Оқыту психологиясы



бет2/13
Дата22.05.2022
өлшемі214,46 Kb.
#144545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Психол обучения СТС 3 лекц

Білім беру мазмұны - адамды дамыту мақсатында таңдап алынатын және
ақпарат түрінде тасымалданатын өткен ұрпақтың жинақтаған қоғамдық
тәжірибесі (Безрукова В.С.).
Білім беру мазмұны – ғылыми білім, практикалық іскерлік және дағды, сондай-ақ, оқыту процесінде оқушы меңгеруге тиіс дүниеге көзқарас пен адамгершілік-эстетикалық көзқарастар жүйесі (Харламов И.Ф.).
Білім беру мазмұны - ғылымның жалпы негіздерінде, қоғамдық қатынаста,
өндірісте педагогикалық өңдеуден өткен қазіргі ғылыми білім жағдайына
сәйкес келетін білім, іскерлік, дағды жиынтығы (Лихачев Б.Т.).
Білім беру мазмұны – педагогикалық бейімделген білім, іскерлік, дағды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен жеке тұлғаның дамуын
қамтамасыздандыратын қоршаған ортаға эмоционалдық-құнды қатынас
жүйесі (Лернер И.Я.).
Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiм берудiң әрбiр деңгейi бойынша бiлiмдер жүйесi (кешенi) (ҚР білім туралы заңы).
Білім беру мазмұны – жеке тұлғаның қасиеттері мен сапаларының
қарқынды өзгеру процесінің мазмұны (Леднев В.С.).

12-бап. Білім беру деңгейлері

  • Қазақстан Республикасындағы білім беру деңгейлері:
  • 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
  • 2) бастауыш білім беру;
  • 3) негізгі орта білім беру;
  • 4) орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
  • 5) орта білімнен кейінгі білім беру;
  • 6) жоғары білім беру;
  • 7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Білім беру - жүйе, процесс және нәтиже, құндылық

Жүйе - білім беру жүйесі түріндегі әлеуметтік институт.

Нәтиже - бұл тұлға жетістігі, игілігі. Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Белгілі білім беру жүйесінде білім алған адамның өзі. Бұл тұрғыда білім беру нәтижесі білім болып табылады.

    • Процесс - біртұтас педагогикалық процесс, демек оқыту процесінде тұлғаның дамуы, өзін-өзі дамыту және білім берудің үздіксіздігі арқылы танылады.
    • Құндылық - табиғатпен, қоғаммен, мәдениетпен, тұлғамен және құндылықтардың өзара байланысын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет