Оқыту түрі: күндізгі


Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі



бет12/42
Дата07.05.2017
өлшемі6,11 Mb.
#15904
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
6.3. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі. Есеп шығару алгоритмі..

Эксперименттік есептерді шығару әдістері оларды шығарудағы эксперименттің роліне едәуір байланысты. Егер, мысалы, есепте шығаруға кажетті барлық мәліметтер болса және тәжірибенің көмегімен жауабын тексеру қажет болса, онда есептің қысқаша жазылуын жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сай жүргізеді.

Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде олардың өзгешелігі айқын көрініп тұрады, сондықтан да шығару әдістемесі және оны қысқаша жазудың өз ерекшеліктері бар. Егер есепте шығару үшін деректер тәжірибе нәтижесінде алынса, онда эксперимент қоюдын және өлшеулердің маңызы зор.

Есептеу сипатындағы эксперименттік есепті шығару және қысқаша жазу мына элементтерден құралады: есептің қойылуы, шартының талдануы, өлшеулер, есептеулер жауабын тәжірибемен тексеру.

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6,7]

Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,22,25,28]


Тақырып 7. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері. Физика бойынша өтілетін экскурсиялар

7.1. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері.

7.2 Физикалық экскурсиялардың маңызы мен түрлері.

7.3. Физикалық экскурсияларды жоспарлау.

7.4. Экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі.
7.1. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері.

Жазбаша бақылау түрлері. Қазіргі кезде физикадағы жазбаша жұмыстың кең тараған мынандай түрлері бар: физикалық диктант, қысқа мерзімді өзіндік және бақылау жұмыстары. Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ төрт дидактикалық қызмет (функция) орындалуы керек: үйретушілік; бағыттаушылық; тексерушілік; тәрбиелік.

Бақылау жұмысын тексеру шарттары.

Бақылаудың үйретушілік мәні - оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағдысы деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту. Бақылаудың бағыттаушылық мәні - жеке оқушы мен бүкіл сыныпты оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу. Бақылаудың тексерушілік қызметі - оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен біліктілігі, оларда қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау. ақылаудың тәрбиелік мәні - оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыру, сол арқылы еңбек сүйгіштікке, әділдікке, төзімділікке баулу.

Оқу мазмұнын оқушының қай деңгейде меңгергенін байқау үшін тақырып бойынша орындалатын жазбаша жұмыстар төмендегідей үш сатыдан құрылады.



Бірінші саты:

  1. физикалық шамалар және олардың әріптік белгіленуі;

  2. физикалық құбылыстардың суреттелуі.

  3. Физикалық құралдардың атауы, шартты түрде белгіленуі;

  4. Физика тарихына жекелеген фактілерді білу.

Екінші саты:

  1. талданып отырған құбылыстың негізі болып табылатын теорияларды білу;

  2. физикалық заңдардың оқылуы мен математикалық жазылуын білу;

  3. физикалық шамалардың анықтамаларын, өлшем бірліктерін білу;

  4. физикалық құралдардың жұмыс істеу принципін түсіну, олардың бөлік құнын, өлшеу шектерін, көрсетулерін анықтай алу дағдысының қалыптасуы.

Үшінші саты:

1) теорияны кейбір қосалқы құбылыстарды түсіндіруде қолдана білу;

2) біртекті құбылыстар тобын сипаттайтын әр түрлі белгілердің өзара байланысын ұғыну;

3) физикалык шамалардың өзара байланысын графиктік кескіндеу, осы байланыстың сипатын анықтау;

4) жауабын экспериментпен үштастыру, оған қажетті кұралдарды іріктеу;

5) белгілі формулаларды қолдана отырып есептеулер жүргізу;

6) физиканьщ жекелеген тарауларының тарихи дамуы туралы мағлұмат.

Бірінші сатыда тапсырманың репродуктивтік (кайталап айту) түрлері орындалады. Мүндай тапсырмаларды орындауда негізінен зердеге сүйенеді. Ал екінші сатыдағы оқу мазмұнын тексеру үшін окушыларға репродуктивті-рефлекторлық тапсырмалар ұсынылады. Бұл мақсатта тек қана зердеге сүйену жеткіліксіз, ой елегінен өткізіп сараптау да кажет. Күрделірек тапсыр-маларды орындау нәтижесінде шәкірт карапайым психологиялык операция кабылдағанын қайта жаңғыртумен катар, қүбылыстарды танып-білуде қолданылатын күрделі психологиялык ойлау қызметіне дағдыланады. Үшінші сатыға сәйкес келетін білім мен дағдыны бақылауда тапсырманьң рефлективтік түрлері пайдаланылады.



Мұғалімнің бақылау жұмысын бағалаудағы сандық және сапалық өлшемдер.

Жазбаша жүмыстардың мәтіні оқу мазмұнынын әр сатысысындағы ерекшеліктерді ескере отырып қарастырылуы тиіс. Бұл білім мазмұнын балалардың қалай меңгергенін жіктеп-саралап бақылауға мүмкіндік береді. Әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады. Мысалы, физикалык диктанттьң негізгі мақсаты - оқушылар білімін болжау, білімдегі олқылықтың алдын алу, оку процесіне тиісті түзетулер енгізу.



а) Физикалық диктант жеке сұрақтардан тұрады. Сұрақтар мына мәселелерді қамтиды:

—физикалық шамалардың әріптік белгіленуі, олардың өлшем бірліктері (1-саты);

— физикалык шамалардың анықтамалары, олардың өлшем бірліктері, бірліктердің арақатынасы (1- жөне 2-саты);

— физикалық кұбылыстар мен заңдардың тұжырымдамасы, физикалық шамалардың өзара математикалык байланысы (2-саты);

— физикалъқ шамалардьң өзара графиктік байланысы (2,3-сатылар);

— физикалық құралдардьң атқаратьн қызметі және олардың жұмыс істеу принциптері (1- және 3-саты).

Физикалық диктантты өткізу әдістемесінің қиындығы жоқ. Мұғалім оқушыларға мәтіннің сұрағын оқып береді (екі рет қайталап оқыса жеткілікті) немесе магнитофондық жазуды, проекциялық кұралдарды пайдаланады. Нұсқалар саны екіден артпайды. Оқушылар қойылған сұрақтарға берілген уақыт ішінде жауаптарын жазады.

ә) Өзіндік және бақылау жұмыстары

Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - оқылған білімді қайталап бекіту, жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оку материалын окуға көшу мүмкіндігін анықтау. Жаңа оқу материалын бастау үшін бірінші және екінші сатыдағы білім мазмұнын барлық оқушының 80 пайызы меңгеруі міндетті.

Оқушылар сабақта өзіндік жұмыстың қандай түрін орындаса да, жетекшілік роль мұғалім болуға тиіс.

Бақылау жұмысы - мектепте алған білімді тексеру және есепке алудың маңызды құрамдас бөлігі. Оның нәтижесі бойынша ұстаз белгілі бір уақыт аралығындағы оқу жұмысының қорытындысын шығарады. Бақылау жұмысынын көрсеткіші бойынша оқу материалының игерілу сапасы бағаланады, оқушылардың келесі оқылған материалды қабылдауға даярлық дәрежесін айқындайды. Бұлар мұғалімнің оқу процесін жақсарту шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.

Тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстары

Ал тақырып оқылған соң тақырыптық бақылау жұмысы орындалады. Қорытынды бақылау жұмыстары ірі тараулардьң соңында жүргізіледі.

Осы құралда жинақталған жұмыстар оқушы білімін бағдарлама талабына сәйкес үш деңгейде тексеруге мүмкіңдік береді.

1-деңгей. Оқу материалын қайталап айтуы.

2-деңгей. Білімі мен дағдысын оқу процесінен белгілі жағдайларды түсіндіруге қолдануы.

3-деңгей. Білімі мен дағдысын оқу процесінен таныс емес жағдайларды түсіндіруге қолдануы.

Осы жүйемен құрастырылған тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстарынан нәтижесінде физикадан ең негізгі білім элементтері мынадай төрт бағытта тексеріледі.

I. Физикалық шамаларды білу:

1) шамалардың анықтамасы;

2) олардың шартты белгіленуі;

3) есептеу формуласы;

4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысы;

5) физикалық шаманың өлшем бірлігі;

6) физикалық шамаларды өлшеу тәсілдері.

II. Физика заңын білуі:

1) заңының тұжырымдамасы;

2) заңның математикалық жазылуы, олардың өзара байланысы;

3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысын графикте бейнелеу;

4) заңньң қолданылу шегі.

III. Физикалық байланыс формуласын білуі:

1) формуланың математикалық жазылуы;

2) формулаға кіретін коэффициенттің физикалык мағынасы, оның бірлігі;

3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысы;

4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысын графикте кескіндеу.

IV. Физикалық кұбылыстарды білуі:

1) кұбылыстың физикалық мәні;

2) құбылыстың туу шарты;

3) құбылысты түсіндіретін теория;

4) құбылыстың өту шартын теория негізінде түсіндіру;

5) теорияның қолданылу шегі.

Бақылау жұмыстарының қорытындысын осы көрсетілгендей бағыттарда жеке білім элементтері бойынша тексеру әр оқушының білімін тақырып бойынша есепке алып отыру мүмкіндігін туғызады.

Тексеру арқылы оқушылардың білімдері қалыптасып қана қоймай, нақтылана түседі: физика мен бірге басқа пәндер оқушылар тарапынан жоғары дәрежеде жүйеге келтіріледі.

Білімдерді тексеру – бүкіл сабақ бойындағы мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстырушы құрал болып табылады. Тексерудің оқу процесіндегі мақсаты мен маңызына, тәсілдеріне байланысты ол түрлі қызметтерді атқаруы мүмкін:



  1. бағыттыу қызметі;

  2. талдау қызметі;

  3. білім беру қызметі

  4. тәрбие беру қызметі;

  5. дамыту қызметі;

  6. бақылау қызметі;

Физика пәні бойынша оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің негізгі тәсілдері мыналар:

  1. ауызша тексеру;

  2. жазбаша тексеру;

  3. практикалық тексеру;

  4. графиктік тексеру;

Кейде соңғы әдісті алдыңғы 2 әдістерге қосып, тексерудің 3 әдісін бөліп қарастырады: жазбаша, ауызшы және практикалық.

Алайда физика курсында физикалық шамалардың арасындағы тәуелділік графиктерін оқи білу және сол графиктерді сала алуына көп көңіл бөледі,сондықтан физика пәні үшін графиктік әдіс қажетті болып табылады.

Тексерудің негізгі түрлері мыналар:


  1. күнделікті(ағымдағы)тексеру;

  2. тақырыптық тексеру;

  3. қорытынды тексеру;

Тақырыптық тексеру қорытынды тексерудің бір түрі болып табылады,өйткені қорытындыны тақырып, бөлім, тоқсандағы бірнешще тақырыптар бойыншы шығаруға болады. Жылдық емтихандар да осыған жатады. Сондықтан тексерудің 2-түрін бөліп қарастырады: ағымды және қорытынды тексеру.

Физика бойынша оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің негізгі қызметтері мен олардың оқу процесіндегі рөлдерін қарастырайық.

Тексерудің бағыттау қызметінің нәтижелері мұғалімге оқушылардың іс-әрекеттерін олардың білімдеріндегі кемшіліктердегі жою үшін және оқу материалын одан әрі жетілдіре оқыту үшін бағыттауға мүмкіндік береді.

Оқыту процесін қай түрде өтуіне қрмастан оқушыларға жауаптары сабақтың негізгі мақсатын қамтитын сұрақтар қоюы тиіс. Мұнда да тексерудің бағыттау қызметі көрініс табады,өйткені ол бір жағынан, оқушыларды негізгі материалды ажыратуға бағыттасы, екінші жағынан мұғалім әр сабақта осы негізгің материалдды оқушылардың қалай меңгергендігі жайлы мәләмет алады.

Егер тексеру арқылы білімдер мен кемшіліктерді анықтаумен қатар, білім сапасының жақсы немесе нашар болуының себептерін анықтаса, онда бұл жағдайда тексерудің диагностикалық (талдау) қызметі жүзеге асады. Тексерудің диогностикалық бағытын күшейту үшін тапсырмалыр дайындауда алдымен оқушылардың білімдеріндегі артықшалықтар мен кемшіліктер себептері жайлы нақты болжамдар келтірілуі тиіс. Диагностикалық тапсырмалар мұғалімге оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді нақтырақ анықтауға және олардың білім дәрежесін көтеру үшін жасайтын өз еңбюегін белгілі бір мақсатқа сай жүргізуіне мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда тексерудің жетілдіру (дамыту) қызметі көрініс табады. Мысалы, физикалық құбылыстарды үйреніп – игерілген ұғымдар, заңдар, теориялар негізінде түсіндіру; өзгертілген жаңа жағдайларда өз білімдерін қолдана білу іскерліктерін тексеру осы іскерліктердің қалыптасуын анықтаумен қатар, сол қалыптасқан білімдер мен дағдыларын өз бетінше қолдануға; өз түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тексеру барысында оқушылардыңм ойлау қабілетін жетілдіру мәні де осыда жатыр.

Тексрудің тәрбиелік қызметі оқушылардың өздерінің оқу жетістіктері жайлы алғашқы, әрі маңызды есепберуінің түрі болып табылады. Тексеру барысында оқушы мұғалім және сыныптас құрбыларын алдында өзінің оқудағы нәтижелерін жөнінде мәлімет береді.

Білім беру нәтижелерінің анықтаудың күнделікті және қорытынды тексеру тәсілдерін қолданылуы мүмкн, алайда ол көбіне жеке және фронтальді түрде сұрақтар қою арқылы жүргізіледі.

Күнделікті тексеруде есептерді шығару (тақтада және жеке дара),яғни жазбаша тексеруге көп көңіл бөледі. Оқыту үрдісінде білім сапасын анықтау үшін оқушылардың алған білімінің мөлшерін анықтап, тексеру мен бағалау, нәтижесін саралау ең маңызды роль атқарады.

Бірақ қазіргі таңда олардың алған білімінің мөлшерін анықтау, бағалау үшін әртүрлі тәсілдермен қатар әр түрлі критерийлер қолданылады. Бүгінгі күні білім беру мен оқушылардың алған білім деңгейін айқындап тексеру, саралауда өзекті мәселелердің бірі – жаңа технглогиялық әдістерді қолдану.

Бұл тұрғыда Қазақстандық білім беру жүйесінде білімді тексерудің тестік рейтингтік жүйесі кең көлемде қолданыс табуда.

Оқушы өз жауабы қате болса, оны қызыл түсті сиямен сызып, дәптеріне дұрыс жауапты жазады да, өз жұмысын бағалайды және дәптерін мұғалімге өткізеді. Келесі сабақта ұстаз жұмыстарға талдау жасап, бағаларын бекітеді. Бұл, бірішіден, шәкірттерді бақылау жұмысын орындауға ынталандырады, екіншіден, оларда өзіне-өзі сынай караушылық сияқты өнегелі қасиеттер қалыптастырады.



Ауызша жауап беруді бағалау.

Егер оқушы:



  • қарастырылып отырған құбылыс немесе заңдылықтың физикалық мағынасын толық түсінсе; заңдар мен теорияларды білсе және оларды нақты мысалдармен бекіте алса сонымен қатар оларды жаңа жағдайларда,практикалық жұмыстарды орындау барысында қолдана алса;

  • негізгі ұғымдар, заң-теориялардың нақ анықтамасы; өлшем бірлігі мен өлшеу тәсілдерін білсе;

  • өз жауабын қарапайым демонстрациялық тәжірибелермен нақтылай алса онда ол оқушыға“5” деген баға қойылады.

  • 1 немесе 2 болмашы қателік жасаса және оларды өз бетінше немесе аздап мұғалімнің көмегімен түзете алса онда ол оқушыға “4” деген баға қойылады.

  • оқулық мәтінін толық түсінбегенін байқатса және жауап бергенде бір-екі қателіктер жіберсе онда ол оқушыға “3” деген баға қойылады.

  • бір ғана сұраққа жауап бергенде екіден көп қате жіберіп, оны тіпті мұғалімнің көмегімен де түзете алмаса онда ол ол оқушыға “2” деген баға қойылады.

Егер оқушы қойылған сұрақтардың біреуіне де дұрыс жауап бермесе, ол оқушыға “1” деген баға қойылады.

Жазбаша өзіндік, диктант және бақылау жұмыстарын бағалау.Тақырыптағы анықтамалар мен негізгі формулаларға балалардың назарын аудару және оларды есте сақтау мақсатымен физикалық диктант жұмысы өткізіледі. Оның мазмұны магнитофоннан (алдын ала жазылған) тыңдалады. Бұл мұғалімнің жұмысты әр оқушының өздігінен орындауын қадағалауға мүмкіндік береді.

7.2. Физикалық экскурсиялардың маңызы

Экскурсия оқушыларды табиғат және өндірісте болып жатқан құбылыстарды, процестерді бақылауға, олардың өзара байланыстылығына және өзара шарттастығына, техниканың дамуындағы ғылымның маңызын тереңірек түсінуге үйретеді.

Экскурсиялар кезінде оқушылар мекемелердің адамдарымен, олардың жасаған еңбегімен танысады. Еңбек топтарының мүшелерімен, өнертапқыштармен өткізілетін кездесулер оқушылардың еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыруға ықпал жасайды. Экскурсияда оқушылар әр түрлі кәсіптер жөнінде түсінік алады, бұл — олардың кәсіптік бағдарлануы үшін маңызды.

Сөйтіп, экскурсиялар физиканы оқып үйренуді өмірге жақындатады, оқып үйренілетін материалға қызығушылығын өрістетуге ықпал жасайды, табиғат құбылыстарымен және қазіргі техникамен таныстырады, оқушыларға кәсіп таңдауда көмектеседі.

Экскурсияларды мазмұны бойынша және оқу мақсатына қарай классификациялауға болады. Экскурсиялар мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді болып бөлінеді. Тақырыптық экскурсияларды қандай да бір тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренуге байланысты өткізеді, кешенді экскурсиялар физика бойынша және басқа оқу пәндері бойынша мәселелердің ауқымын кеңінен қамтиды.

Экскурсияларды дидактикалық мақсаты бойынша күнібұрынғы және қорытындылаушы деп бөледі. Біріншісін қандай да бір тақырыпты оқып үйрену алдында оқушылардың жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін көріп-білу қорын жинақтау мақсатымен өткізіледі. Қорытындылаушы экскурсиялар, тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренудің соңында, оқушыларды оқып үйренілген құбылыстар мен заңдарды техникада қолданылуымен таныстыру мақсатында өткізеді.

Сондай-ақ өндірістік экскурсиялар және табиғатқа жасалатын экскурсиялар деп те ажыратылады. Өндірістік экскурсиялардың негізгі мақсаты — физикалық құбылыстар мен заңдарды өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында, көлікте және байланыста, медицина мен ғылыми зерттеулерде қолдануларын керсету.

Өндірістік экскурсиялар әдетте казіргі ірі мекемелерде өткізіледі, бірақ оқушыларға неғұрлым қарапайым шағын шеберханалардағы құрал-жабдықтарды көрсетуге болатынын ескермеуге болмайды.Мұражайларға, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының оқу зертханасына, мектеп оқушылары машина модельдерімен, станоктармен, қондырғылармен, ең жаңа физика-техникалық құрал-жабдықтармен танысатын техника жетістіктерінің көрмесіне экскурсиялар жасау пайдалы.

Табиғатқа жасалатын экскурсиялардың окушылардың бақылағыштығын дамытуда, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруда, тәрбие беруде, биологиялық және физикалық құбылыстардың өзара байланысын тағайындауда үлкен маңызы бар. Бұл экскурсиялар оқушыларды табиғаттағы физикалық құбылыстарды көре білуге тәрбиелейді.


Э.сскурсиялар-

ды еткізу уа-

кыты

(шамамен)



7.3. Физикалық экскурсияларды жоспарлау

Экскурсиялардың мазмұны политехникалық оқыту мәселелеріне толық жауап беруі үшін және физика курсын оқып үйренумен тығыз байланыста болуы үшін экскурсияны өткізудің айқын жүйесі керек. Бұл оларды жоспарлаумен іске асырылады. Осы мақсатпен бірнеше жылға, оқыту кезінде мектепте оқушылар өнеркәсіптің және ауыл шаруашылық техникасының басты салаларымен таныса алатындай етіп, экскурсияларды өткізудің жалпы мектептік жоспарын кұру пайдалы. Бұл жерде бір-біріне жақын пәндердің мұғалімдері бірігіп кешенді экскурсияларды жоспарлағаны жөн. Экскурсияларды жоспарлағанда ең алдымен мектеп ауданына жақын орналасқан өндірістік базаны бағдарлаған жөн. Экскурсияны мектептен алыс объектілерде өткізуге де болады. Мәселен, қала мектептерінің оқушыларын жақын орналасқан аудандарға экскурсияға апарған жөн; ауыл мектептерінің оқушыларын — өнеркәсіп орындарына алдымен ең жақын, мысалы электр станциясы мен машина жасайтын заводқа экскурсияға апарған жөн.

Әдетте, мектептің өндірістік айналасының өзгеру шамасына карай, сондай-ақ оку жоспарларының және бағдарламалардың өзгеруіне қарай экскурсияларды өткізу жоспарына қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым дұрыс пайдалануға болатындай түзету енгізу керек.

Физика мұғалімі экскурсиялардың жалпы мектептік жоспарын негізге алып, оларды өз жұмысының күнтізбелік–такырыптық жоспарына енгізе отырып, бір жылға экскурсиялар жоспарын кұрады.



7.4. Экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі

Экскурсиянын табысты болуы көбінесе оны ұйымдастырудың қаншалықты дұрыс ойластырылуымен анықталады. Мұғалім әрбір экскурсияны өткізу алдында объектіні мұқият зерттейді, экскурсия тақырыбы бойынша арнайы әдебиетпен танысады, өндірістің сүлбесін құрады. Бұл экскурсияның мақсаты мен міндетін дәлдей түсуге, оның мазмұнын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

Экскурсиялық объектімен танысқаннан кейін экскурсияның екжей-текжейлі жоспарын құру қажет. Жоспарда экскурсияның мақсатын, экскурсияның объектісін жүйелі көріп шығу, экскурсияның басты мәселелері, экскурсия алдындағы оқушылармен әңгіменің мазмұны және осы әңгімеде көрнекілікті қамтамасыз ету, оқушыларға тапсырмалар (жалпы, топтық, жеке), экскурсия материалын келесі жұмыста пайдалану, осының бәрін алдын ала ескерген жөн. Бір мезгілде объектіні қанша оқушы көре алатынын дер кезінде айқындаудың маңызы зор. Осыған байланысты мұғалім сыныпты экскурсияға бір мезгілде тұтасымен апару керек пе, топқа бөлу керек пе, шешіп алуы қажет, мәселен, егер экскурсияны завод цехында немесе зертханада өткізсе, сыныпты екі топқа бөлген дұрыс. Экскурсияны құрылыс алаңына немесе табиғатта өткізетін болса, сыныпты бөлмеуге болады.

Экскурсия кезінде түсінікті мұғалім бере ме немесе өндіріс өкілі бере ме, бұл мәселенің де маңызы аз емес. Егер мұғалім экскурсия өткізілетін обьектіні жақсы білсе, онда бәрінен де түсінікті өзі бергені дұрыс.

Бұл оқушылардың ең алдымен, қарастырылуға тиіс объектілерге зейін тоқтатуына, ең бастысына тоқталуға, керексіз тәптіштеуден аулақ болуға мүмкіндік береді. Алайда қауіпсіздік техникасы бойынша және басқа да себептермен бұл әрқашан бола бермейді. Мұндай жағдайларда физика мұғалімі экскурсия жетекшісіне экскурсияны өткізу тәртібі жөнінде қажетті әдістемелік кеңестер береді және экскурсия уақытында оның өткізілу тәртібін бақылап, оқушыларды дұрыс орналастыруға көмектеседі, олардың жұмыстарын қадағалайды. Егер қажет болса және бөлуге болса, онда оқушыларды екі топқа бөледі, оның бірін — экскурсовод, ал екіншісін мұғалім алып жүреді.

Экскурсияларды өндіріс орындарында өткізгенде обьектілерді қарап шықпас бұрын макеттерді, кестелерді, таблицаларды пайдалана отырып, оқушыларды технологиялық процестің жалпы сүлбесімен таныстырғаны жөн болар еді.

Экскурсия жоспарын жасай отырып, мұғалім сынып оқушыларына мөлшерлі ғана уақыт - 45—60 минут бөлінетінін есте ұстауы тиіс. Экскурсияның көпке созылуы оқушыларды қажытады, олардың обьектіні көруге және экскурсоводтың түсін-дірмесіне ықыласы мен зейіні төмендейді. Нәтижесінде экскурсияның әсерлілігі бәсеңдейді. Экскурсия уақытын үлкен интенсивтілікпен пайдаланған жөн, бірақ экскурсияда қашан да материалдың тым артық болу қаупі болатынын ұмытпау керек. Сондықтан экскурсия «бәрін қамтитын» сипатта болмауға тиіс. Егер оқушылар обьектіден толып жатқан дұрыс түсінбеген бейнелер мен шым-шытырық әсерлерден гөрі, бір-екі мәселені жақсы зерттеп білсе, соның өзі жақсы.

Мұғалімнің міндеті — педагогикалық тұрғыдан үлкен көңіл қоюға тұратын объектілерді шебер таңдай білу, бұл обьектілердің мысалы арқылы физикалық заңдар мен құбылыстардың қолданылуын көрсету.

Оқушылардың экскурсияға дайындалуы. Экскурсияға оқушылардың сәйкес түрде дайын болуы қажет. Экскурсияның алдындағы сабақта оқушыларға экскурсияның мақсатын айтып, экскурсияның обьектісі жайлы жалпы деректер беруі керек. Оқушылардың қабылдауы нысаналы болу үшін, олардың алдына көптеген мәселелерді қояды, бұларға жауапты оқушылар экскурсия кезінде алуы тиіс. Оқушылардын экскурсияға қызығушылығын арттыру үшін, олардыц өзіндік инициативасының дамуына ықпал ету үшін, оқушыларға кейбір обьектілерді зерттеп білу үшін, есептерді құрастыруға, коллекциялық материалды жинастыруға жеке дара және топтық тапсырмалар ұсынуға болады. Оқушыларды экскурсияға дайындау процесінде, сондай-ақ оларды экскурсия уақытында ілесіп жүру жолындағы тәртіп ережелерімен таныстыру қажет.

Экскурсияны экскурсоводтын кіріспе әңгімесінен бастаған жөн болар еді. Мұнда мына мәселелер қаралуға тиіс: өндірістің ерекшелігі (немесе зертхананың), оның шығаратын өнімі және оның халық шаруашылығындағы маңызы; экскурсиялық объектінің технологиялық процестері негізінде жатқан физикалық заңдар мен құбылыстар; технологиялық процестердің мәні; өндірістің жалпы сүлбесі; экскурсия уақытында оқып үйренуге жобаланған технологиялық процестерді орындаудағы бір ізділік; неғұрлым маңызды машиналар мен механизмдердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі өнертапқыштар, өндірістің алдыңғы қатарлы адамдары туралы жалпы мәліметтер; сол өндірістегі қауіпсіздік техникасының талаптары.

Оқушылар экскурсия уақытында көңіл қойып бақылауы, тыңдауы, кескіндер салуы, қажетті мәліметтерді жазып алуы тиіс. Объектіні қарап болған соң экскурсия барысында оқушыларда туындаған сұрақтарды түсіндіру, алған әсерін жалпылау қажет. Сондай-ақ экскурсияны жоспарлағанда жеке және топтық тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға қажетті уақытты алдын ала ескеру керек.



Экскурсияның қорытындысын шығару. Экскурсияда оқушылардың естіген – көргенінің бәрін дәлелдеп белгілі бір жүйеге келтіру үшін, келесі сабақта қорытынды әңгіме өткізген жөн. Қорытынды әңгіменің максаттарының бірі - экскурсияның алдындағы мектеп оқушыларына тапсырылған тапсырмаларды орындағанын тексеру.

Экскурсия қорытындысын шығаруға арналған сабақтар, әр-бір иллюстративті – шолу және кешенді экскурсия үшін күнтізбелік үлгі– жоспарда алдын ала ескерілген болуы тиіс. Олар түрліше құрылуы мүмкін. Дегенмен, алдымен әдетте жалпы оқушылар барлық сыныпқа қойылған сұрақтардың жауаптарына қалай дайындалғанын айқындайды. Одан кейін жеке және топтық тапсырмалардың орындалуы жөніндегі есеп беру оқушылар экскурсияда танысқан құралдардың, машиналардың, механизмдердің құрылысы және қызмет принциптері туралы ауызша айту түрінде өткізіледі, сондай – ақ орындалған өлшеулер мен есептеулер, мысалы экскаватордың шынжыр табанының тіреу ауданын және оның топыраққа түсіретін қысымын өлшеу нәтижелерінде де осылай. Коллекциялық материал тапсырылуы мүмкін. Егер тапсырмалардың мазмұны орындалған өлшеулердің нәтижесі бойынша есептер құрастыру болса, онда оқушыларға өздері, құрастырған есептерінің мәтінің оқып беруді ұсынған жөн. Шығаруын басқа оқушыларға береді. Есептердің мазмұнын және олардың шешуін барлық сынып болып талқылаған пайдалы. Әңгіменің аяғында мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап береді және қорытынды жасайды.

Қейбір мұғалімдер экскурсияның қорытындысын шығаруға арналған сабақты окушылардың сұрақтарына жауаптар беруден бастайды. Алайда бұл ылғи жөн деуге болмайды, өйткені сынып негізгі мәселелерді айқындаудан ауытқып кетеді. Педагогикалық тұрғыдан бұған оқушылар мұғалімнің оларға қойылған сұрақтарға берген жауаптарынан кейін уақыттың біраз бөлігін арнаған жөн. Бұл жағдайда сабақтың құрылымы мынадай болады; барлық сыныпқа жалпы қойылған сұрақтар бойынша әңгіме, мұғалімнің оқушылардың қойған сұрақтарына жауаптары, жеке және топтық тапсырмаларды орындалуы жөніндегі есеп беру, мұғалімнің қорытындылауы.

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6,7]

Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,22,24]

Тақырып 8. Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар. Физиканы оқытудағы техникалық оқу құралдар. Физика бойынша факультативтік курстар. Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері.

8.1 Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар және көрнекі материалдар.

8.2. Физиканы оқытудағы техникалық оқу құралдар.

8.3. Физика бойынша факультативтік курстар.

8.4. Физика бойынша өтілетің сыныптан тыс жұмыстар.

8.1 Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар. Физикадан ойдағыдай сабақ беру үшін тек қана тәжірибелерді демонстрациялау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды орындау ғана қажет емес, сонымен бірге сабақтарда түрлі көрнекі құралдарды қолдану қажет. Көрнекі құралдар оқушыларда қажетті құбылыстардың, машиналар мен құралдардың бейнесін, ойлау белсенділігін тудырады оқып үйренілгендерге зейін қойып ықылас аударға, материалды жақсы меңгеруге атсалысып, оқу процесін жандандырады.

Физиканы окып үйрену кезінде көбінесе құбылыстың өзін, осы құбылыстардан туатын әрекеттерді бакылауға тура келеді: кейбір құралдар күрделі болып, ал олардың ішкі бөліктері нашар көрінеді не мүлде көрінбейді, көптеген құбылыстарды және олардың техникалық қолдануларын өз қалпында көрсетуге тіпті де болмайды.

Осының бәрі де көрнекі құралдарды пайдалануды қажет етеді. Көрнекі құралдарға көлемдік кұралдар жатады (модельдер, коллекциялар, макеттер); графикалық көрнекі кұралдар (кестелер, плакаттар, монтаждар, диаграммалар, графиктер). Суреттер және сынып тақтасындағы чертеждер; диа-және эпипроекциялар; кинопроекциялар.

Көлемдік көрнекі құралдар

Модельдер. Құралды немесе қондырғыны өз қалпыңда көрсетуге болмайтын жағдайларда түп нұсқасының ең жақын ұқсастығы ретінде көлемдік модельді пайдаланған жөн. Модельдердің мақсаты және құрылысы түрліше болуы мүмкін. Барлық модельдер жеткілікті өлшемдермен жасалуы тиіс. Үлкен модельдердің қасиеті олардың көрнекілігінде. Машинаның ішкі құрылысын немесе қондырғыны және механизмдердің бөліктерінің өзара әсерлесулерін көрсету қажет болған жағдайларда тілік – модельдерді, мысалы іштен жану двигателінің жарып көрсетілген тілігі қолданылады.

Кинематикалық сүлбелер. Көрнекі құралдардың ерекше тобына әдетте картоннан немесе фанерадан дайындалатын кинематикалық сүлбелер және модельдер жатады. Көрнекі құралдардың бұл тобына, мысалы, сорма және үрме насостар құрлысының кинематикалық сүлбесі, шлюздер сүлбесі жатады. Кинематикалык сүлбелерге электрификацияланған сүлбелерді қосарластырады, бұлар физикалық құбылысты қозғалыста (динамикада), дамуында көрсетуге мүмкіндік береді. Алайда түрлі кинематикалық сүлбелердің үлкен маңызына және пайдасына қарамастан, мүмкін болған жердің бәрінде, физикалық кұбылыстарды, оқушылардың демонстрациялық тәжірибелерінің және зертханалық жұмыстарының көмегімен имитациялап көрсетуге ұмтылған жөн.

Иллюстративтік модельдер — макеттер. Макеттер — бұл, қозғалмалы бөліктерсіз модельдер, мәселен кристалдық тордың моделі.

Физикадан сабақ беруде макеттердің қолданылуы шектеулі. Олардың маңызын асыра бағалауға болмайды. Дегенмен, көптеген жағдайларда олар пайдалы. Мәселен, атомдық электр станцияларын оқып үйренгенде оның макетін демонстрациялау оқушыларға неғұрлым көрнекі түсінік алуға мүмкіндік береді.



Коллекциялар. Физиканың көптеген тақырыптарын оқып үйренуде әр түрлі материалдардың коллекциялары қолданылады. Демонстрациялық мақсат үшін коллекцияларды соңынан кабинетке іліп қоятын, панельдерге жасайды. Жаппай зертханалық жұмыстарға арналған коллекцияларды шағын қорапшалар жиынтығымен дайындайды. Коллекциялардың кұндылығы, объектілердің имитациясын емес, олардың натурасын қамтитындығында.

Графикалық көрнекі құралдар

Кестелер, плакаттар оқушыларды күрделі құралдардың құрылысымен, машиналар мен техникалық құрылыстардың жұмысымен және сыртқы пішінімен таныстыру үшін қолданылады. Мектептегі оқыту тәжірибесінде қабырғаға ілетін және таралып беретін графикалық көрнекі құралдар қолданылады. Кестелерде құралдардың және техникалық қондырғылардың, құрылысы мен жұмыс принципін түсіндіретін, сүлбелер көрсетілуі, сондай – ақ құралдардың немесе қондырғының сыртқы пішіні кескінделуі мүмкін.

Окушыларға қандай да бір өлшеу құралдарымен қалай пайдалану керектігін көрсететін кестелер ерекше топ құрайды. Мұндай кестелерді сабақта оқушылар өлшеу құралдарымен жұмыс істегенде іліп қояды. Бұл жағдайда олар окушыларға өлшеулерді орындау кезінде өздерінің іс - әрекетін бақылап отыруға көмектеседі.



Кабинетте физикалық тұрақтылардың қабырғаға іліп қойылатын кестелері болғаны жөн және сәйкес мәселелерді оқып үйренгенде оларды іліп қойған дұрыс. Кестелер мен плакаттарды ұқыпты сақтаған жөн. Басып шығарылған құралдар сақталатын орынға тікелей күн сәулесі түсетін болмауы тиіс, өйткені жарықтың әсерімен кестелер жылдам ескіреді. Кестелерді шаңнан да сақтау керек. Осының бәрін ескере отырып, кейбір мұғалімдер кестелерді сақтау үшін көлеңкеленген қуыстарды пайдаланады немесе олар үшін шкафтардан арнайы орын бөліп қояды. Кестелерді ең жақсысы бөлімдері бойынша сақтаған жөн. Сонда керекті құралды сабақтың алдында тауып ала қоюға уақыт көп кетпейді.

Монтаждар оқушыларды түрлі техникалық қондырғылармен, көлік, байланыс түрлерімен, сондай–ақ қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыруда пайдаланылады.

Диаграммалар. Физикадан сабақ беруде мұғалімдер салыстыру диаграммаларын (тік төртбұрыш түріндегі, сектор түріндегі, параллелепипед түріндегі) және сызықтық диаграммаларды жиі қолданады. Салыстыру диаграммаларының көмегімен отынның әр түрінің жылу бергіштігін, заттардың меншікті жылу сыйымдылығын, механизмдер мен машиналардың пайдалы әсер кофицентін т. б. кескіндейді. Сызықтық диаграммаларды шамалар арасындағы функциялық тәуелділіктің графиктік талдауы үшін қолданады. Сызықтық диаграммаларда тәуелсіз айнымалының сан мәндерін горизонталь осьтің бойына қалаған масштабпен салады, ал оларға сәйкес функциялардын мәндерін вертикаль осьтің бойына салады.

Суреттер. Сурет те сөз сияқты — нақты нәрселердің немесе құбылыстардың жалпыланған бейнесі. Оның орындалуы бәрінен де бұрын белсенді ойлау қызметіне негізделген, жай ғана «қарау» емес, сонымен бірге мәнді мен маңыздыны «көре» білу. Сурет — бұл физикалық құбылыстарды және заңдарды оқып үйрену құралы және оқушылардың физикалық ойлауын өрістететін құрал. Суретті сала білу және сыза білу алуан түрлі кәсіп иелеріне қажетті политехникалық дайындықтың маңызды бір элементі. Суреттер педагогикалық процестің түрлі жақтарына игі әсерін тигізеді, жаңа материалды түсіндіруді, оқушылардан сабақ сұрауда немесе есептің шартын жазуда уақыт үнемдейді, мұғалімнің конспектісі мен оқушылардың жазғанын оқуға ыңғайлы етіп, неғұрлым көрнекі көрсетеді және тәртіптейді, материалды қайталауда еске түсіруді оңайлатады.

8.2. Физиканы оқытудағы техникалық оқу құралдар

Эпипроекция. Физиканы оқытуда мөлдір емес нәрселерді проекциялау және суреттерді эпидиаскоптың көмегімен экранға проекциялау сияқты көрнекілік құралдары кең түрде қолданылады. Окулықтарда, журналдарда немесе ғылыми–көпшілік кітаптарда сабаққа керекті суреттер болса, ал репродукцияда оның үлкейтілген кескінін алу мүмкін болмаған жағдайларда эпипроекция пайдаланылады. Сондай-ақ эпипроекцияны кейбір ұсақ детальдарды және құралдарды проекциялау үшін де пайдаланады. Эпископиялық проекцияны оқушылардың физика дәптерлеріндегі жазулары мен нобайларында жіберіп алған қателерін талдау кезінде пайдаланған ыңғайлы. Ол үшін окушының дәптерін эпископтың үстелшесіне қойып, экранға проекциялайды. Кейбір мұғалімдегі бақылау жұмыстарын талдау кезінде осы әдісті пайдаланады. Бұл бүкіл сыныпқа есеп шығарудағы кемшіліктер мен артықшылықтарды көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Эпидиаскоптың, көмегімен үлкен өлшемді сүлбелерді дайындау онай. Бұл мақсат үшін сүлбе салуға арналған бір парақ таза қағазды алып, оны экран ретінде тақтаға іледі, суретті не сүлбені эпидоскоптың үстелшесіне қояды да экранға проекциялайды, суреттердің қағаздағы контурларын қара карындашпен жүргізеді, одан кейін суретті (немесе сүлбені) бояумен не түсті қарындашпен аяқтап шығады. Диапроекция. Физика сабақтарында экранға мөлдір бейнелерді: диапозитивтерді, диафильмдерді және кинофильмдерді проекциялау кең қолданылады. Диопозитивтерді физика курсында пайдалану бейнелердің, сүлбелерін және алуан түрлі суреттердің қолданылу облысын едәуір кеңейтеді. Диапозитивтердің арнаулы жиынтықтары әр сыныптар үшін жеке шығарылған. Бұл жиындарға демонстрациялар жөнінде және диапозитивтерді физика сабақтарында пайдалану жөнінде басшылыққа алынуға тиіс әдістемелік нұсқаулар қоса берілген. Диапозитивтер өз күштерімен дайындалуы да мүмкін. Оларда бақылау жұмыстарының мәтіндері, жауаптарының нұсқалары берілген тапсырмалар, күрделі құралдардың сүлбелері, кестелер т. б. сабақтарға қажетті дидактикалық материал түсірілуі мүмкін.

8.3. Физика бойынша факультативтік курстар.

Факультатив сабақтарының мақсаты мен маңызы. Факультатив курсының мазмұны және өткізу әдістері. Оқушылардың физика-математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар бойынша білімдерін тереңдететін оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытып және қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында факультатив сабақтары мектептерде 1966 жылдан бастап енгізілген. Ол кезде мектептерде білім беру жүйесі де, мектептердің өздері де бірдей болатын. Сондықтан факультатив сабақтар сол кездегі саралап оқытудың жалғыз формасы болды. Ҝазіргі кезеңде факультатив сабақтары мектептегі саралап оқытудың басқа формаларымен қатар жүреді: деңгейлік және бағдарлы саралау. Оларға берілетін уақыт базистік оқу жоспарының вариативтік бөліміне енгізілген: факультатив сабақтарға оқушылар өз қалаулары бойынша курсты таңдап қатысады. Факультатив сабақтарының маңызы:

- оқушылардың қабілеттерін дамыту;

- қызығушылықтарын қанағаттандыру;

- оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту;

- оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру;

-оқушыларды қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыру; - оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баян-дамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу);

- оқушыларға кәсіби бағдар беру.

Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады;

1) Жоғары деңгейдегі курстар. Бұл курс негізгі физика курсымен тығыз байланысты. Оның мақсаты – оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету. Бұл курстар оқушылардың теориялық білімдері мен экспериметальдық іскерліктерін байланыстырып, толықтырады.

2) Ҝолданбалы физика курсы. Мақсаты оқушыларды физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының физикалық негіздерімен (механикаландыру, автоматтандыру, аспап жасаудың, энергетика) негіздерімен, физика-техникалық зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физика-техникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға үйренеді.

3) Арнайы курстар. Бұларда оқушылардың ғылыми дүние-танымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды роль атқаратын физика мен астрономияның кейбір тараулары қарастырылады. Бұл курстың мақсаты – негізгі физика курсының бағдарла-масында жоқ кейбір маңызды тақырыптардың орнын толтыру. Арнайы курстарға пәнаралық факультативтер де жатады. Олардың мақсаты – бірнеше жаратылыстану және гуманитарлық пәндерден алған оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімдерін интеграциялау. Кейбір факультатив курстары 1 жыл бойы оқытылса, кейбірулерін 2-3 жыл бойы оқиды. Егер факультатив курсы бірнеше жыл бойы оқытылса, оның әр жылдағы бағдарламасы автономды болып, оқушы кез-келген жылда қалауы бойынша бұл курсқа қатыса алады. Факультатив сабақтарына қатынасатын оқушылар саны 10 адамнан кем болмауы керек. Шағын жинақталған метептерде факультативтік сабақтарға қатынасатын оқушылар әр сыныптан жинақталуы мүмкін. Факультатив сабақтары арнайы жасалған бағдарламалар бойынша өткізіледі. Кейбір факультатив курстарының бағдарламалары Білім Министрімен бекітіліп, бағдарламалар жиынтығына енгізілген. Мектеп әкімшілігі бекіткен мұғалімнің өзі жасаған бағдарлама бойынша да факультатив сабақтарды өткізуге болады.

Физикадан факультатив курстарының мазмұнын таңдап тағайындаудың негізінде О.Ф.Кабардин көрсеткендей ұстанымдар жатады: - факультативтің негізгі курспен байланысы;



- факультатив курстарының мазмұнында фундаментальді физикалық заңдар мен принциптердің (сақталу заңдары, сәйкестік пен симметрия принциптері т.б.) болуы; - пәнаралық байланыстың жүзеге асуы; - политехнизм принципінің жүзеге асуы жатады.

Жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының бағдарламасы мазмұны жағынан негізгі физика курсының бағдарламасымен сәйкестенген болуы керек. Бұл сабақта қаралатын физикалық заңдар мен құбылыстарды тереңірек қарауға мүмкіндік береді. Осы факультативтік сабақтарды жоспарлау негізгі курстық сабақтарды жоспарлаумен параллель жүзеге асады. Мысалы жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының мазмұны 8-сыныпта «Жылулық, электрлік, жарық құбылыстары», 9-сыныпта «Механика», 10-сыныптың физикадан факультативтік курсында «Молекулалық физика», «Электродинамика», 11-сыныптың физикадан факультативтік курсында «Электродинамика» (жалғасы), «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар». 8-сыныптың факультатив сабақтарында оқушылардың жылулық, электрлік, жарық құбылыстары туралы білімдері толықтырылып тереңдетіледі. Молекулалардың өлшемдерін, массаларын, жылдамдықтарын, концентрациясын анықтайтын тәжірибелер қарастырылады. МКТ негізінде капиллярлық құбылыстар түсіндіріледі. Жылулық ұлғаю және оны техникада ескеру қарастырылады. «Атмосфера физикасы» тақырыбын қарастырудың білімділік құндылығы оқушылардың физика мен географиядан алған білімдері интеграцияланады. «Электр тогы», «Электромагниттік құбылыстар» тақырыптарын қарастырғанда негізінен қолданбалы мәселелер: электролиз, оның қолданылуы; электр өлшеуіш құралдар, электрмагниттік реле, айнымалы токты алу, трансформатор т.б. қарастырылады. «Оптика» тарауы бойынша фотометрия элементтері, жарықтың сыну заңдары, линзалардың формулалары, ақ жарықтың спектрлерге жіктелуі сияқты мәселелер қарастырылады. 9-сыныптың факультативтік курстарының мақсаты – оқушының механика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, қашықтықты және уақытты өлшеудің әртүрлі практикалық әдістерімен таныстыру. Кинематикада зейін қозғалысты графиктік бейнелеуге, классикалық жылдамдықтарды қосу заңдылықтарының қолдану шегі мен жарықтың жылдамдықтарының шектігі мен инварианттылығын талдауға бөлінеді. «Динамика» тарауын қарастырғанда негізгі материалдармен қатар инерциалдық емес санақ жүйесіндегі денелердің қозғалысы, центрден тепкіш механизмдер қарастырылады. Бұл сыныпта «Ҝатты денелердің айналмалы қозғалысы» тақырыбын қарастырғанда айналмалы қозғалыстың кинематикалық және динамикалық сипаттамалары инерция моменті ұғымы мен айналмалы қозғалыстың динамикасының теңдеуі беріледі. 10-сыныптың факультативтік курстарында молекулалық физика модельдерінің қолданылу шегі, молекулалардың жылдамдықтары бойынша жіктелуі (Максвелл), статистикалық және термодинамикалық әдістер қарастырылады. «Термодинамика» тарауы бойынша жылу сиымдылық ұғымы тереңірек қарастырылып, газдардың жылу сиымдылығының оның күйінің өзгеру процесіне тәуелділігі, қайтымсыз процесс туралы түсінік, термодинамиканың ІІ заңы және оның статистикалық мағынасы, жылу двигателінің жұмыс істеу принциптері қарастырылады. «Электродинамика» тарауында Остроградский-Гаусс теоремасы, егнетоэлектриктер, пьезоэлектрлік эффект, жартылай өткізгіштің қолданылуы сияқты мәселелер қарастырылады. Электрлік шамаларды және магниттік шамаларды өлшеу әдістеріне көңіл бөлінеді. 11-сыныптың факультативтік курсында электромагниттік тербелістер туралы білімдері гормониялық емес тербелістерді қарастыру арқылы тереңдетіледі.

Политехникалық білім берудің мақсаты оқушыларды үш фазалы токты алу, үш фазалы токтың асинхронды двигателі мен үш фазалы электр энергиясын тасымалдау жүйесін қарастыруда жүзеге асырылады. Жарықтың толқындық қасиеттерін қарастырғанда Френель зонасы, Гюйгенс-Френель принциптері туралы түсінік беріледі. «Кванттар» тақырыбы бойынша материаның корпускулалық-толқындық қасиеттерін дәлелдейтін фотонның нақты өмір сүретінін дәлелдейтін материалдар қарастырылады. «Ҝолданбалы физика» факультативтік курстарында уақыттың көбі практикада кеңінен қолданылатын механизмдердің, машиналардың, автоматтық қондырғылардың жұмыс істеулерінің физикалық принциптерін қарастыратын практикалық сабақтарға бөлінеді. Мысалы, 7-8 сыныптарда «Физикалық шамалар және оларды өлшеу».

Курстың міндеттері:

- оқушыларды физикалық шама, өлшеуіш құралдар, өлшеу әдістері, өлшеу қателіктері, экспериментальдық зерттеу деген сияқты ұғымдармен таныстыру;

- өлшеу құралдарын қолдануға үйретіп, өлшеу дәлдігі ұғымын қалыптастыру;

- оқушыларды экспериментальдық алған білімдері негізінде экспериментік зерттеудің зерттеу мақсатына сәйкестігі туралы қорытынды жасауға үйрету;

- техникадағы өлшеулердің ролін көрсетіп, жанама өлшеулер туралы түсінік беру;

- еңбек ету қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, оларды орындауға үйрету.



Оқушылар тәжірибелік (демонстрациялық, зертханалық) зерттеулер жүргізу арқылы экспериментті жоспарлау, нәтижесін кесте, график, диаграмма түрінде көрсету сияқты эксперименттальдық біліктерді меңгереді. Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімінде экспериментальдық физикалық зерттеулердің әдістері мен принциптері туралы қажетті білімдер, құралдардың құрылысының негізінде жатқан физикалық принциптер туралы мәліметтер беріледі. Практикалық бөлімі фронтальдық зертханалық, практикумдық жұмыстардан және экскурсиядан тұрады. Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: лекция, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп шығару, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, экскурсиялар. Факультативтік сабақтардағы оқыту формалары: Дәрістер әдетте, теориялық сұрақтар бойынша оқылады. Дәрістерде негізгі, түйінді материал оқылып, ол кейін семинар және практикалық сабақтарда талқыланады. Дәрістер безендірулермен, тақтаға жазулармен, көрсету эксперименттермен сүйемелденеді. Семинар сабақтары теориялық сұрақтарды талқылауға, оларды едәуір терең пысықтауға арналады. Оқушыларға алдын-ала семинар сабағының жоспары беріледі, оған оқушылар міндетті түрде дайындалуы тиіс сұрақтар енеді. Семинарда талқыланатын әрбір сұрақ бойынша міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Семинар сабақтарында тақырып бойынша оқушылар шағын хабарлама жасап, соның маңайында пікір-талас болады. Семинарға әзірлік барысында оқушылар әдебиеттермен жұмыстанып, жасайтын хабарламаларының жоспарын құрып, өз ойларын тиянақты, жүйелі түрде баяндауға әзірленеді. Семинарларға қатынасу барысында оқушылар өз ойларын дұрыс физикалық тілмен жеткізуге, пікір таласқа қатысуға, өзінің және жолдастарының жұмыстарына сыни тұрғыдан қарап бағалау дағдыларын меңгереді. Баяндау барысында әр түрлі көрнекіліктерді қолданып, тәжірибелер көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады. Факультативтік сабақтардың ерекше түрлерінің бірі - физикалық есептерді шығару практикумы. Ол 9 сыныптан бастап ірі тақырыптар бойынша есептерді шығару сабақтары түрінде өткізіледі. Есептерді шығару практикумы ірі тақырып бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен физиканың негізгі курсында есептерді шығару сабақтарынан ерекшеленеді. Осы практикумның сабақтарында зерттеушілік мақсаттағы күрделі есептерді, берілгені толық емес немесе артық мәнді берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынады. Факультативтік курстар бағдарламасы сабақтардың фронтальдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум сияқты формаларын қарастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік іскерліктерді қалыптастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі. Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практикум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге, оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға оқушылардың іс әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқаруға байланысты деңгейі күрделі әртүрлі жұмыстарды енгізуге болады. Егер оқушы физиканың қандай да бір болмасын тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен айналысуға мүмкіндік беруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет