Дәстүрлі оқыту жүйесінде доминантты рөл – оқытуда, мұғалімнің іс-әрекетінде.
Оны Я.А.Коменский, И.Песталоцци, И.Гербарт сынды педагогтардың дидактикалық концепциялары құрайды.
Гербарт дидактикасының құрамы: басқару, мұғалімнің жетекшілігі, регламентация, ереже, бұйрық беру ұғымдары.
Оқыту құрылымы дәстүрлі түрде 4 (төрт) кезеңнен тұрады: мазмұндау, түсіну, жалпылау
қолдану.
|
Басты рөл – оқытудағы – баланың іс-әрекетінде (американ педагогы Д.Дьюи, Г.Кершенштейн, В.Лай мектептері).
Д.Дьюи оқыту процесін баланың қажеттілігін, қызығушылығын, қабілеттілігін негізге ала отырып, оларды «еңбек, өмір мектебінде» ақыл-ой қабілетін және әртүрлі іскерліктерін дамытуға ұмтыла отырып, білім алуды ұйымдастырған.
Оқыту құрылымы:
Қиындықты іс-әрекет процесінде түйсіну;
Проблеманы және қиындық мәнін түсіну;
Қорытындылау және алынған білім негізіндегі жаңа іс-әрекет.
Оқыту процесінің кезеңдері ойлануды, ғылыми ізденісті тудырады.
Баланың іс-әрекеттері: мазмұндама; сурет салу;
Театр; практикалық жұмыстар.
Осындай жүйенің барлық пәнде қолданылуы оқыту іс-әрекетіндегі жүйелілікті жоюға, кездейсоқ материалдарды қолдануға, уақыттың мөлшерден тыс бөлінуіне, оқу деңгейінің төмендеуіне әкелді.
|
Басты рөл - оқыту процесін құрайтын оқыту мен үйретуде. Бүгінгі дидактикалық концепцияны құрайтын бағыттар:
бағдарламалық оқыту;
проблемалық оқыту;
дамыта оқыту (П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов);
гуманистік психология (К.Роджерс);
когнитивті психология (Д.Брунер);
педагогикалық технология;
ынтымақтасу педагогикасы.
|