Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені



бет31/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)

Әдебиеттер:

1.Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.3-17б.

2.Настольная книга педагога- дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006.

3.Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.-1990.8-17б.

4.Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.

5.Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.

12 дәріс

Тақырып: Педагогикалық-медициналық-психологиялық кеңес беру мекемесінің қызметі

Дәріс мазмұны:

1.ПМПК-ның мақсаты мен міндеттері және оның ұйымдастыруы.

2.ПМПК-ның әдістамалық негіздері.

3.Педагогикалық-медициналық-психологиялық кеңес беру құрамы.

4.Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын зерттеу әдістері.
Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылы шыққан «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» № 343 Заңының 8 быбының, 3 тармағы бойынша кемтар балаларға көмек беру мақсатында ПМПК жұмыс жасайды.

ПМПК барлық мектептерде, мектеп директорының бұйрығымен құрылады. ПМПК құрамында төрағасы (оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары), дефектолог (олигофренопедагог, тифлопедагог, сурдопедагог), психолог, ортопед, отолоринголог, логопед, әлеуметтік мұғалім, педиатр, сурдолог, офталмолог т.б. болады. Мүмкіндігі шектелген балалармен жасөспірімдерді арнайы не көмекші бағдарламамен түзеу педагогикасымен оқыту, тәрбиелеу, қамқорлау, қорғау т.б. мәселелерімен айналысады. Облыстық ПМПК балаларды тексеріске жіберуге шешім шығарады. Аудандық білім беру бөлімі барлық мектептердегі балаларды тексеріп, облыстық ПМПК-ға тексеруден өтуге ұсыныс жібереді.

ПМПК-ның негізгі міндеттері:

1.0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру, психикалық және дене бітіміндегі ауытқуды анықтау;

2.Балалармен жасөспірімдерді дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу, диагноз қою, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа орналастырудың оған сәйкес жағдайын анықтау;

3.Баланың көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты білім мекемесінің бір түрінен екіншісіне ауыстыра отырып, қажет болған жағдайда оған бастапқы қойылған диагнозын растау, анықтау және өзгерту енгізу;

4.Баланың деңгейіне қарай психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету, оларды арнайы білім беру саласында тәрбиелеуді және оқытуды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5.Дамуында, мінезінде жеңіл ауытқу, кемістіктері бар балаларды, соның ішінде арнаулы түзеу білім мекемелеріне жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту жөнінде ата-аналарға, мұғалімдерге және дәрігерлерге кеңес беріп көрмек көрсету.

ПМПК-да балаларды педагогикалық тексеруден өту барысы мындай бағытта жүреді:

1.Баламен байланыс орнату. Байланысты орнату үрдісі баладағы қысымдылықты түсіру және оған психологиялық тыныш атмосфераны туғызу болып табылады.

2.Ауызша сауал. Сауал алу кезінде дағдынын, мотивтің, ұғымдағы өзара әрекет ерекшеліктерін, оқу әрекетіне қатынасының қалыптасу деңгейі анықталады.

3.Мектеп дағдыларын тексеру балаға қиын және қызықсыз пәнен анықтау керек. Бірақ та баланың жазу дағдысын тексеру үшін міндетті түрде дауыстап оқу және жаздыру арқылы жүзеге асырылады.

4.Жалпы дүниетанымын анықтау баламен әңгімелесу барысында жыл мезгілдерінің реті, белгілері, ауа райы; үй және жабайы жануарлар, оларды анықтау, айырмашылық және жалпы белгілері; өсімдіктері, мейрамдар туралы сұрау арқылы жүзеге асады. Сондай ақ балаға сурет бойынша әңгіме құрастыру, оны түсіндіріп айтып беруді сұрауға болады.

5.Көмекті қабылдау қабілеті, дағдыны іс әрекеттің аналогиялық түріне ауыстыру, педагог баланы диагностикалау, ойнау және оқу әрекетін бақылау барысында «жақын қашықтықта дамуы» анықталады.

Принциптер- бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар танымдық әрекетін басқару мен түзету –білім беру процесін ұйымдастырудың ерешеліктері мен мазмұнын анықтайтын жалпы, мәнді және тұрақты талаптардың жүйесі.

1.Педагогикалық оптимизм принциптері -әр адамның ерекшелігіне және өмірлік әрекеттік шектелген мүмкіндіктеріне қарамай білім процессіне қосылу құқығын мойындайтын қазіргі гуманистік көзқарасқа негізделеді .

2.Ерте педагогикалық көмек принципі-баланың дамуындағы ерте (диагностика) ауытқу диагностикасымен және ерте анықтауды оның ерекше білім қажеттілігін байқау үшін қамтамасыз ету.

3.Білімнің түзету–толықтырылу бағыттылық принципі –баланың сау күшіне тірек болады

және сақталған анализаторларды, организмнің жүйесі мен қызметін қолданып, білім процесін құрады .

4.Білімнің әлеуметтік–бейімделу бағытталық принципі-өзбеттілік мүмкіндіктерінің және әлеуметтің көмегімен белгілі бір мөлшерде «әлеуметтік төмендеуді» азайтуға (көмек) мүмкіндік береді .

5.Әлеуметтік білім тәсілі ретінде ойлаудың, тілдің және қарым-қатынастың даму принципі –ойлаудың, сөйлеудің, қарым-қатынастың дамуындағы спецификалық мәселелер шектелген мүмкіндіктегі категориялардың барлығында кездеседі.

6.Оқыту мен тәрбиедегі қызметтік жол принципі – арнайы білімдегі пәндік, практикалық әрекет баланың дамуындағы компенсаторлық қамтамасыз етілудің арнайы тәсілі болып табылады және ол сабақта, тәрбие процестерінде жүзеге асады.

7.Жекелей және салыстырмалы жол принципі-оқытуда баланың жеке ерешелігін есте алып жағымды жағдайларды құруға бағытталған .

8.Арнайы педагогикалық басшылықтың қажеттілік принципі- түзету педагогикалық бағытында дамыту және түзету құралдары мен қызметін үйлесімді таңдап алу қажеттілігіне негізделеді.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру арнайы мамамндандырылған негізгі орталықтар болып табылады. Олардың мақсаты- аномальды балаларға арналған орталықтарда комплект жүйелерінің жүзеге асуы.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің негізгі тапсырмалары :



  • дамуы жағынан артта қалған балалар тобын зерттеу;

  • тұлғаларды зерттеуге арналған бағдарламалардығ жүргізілуі;

  • тұлғаның дамуы кезіндегі әр түрлі кедергілерге әлеуметтік-педагогикалық тұрғысынан бейімдеу;

  • өзгеде қызығушылық танатқан орталықтармен байланыс жасау.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің тұрақты қызметкерлеріне мыналар жатқызылады: дәрігер (невропотолог), дефектолог (олигофренопедагог, логопед), психолог. Басқа маман иелері – сурдопедагог, тифлопедагог, ортопед, отоларинголог, офтальмолог – кей жағдайларда кеңес беруге қатысады. Балаларды тексеру бөгде адамдармен қоса ата-анасының қатысуынсыз жүргізіледі. Мына жағдайларда, яғни бала халықтық білім берудің психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығына жіберілсе, арнайы құжаттар алынады, олар: туу туралы куәлік,бала дүниеге келген сәттен бастап ашылған дәрігердің қағазы, педагогикалық мінездеме, жазбаша жұмыстар, баланың дамуын көрсететін құжат және сурет енрек болады.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру кезіндегі барлық ақпараттар сол орталықта арнайы хаттама ретінде жазылып отырады. Хаттама мұғалімге оқушының ерекше қабілеттерімен, қасиеттерін, білім сапаларын, дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктермен танысып, баланы алғашқы күннен бастап қалай оқыту керектігін жоспарлайды. Балаға кеңес беру негізінде дамуындағы ауытқушылықты анықтайды да, оны түзетіп тәрбиелеуге және оқытуға ұжым болып шешім қабылдайды. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы ата-аналармен, педагогтергеде кеңес береді, балаларды түзетуге көмектеседі, дефектологиялық сабақтар өткізеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру келесі алгоритм бойынша жүргізілуі тиіс: 1) қамқоршыларының құжаттарымен танысу; 2) профильді зерттеулер жүргізу; 3) қорытынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет