§25-26. Қазақ ханды-ғы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы
_________________________________________________________
❖ Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы кезіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшілігі.
• XV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген хандықтар:
Батыс Қазақстан - Ноғай Ордасы;
Жетісу - Моғол хандығы;
Орталық Қазақстан мен Сыр бойы - Әбілқайыр хандығы
• Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарихи-и-Рашиди” еңбегінде 1465-1466 жылдары - Қазақ хандығының тарихи аренаға шығу мерзімі.
• Қазақ хандығының құрылуы - Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан саяси шиелнісіне байланысты.
• Қазақ хандығының орнығуы - Шығыс Дешті Қыпшақ,Жетісу және Түркістан үрдісінің нәтижесінде;
• XIV-XV - бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай қалыптасты.
• 1465 жылы - Қазақ хандығы пайда болды.
• Хандықтың негізін салушы - Керей (1465-1474) мен Жәнібек (1474-1480)
❖ Қасым хан және оның қоғамдық-саяси көзқарасы
• XVI ғасырдың басындағы ірі тарихи тұлғаның бірі “қазақ жерінің біріктіруші” - Қасым хан (1511-1522)
• Хан ел басқарған жылдары Еділ мен Жайыққа дейінгі аймақ хандық құрамына кірді.
• Хан қарамағында 160 мыңға жуық жауынгері болды.Ал жасақ жинағанда 300 мыңға дейін жетті.
• Қасым хан туралы таңғажайып дерек кездеседі - Авторы белгісіз “Алам-ара-йи шах Исмаил” шығармасында;
• Әлихан Бөкейхан: “Қасым хан қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағылардың бақытьна орай, ол өзінің бейбітшілік саясатымен халықтың ыстық ықыласына бөленді, есімі ерекшіе әйгілі болды” - деп сипаттап кетеді.
• Мұхаммед Хайдар Дулатидың: “Қасым хан өз билігін Дешті Қыпшаққа таратты. Бұл жұртта Жошы ханнан кейін одан құдіретті хан болған емес” - деп дәріптеуі Қасым ханның өз заманында ерекше беделді болғанын аңғартады.
• Оның саяси ұстанымы мен халқына деген қамқорлығын ұлы Мамашқа айтқан мына сөзінен айқын білуге болады: “Менің бар арманым - қазақ жерін тәуелсіз елге айналдыру болды және мен оған қол жеткіздім. Енді өзге мемлекеттер секілді дамып, гүлденіп, жетілуі тиіс. Халқымыздың атын биік ұста, оның мәдениетін, салт-дәсүрін әрқашан құрметте! Бөлінгенді бөрі жейтінін ешқашан ұмытпа. Әрқашан бірліке бол. Егер сен халықтың бірлігін сақтап қалғың келсе, елде бүліншілікке жол берме!”
• Қасым хан қоғамдық және мемлекттік өмір қалыптарын сақтап қалу үшін әдет құқығын жаңғартты.Бұл халық жадында “Қасым ханның қасқа жолы” деген атпен сақталып қалды.
❖ Хақназар мен Есім хан
• Қазақ хандығының айтулы саяси қайраткерлерінің бірі - Хақназар хан (1538-1580)
• Хақназар бұрынғы Алтын Орда мен Шағатай ұлысы аумағындағы елдер алдында хандықтың ықпалын қалпына келтіруге күш салды.
• Халық жадында өшпестей із қалдырған қазақ хандарының бірі - Есім хан (1598-1628)
• Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасым ханның заңдарын іс жүзінде қолдануды енгізді.Заң ережелері жер, мал, қылмыстық іс, әскери міндеттілік т.б. мәселелерді қарады.
• Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне “Есім ханның ескі жолы” аталды.
❖ Тәуке хан заманындағы коғамдық-саяси жағдай
• Дипломатиялық шеберлігі жене ел басқарудағы біліктілігімен қамтамасыз еткен қазақ хандарының бірі - Тәуке хан (1680-1715)
• Хан Алатау қырғыздарымен және Арал қарақалпақтарымен әскери одақ құруға қол жеткізді.Қазақ хандығына жоңғарлардың шабуыл жасау қауіпі тоқтатылды.
• 1690 ж. сауда-саттық келісім мақсатында Ресей патшасы - I Петрге елшілік жіберді.
• Тәуке хан билік еткен кезеңі қазақ халқының “алтын ғасыры” аталады.
• Күлтөбенің басында Тәуке ханның “Жеті жарғысы” деп аталған заңдар жинағын қабылдады.
◦ “Жеті жарғы” – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы.
• Тәуке ханның мәселелерді талқылайтын кеңесі туралы Я.П. Гавердовский:
“Тәуке ханның ақылымен ақсақалдар қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен үш атақты биді сайлады, оларға әр ауыл билерінің немесе төрелік етушілерінің, сот істерін қалай жүргізіп жатқанын қадагалау міндетін жүктеді. Шабындық жерлері жөнінде даулардың алдын алу үшін Тәуке ел-жұрттың келісімімен әр рудың көиіуіне қыстау және жайлау қоныстарын белгілеп берді, рулар ішінде ауылбасыларды бекітіп қойды, өзінің қысқа да нұсқа жарғыларына халық жадында қалган кейбір ежелгі жол-жораларды қосып, рубасылардың дара билігін шектеді және сол заңдарын балаларга үйретіп жаттауга міндеттеді”.
• Ресей зерттеушісі М.И. Красовский:
“Қазақ мемлекеттілігі, халқының тұтастығы мен бірлігін сақтау үшін күрес жүргізуші әрі әділетті билеуші хан.Оған дейін де, одан дейін де далада дәл сондай билік болған емес”.
❖ Әбілқайыр ханның көзқарасы
• Елдің болашағын ойлаған,аладағы сан ғасырларды болжаған Кіші жүздің ханы - Әбілқайыр хан (1718-1748)
• Хан “Ресей бодандығын” қабылдаған кезде Ресей империясы еркіндігі мен бостандығын тартып алды.Әбілқайыр Ресей империясына қарсы шығып үш жүзді сақтап қалуға тырысты.
• Еділ-Жайық аралығын сақтап қалу үшін Ресей империясымен ұзақ жылдар бойы күресті.
• Әбілқайырдың билігін әлсіретті - Ресей империясы
❖ Абылай ханның қоғамдық-саяси көзқарасы
• XVIII ғ. Қазақ хандығының билеушілерінің бірі - Абылай хан (1771-1881)
• 1771 ж. Абылай бүкіл үш жүздің ханы болып жарияланды.
• Абылай ұлы Тоғым сұлтан арқылы Ресей патшасына арнайы хат жолдайды:
“Менің аталас туыстарым Әбілқайыр мен Әбілмамбет хандар өмірден өтті. Олардың ізін басқан маған хандық құру құрметі бұйырды”, - деп Түркістан қаласында хан сайлау рәсімін өткізіп, қазақтың бас ханы лауазымына заңды түрде бекітілгендігін хабарлайды: “Мені қазақтың үш Алашының ханы етіп, ақ киізге көтерді”.
• Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ хандығының геосаяси саясатын жүргізді.
• 1767 ж. Қытай қазақтарға бұрынғы Жоңғар аумағының бір бөлігінде көшіп-қонып жүруіне рұқсат берді.
• Абылай Орынборға аманат жіберуден және солтүстік көршісінің өкілдерімен Орынборға барып кездесуден бас тартты.
• Абылай хан Ресеймен өзара тең қарым-қатынас орнатты.
• Шоқан Уәлиханов: “Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады.Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ”.
❖ Ақындар мен жыраулар және олардың Қазақ хандығының қоғамдық саяси өміріне көзқарасы
• Қазақ хандығының құрылуы кезінде өмір сүрген ұлы тұлғалардың бірі - Асаңқайғы
• Оның жерұйықты іздегені туралы аңызы елге кең таралған.
• Жыраулық өнерді батырлықпен ұштастырған атақты ақындардың бірі - Доспамбет жырау
• “Ақтабан шұбырынды” оқиғасын бастан көтерген - Ақтамберді жырау
• Әйгілі жыраулардың бірі Абылай ханның кеңесшісі қазақтың “Көмекей әулеті” - Бұқар жырау Қалқаманұлы
• Жыраулардың басты идеясы - халық бірлігі мен жер тұтастығы.
• Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте халық жасағы мен батырлар ерлігі,ел мен жерді қорғау, мемлекеттік идеясы айтылды - Үмбітей, Тәтіқара жырларында;
❖ Қазақ билері және олардың қоғамдық-саяси көзқарасы
|