4.2. Сабаққа қойылатың негізгі талаптар Физиканың әрбір сабағын сабақтардың ұзын тізбегіндегі белгілі бір буыны ретінде қарастырған жөн. Жекелей алынған сабақтың мазмұны және ондағы жұмыс әдістері бұрын өтілген сабақтардың мазмұнымен және олардың қолданылған әдістерімен байланысты. Пән бойынша оқу процесінің перспективтік жоспарын жасап алмай тұрып, тек бір ғана сабаққа дайындалғанда, жұмыста дәл ойластырылған айқын жүйеге қол жеткізуге болмайды. Жеке сабаққа даярлаудың алдында тақырып немесе тарау бойынша сабақтар жүйесі—тақырыптық жоспар талдау жасалады, ол материалдың көлемін анықтауға және әр сабақ үшін неғұрлым тиімді әдістемелік әдістерді таңдап алуға мүмкіндік береді.
Әр сабақ аяқталған сипатта болуға және әбден анықталған белгілі бір көлемдегі оқу және тәрбие міндеттерін шешуге тиіс. Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен білім алуға үйрету қажет. Мұғалімнің баяндауымен қатар VII-VIII сыныптарда физика сабақтарының маңызды бөлігі мектеп оқушыларының кітаппен, құралдармен және үлестірме материалмен істейтін өзіндік жұмысы болуға тиіс.
Сабақта жаңа материалды оқып үйрену бұрын өтілгенді қайталаумен және окулықтардың білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын тексерумен бірге ұштастырылып отыруға тиіс. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс. Сабақтардың тиімділігі жөнінде, біріншіден, оқушылардың алған білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының тереңдігіне және беріктігіне қарап; екіншіден, жалпы сыныптың және жекелеген оқушылардың материалды меңгеруіне кеткен уакытқа қарап; үшіншіден, тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға және оқушыларды жан-жақты дамытуға сабақтың қалай көмектескеніне қарап бағалайды. Сабақтың тиімділігі сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру, олардың білімдерін дағдылары мен шеберліктерін тексеру формаларына байланысты. Окыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы оқу әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану - физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі.
Сабаққа қойылатын маңызды талаптардың бірі - уақыттың әр минутын үнемді жұмсау, бүкіл сабақтың өн бойында оқушылардың белсенді таным әрекетін ұйымдастыру.