Оқыту барысында


Жоғары дәрежелі спортшылармен жұмыс кезіндегі жаттықтырушының психо-педагогикалық әрекеттері



бет11/17
Дата07.02.2022
өлшемі280,88 Kb.
#87297
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Ерхат дшы104

10. Жоғары дәрежелі спортшылармен жұмыс кезіндегі жаттықтырушының психо-педагогикалық әрекеттері.
1. Жаттықтырушының жеке сапалылығы.
2. Жаттықтырушының күнделікті шешетін тапсырмалары және қызметі.
3. Жатттықтырушының психо-педагогикалық қызметі.
Домаланған не төмен ұшып келе жатқан допты қағу. Доп жақындаған кезде қақпашы тез иіліп, қолмен допты тосып алады. Сосын түзіліп допты кеудесіне ұстайды.

  1. Тұрған кезден аяқты бүгу, кеуде алға иіледі, екінші аяқ бірге бүгіледі.

  2. Жаттығуға екі жаттығушы қатысады. Біреуі қақпашының негізгі тұрысымен тұрып, доп жақындағанда тосып алып, кеудеге қысады.

  3. Қақпашы қақпаға орналасып, әріптесі 6-7 қадам қашықтықта тұрады. Қақпашы әріптесінің аяқтың сырқы жағымен соққан допты ұстайды.

  4. Дәл жорғарыдағыдай ұстау. Тек бағытты өзгертеді.

  5. Бір мезгілде 3 ойыншы қатысады. Екуі бір- біріне қарама- қарсы 20 қадам қашықтықта тұрады. Үшіншісі олардың арасында доппен тұрады. Ол екеуіне кезек-кезек допты беріп отырады. Период бойынша орын алмасады.

  6. Бірнеше ойыншы қақпадан 8-12 м қашықтыққа тұрып, әртүрлі күшпен допты төмендетіп қақпаға соғады. Қақпашы тосып алады.

Жартылай биіктіктегі допты қағу. Бастан төмен , тізеден жоғары ұшып келген допты қағу бір орында немесе секіру арқылы орындалады. Қақпашы тізесін бүгіп, аяқты жақындатады, кеуде алға иіледі.
1. Аяқ арасы кең, иық бүгіліңкі, қолдар алда (доп алақанда). Допты кеудеге қысу және бастапқы жағдайға келу.
2. Осы позициямен допты 30-40 см-ге лақтыру, тосып алып кеудеге қысу.
3. Орнында тұрып допты қағу.
4. Бірнеше қадам алға жылжып, 6-8 м қашықтықтан лақтырылған допты қағу.
5. Ойыншы 6-8 м-ден қақпашыға доп бағыттайды. Ол допты қағып алып кері қайтарады.
6.Бірнеше ойыншы қақпашыдан 8-11 м қашықтықта тұрып, іш биіктігінде оған допты бағыттайды. Ол әр түрлі жағдаймен допты қағып алады.
Биік ұшып келе жатқан допты қағу – бастан жоғары жағдайда секіру арқылы қағады. Орнында тұрып қағу. Қолдар жоғарылатылып, алақан жайылады. Тосып алған соң кеудеге қысады.
Секіру арқылы тосу. Бір орында немесе екі аяқпен секіру арқылы орындалады.
1.Ойыншы допты бет жағдайында ұстайды. Бас бармақ бір-біріне барынша жақын тұру керек. Белгі бойынша кішкене артқа жылжып, допты жібере беріп, бастапқы жағдайда тез арада кіреді.
2.Допты жоғары көтеріп, белгі бойынша допты тастап, иық немесе кеуде тұсына бұрыш жасай ұстау.
3.Допты бастан асырып лақтыру, қайта тосып алып, кеудеге қысу.
4.Қақпашы допты 5-6 м қашықтықтан лақтырғанда тосып алу.
5.Алға қарай лақтырылған допты тосып алу.
6.Қақпашы лақтырылған допты, секіріп қағу арқылы орындайды.
Жоғарыда аталған доптың лақтырылуы, биіктігі жағдайларында қақпашы алға, жоғары ұмтылып, екі аяқпен бірдей секіреді. Қолдар жоғары көтеріліп алақан допқа жайылады. Саусақтар ажыратылып, допты тосып алады.
Мұндай күрделі техникалық қабылдауларды жасауда физикалық сапалардың атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар ауада денені еркін қозғалта білу де керек. Жаттығудың бастапқы етаптарын жеңілдететін түрінен бастау керек.
1.Тізерлеп тұрып, құлап барып допты тосу, кеудеге қысу. Белгі бойынша оң жаққа сонан соң сол жаққа құлау.
2.Тізерлеп барып, құлап барып допты тосу, кеудеге қысу.
3.Аталған жаттығуларды жасап, тез жылдамдықты арттыру.
4.Дәл осы жаттығулар, тек допқа соққы табанның ішкі жағымен беріледі.
5. Ойыншы доппен қақпаға жақындап, допты өзінен 2-2,5м –ге жібереді. Қақпашының есебі – допты қарсы алып, оны кері қайтару.
6.Ойыншы қақпадан 2-3м қашықтыққа тұрып, допты серпілердей етіп тастайды. Қақпашы серпілген допты тосуы керек.
7. Қақпашы допты қақпа бағана тұсына бағыттап, серпілген кезде қағу керек.
8. Ойыншы допты қақпашыға түрлі биіктікте тастайды. Қақпашы сол допты қағуы керек.
9. Ойыншылар кезекпен 10-12м қашықтықтан аяқ соққысымен допты ауалатып қақпаға бағыттайды. қақпашы қағуы керек.
10. Бірнеше ойыншы 12-115м қашықтықтан аяқ соққысымен берілген допты қақпаға бағыттайды. Қақпашы ұшқан допты қағып алуы керек.
Ұшып келген допты кері ұру. Кейде өте қатты жылдамдықпен келген допты тосу мүмкін болмаса, қақпашы алақанмен кері қайтарады. Бұл жағдайларда көбінесе секіру арқылы жасалады.
Допты қарсыласы алып қоятындай жағдайда қақпашы бір жұдырықтап немесе екі жұдырықтап допты соғып жібереді.
1.Ойыншы 5-6м қашықтықтан қисық траектория бойынша қақпаға бағыттайды. Қақпашы допты алақан арқылы кері қайтарады.
2.Ойыншы 7-8м қашықтықтан допты қатты жылдамдықпен қақпашыға бағыттайды . Қақпашы алақанмен кері қайтарады.
3.Ойыншы допты түрлі бағытпен қақпашыға береді. Ол кері қайтарады.
4.Дәл осылай соққы аяқпен беріледі. Қашықтық 10-12м.
5.Жұдырықпен қайтару.
6.Бастан жоғары ілінген допты бір орында тұрып жұдырықтау.
7.Дәл осылай, 3-4 қадам жүріспен жасау.
8.Ойыншы допты 5-6м қашықтықтан қисық траекториямен қақпашыға бағыттайды. Қақпашы жұдырықпен кері қайтарады.
9.Жүгіріп келіп қақпашы допты жұдырықпен қайтарады.
10.Қақпадан 10м қашықтықта тұрып, қақпашыға допты бағыттау. Ол секіріп, допты кері қайтарады.
11.Қақпаның екі шетінен қақпаға қарайекі ойыншы допты бағыттайды. Қақпашы кері қайтарады.
12.Дәл осылай алдымен пассивті, соңынан активті.
Допты лақтыруды қақпашы допты қағып алғаннан соң жасайды. Ол допты дәл және тез бос әріптесіне лақтыру керек. Допты лақтыру бір қолмен жүзеге асырылады. Допты лақтыру алға жылжумен басталады. Нәтижеде доп көзделген жерге барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет