Электр зарядтарының екі түрі бар: оң және теріс. Оң зарядтарды тасымалдаушы протондар – атом ядросының құрамына енетін бөлшектер, ал теріс зарядты тасымалдаушы электрондар – атомның қабықтарын құрайтын бөлшектер. Модулі бойынша протонның заряды электронның зарядына тең. Мұндай зарядты элементар заряд деп атайды (е=1,6*10-19Кл).
Қарапайым күйде атом электр бейтарап, себебі, оның ядросындағы электрондар санына тең. Бірқатар физикалық процестерде, мысалы, үйкеліс процесінде атомдар өздерінің сыртқы электрондарын жоғалтады немесе артық электрондар қосып алады. Онда оң не теріс зарядталған иондар пайда болады.
Электр зарядтарын кулонмен (Кл) белгілейді. Заряд бірлігі 1785 жылы зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашқан француз ғалымы Кулонның есімімен аталған. Аттас зарядтар тебіледі, ал әр аттас зарядтар осы зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығына кері пропорционал күшпен тартылады.
Кулон заңына сәйкес заряталған денелердің әрекетін бір-біріне беретін өріс электр өрісі деп аталады. Бұл өрістің күштік сипаттамасы кернеулік векторы болып табылады. Өрістің кейбір нүктесіндегі кернеулігі – модулі бойынша зарядқа әрекет ететін күштің сол зарядқа қатынасына тең.
Электр өрісін графикте кернеулік сызықтары түрінде кескіндеу қабылданған. Кернеулік сызықтары оң зарядтан басталып, теріс зарядтарда аяқталады деп келісілген.