С.Сәдуақасовтың пікірінше,Омбы уезі Қазақстанның ең ірі ағартушы аймақтарының бірі болды.
1872 жылы Омбыда мұғалімдер семинариясы ашылды.
1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды.
Шоқан Уәлиханов Сібірдегі таңдаулы оқу орындарының бірі Омбы кадет корпусында оқыған.
XIX ғасырдың соңы-XX ғасырдың бас кезінде Омбы оқу орындарында қазақ халқының көрнекті өкілдері,мемлекет және қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейхан,Ахмет Байтұрсынұлы,Айдархан Тұрлыбаев,Отыншы Әлжанов,Райымжан Мәрсеков,Сейілбек Жанайдаров,ағайынды Асылбек,Мұратбек пен Мұсылманбек Сейітовтар,Мағжан Жұмабаев,Сәкен Сейфуллин,Қошке Кемеңгеров,Смағұл Сәдуақасов,Бірмұхамед Айбасұлы,Әміре Исин,Мұқан Әйтпенов,Нығымет Нұрмақов сияқты азамттар оқыды.
6.Ресей империясының жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттері.
XIX-XX ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзінде ғана 100-ге жуық қазақ жастары оқыды.
Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург,Мәскеу,Томск,Саратов,Киев,Тарту,Каир,Бомбей,Стамбул және Варшавауниверситеттерінде білім алды.
Санкт-Петербург университетінің заң факультетінМұстафа Шоқай мен Айдархан Тұрлыбаевалтын медальмен бітірді.
Санкт-Петербург Орман институтын Әлихан Бөкейханов
Томск университетінің медицина факультетін А.Сейітов
Тарту университетінің заң факультетін Ж.Досмұхамедов аяқтады.
Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы ұлт азаттық қозғалысының күшейе түсуіне ,өз алдына автономия алуға ұмтылысына жетеледі.