«Оқу - әрекет түрі, мұндай әрекет түрінде субъект берілген жағдаятта сыртқы шарттардың әсер етуінен және өзінің жеке әрекетінің нәтижесінде өзгереді, ол өз мінез-құлығын және өзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен өз-өзіне сенімсіздік дәрежесін төмендетіп, өзін-өзі ұстаудың адекватты ережесін немесе дұрыс жауап табу мақсатында құрайды» (И.Лингарт).
| |
«Оқу - тәжірибенің бұрынғы құрылымын қайтадан құрылымдау, онда екі фаза бар – білім беру әрекетінің (алғашқы рет) жаңа формаларын құру және әрекеттің жаңадан пайда болған формаларын қайтадан құру және есте сақтау»
( К.Коффка)
|
«Оқу - ақпарат алу процесін кодтау, сақтау және пайдалану» (Р.Гэгни).
|
«Оқу - білім алу мен проблемаларды шешу» (К.Д.Ушинский).
|
«Оқу - әр түрлі тапсырмаларды шешу арқылы білім мен икемділікті меңгеру» (Я.А.Коменский).
|
«Оқу - білім, икемділік пен даму және жалпы танымдық процестерді жетілдіру» (И.Гербарт).
|
«Оқу - белгілі бір пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру» (А.Дистервег).
|
«Оқу - педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі» (П.Ф.Каптерев).
|
|