2020ж.дейін 14 мың жас «Болашақ» бойынша білім алды. Оларға елге оралғаннан кейін 5 жыл жұмыс істеу міндеті қойылған.
2011ж.бастап бакалавриат бойынша шетелге жіберу тоқтатылды, магистратура және докторантура бойынша білім алу бағдарламалары ғана жұмыс жасайды.
2012ж.ғылыми, педагогикалық, медицина, техникалық мамандарды 1 айдан 12 айға дейін шетелден тағылымдадан өтуге жіберу бағдарламалары дайындалды.
2014-2015ж.қазақ және шет тілдерін білу талаптары күшейтілді. «Болашақ» стипендиаттары ағылшын тілінде білім алады.
7.Назарбаев университеті. 2010ж. Назарбаев университеті құрылды.Университет заманау техникалық және технологиялық жабдықтармен жабдықталған, дәріс ағылшын тілінде жүргізіледі. Білім беруге шетелдік профессорлар шақырылады және шет тілін жетік меңгерген, шетелік тәжірибеден өткен отандық ғалымдар дәріс береді. Университетте 3 орталық бар: Энергетикалық зерттеулер, Өмір туралы ғылымдар, Білім беру саясаты. 2013 ж.бастап магистратура мен докторантураға қабылдай бастады. 8.Отандық ғылымның жағдайы. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары отандық ғылым саласында дағдарыстар болды. 2003 ж. Ұлттық Академия мемлекеттік мәртебесін жоғалтты, ғылыми-зерттеу институттарында қысқартулар орын алды. Ғылымды қаржыландыру үлесі төмен болуы, ғылыми зерттеулер саны мен сапасының кемуіне әкелді. 2019ж.жас ғалымдарға арналған жобалар құрыла бастады, 2020 ж.жобалар сайысы ұйымдастыру қолға алынды, шетелдік зерттеушілер тартыла бастады. Ғалымдардың тұрғын үй мәселесі де шешіле бастады. Қазіргі кезде еліміздің ғалымдары әлемдік жетекші ғылыми журналдарда мақалалар жариялауда.Ғалымдардың шетелдік тағылымдамадан өтуі үшін мемлекеттік гранттар тағайындалуда.