Оның « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Ғылымдартізбегі», «Музыканың ұлы кітабы», «Бақытқа жол сілтеу», «Риторика», т.б. еңбектері бар.
Тұжырымы: «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр»
Ақжан Машани Әл-Фараби туралы былай дейді: «орта ғасырдың басында-ақ Әл-Фараби Платон, Аристотель және басқа да антикалық ғалымдарды зерделеген ғұлама……Әл-Бируни , Авиценна және басқасы оны өзіне ұстаз тұтқан».
2020 жылы елімізде ЮНЕСКО-ның шешімімен Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтілді.
❖ Махмұт Қашқари.
« Диуани лұғат -ат- түрік» еңбегінің авторы.
Автор өзінің шығармасында былай деп жазады: «Түрік, Түрікмен, оғыз, жікіл,яғма, қырғыз тайпалары сөздерінің мағынасын анықтап шығып , қажетіме жараттым.Олардың әрбірінің тілі менің көкейімде ұялап,берік сақталып қалды».
❖ Жүсіп Баласағұни .
XI ғасырда түркі тілінде « Құтты білік» атты тарихи-әдеби шығарма жазды.