ҚР тұңғыш президенті елбасы: « Ұлттық идея қоғамның өзінде пісіп-жетіледі. Онда сырттан таңылған сипат болмайды». « Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізіндегі маңызды жалпыұлттық 7 құндылық : Бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.
Бұл- индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
Бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
37-38 .Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтар .
Толеранттылық (лат.tolerantia-төзімділік ,көнбістік )—басқа ойға,көзқарасқа,наным-сенімге,іс -әрекетке,әдет-ғұрыпқа,сезім-күйге,идеяларға төзімділік,жұмсақтық көрсете білу қасиеті.
Асар-жабылып жұмыс істеуге,көмекке шақыру .
Бата беру-жақсы тілек білдіру.
Гейнс Александр Константинович (1834-1892)-Ресей зерттеушісі,саяхатшы,этнограф.
Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту.
2015 жылы -Қ.Р Президентінің Жарлығымен<Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы> бекітілді.
<<Мәңгілік Ел>> идеясының негізгі мазмұны 7 құндылықтан тұрады.
<<Міңгілік Ел >> жалпыұлттық идеясында қоғамдағы ұлттық бірлікті сақтау ,сондай -ақ бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайту жобасы көрініс тапқан.
2010 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ саммиті өтті .
Қазақстан тұрғындарының ашықтығы мен жарқын мінезі.
Ш.Уәлиханов : <Қазақтар-дүниежүзіндегі ең мейірімді халық >,-деп қазақтың құндылығы туралы жазды.
Үлкен кісінің есіміне (әке) немесе (еке)сияқты жұрнақ сөз қосып айту-құрметтіліктің белгісі саналған .Мысалы:Дайыр-Дәке,Қазбек-Қазеке,Еркін-Ереке сияқты айтылады.
Ұлы дала тұрғындарының қонақжайлылық қасиеті .
<<Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық >>-деп Қорқыт Ата қонақжайлылық дәстүрін берік ұстануға нұсқау берген .
Қонақасы-қазақтың бөлінбеген еншісі.
ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деді-<<Жалпы алғанда ,қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен ,қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады.Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет>>.
ХІХ ғасырдағы неміс зерттеушілерінің бірі Ф.фон Хелльвальд былай деп жазады:<<Қырғыз қайсақтар (қазақтар-авт.)барынша қонақжай мейірімді келеді.Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей ,алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады>>.
Француз зерттеушісі Ш.Е.Ужвальд де Мезе-Ковезд Ұлы дала тұрғындарының тамаша қасиеті туралы былай деп жазады:<<Адамгершілік қасиеттері бойынша қазақ көңілді ,ашық,ақылды,адал мен қонақжай болып келеді.Олар шетелдіктерді ккремет қонақжайлылықпен күтеді >>.
ХІХ ғасырдың соңында ағлышын кен кәсіпорындарының акционерлік қоғамында қызмет еткен американдық инженер Э.Нельсон -Фелл қазақтардың қонақжайлылығы туралы былай дейді : << Бұл тамаша заң ,оны барлығы ұстанады.Басқа заңдар мен әдет-ғұрып бұзылса да ,бұл заң бұзылмайды>> .
А.Гейнс -<<Әрбір жолаушыны мүмкіндігінше күтеді .Үй ішінде кіргізбеген және қонақасын бермеген үй иесі ат және шапан түрінде айып төлеуі тиіс >>-деп қонақты қарсалмағандағы айыппұлдың түрі туралы айтты.
А.Янушкевичтің қазақтардың қонақжайлылығы туралы былай деді:<< Егер экватор сызығын бойлап ылғи қазақ ауылдары қонып отырған болса ,мен Жер шарын бір тиын ақша жұмсамай айналып шыққан болар едім >> деген сөзі дәл айтылған
Әдептілік пен сыпайлылық әдет-ғұрпы .
Қазақта үлкеннің атын атамайды .Үлкенге сіз деп <<аға>>,<<ағатай>>,<<ата>>,<<апа>>,<<көке>>,<<жеңге>> деп атаған .
Жас келіндер күйеуінің әкесі мен анасын <<ата>>,<<ене>> деп құрметтеген .Іні қарындастарын <<шырақ>>,<<жарық>>,<<айнам>>,<<гүлім>> деп еркелтіп ат қойған.