Тақырып 3. Қазіргі кездегі физиканы оқыту тұжырымдамасы. 3.1. Орта мектеп физика курсындағы бірінші жне екінші басқысштардың мазмұны мен жүйесі.
3.2. Физиканың пропедевтикалық курсы.
3.3. Мектеп физика курсының даму перспективалары
3.4. Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық маңызы
3.1. Орта мектеп физика курсындағы бірінші жне екінші басқысштардың мазмұны мен жүйесі Физика оқу пәні мазмұнының жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, оның қоғамдағы өмірге бейімделуіне және физика мен техникаға байланысты мамандықты саналы түрде таңдау үшін негіз қалауға қажет міндетті деңгейін анықтайтын құжат. Білім берудің негізгі бағдарламасы мазмұның осы мемлекеттік стандарт анықтайды.
«Физика» оқу пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық
білім ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз «Физика» пәнін оқытуды жүзеге асыру;
бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарында қабылдау емтихандарының
қайта даярлау институттарында «Физика» пәні бойынша педагог мамаңдардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау;
білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару;
«Физика» пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолданылуы және сақталуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстың оку жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
«Физика» пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Физиканы оқытуда мынадай неғұрлым жалпылама мақсаттар қойылады:
1) даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
2) оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс-әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды–құндылық қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту.
Бұл мақсаттар оқыту процесінде, оқытудан күтілетін нәтижені де елеулі саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқу бағдарламасында көрсетілуі тиіс. Көптеген қосалқы және басқа жеке мақсаттарға жетуді көздейді.
Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міңдеттері туындайды:
1) білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау; ол үшін оқу – эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми – таным әдістерінің қажетті дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың санасында табиғат пен оны танып білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру;
3) оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту;
4) планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қатыңасы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялылығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру;
5) оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.
Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу бағдарламасында неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер айқындалады, оның ішіндегі аса маңыздысы оқушыларға білім алу тәсілдерін үйрету.
«Физика» пәнінің зерттеу объектілері. Жаратылыс ғылымдары жүйесіндегі физиканың басты орынға ие болуы оның терең философиялық және ғылыми–техникалық мазмұнымен тікелей байланысты. Физика салыстырмалы түрде материянын неғұрлым қарапайым және сонымен қатар неғұрлым жалпылама түрлерін және материя қозғалысынын неғұрлым күрделірек түрлерінің құрамына кіретін физикалық түрін зерттейді. Матерняның жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары сатысына жетті және оның дамыған математикалық және экспериметтік зерттеу құралдары бар. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі бүкіл ғылыми-жаратылыстану ойлау стиліне елеулі ықпалын тигізеді. Іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі ретінде ұсынылған әлемнің физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын және біртұтас ғылыми – жаратылыстану бейнесі туралы көзқарасын қалыптастырудағы басым модель болып табылады.
Оқушылардын ғылыми–жаратылыстанудан алғашқы сауаттылығын мектептің бастауыш сатысы (МБС) қалыптастырады, онда биологиялык, физикалық, химиялық және географиялық білімдер «Дүниетану» деп аталатын кіріктірілген жеке пәнге енгізілген.
Мектептің келесі негізгі және жоғарғы сатыларында дүниенің ғылыми – жаратылыстану бейнесінің мазмұны «Биология», «Физика», «Химия», «География» сияқты жеке пәндер арқылы да, сондай–ақ кіріктірілген курстар («Физика және астрономия», «Физика») арқылы да беріледі.
Мектептің негізгі сатысындағы (МНС) «Физика» пәні курстар мен бөлімдерді олардың базалық ғылымдағы орналасу ретіне сәйкес қамтиды: механика, молекулалық физика және термодинамика, электрдинамика, атомдық физика. Бұл логикалық аяқталған білімнің бірінші көрінісін береді. Мектептің негізгі сатысының оқу матерналын игеру физикалық білімнің толыққанды болуын қамтамасыз етеді, оқушыларға жоғарғы сыныптарда, онын ішінде физика–математикалық бағдардағы сыныпта (мектепте), сондай–ақ орта кәсіптік және арнаулы оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік беретін қажеітті білім қорын жасайды.
Мектептің жоғарғы сатысында (МЖС) «Физика» пәні «Механика», «Молекулалық физика», «Электрдинамика», «Кванттық физика» сияқты негізгі курстарды қамтитын іргелі теориялар негізінде құрылады. Бұл білімнің логикалық аяқталған екінші концентрін береді. Мектептің жоғары сатысының оқу материалын меңгеру физикалық білімнің көлемдік білім кеңістігінің сәйкес деңгейімен пара–пар болуын қамтамасыз етеді.
Астрономиялық материал «Физика» оқу пәніне мынадай екі тәсілмен енгізіледі:
7-11 – сыныптардағы физиканың оқу материалдарымен органикалық түрде біріктіру арқылы;
ғылыми–жаратылыстану пәндерінің кіріктірілген курсында «Физика және астрономия», «Физика») жеке тарау түрінде беру арқылы.
Физика–математикалық бағдардағы мектептің жоғарғы сатысында. «Астрономия» жеке оқу курсы аясында оқытылуы мүмкін.
«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері.
«Физика» пәнінен жалпы білім беру келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:
білім берудің негізгі бағдарламасы (7-9-сыныптар);
бағдарлы білім беру бағдарламасы (10-11-сыныптар).
Мектептің негізгі сатысына (7-9-сыныптар) арналған білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) жалпы білім беретін деңгейде анықталады. Мектептің жоғарғы сатысына арналған білім берудің негізгі бағдарламасының базалық мазмұны екі бағдар бойынша анықталады:
-қоғамдық–гуманттарлық бағдардағы мектептерге (сыныптарға) арналған оқу пәні ретіндегі физиканың базалық мазмұны;
-жаратылыстану–математикалық бағдардағы мектептерге (сыныптарға) арналған оқу пәні ретіндегі физиканың базалық мазмұны.
«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес:
1. Мектептің негізгі сатысында (7-9-сыныптар)–аптасына 6 сағатты, оқу жылында 204 сағатты, оның ішінде:
7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат,
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат,
9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат құрайды.
2. Мектептің жоғарғы сатысында (10-11-сыныптар) оқытудың бағдарына қарай:
а) қоғамдық – гуманитарлық бағдарда аптасына 2 сағатты, әрбір сыныпта
1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты, барлығы 68 сағатты,
ә) жаратылыстану–математикалық бағдарда аптасына 6 сағатты, әрбір сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты, барлығы 204 сағатты құрайды.