Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби –Шығыстың ұлы ойшылы.
Әл-Фараби грек ойшылдары Платон мен Аристотельдің саяси және этикалық көзқарастарына сүйендеді және ежелгі Шығыстың әлеуметтік идеяларын одан әрі жетілдіріп ,қоғам туралы құнды қағидасын ұсынады.
Әл-Фарабидің пікірінше ,’’азаматтар өзара көмегі мен бірлігі арқылы бақытты, ізгі өмірге қол жеткізеді’’.
Белгілі түрік ақыны және ойшылы Жүсіп Баласағұнидің есімін әлемге танытқан ‘’Құтадғу білік’’ дастаны болды.
Ойшылдың пікірінше,ел басқаруда білімнің күш-құдіреті зор.
Ж.Баласағұни Құтты білік еңбегінде мінсіз әдәл заң ережелереге сүйенген ізгі,кемел қоғам үлгісін ұсынады.
Оның пікірінше,’’ адам өмірге- қонақ,дүние қызығымен тән тілегі жетегінде кетпей ,Алланы сүю,ізгілікке жету,білімге ұмтылу керек.Ол: ‘’кісі мәңгі болмас,қалар оның жақсы аты’’-деп жазады
Қарахан әулетінің билеушісі Сатық Боғра ханның ұрпағы Махмұт Қашғари ‘’Диуани лұғат –ат –түрік ‘’ еңбегін жазды.
Алғашқы болып сол дәуірдегі түркі тілдерінің граматикасын жасады.Бұл кітапта сол дәуірде өмір сүрген тайларының тұрмыс-тіршілігі жайында көптеген мәләметтер қамтылған.
Қашғари түркі тілі әлемдегі ең таза тілдердің бірі деп есептейді:’’Мен- түркі боламын’’,түркі тілі –‘’ең ашық-айқын әрі тура - түзу тіл’’.Ғұлама таза тіл деп өзге тілдердің ықпалында кетпеген тілдерді айтады.
Ол замандастарын өздігінен жетілуге шақырады:’’Ізгілікке талпыг,өркөкірек болма’’.Түркі сөздер жинағы туралы өзі:’’Бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз- қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып,мәңілік өмірге бір жола жолдама алды’’-деп жазды.
Белгілі сопылық ақын Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін түркі әдеби тілінде жазды.Ясауи ілімі тек Түркістанада емес , сонымен қатар Муараннахр,Хорасан,Еділ бойы,Әзірбайжан,Анадолыға дейін жетті.Қожа Ахмет Ясауидің басты еңбекі ‘’Диуани хикмет’’ ислам қағидаларын түркілер дүниетанымы мен байланыстырды .Кітап түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған
Ақын хикметтерінде о дүниедегі бақилық жайында :’’Дүние менікі дегендер- жаһан малын алғандар,пара алғана әкімдер -арамдықпен жүргендер,алтан тақта отырсада,топырақ астына түседі ,сенген құлдар -адалдар,садақамен тұрады’’, -деп жазды.