Әдебиеттер:
1.Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.3-17б.
2.Настольная книга педагога- дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006.
3.Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.-1990.8-17б.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:
Жүру тірек аппарат бұзылысының түрлерін, олардың пайда болу себептерін атап көрсетіңіз?
Сал ауруына шалдыққан балалардың жалпы мінездемесі қандай болады?
БЦП балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары қандай?
БЦП балаларға жалпы қандай жеңілдіктер жүргізіледі?
№ 10 дәріс
Тақырып: Ерте балалық шақтағы аутизм
Дәріс мазмұны:
Ерте балалық шақтағы аутизм синдромының түсінігі.
Аутизмнің пай болу себептері.
Аутизмнің педагогикалық-психологиялық сипаттамасы.
Аутизм дертіне шалдыққан балаларды оқыту және тәрбиелеу.
Аутизм (грек сөзінен аударғанда «auto» -өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы швейцар психиатры Э.Блейлер адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутизмнің пайда болуы әр түрлі болуы мүмкін. Аутизмге шалдыққан балалар өзінің ойларына, фантазияларына шектен тыс беріледі. Аутизм балалық шақтағы ең кең тараған қауіпті мәселе. 2500 баланың біреуі аутизмге шалдығады. Ол ұл-балаларда қыздарға қарағанда 4 есе жиі кездеседі.
Аутизм дегеніміз–шындықты жоққа шығару, өзімен-өзі болу, оқшаулану деген сөзді білдіреді. (К.С.Лебединский) Аутизм симптом ретінде көптеген психикалық бұзылыстарда кездеседі. Дегенмен кейбір жағдайларда ол ерте пайда болады. Бала дүниеге келгеннен кейін 1 жыл ішінде немесе айлар ішінде ол клиникалық картада негізгі орын алып, баланың психикалық дамуына ауыр жағымсыз әсерін тигізеді. Бұл жағдайда ерте балалық шақтағы аутизм синдромы туралы айтылады. Бұл синдромның негізі клиникалық моделі психикалық дамудағы бұзылыстардың бірі деп есептейді.
Аутизм–соқырлық пен саңырау ақаулықтарына қарағанда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтер бойынша оның бақыланған өзіндік белгілері бар. Бұл синдром Ресейде –15 жасқа дейін, ол батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінде жастың шектелуі ескертілмейді. Соңғы жылдары әдебиеттерде көрсетілгендей дүниеге келген 10 мың баланың 15-20 жағдайында аутизм байқалады. Ұл-балаларда аутизм қыз-балаларға қарағанда 4-5 есе жиі кездесіп отырады. Аутизмнің пайда болу себептері әлі де айқын нақты зерттелмеген. Ғалымдар синдромның негізгі себептерінің бірі тұқымқуалаушылық жолмен пайда болатынын зерттеген. Тұқымқуалау механизмі дұрыс анықталмағанмен ол моногендік жолмен пайда болатыны анықталынды, яғни синдромның дамуы тек қана 1 геннен емес бірнеше геннін топтарымен байланысты. Тұқымқуалау жолымен пайда болатын синдромның механизмі дұрыс зерттелмегенімен кейбір факторлары анықталынды. Олар орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы, психогендік фактор:
а)синдромның түрлі формаларында белгілі болуы;
б)интеллектің өзін-өзі танып қалыпты денгейде болған жағдайында синдромның пайда болуының алдын –алу жолында белгілі бір үлесті қосу;
в)депривациялық психикалық дамуда және сенсорлық бұзылыстар кезінде аутизмнің екінші себебінің болуы.
Аутизм симптом ретінде көптеген психикалық ауытқушылықтарда кездеседі, кейде ол өте ерте көрінеді. Мұндай жағдайларда ерте балалық шақтағы аутизм синдромы клиникалық картинада жетекші орын алады және баланың психикалық дамуына ауыр негативті әсер етеді. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы аутистикалық ауытқушылықтарда белгіленетін критерийлер қабылданды.
әлеуметтік қарым - қатынастар сферасының сапалы ауытқушылықтары.
қарым - қатынасқа қабілеттіліктің сапалы ауытқушылықтары.
мінез - құлықтың қызығушылықтық және іс-әрекеттің түрлерінің шектелген қайталамалары мен стереотипті модельдері.
Органикалық бұзылыс орталық жүйке жүйесі 50 жыл бойы аутизм этиологиясымен байланыстырып қарастырылуда. Көптеген тәжірибелер көрсеткендей, ЕБА аутизмі диагнозі бар балаларының көпшілігінде орталық жүйке жүйесі органикалық бұзылыстарының белгілері табылатын, алайда оның пайда болуын және квалификациясын табу қиын.
Психогенді фактор АҚШ-та және Батыс Еуропада психоаналитикалық ыңғай негізінде қарастырады. Отандық әдебиеттерде психогендік фактор ықтимал, бірақ оның формаларының нақты сипаттамалары жоқ делінген. Аутизм ауытқушылығы бар тұлғалардың клиникалық-психологиялық-педагогикалық картинасы күрделі, көптүрлі және психикалық дамудың ауытқушылықтарына қарағанда өзгеше. ЕБА-синдромының негізгі белгілері Л.Каннердің айтуынша, симптомдардың триадасынан тұрады.
1.Аутистикалық уайымдары бар аутизм.
2.Стереотипті сезімі көрінетін элементтері бар біркелкі мінез-құлық.
3.Сөйлеу дамуында ауытқушылықтары бар.
Аутизм 3-5 жаста барынша айқын көрінеді және ерте жастағы оған тән сипаттар мыналар:
аутизм бала көру бағдарын тұрақтандыра алмайды, әсіресе, өзге адамның бетіне қарап тұра алмайды.
алғашқы күлімсіреу өзінің уақытында көрінсе де, біреуге нақты арналмайды.
айналасындағылармен аутизм бала индиферентті қарым-қатынаста болады, қолға алғанды қаламайды, жиі төсегенде жатады, қолға бейімделмейді, қолайлы позаны таңдамайды.
өзінің жақын адамдарын таниды, бірақ жеткілікті түрде жағымды қарым-қатынас реакциясын көрсетпейді.
дискомфорт жағдайына да түрліше қарым-қатынаста аутизм бала мүлдем жақтырмайды немесе бейтарап қатынаста болады.
өзге адамдарға деген қарым-қатынас қажеттілігі әртүрлі кей жағдайда бала оған өз қажеттілігін сезінбейді немесе қарым- қатынастан қашуға ұмтылады.
Мұндай балалардың мінез-құлқына мыналар тән өзгермейтін тұрақтылықты сақтауға тырысады, сырттай мазасыздану, қорқыныштар. Олар суды құюды, құмды шашуды ұнатады. Белгілі зат пен құбылыстардан қорқады, мысалы: зат пен қолшатыр, электорлы шу, жұмсақ ойыншық және т.б. нәрселерден үрейленеді. Бұндай балалардың ойлаулары да әлсіз, сөйлеу тілінде бұзылыстар болады.
Көбіне сөйлеудің орнына тек дыбыстық сөз тіркесін жаңғырық түрде айтады. Мутизм –сөйлеудің мүлдем болмауы. Эхолалия- басқа адамның айтқан сөздерін, фразаларын қайталау. Өте көп сөз және фраза штамптары немесе фонографиялылық (баланың жады жақсы дамыған жағдайда бұл ерекшелік жақсы дамыған сөйлеу иллюзиясын тудырады). Сонымен, аутизм балаларға көмек көрсету жүйесі АҚШ, Батыс Еуропада 60-жылдары алғаш қалыптасқан. Алайда, Еуропада аутизм балаларға арналған алғашқы мектептер 1920 жылы жасай басталған.
Аутизммен ауыратын балалардың интеллектуалдық дамуы қайшылықтарға толы. Бұл салада да ғалымдар өз зерттеулерінде әлі де басқа ортақ шешімге келе алмай отыр. Олар күрделі абстракциялық тапсырмаларды оңай орындай отырып, қарапайым нақты арифметикалық есептерді шығара алмауы мүмкін. Бірақ интеллектуалдық кемістік те бұл ауруға біржақты тән сипат емес. Бала кезінде анық байқалған аутистикалық диагнозы бар адамдардың белгілі бір ғылым саласында үлкен жетістіктерге жеткен жағдайлар де кездеседі.
Аутизммен ауыратын балалардың әлеуметтену мүмкіндіктері бірнеше факторлармен айқындалады:
-аутистикалық кемістіктің ауырлық деңгейі;
-ерте қойылған диагноз;
-неғұрлым ертерек басталған арнайы коррекциялық көмек және оның медициналық, педагогикалық, психологиялық кешенділігі;
-коррекциялық жұмыс әдістерінің жан-жақтылығы, ауру деңгейіне сәйкестілігі, бірізділігі, ұзақтығы, жеткілікті көлемде болуы;
-мамандар мен отбасының күш біріктіруі.
Ресей білім беру академиясы жақында Коррекциялық педагогикалық институтының мәліметтері бойынша, дер кезінде көрсетілген дұрыс коррекциялық көмек жағдайында сырқат балалардың 60 %-ның жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім алуға; 30 % -ның арнайы мектеп бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндігі бар екені анықталған. Ал 10 %-ы отбасы жағдайында қоғамға бейімделеді. Коррекциялық жұмыс жүргізілген жағдайда 75% сырқат бала әлеуметтік тұрғыда мүлдем бейімделмейді; 20-23% салыстырмалы түрде бейімделеді, бірақ тұрақты көмекке мұқтаж; тек 2-3% ғана қанағаттанарлық деңгейде қоршаған ортаға әлеуметтік тұрғыдан бейімделеді.
Аутизммен ауыратын балалардың әлеуметтік статусы туралы айту өте күрделі. Бірақ мұндай адамдардың өнерде, ғылымда үлкен жетістікке жеткен жағдайлары кездеседі. Олар адамдармен жиі де тығыз қарым-қатынасты қажет етпейтін мамандықтарды өте жақсы игереді: бағбан, аула сыпырушы, музыкалық аспаптардың күйін келтірушілер, пошташы т.б. Ал жұмысқа қатысты мұндай сырқатпен ауыратын адамның бәріне тән ортақ қасиет: егер ол бір нәрсеге үйретілген болса, ол соны шығармашылық деңгейге де көтере алады. Аутизммен сырқат адам жұмысты нашар жасай алмайды. Олардың арасында сабаққа дайындалмай келу деген мүлдем болмайды. Аутизммен ауыратын адамдарға жүйелі түрдегі көмек шаралары ХХ ғ.60-жылдарда АҚШ пен Батыс Еуропада қалыптаса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |