Тақырып: Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар психологиясы
Дәріс мазмұны:
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға сипаттама.
Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының себептері.
Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының түрлері.
БЦП балалардың даму қозғалысының ерекшеліктері.
БЦП балалардың қозғалыс дефектісінің құрылымы.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар деп тірек-қимыл қозғалысында мүкістігі бар, яғни мүгедек балаларды айтамыз. Тірек-қимыл аппаратының патологиясы балаларда 5-7 % кездеседі, оның 89 % балалардың церебралды параличі құрайды (БЦП). Әрбір 100 жағдайдың 30 ішкі жатыр кезеңінде, 60 босану сәтінде, 10 дүниеге келгеннен кейін болады. Церебралды паралич кезінде мидың үлкен жарты шары, ерікті қозғалысы мен сөйлеуі және т.б. қыртыстарының қызметін реттеуінің бұзылысы болады. БЦП кезінде негізгі клиникалық симптомы қозғалыс қызметінің бұзылуы, статокинетикалық рефлекстердің дұрыс емес дамуы және құрылуының тежелуі нәтижесінде (толық емес паралич, жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан бұлшықет қызметінің әлсізденуі) тонусының патологиясы болады.
Көп жағдайда БЦП пайда болуы ішкі даму жағдайда мидың зақым алуы және дүниеге келу кезеңінде болады. Ішкі даму жағдайында жұқпалы ауру анасының эндокриндық және жүрек ауруы жүкті болу кезеңіндегі токсикоз, денелік травма, жарақат алу, психикалық травма, жағымсыз эмоция, резус – фактор бойынша сәйкессіздік, антибиотикалық дәрі-дәрмектерге улану. Туғаннан кейінгі–нейроинфекция (менингит, энцифалит), бастың ауыр жарақат алуы.
Сонда тірек–қимыл аппаратының қызметіне зақым келу сипаты туғаннан және жүре бара пайда болады.Тірек-кимыл аппараты бұзылыстарының түрлері:
жүйке жүйесінің ауруы: БЦП (балалар церебральды параличі) полиомелит.
тірек-қимыл аппаратының туғаннан бұзылу патологиясы: туғаннан жамбастың таюы, омыртқа дамуының кемістігі (сколиоз), қол-аяқ кемшілігі және дамымауы, саусақ ұштарының кемісті дамуы, ортрогрипоз (туғаннан кемістік).
жүре–бара пайда болған және тірек-кимыл аппаратының зақымдануы: жұлын, мойын, бас, бойы, қол-аяқ, травмалық соққы полиартрит, қаңқа ауруы (туберкулез сүйек ісігі, остеомиелит) қаңқа ауруының жүйелілігі (хондродистрофия, рахит).
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда негізгі кемістік–қозғалыс кемшілігі (дамымау, бұзылу немесе қозғалыс қызмет жоғалуы). Мұндай балаларда қимыл-қозғалыс бұзылушылығы олардың психикалық және сөйлеу тілінің бұзылуы мен қабат келеді, сондықтан да көпшілігі тек қана емдеу және әлеуметтік көмек қажет етумен бірге, олар психологиялық педагогикалық және логопедиялық түзетуді қажет етеді. Тірек-қимылы бұзылған кейбір балалардың танымдық қызметтері бұзылысыз келеді, олар арнайы оқыту-тәрбиелеуді қажет етпейді. Бірақта барлық балалар өмір жағдайын қажет етеді, яғни оқыту және біртіндеп еңбек әрекетін қамту.
Ең көп кездесетіндері-жүру дефектілері мен сал аруы. «Паралич немесе сал ауруы» грек тілінде «босаңсу, әлсіреу» дегенді білдіреді. Сал ауруы-бұл иннервациялық ақауларға байланысты аяқ-қолдың немесе бір бұлшықет функциясының жансыздануы. Сал сырқаты, көбінесе, орталық немесе шеткі жүйке жүйелерінің органикалық сырқаттарға шалдығуы нәтижесінде пайда болады. Сырқат функционалдық және органикалық болып екі түрге бөлінеді.
Функционалдық сал ауруы кезінде жүйке жүйесінде анатомиялық өзгерістер болмайды. Олар кенеттен пайда болып, солайша тез және із-түзсіз жазылып кетеді. Ал балалардың церебралды сал ауруы (БЦП) –бұл бас миының баланың жас кезінде зақымдануы немесе дамымай қалуы. Нәтижесінде мидың қимыл-қозғалысқа, сөйлеуге жауап беретін бөлімдері зақымданады. Сондықтан БЦС кезінде адамға ең қажетті функциялар-қимыл, психика және сөйлеу бұзылысы. Олар әртүрлі дәрежедегі психикалық, сөйлеу, есту, көру, сезім функцияларының бұзылуымен қоса жүреді.
БЦС-ның себептері пренаталдық (жатырлық), интеронаталдық (толғақ кезіндегі) және постнаталдық (бала өмірінің бірінші жылы) кезеңдегі түрлі жағымсыз жағдайлармен байланысты. Олар мыналар:
Болашақ ананың жүкті кезде инфекциялық аурулармен (вирустық инфекция, қызылша, токсиплазмоз).
Болашақ ананың жүрек-тамыр және эндокриндік жүйелерінің аурулары.
Токсикоздар.
Физикалық жарақаттар (іштегі сәбидің жарақаттар алуы).
Ата-аналардың резус факторларының сәйкес келмеуі.
Психикалық факторлар (қатты тоңу, қатты күнге күю, ультрафиолеттік сәулелер зардабы, түрлі вибрациялар).
Кейбір дәрі-дәрмектердің әсері.
Экологиялық зардаптар (ауаның, судың қалдықтары мен ластануы, азық-түлікте көп мөлшерде нитраттардың, улы химикаттардың, радионуклеидтердің, қоспалардың болуы).
Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуі төмендегідей бағыттар бойынша анықталады.
1.Мақсатты түрде баланы қоршаған ортаға бейімдеп ыңғайлау. Бұл үшін арнайы техникалық қозғалыс құралдармен қамту (арбалар, балдақтар, велосипедтер) қызмет ету заттары (тарелка, қасық, ерекше айырғыш электроприборлары).
2.Қозғалыс кемістігіне баланың бейімделуі - күнделікті жағдайдағы әлеуметтік ортаға өзін-өзі бейімдеп ыңғайлауы.
Бұл балаларда қозғалыс бұзылыстары аурудың ерешелігенен көрініс береді. Қарапайым қозғалыстың мүмкін еместігі немесе шектеулілігі, бұл бұлшықет күшінің әлсіздігімен байланысты. Қолын алға соза алмау, аяғын жоғары көтере алмауы, бұлшық ет тонусының бұзылуы.
Гиперкинездің көрнуі, кез келген қозғалысты жасауға қиналуы, күшпен зорланып жасауының байқалуы. Қозғалыс координациясының және тепе–тендігігің бұзылуы. Отыруда, тұруда және жүруде тұрақсыздықтың көрінуі. Дене қозғалысы және оның бөліктерін түйсінудің бұзылуы (кинестезия).
Түзету -тәрбиелеу жұмысы былайша жүзеге асырылады: Кешенді әсер ету; Жүйелі әсер ету; Медикаментоздық; Физиотерапевтік; Ортопедік емдеу; Массаж жасау; Емдеу физкультуралары; Дене және еңбек сабақтарын өткізу.
БЦП балалардың көрінісі:
1.Денелік және моторлық ерекшеліктері. Қимыл қозғалыстың бұзылуы кезінде барлық моторлық қозғалыстың дамуы өзгереді, ол жүйке психикалық қызметтің қалыптасуына заттық-практикалық әрекетті меңгеруде, мидың интергративті әрекетінде, жалпы психикалық дамудың жүруіне әсер етеді.
2.Еңбекке қабілеттілік деңгейі бірнеше төмен. БЦП кезінде жайлылық, психикалық процестердің тозуы, басқа да әрекет түрлеріне ауысуы төмен көрінеді.
3.Психикалық даму деңгейі. БЦП кезінде психиканың даму бұзылысының механизмі мидың зақымдалу уақытына, локализация және көріну деңгейіне байланысты.
4.Эмоционалды-ерікті сферасының бұзылуы мынадай түрде көрінеді. Эмоционалды қозу, қозғалыстың тежелуі
БЦС жағдайында коррекциялық жұмыстың негізгі мақсаттары: балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық, логопедиялық және әлеуметтік көмек көрсету, мейлінше ертерек және толық әлеуметтенуге бейімдеу, жалпы және кәсіби білім беру. Әсіресе олардың өмірге, қоғамға, жанұяға оқу мен еңбекке деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру өте маңызды.
Емдеуші-педагогикалық шаралардың тиімділігі олардың өзара байланыстылығымен, үздіксіздігімен және дер кезінде көрсетілуімен айқындалды. Бұл жұмыстар кешенді түрде жүргізілуі қажет. Кешенді әсер етудің негізгі шарты-әртүрлі мамандық иелерінің (невропатологтың, емдік дене шынықтыру маманының, логопедтің, дефектолог пен психологтың, тәрбиешінің) ақылдасып, кеңесіп жүргізген істері болып табылады. Церебралды сал ауруын емдеудің кешенді шараларына дәрі-дәрмекпен емдеу, түрлі массаждар, емдік дене шынықтыру, ортопедиялық көмек, физиотерапиялық процедуралар жатады.
Соңғы жылдары қимыл-қозғалысында дефектілері бар балалар жалпы білім беретін мектептерге бұрынғы уақытттарға қарағанда көптеп келе бастады. Бұлар, көбіне, сколиозбен, жамбас сүйегінің туғаннан шығып кетуімен, БЦС-мен зардап шегетін балалар. Мұндай балалардың сырт адамның көмегінсіз жүріп-тұруға, киінуге, өзін-өзі күтуге шамасы келе бермейді. БЦС-мен ауыратын балалардың қолдары жұмыс жасамауы мүмкін, жүрістері де орнықсыз, тіпті қатты толқыған немесе қорыққан кезде олар құлап та қалуы мүмкін.
Олардың жүріп-тұру мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, мектепке келу кезеңіне қарай қалыптасқан дүниетанымы, дағдылары, білімдері құрдастарына қарағанда төмен болады. Көп жағдайда сырқат балаларда салыстыру, басты және қосалқы белгілерді бөліп алу, заттар мен құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ажырату қабілеттері де өте баяу дамиды.
Оқу процесін тиісті дәрежеде ұйымдастыру үшін мұғалім олардың психофизикалық даму ерекшеліктерін жете білуі тиіс. Мұғалім оқу-тәрбие жұмысын бастамас бұрын сырқат баланың әке-шешесімен кездесіп, баланың қызығушылықтары мен әуесқойлық-бейімділіктері, құштар ойын түрлері мен жақсы көретін қызмет салалары туралы нақтылап біліп алуы тиіс. Мұғалім баланың жұмыс барысында тірек боларлық жағымды мінез-құлық ерекшеліктерін де анықтап алғаны дұрыс. Сонымен бірге тәрбиеші педагогикалық коррекция мақсатында бала мінезінің жағымсыз жақтарынан да хабардар болғаны жөн. Аномалды баланы сыныпқа қабылдар алдында мұндағы сау балалармен алдын ала әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бүкіл сынып мүшелері сырқат балаларға көмек көрсетіндей жағдай қалыптастыру қажет.
БЦС мен ауыратын оқушының білім деңгейін тексеру және бағалауда барлық пәндер бойынша төмендегі критерийлер басшылыққа алынуы тиіс: Білімнің толықтығы мен тереңдігі; Білімнің оперативтілігі мен өмірге бейімділігі; Білімнің жүйелілігі мен жалпылама игерілу деңгейі.
Дамуында аталған патологиясы бар балаларда тақырыптың негізгі мазмұнын қысқаша айта алу, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыра алу, салыстыру біліктері, оқу еңбегімен шұғылдана алу дағдылары қалыптасуы тиіс. Сонда ғана коррекциялық жұмыс өз деңгейінде жүрді деп есептеледі.
БЦС-мен ауыратын балалар емханалар базасында қажетті емдеу-қалпына келтіру шараларын қабылдауы, арнайы емханаларда емдеу курстарынан үнемі өтіп отыру тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |