Физикакурсының алгебрамен байланысы Қазіргі уақытта оқушылар алгебра курсында шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін ерте оқып үйренеді, бұл ұғымдардың теориялық-көптік, түсініктерімен танысады. Мұның бәрі физика курсы үшін өте үлкен маңызға ие, өйткені физиканы жеткілікті түрде жоғары математикалық дәрежеде дер кезінде оқып үйренуге қажетті дайындығы болуына көмектеседі.
VII сыныпта оқушыларға бүтін теріс көрсеткішті дәреже ұғымы беріледі, нүктелер бойынша квадрат үшмүшеліктің графигін салудың мысалдары қарастырылады, жуық есептеулерді оқып үйренеді, нәтижелердің дәлдігін бағалай отырып, аудандарды өлшейді және т.б. Осының бәрі VII-VIII сыныптар физика курсында өрнектерді қолдану мәселелерін неғұрлым жоғары ғылыми дәрежеде қарастыруға, графиктер мен жуықтап есептеулерді неғұрлым толық пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда бұл мәселелерді ойдағыдай шешу көп жағынан физика мен математика арасындағы пәнаралық байланыстың қаншалықты жүзеге асырылатынына байланысты және нақты жағдайлар ескеріледі.
Физика мен математика байланысының маңызды формасы физикалық мазмұнды математикалық есептерді шығару болып табылады. Математика сабақтарында да, физика сабақтарында да шығарылатын есептер пайдалы (мысалы, денелер көлемдерінің, фигуралар аудандарының анықтамасы, қозғалыс графиктерін салу т.б.). Бірыңғай әдістемелік тұрғыдан және талаптардан шығу үшін, бұл есептердің мазмұны мен оларды шығару әдістерін математика мұғалімінің физика мұғалімімен келісіп алып отыруы қажет. Бұл ретте оқушылардың бойында физикалық шамалар бірліктерінің атаулары қарастырылған амалдарды орындау шеберлігін қалыптастыруға ерекше көңіл аударған жөн. Физика сабақтарында да, математика сабақтарында да, математикалық және физикалық шамаларға біркелкі анықтама беруге, ережелердің, теориялардың бірдей тұжырымдалуына, графиктік материал мен жазуларды қысқаша жазып-сызуға бірыңғай талаптар коюға тырысу керек.
Физика курсының геометриямен байланысы Мектепте математикалық білім берудің мазмұнындағы неғұрлым елеулі өзгерістер геометрия курсында, оның ішінде планиметрияда болды. Мұның өзі ең алдымен геометрияны оқып үйренудегі теориялық-жиындық тұрғыдан, геометриялық фигураны нүктелер жиыны ретінде түсіндіруден көрінеді. Геометрия сабағында да, физиканың соған сәйкес сабағында да геометриялық нүкте ұғымынан басқа материялық нүкте ұғымын да енгізген жөн болады. Сондай-ақ траектория ұғымы да маңызды болып табылады, оның әр нүктесінде қозғалыстағы нүкте біртіндеп болып өткен сызық ретінде анықтауға болады. Геометрияда және басқа математикалық курстарда қашықтық ұғым қолданылады, ол ұғым бұл курстарда анықталмайды.
Геометрия курсы геометриялық және теориялық-жиындық символикалар арқылы физика курсына мейлінше елеулі әсер етеді. Символикаларды енгізу ең алдымен геометрияға теориялық-жиындық тұрғыдан енгізуден келіп шыққан. Әрбір геометриялық фигура нүктелер жиыны болғандықтан, әр түрлі фигуралар үшін ыңғайлы атау-белгілеулерсіз бұл жиынды қолдану тәжірибелік жағынан мүмкін емес. Символикаларға қойылатын екінші талап оларға фигуралар мен оларға сәйкес шамаларды анық ажырату тілегі болып табылады.
Символиканы енгізу математиканың барлық курстарында дәйектілікпен жүргізіледі. Оны аталған ұғымдарды белгілеу үшін физика курсында да пайдалану қажет.