Қоғамлық-саяси ойдың бастауы және дамуы


§ 41-42 XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулер



бет17/25
Дата03.06.2022
өлшемі100,09 Kb.
#145864
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
Қ тарих 11Г 2бөлім

§ 41-42 XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулер
Шығыстанушылар (ориенталистер) – шығыс елдерін зерттеуші ориенталист ғалымдар.
Экспедиция – жұмыс бабындағы бірнеше адамның белгілі бір мақсатпен бір жаққа шыққан сапары.
Орыс географиялық қоғамы – 1845 жылы Санкт-Петербург қаласында құрылған географиялық қоғам.
Ғалымдар:

  1. Георги Иоганн Готлиб (1729-1802) – неміс этнографы, географы, табиғат зерттеушісі, саяхатшы. 1768-1774 жылы Орынбор экспедициясы құрамында Ресейдің оңтүстік – шығысында, Еділ бойы, Жайық, Солтүстік Қазақстан, Алтай, Байкалда басталған.

  2. Ломоносов Михаил Васильевич (1711-1765) – орыстың көрнекті ғалымы, ақын, филиолог, суретші, тарихшы.

  3. Рычуов Петр Иванович (1712-1777) – Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, экономист, географ, Орынбор тарихын зерттеуші.

  4. Шорманұлы Мұса (1818-1884) – зерттеуші, этнограф, қазақ фольклоры үлігліерін жинаушы, Баянаулы сыртқы округінің 1853-1868 жылдардағ аға сұлтаны.

Қазақстан өлкесіндегі ең алғашқы географиялық зерттеулер: Ресей құрамына өткеннен кейін басталды.
Ресейлік ғалымдардың зерттеудегі мақсаты: Отарлау саясатын нығайту еді. Географилық зерттеулер 17 ғасырдан орыс ғалымдарының ықпалымен жанаднды.

XVIII ғасырдағы зерттеулер

Еңбектері

  1. И.К.Кириллов




  • Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрды;

  • «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» кітабын жазды;

  • Қазақ пен қарақалпақ жерінің табиғат жағдайын, қазба байлықтарын, сауда жолдарын зерттеді;

  • Ресейдің Орта Азия халықтары қазақтармен сауда-экономикалық байланыс орнатқанда пайдалы екенін мәлімдеді.

  1. М.В.Ломоносов

  • Қазақстанды кешенді зерттеушілердің бастамашысы;

  • Өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедиция құрудың және географиялық карта жасаудың бастамашысы

  1. П.С.Паллас (табиғат зерттеушісі, академик)

  • 1768-1774 жылы Қазақстанға жіберілген ең алғашқы экспедицияның басшысы;

  • Экспедиция бағыты: Солтүстік-Батыс ­

  • «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» деген кітабы жарық көрді.

  • Паллас қазақтар туралы «Олар негізінен ауқатты тұрады. Малдары да көп, сондықтан тұрмыстары да жақсы... Қазақтардың байлығы негізінен олардың малы»

  1. И.Г.Георги

  • Дербес экспедиция ұйымдастырды;

  • 1796 ж. «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс-салттары, тұрғын жайлары, киімдер және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі» деген кітабын жазған.

  • Кітапта қазақ тұрмыс-салтыәдет-ғұрып, салт-жора, шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы сипаттайды.

  • И.Г.Геогри қазақтар туралы: «ақыл-ой жағынан қызыққыш және білуге құмар»

  1. П.И.Рычков (Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі)

  • Қазақ жерінің Кіші Жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеді;

  • «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген лақап атқа ие болды;

  • «Орынбор тарихы»; «Орынбор губерниясының топографиясы мен сипаттамасы» деген кітабы бар.

  • Кітабында: Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі тұсында келгені туралы; Кіші Жүз қазақтарының Ресей құрамына өтуі жайлы жазған болатын.

  • Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шегараларының салынуын; Ресейдің Орта Азия және қазақтармен саудаларының қалай дамығаны жайлы бастан аяқ баяндаған.

  • Орынбордан Бұхараға жол тартқан көпестерге жергілікті халықтың тұрмысы жайлы барлық мәліметтерді (араб тілінде болса да) алып келуге тапсырыс берген.

  1. И.Г.Андреев (орыс оффицері – 18 ғ. аяғы)

  • «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» кітабы бар

  • Кітабында: Орта жүздің тарихы, шегарасы туралы мәлімет жазған.

  • Қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы ақпарат берген.

  • Сібір шегаралық шебінде ұзақ қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын зерттеген.

  1. Г.Ф.Миллер

  • «Сібір тарихында» кітабы

Сонымен қатар, В.И.Татищев деген секілді ғалымдар қазақ халқы туралы зерттеген.

19-20 ғ. басында Қазақстанда зерттеумен айналысқандар: орыстармен бірге шығыстанушылар және саяси жер аударылғандар, сонымен қатар қазақтар да зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмысында: ағылшындар, француздар, немістер де зерттеу жүргізді.


Қазақсатнды зерттеушілердің көбі: Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында шоғырланды.

XIX-XX ғасырлардағы зерттеу жұмыстары

Еңбектері:

  1. Б.С.Броневский (орыс оффицері)

  • «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы («Отечественные записки» журналында жарияланған);

  • Солтүстік-Шығыс Қазақстан тарихын, тұрмыс-тіршілігін зерттеген.


  1. А.И.Левшин

  • «Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген кітабы бар (3 бөлімнен тұрады);

  • Өз зерттеуінде: қазақ жерінің тарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтер келтірген;

  1. А.И.Добросымслов (Торғай облысының мал дәрігері)

  • «Торғай облысы. Тарихи очерк» 3 томдық кітабы бар;

  • Кітабында: Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы, саясаты сипатталған.

  • 19 ғ. 60 жылдары әкімшілік реформалардың қалай жүргізілгені жайлы баяндаған.

  1. В.Радлов (Ресей шығыстанушы, этнограф)

  • «Сібір қазақтарының этнографиясы» кітабы арқылы түркология ғылымының дамуына ықпал еткен.

  • Қазақ жерінің мәдениеті, тілі, тарихын түбегейлі зерттеген.

  1. П.П.Семенов-Тянь-Шанский (географ)

  • «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» кітаптарын жазған;

  • Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне экспедиция жасады;

  1. Г.Н.Потанин

  • 19 ғ. 70-90 ж. Сібір, Қазақстан, Орта Азиядағы толық зерттелмеген жерлерге саяхат жасап, зерттеу жасаған.

  • Алаш қайраткерлерінің қолдауымен Семейдің Қарақаралы жеріне де зерттеу жүргізген.

  • Кітаптары: «Сібір әскерлері туралы жазбаларын»; «Шоқан Уәлиханов туралы биографиялық мәліметтер»; «Қазақ-қырғыз және Алтай аңыздары мен ертегілері»; «Қазақ ханзадасының киіз үйінде» және т.б.

  • «Сібір әскерлері туралы жазбалары» кітабында казактардың қазақ тілін кең қолданғанын, қазақ дәстүрлерінің көбісін үйренгенін, Коряков, Жәмішев станциаларында өзара тығыз қарым-қатынаста екенін жеткізеді.

  1. Әбубәкір Диваев

  • Орынборда туылған; ұлты: башқұрт;

  • Орырнбор кадет корпусында оқып жүріп қазақ жерінің тарихын, этнографиясын зерттеуге қызығушылығы артады;

  • 19 ғ. 80ж. бастап өз өмірін қазақтарды зерттеуге арнады;

  • Түркістан үйірмесінің, Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды;

  • 1917 ж. дейін 100-ден астам тарихи-этнографиялық кітаптар жазған;

  • Қазақстанды зерттеуде фольклорлық жинақтарды қолданған;

  • Орыс ғалымдарымен бірігіп, қазақтардың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады.

  1. А.Н.Плещеев

  • 1850-1859 ж. 10 ж. жуық Қазақстанда саяси жер аударылуда болды;

  • Ақмешіт қазақтарымен бірге Қохан хандығына қарсы шықты;

  • Қазақтар туралы: «Құдыреті күшті Құдай осыншама қабілетті етіп жаратқан бұл халықтың адамзат өркениетінен тыс қалып қоюы мүмкін емес... жергілікті көшпелі номадтардың күткен күні ертең-ақ туады, сөйтіп, олар өздеріне қазір жоғарыдан менсінбей қарайтын өзге халықтардың арасынан лайықты да құрметті орнын ойып тұрып алатын болады»;

  1. Орыс географиялық қоғамы

  • Қазақстанда, Семейде, Омбыда, Орынборда, Ташкентте бөлім/бөлімшелері ашылды;

  1. Ф.Щербина

  • 19 ғ. басы – 20 ғ. басы Қазақ далалық уездеріне экспедиция жүргізді;

  • Осы экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың жер пайдалануы туралы материалдар» деген көптомдық кітап шығарды.

  1. Т.Аткинсон (ағылшын зерттеушісі)

  • Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын зерттеді;

  • 1848-1855 ж. Жетісу қазақтары туралы кеңінен зерттеді;

  • Көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттер салды.

  1. Ш.Е.Ужвальди де Мезе-Ковез (француз)

  • Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеді.



  • 19 ғ. 70-жылдары Қазақстанда облыстар құрылғаннан кейін статистикалық комитеттер пайда болды. олар Қазақстан тарихы, мәдениеті, шаруашылығы туралы құнды мәліметтерді «Шолуларда»; «Естелік кітапшаларында» жариялады.

  • Батыс Қазақстан тарихын зерттеуде: 1887 жылы Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы құрылды. Зерттелген еңбектер «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері» деген атпен жарияланған.

  • Қазақ халқы туралы 1897 жылы Бүкілресейлік халық санағы кезінде жинақталды.


Қазақстанды зерттеген қазақтар

  1. Шыңғыс Уәлиханов

  • Шоқан Уәлихановтың әкесі;

  • Сібір өлкесін зерттеді.

  1. Мұса Шорманов

  • Омбы кадет корпусында оқыд;

  • Баянауыл сыртқы округінің болысы, аға сұлтаны ретінде қызмет атқарды.

  • Орыс армиясының полковнигі болды.

  • Мақалалары: «Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы»; «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлері»; «Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар»

  1. Мұхаммед-Салық Бабажанов

  • Қазақтан шыққан алғашқы этнограф

  • Орынбор кадет корпусында білім алғаннан кейін, Ішкі Ордада әкімшілік қызметтер атқарды.

  • 1862 ж. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып, Үлкен күміс медальмен марапатталды.

  • Мақалалары: «Нарын құмы туралы географиялық және этнографиялық мәліметтер»; «Ішкі қырғыз ордасындағы саятшылық»

  1. Ыбырай Алтынсарин

  • Ғалым-этнограф;

  • Орыс географиялық қоғамы Орынбордың толық мүшесі болды.

  • Қазақ халқының тарихы, фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы мәліметтер жинақтаған.

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

  • Өлкетанушы

  • Философия, медицина, астрономия, геология, этнография, география, фольклористика, педагогика, лингвистика, дін салаларымен айналысты.

  • «Ер Олжабай батыр» жырын Сақау ақынның айтуымен жазып алған

  • Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр туралы деректер жинады.

  • Павлодар, Батыс Қазақстан, Омбы, Семей, Петропавл, Атбасар, Ақмола қалаларын/ ауылдарын зерттеді.

  • Бұхар Қалқаманұлының жерленген жерін көрсеткен.

  1. Әлихан Бөкейханов

  • Тұңғыш абайтанушы;

  • Мал шаруашылығы, егіншаруашылығы туралы зерттеген алғашқы ғалым

  • Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің мүшесі болды.

  • 1902 ж. Орыс географиялық қоғамы Семейдегі бөлімшенің ашылуына септігін тигізді.

  • «Известия», «Записки», «Отчеты» басылымдарына мақалалар жариялады.

  • Ф.А.Брокгауз, И.А.Ефронның «Жаңа энциклопедиялық сөздігі» жұмысына қатысты

  • 1903 ж. Петегрбургтегі «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасының» 17-ші томы басылып шыққан. Осы кітапта: «Қырғыздар», «Сұлтан Кенесары Қасымұлының тарихына қатысты материалдар», «Абай Құнанбаев», «Қарқаралы уезі қырғыздарының рулық құрылымы», «Қырғыздардың ас беруі жайында» еңбектері басылып шыққан.

Сонымен қатар, Қазақ даласын зерттеген қазақ ғалымдарын атап айтсақ: М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, С.Асфендияров, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров, А.Сейітов т.б.
Қазақтан шыққан алғаш дәрігерлер: Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, Бақтығали Бисенов, Асылбек пен Мұсылманбек Сейітовтер.

  1. Халел Досмұхамедов

  • Санкт-Петербургтегі әскери-медицина академиясын бітірген;

  • Орал облысының Темір уезінде дәрігер қызметін атқарды;

  • «Ауру-сырқаулар жөнінде», «Жұқпалы ауру түрлері» мақалалары бар («Қазақ газетінде жарияланды).

  1. Асылбек Сейітов

  • Томск университеті медицина факультетін аяқтап, Омбы, Семей, Баянауылда жұмыс істеді.

  • 19 ғ. 30 жылдары ашаршылық кезінде әйелі Нафия екеуі халықты ажалдан аман алып қалды.




43-44.ХIX-XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы оқу орындарының қызметі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет