социал-демократтар ұйымдары құрыла бастайды. 🔷 Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың басында Əлихан Бөкейхан тұрды. 🔷 XX ғасырдағы ұлы реформаторлар Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы ұлтты азаттыққа бастады. 2. Петициялар - Алаш зиялыларының ұстанымдары мен озық идеяларының көрінісі. 🔷 XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс бастала бастады 🔷 Петицияларда жер, дін, құқық, тіл жəне халыққа білім беру саласындағы алуан түрлі талаптар қойылды. 🔷 Алғашқы петицияларының бастамшылары (Ш. Қосшығұлұлы, Науан Хазірет т.б.) болды 🔷 1905 жылдың шілдесінде Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жəрмеңкесінде қазақ халқы атынан император II Николайға петиция жазылды ‼ Петициядағы маңызды мəселелердің бірі Ресей империясының заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын қатыстыру талаптары болды. 🔷 Қазақтар петицияда өздерінің діни істеріне басшылық етуді 1867–1868 жылдардағы əкімшілік реформалар барысында енгізілген Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ мешіттер мен медреселер салуға еркіндік берілуін, газеттер мен кітаптарды басып шығару үшін баспаханалар ашылуын ұсынды.