Оқыту түрі: күндізгі


Физика бойынша өтілетің сыныптан тыс жұмыстардың маңызы



бет13/42
Дата07.05.2017
өлшемі6,11 Mb.
#15904
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42

8.4. Физика бойынша өтілетің сыныптан тыс жұмыстардың маңызы.

Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын артттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы физикадан – сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Оқу жоспарынан тыс, үйде немесе зертханада, сабақтан тыс уақытта, мұғалімнің жетекшілігімен, бірақ, оқушының өз ыңта еркімен әрі олардың қалаулары бойынша орындалатын дербес оқу жұмысы сыныптан тыс жұмыс деп аталады.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:



  1. Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

  2. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  3. Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.

  4. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  5. Жастарға ғылыми-материалистік, эстетикалық, тәрбие беру.

Сыныптан тыс жұмыстың білімдік және тәрибелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда, шығармашылықпен ойлануға және оқушыларда ұжымдық пен жолдастық сезімін тәриелеуге мүмкіндік береді.

Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетің дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді.



Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдістері

Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың бәрі үлкен екі топқа бөлінеді.

1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Оған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша сабақтар жатады:


  • Бағдарламада көрсетілген жұмыстарды өткізу;

  • Физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр оқушыға жеке түсіндіру, емтиханға және зертханалық жұмыстарға дайындау);

  • Физиканы қызыға оқитын жеткіншектермен қиын және қызықты есептер шығару, физика кабинетінде зертханалық жұмыстар қою, демонстрациялық эксперименттерді даярлау, қолдан физикалық құралдар мен көрнекі модуль-құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа құралдармен таныстыру;

  • Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына көмектесу (консультация, реферат, баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау, әртүрлі өлшеулер жүргізу);

Мұндай жұмыстар физикалық оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтуіне, оқушылардың білімдерімен дағдыларының жүйелі түрде сапалы қалыптасуына сынып оқушыларының жалпы үлгерімін жақсартуға жәрдемдеседі.

2. Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабағына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың өздерінің еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек. Мұның жүйесі мынадай жұмыстардың тұрлерінен тұрады:



  • Оқушылардың арнаулы физикалық және политехникалық білімдерін тереңдету;

  • Қолданбалы физика салаларын оқу;

  • Физика-техникалық құралдардың, қондырғылардың модельдерін жасау;

  • Өнертапқыштық жұмыстармен айналысу;

Бұларды ұйымдастырудың да формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздырту, физикалық кеш өткізу.

Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі түрде және әдістерде іс-жүзінде жүзеге асырылады.



1. Жеке дара жұмыс – оқушыларды жеке оқыту, оның мақсаты сыныптан тыс физиканы және техниканы оқуға үйрету, осылардың негізінде реферат, баяндама, шығарма жазуға; балаларды шығармашылық жетектеу – құрастыру, моделдер мен құралдар жасау; оқушы – лабаранттар мен жұмыс мектеп кабинеттерін демонстрация және зертханалық тәжірибе, құрал жабдықтарды әзірлеу үшін дайындау; өте қиын есептерді шығаруға көмектесу, оқушыларға үйге берген эксперименттік және зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету және т.б.

2. Топтық жұмыс – жүйелік жұмыс, шағын тұрақты оқушылар тобымен өткізілетін және балалардың нақты бір қызығушылықтарын қанағаттандыруға; жаңа біліммен тәжірибелік игеруді қалыптастыру, әдетте, физикалық және физика – техникалық формасында, шығармашылық топтар формасында өткізіледі.

3. Көпшілік жұмыс – ұжымдық жұмыс, көп балалар тобымен өткізілетін дәрістер, кештер, конференциялар; ауызша журналдар мен әңгімелер; пәндік декадалар, физика және техника апталығы, олимпиадалар мен сайыстар, көрмелер, бағдарламадан тыс экскурсиялар. Тәжірибеде сыныптан тыс жұмыстардың 3 түрі тығыз байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең көп тараған формасы дәстүрлі түрі – үйірмелер, олимпиадалар және кештер жатады.

Физикалық үйірмелер, олипиадалар және физикалық кештер.

Физикалық үйірмелер. Жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын калыптастыруға әсер ететіндер - физикалық және физика-техникалық үйірмелер, олимпиадалар,физикалық кештер.

Физиканы оқытуда артта қалушылықты жою мақсатында бір сыныптың оқушыларын біріктіруді мектеп тәжірибесінде кейде үйірме деп атайды. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушыларын бөліп алуы керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабілетіне сәйкес үйірме тандауына көмектесуте, сонан соң үйірме мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. Әр үйірме мүшелерінің саны 12—15-тен артық болмауы тиіс. Үйірме жұмысының жоспары мен мазмұнын мектеп оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай кұру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің жабдықталу жағдайына, материалдардың бар-жоғына және бірқатар басқа да факторларға байланысты. Мысалы, мұғалім физика кабинетін жабдықтау жөнінде жалпы мәселе қойып, осының негізінде бұл жұмысқа қатынасқысы келген оқушылардан үйірме құруына болады.

Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен шығарманы қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс.

Үйірме жұмысынын жемісті болуы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру, бақылау және есепке алып отыруға да байланысты болады. Сондықтан әр жұмысты түбегейлі аяқтап, нәтиже үйірме отырысында жан-жақты талқылап және арнаулы журналға тіркеп отыру керек. Жылына бір-екі рет істелген жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн. Негізінде теория мен тәжірибенің тығыз байланысы орын алатын үйірмелер оқушыларға үлкен пайда береді. Тек осы жағдайда ғана үйірме жұмысы оқушылардың ынта-ықыласын дамытып, шыңдай алады. Эксперименттік бағыттағы үйірмелер үшін теория мен тәжірибенің байланысын іске асыру шаралары жетекшінің әңгімесі мен лекциясы, үйірме мүшелерінің баяндамалары мен рефераттары болып табылады. Әрбір үйірме мүшесі жылына кемінде бір хабар немесе шағын баяндама дайындағаны жөн. Үйірме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақаламен үйірме мүшелерін таныстырып отыру пайдалы. Теориялық бағыттағы үйірмелерде теория мен тәжірибенің байланысы баяндамаға коса көрнекті кұралдар демонстрациялау, эксперименттік есептер шығару, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Егер оқушы өз білімін қандай да болмасын бір қоғамдық пайдалы істі шешуге колдана алса, онда оның физикаға және шығармашылық жұмысқа деген қызығуы ерекше артады. Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектептің өзінде-ақ үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады. Мектепті радиоландыру мен телефондандыру, кабинет үшін құралдар жасау оқушылардан физиканы білу мен шығармашылық ойлануды талап етеді. Жаңадан қатысушылар үшін физика үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты — оқушыларды физика пәніне деген сүйіспеншілікке баулу, жеке оқушылардың ынтасы мен қабілетін анықтау, барлық үйірме мүшелеріне, физикалық үйірменің алдағы жұмыстарын игеріп кетуі үшін, ең қажетті икемділік, шеберлік беру. Жыл бойы оқушылар дәнекерлеуді, ағаш, резеңке және шыныдан жасалған бұйымдарды желімдеуді, нәрселердің бетіне майлы бояу және лак жүргізуді үйренуі керек. Олар шыны түтіктерді ию, созу және дәнекерлеуді, әйнекті кесіп, тесуді үйреніп және қағазбен, картонмен жұмыс істеуде кейбір шеберліктеріне ие болуы керек. Осы дағдылардың барлығын оқушылар, мүмкіндігінше қоғамдық пайдалы сипаттағы нақты тапсырмаларды орындау процесінде алады.Тек негізгі тәжірибелік шеберлікке үйреніп қана қоймай, оқушылар эксперименттік үйірмедегі болашақ жұмыстарына қажетті, оларға таныс емес физикалық құбылыстар мен оның тәжірибелік қолданылуы туралы ұғым алып, жаңа физикалық құралдар мен танысып, қызықты есептер шығарады және оқу кинофильмдерін көреді.

Жаңадан қатынасушылар үйірмесі жұмысының қажетті шарты – жұмыс формасының әртүрлілігі, шұғылдану элементінің, сондай-ақ теория мен тәжірибенің тиімді ұштасуы болып табылады. Жаңадан қатынасушылар үшін үйірме әдетте физикадан сыныптан тыс оқудан тәжірибесі жоқ оқушылардан құрылады. Олар үшін мерзімі бір жылға созылады. Осы уақыттың ішінде оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы анықталады да, ал келесі жылы олар арнаулы немесе жалпы физикалық үйірмелерге өтеді. Бұл үйірменің жұмысы программадағы негізгі тақырыптарды терең оқып үйрену мақсатында болғаны жөн.

Физикалық құралдар дайындау және конструкциялау үйірмесі. Оқушылардың мұндай жұмысқа деген тұрақты қызығушылығы мен тәжірибелік бағдарының арқасында, бұл үйірме кең қолдау тапты. Алайда, үйірмедегі оқу тек оқушылардың тәжірибелік жұмысымен ғана шектелсе, онда тәжірибенің көрсетуінше, оқушылардың қызығушылығы тез жоғалады. Бұл үйірмеде оқушылар тек қана тәжірибелік шеберлікке ие болып қоймай, сонымен бірге конструкторлық және теориялық білім алса, сонда ғана үйірме жұмысы жемісті болмақ. Оқушы қандай да бір құрал жасау үстінде, оның атқаратын қызметін айқын біле тұра, сонымен қатар осы құралдың көмегімен демонстрацияланатын физикалық құбылыстың табиғаты қандай, бұл құбылыс қайда кездеседі, оның демонстрациясының тиімді болуы қандай факторларға байланысты деген сұраққа жауап бере алуы керек. Мұндай сұрақтардың қойылуы оқушыдан тиісті әдебиетпен жұмыс істеуді талап етеді. Ал бұл өз тарапынан, үйірме барысында оқушы жаңа құралды демонстрациялаумен қатар, барлық үйірме мүшелерінің жан-жақты дамуына пайдалы боларын мазмұнды хабарлар, баяндамалар жасауына әкеліп соғады. Жасалған прибордың сыртқы көрінісіне де ерекше көңіл бөлген жөн. Құралды мұқият өндеу қажеттігі оқушыны шыдамдылыққа, жігерлікке, құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға, басқалардың еңбегін бағалауға тәрбиелейтіндігінен туады. Ал мұғалімнің өзі де оқушылардың жұмысына үлкен құрметпен қарауы керек.

Оқушыларға алдымен жақын арада өтетін сабақта қолданылатын құралдарды дайындауды тапсырған жөн. Бұл оқушылардың оларды жасауға деген қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге сызбамен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлу керек. Балалардың сызу сабағынан алған білімін пайдаланып, құралдардың эскизі мен жұмыс сызбаларын сауатты жасауын бағалау қиын емес.

Зерттеу үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты — оқушылардың зерттеу жұмысына деген қызығушылығын ояту, жұмыстың бұл түріне қажет ең қарапайым дағдыларды қалыптастыру. Зерттеу үйірмелеріне физикаға ықыласы жоғары, дарынды деген оқушыларды тарту керек. Оң бір жылдық мектептерде неғұрлым тереңірек білім беру максатында, бағдарлама материалына сәйкес зерттеу элементтері қатыстырылып, зертханалық жұмыс түріндегі тапсырмаларды пайдаланған жөн.

Физикалық олимпиадалар. Олимпиаданың өзгеше бір белгісі – жарыс рухы жұмыстың осы түрінде ең күштілерді айқындау болып саналады. Мектептің ең тандаулы физигі атану жолындағы күрес және аудандық, олбыстық, республикалық, тіпті халықаралық олимпиадалар дәрежесіне көтеріліп, соларға қатысуға мүмкіндік алу көптеген оқушылар үшін мектепте физикамен жүйелі түрде шұғылдануға жетекші болады. Республикалық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларды физика бағыттарындағы жоғары оқу орындарына ұсыну тәжірибесі де белгілі роль атқарады. Дегенмен, олимпиаданың басты мақсаты – аса қабілетті және даярлығы күшті екі–үш оқушыны табу емес, мектеп оқушыларының басым көпшілігінің физикаға деген ықыласын арттыру. Сондықтан олимпиаданы әзірлеп, өткізу барысында «ең күштісі жеңіп шықсын» деген принципті ұстанумен бірге, көпке белгілі олимпиадалық принцип: «ең бастысы жеңіс емес, қатысу» деген принципті де басшылыққа алу қажет. Мектепте физикалық олимпиадаға дайындық екінші тоқсаннан-ақ басталады. Оқушылар үйде бірнеше есептер шығарады. Құрамына оқушылардың өкілдері де кіретін қазылар алқасы бұл жұмысты тексергеннен кейін, екінші айналымға кімдерді жіберу керектігі туралы мәселені шешеді. Екінші айналым наурыздың соңына таман өтеді. Мектептің физика зертханасында мұғалімдер мен жұртшылық өкілдерінің бақылауында оқушылар теориялық және эксперименттік есептер шығарады. Олимпиадада жеңіп шыққандарға мектеп сыйлықтары – кітаптар, мақтау грамоталары, т.б. беріледі. Аудандық және облыстық олимпиадада жеңіп шыққандар соңынан республикалық олимпиадаларға қатысады. Олимпиадаға дайындық та, оны өткізу де мектеп өміріндегі елеулі оқиға. Соған сәйкес оқу пәні ретінде физиканың маңызы да көтеріледі, оқушылардың қызығуы артады. Бұл өз кезегінде оқушылардың физикадан үлгерімі мен білімінің сапасын арттыруға ықпал жасайды.

Физикалық кештер. Физика кештері — физикадан көпшілік сыныптан тыс жұмыстың тартымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физика мен техникаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.

Кештердің түрлері. VIIІ - X сыныптар үшін сыныптан тыс жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер — «XXI ғасыр көш басшысы», Қызықты физика әлемінде», «Физика жылы», Такырыптық және юбилейлік даталарға арналған кештер болды. Қызықты физика кеші әсіресе VIІ—VIIІ сынып оқушылары үшін ерекше орын алады. Бұл түсінікті де: 13—14 жастағы мектеп оқушыларын олардың қиялын баурап әкететін ғажайып құбылыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды тақырыптармен ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе кеш тек сыңар жақ көріністермен ғана шектеліп, өзінің маңызын жоғалтуы мүмкін. Оқушылармен істелген жұмыс формасының әр түрлілігі — мықты физика кешінің табысты болуының қажетті шарты. Әр түрлі қызықты тәжірибелер, аттракциондар, викториналар т.б. өзге де жұмыс формалары оқушылардың қызығушылығын тудырады, мысалы, қысқа ғана қызықты физикалық әңгіме-жұмбақтар; физикалық қатесі бар әңгімелер (оны оқушылар табуы керек); кішігірім қызықты пьесалар; сұрақтармен берілген жұмбақтар. Егер залда отырған оқушылар тек көрермен болып қана қоймай, олар да кешке белсенді араласып отырса, онда жұмыстың мұндай формасы әдістемелік жағынан аса құнды болмақ. Бұл «жетілдіру енгізіңдер!» деген такырыппен өткізілетін сабақтан тыс формасының пайдасы аса зор. Мұнда оқушыларға қандай болмасын бір құрылғының, машинаның, құралдың немесе құрылыстың моделі, суреті не сүлбесі көрсетіледі. Оған сипаттама беріліп, бұл конструкцияның қандай да болмасын бір келіспеушілігі бары айтылады. Оның жайы түсіндіріледі де, оқушыларға осы құрылғыны жетілдіру тапсырылады. Кейде құрылғының моделі немесе сүлбесі демонстрациялау үстелінде жиналуы мүмкін. Бұл жағдайда оқушыларға енгізілген жетілдіруді демонстрациялап беру жүктеледі.

Қызықты физика кешінде орындалатын қызықты тәжірибелердің орны бөлек. Ол тәжірибелер мүмкіндігінше техникада және тұрмыста кең қолданылатын, сондай-ақ табиғатта жиі байқалатын құбылыстарды көрсететін болуы керек. Тәжірибемен көрсетілген құбылыстың тәжірибелік қолданылуы туралы қысқаша әңгімеленіп тұрса, кештің мазмұны арта түседі. VIІ сынып оқушылары үшін қызықты физика кешіне мысалдар келтірейік. Кештің мақсаты—«Атмосфералық қысым» мен «Архимед күші» деген тақырыптардың мазмұнын оқушылардың терең түсінуіне көмек ретінде, физикалық құбылыстар мен заңдар кейде күтпеген жағдайдың өзінде-ақ анықталып, демонстрациялана айтылып, күнделікті өмірдегі кездесетін физикалық құбылыстарды бақылау және әсерлі деген физикалық тәжірибелерді өз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы олардың ынта-ықыласын арттыру.
Кештің жоспары.

1. Кешті жүргізушінің кіріспе сөзі (қатынасушыларды кештің программасымен таныстырады). 2. Атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызы және атмосфераның құрылысы туралы қысқаша әңгіме. 3. Атмосфералық қысыммен түсіндірілетін тәжірибелерді демонстрациялау: «графинге сиған жұмыртқа», «ауыр газет», «жазаланған әуесқойлық» 4. Ежелгі гректің көрнекті ғалымы Архимед туралы әңгіме. 5. «Денелердің жүзу шарты» деген тақырыпқа тәжірибелерді демонстрациялау. Мысалы, су бетіне қалқып шықпайтын парафин (алдымен шыны ыдыстың түбін жұқа парафин қабатымен жауып, оған парафинді жазық жағымен салады да, ыдысқа еппен су құйғанда кесек парафин қалқып шықпайды); ыстық ауамен толтырылған қолдан жасалған ауа шарының көтерілуі; суға батып бара жатқан адам не істеуі керек (суда жүзіп жүрген ағаш қуыршақтың қолдарын көтерсек, оның бату тереңдігі артады). 6. Сурет-жұмбақтар көрсету. Мысалы, суретте теңіз қабатының қимасы көрсетілген. Су ішінде теңіз түбіне жетпей «ілулі» тұрған корабль тұр. Сурет бойынша сұрақ: «Бұлай болуы мүмкін бе?» 7. Кешке белсене қатысқан оқушыларға жүлде тапсыру. Физика-техникалық кештерді қазіргі техниканың актуальды да қызықты мәселелеріне, техника тарихына, физика мен техниканың жеке салаларының даму келешегіне арнайды. Кеште 3— 4 оқушы қысқа баяндамалар жасайды. Баяндамалар жаксы көрнекіленуі керек. Көрнекі құралдардан баска техникалық құрылғылардың жұмыс істейтін моделі, қолдан жасалған құралдар, кинофильмдерден фрагменттер көрсетіледі. Мұндай кештерді физика немесе физика-техникалық үйірменің мүшелері дайындайды. Бұл кешті үйірме мүшелерінің өз жұмыстары туралы өзінше шығармашылық есебі деуге болады. Кештің түгел бір бөлігін үйірме жұмысының корытындысына арнауға болады. Мысал ретінде «Адам космосты игереді» тақырыбына арналған кештің жоспарын келтірейік.

1 - б ө л і м. Баяндамалар

1. Космос және оны игеру туралы адамзат арманы (космос деген не; адамдардың ерте кезден-ақ космосқа ұшуды армандауын көрсететін аңыздар мен ертегілер). 2. Космосты не үшін зерттеу керек (космос кеңістігін зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңызы). К. Э. Циолковский (өмірі мен қызметі).

3. Космос кеңістігін зерттеудің қазіргі физикалық әдістері; космос ракеталары, Жердің жасанды серіктері, космос корабльдері, планетааралық автоматтық станциялар (олардың қолданылуы мен мүмкіндіктері, құрылысын қарастырмай). 4. Біздің космос туралы ЖЖС ұшырылғанға дейінгі және қазіргі түсініктеріміз (температура, қысым, атмосфера құрамы, сәуле шығару).

5. Космонавтардың ұшуға дайындығы «Аспандағы ағайындылар» фильмінен фрагменттер көрсету және ракета модельдерін ұшыру.

2 - б ө л і м. Викторина

1. Алғаш ауада ұшушыларды атаңдар. 2. Қай ғалым ең бірінші рет, қандай мақсатпен және қашан ауа шарымен ұшты? 3. Стратостат деген не? 4. Жердің бірінші жасанды серігі қашан ұшырылды? 5. Бортында адамы бар космос кораблінің бірінші ұшуы қашан жүзеге асырылды?



Физикалық кештерді дайындау. Физикаға арналған кештің қандайы болмасын мұқият және ұзақ дайындауды керек етеді. Оған дайындауды кештен 2-3 ай бұрын бастау керек. Кешті дайындаушылар мен атқарушылардың бірінші ұйымдастыру жиналысында мұғалім кештің үлгі-жоспарын ұсынады. Жоспар талқыланып болғаннан кейін оған қатысатындарға тапсырмалар бөлініп беріледі. Кешке қатысушыларды бірнеше топқа бөледі: баяндамашылар; тәжірибе дайындауға жауапты оқушылар; хабарландыру жазып, газет, шығаруға жауаптылар; сахна мен залды жабдықтаушылар және т.б. Әр топтың дайындық жұмыстарының, сондай-ақ жеке тапсырмалардың орындалу мерзімі тағайындалады. Барлық дайындық жұмыстары бітіп, кешке бірнеше күн қалғанда, кештің әр бөлімін талдай отырып жалпы репетиция өткізіледі. Оны кеш өтетін орында өткізген дұрыс. Мұнда кешті өткізуші оқушылардың өздерінің қашан шығатын кезегін жақсы біліп, еркін және мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше әрекет етуіне, сахнадағы қимылдарының дәл және үйлесімді орындалуына, сондай-ақ жұмыстың бір түрінен екіншісіне өткенде үлкен үзіліс болмауына ерекше көңіл бөлу керек.

Кешке бірнеше күн қалғанда әдемілеп безендірілген хабарландыру мен кештің программасы ілінеді. Жақсы безендірілген хабарландыру оқушылардың зейінін аударады да, оларда қалай да кешке қатысам деген тілек пайда болады.

Негізгі әдебиеттер: [1,2,6,8,9]

Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,21,23,25,27]



Тақырып 9. Физиканы проблемалық оқыту және жаңа педагогикалық оқыту технологиялары

9.1. Программалық оқыту.

9.2. Компъютер қолданылатын – физикалық білім беруге арналған - оқыту, анықтамалық, модельдеу бағдарламалары.

9.3. Жаңа педагогикалық оқыту технологиялары.


9.1. Программалық оқыту.

Программалық (бағдарламалы) оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. Бағдарламалы оқыту барысында оқытылатын адамның материалы мен қызметі өлшемдерге(дозаларға) және қадамдарға (оқыту кезеңдері) мүшеленеді; әр қадамды орындауы бақыланады, материалдың келесі өлшемін меңгеруге ауысуы өткенді игеру сапасына байланысты болады. Бағдарламалы оқыту Б.Ф. Скиннер, Н. Краудер, атамекен психологтары мен педагогтары - А.И. Берг, В.П. Беспалько, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин ЮА. Самарин, Т.А. Ильина құрастырған Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.

Даму психологиясы — жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму:

1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;

2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі
Проблемалық оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.

Проблемалық оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнынын тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.

Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалық жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалық оқыту технологиясы - бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалық жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық - проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.



Проблемалық жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.

9.2. Компъютер қолданылатын – физикалық білім беруге арналған - оқыту, анықтамалық, модельдеу бағдарламалары.

Қазіргі жаңа компьютерлік технологиялардың құрылымын және аппарат бағдарламасының құралдарын оқу процесінде базасы функционалды, есеп шығару техникасы, сонымен қатар ақпарат жүйе ауысуы және қазіргі құрылымы, жинақтау жөнінде операцияны қамсыздандыру, өндірістік толықтыру, сақтау өңдеу, ақпаратты жіберуі түсіне аламыз, Оған СНИТ, ЭВМ, ПЭВМ кіреді: барлық сыныптарда ЭВМ үшін терминалдық жабдықтар жиынтығы, санау есеп шығару локальдісі, ақпараттық кестесін және мәтін манипуляциясын және шешу құруын, қазіргі ЭВМ - нің перефириялық жабдықтарының және басқа мұраның сақтау ақпаратын үлкен көлемінде кұруы; дыбыстық түрлерін ұсынуын берілгені сандық және керісінше берілген кестенің жаңарту құруы аудивиуалдық ақпараттың манипулированияның құруы (технология базасынд амультимедиа және жүйе «виртуальдынақтылық») құралдар; қазіргі байланыс құралдары; жасанды ақыл жүйелері; машиналық кесте жүйелері; бағдарламалық кешендері (бағдарлама тілдер, трансляторлар, компиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламаның пакеті және т.б.). Ғылыми-техникалық прогресті тездетуі, иілгіштік автоматтандырылған өндіріске енгізу негізінде, бағдарлама құруын және шағын процестерінің құралдарын басқару, өңдеу орталықтарында және роботтарды, өсіп келе жатқан ұрпақты дайындау және тәрбиелеу мақсатында қазіргі педагогикалық ғылымның керектігінде қойылуы, белсенді қосу қабілетін қазіргі жаңа кезең қоғамда дамуы, информатизациямен байланысты. Жоғарыда аталған мақсаттың шешімінің әлеуметтік қоғам тапсырысын орындау бұрыннан келе жатқан оқу бөлімінде электрондық есеп шығару техникасын перифирия сәйкестік техникалық құралдарының тәуелдену, оқуының демонстарциялық техникалық құрылымы, СНИТ базасында функционалдау, оқу дайындығына қарай нығайту оқуы ақпарат ағымының әрқашан өсуі, оқуының түріне қарай бөлінеді. Ақпараттық қорлардың жаппай қолданылуы, интеллектуалдық қызметтің өнімінің халық қоғам мамандығының бөлігі жөнінде жұмысқа қабілеттілігі, келесі ұрпақтарға шаруашылық белсенді резервке керекті дайындықты анықтауы. Себеп жөнінде актуалдық
құрудың құрылуына білім ойын даму жетілдіруін әдістемеге келуін қолдануын СНИТ - те анықтайды, оқушының жеке дамуы. Жекелегенде, индивид шығармашылық потенциалының дамуы, оқитын білімін қалыптастыру өзінің қызметтік нәтижесін болжауын жүзеге асыру, мақсат әдістеме шешімін және іздеу жолдарын арнайы оқулықты және әжірибелі стратегия түрінде әзірлеу.

Компьютер, мультимедиа техникалық құралдарын қамтамасыз етеді, аудио - видео ақпараттарда дидактикалық мүмкіншіліктерде қолданады. Шағын мәтін жүйесінің көмегімен сілтемелерді жасауға ең маңызды сөздер мен хабар іздеу керек екендігі жеңілдетіледі. _ Мәтін үзінділері тек қана гипермедиа жүйелерімен ғана емес бірі- біріне байлауға рұқсат етеді, сонымен қатар кестеге сандалған сөйлеу, дыбыс жазу, фотосуреттер, мультфильмдер, бейнетаспалар рұқсат етіледі. Сондай-ақ жүйелерді қолдануға көбейту рұқсат етіледі, лазерлік компакт-дисктарда «электрондық» басқару, анықтамалар, кітаптар, энциклопедиялар қолданады.

9.3. Жаңа педагогикалық оқыту технологияның түрлері

А.А. Жунусбаев оқу тәрбие ісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану туралы жазды. Ол педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жету үшін алдымен білім берудің 17 жаңа технологияларын білу қажет екендігін айтып сол технологияларға тоқталды. Яғни:



1. Білім берудің ізгілендіру технологиясы (Ш.А. Амоношвили)

Мақсаты мен мағынасы: Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың таңымдық күшін қалыптастыру және дамыту, оқушының жаңы мен жүрегіне жылылық ұялату, адамгершілік тәрбие беру.

2. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы (Шаталов. В.Ф.)

Мақсаты мен мағынасы: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық оқушыларды оқыту, оқытуды жеделдету. Үнемі қайталау, міндетті кезендік бақылау, блокпен оқыту, тірек қолдану, еркімен оқыту, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

3. Ойын арқылы оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Ойын арқылы қызықтырып оқушылардың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсу.

4. Модульдік оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде оқытушы студенттерді оқу модулінің жалпы құрылымы мен оның мақсат міндеттерімен таныстырады. Содан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу (10-20 минут ішінде) сызба кесте, карта және т.б сүиене отырып түсіндіреді. Негізгі бөлімде студенттердің оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдану жүзеге асырылады. Үш деңгейлік тапсырмалар беріледі: «Жеңілдетілген стандарт», «Стандартты», «Стандарттан жоғары» оқу модулінің қортыңды бөлігі – бақылау. Қортынды бөлімде мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.

5. Проблемалық оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Оқу материалында студентті қызықтыратындай мәселе туғызу оны шеше отырып студенттер білімді белсенді қабылдайды.

6. Дамыта оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: оқыта отырып жеке тұлғаны және оның қабілеттілігін дамыту. Барлық студенттің дамуы жолындағы жұмыстарды қамыту.

7. Түсіндіре басқарып, өзара оқыту технологиясы.

Мағынасы мен маңызы: барлық студентті табысты оқыту. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең сонында нашар оқитындар қатыстырылады; бірте – бірте толық дербестікке жету, өзара көмек, білім, білік дағдыны дамыта меңгерту.

8. Оқытудың компьютерлік технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: студентті «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту студенттің тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады; жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімделеді.

9. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндігінің деңгейіне орай оқыту, оқытуды студенттерің әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ынғайлау, берілген тапсырмаларының саралануы. Әр топта үлгерімі орташа, жақсы, үздік студенттер болады оларға деңгейлік тапсырмалар қолдану қажет: 1 – деңгей – мүмкіндік; 2 – деңгей – міндетті; 3 – деңгей – эвристикалық; 4 – деңгей – шығармашылық.

10. Бағдарлы оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру. Бағдарламаланған оқу материалдары кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы беріледі.

11. Өздігінен даму технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: дербестікке тәрбиелеу. Әркім табиғат берген даму жолымен жүреді, өзін – өзі дамытады.

12. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: білімнің болашақта қажетке жарауын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығущылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезендерінен түзіледі. Сабақ кезінде үйренуші не үйренгенің саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді; қайта қарап, өзгерістер еңгізеді.

13. Шоғырландырып оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: оқу процесі құрылымның психологиялық табиғи ерекшеліктерін қабылдауға жағдай туғызу. Сабақтарды блокқа біріктіру арқасында пәндерді терең үйрену.

14. Белсенді оқыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Студенттердің белсенділігін ұйымдастыру. Болашақ кәсіптік қызыметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын моделдеу.

15. Толық меңгерту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: меңгерген білімін тәжірибеде жүзеге асыру, қолдану.

16. Жеделдетіп оқтыту технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: Бастауыш топтың білімін жалғастырушы топтың біліміне қысқа мерзімде үйлестіру. Қазіргі қоғам үрдісіне сай иновациялық технологиялармен білім беру.

17. Кәсіби бағдар беру технологиясы.

Мақсаты мен мағынасы: кәсіптік ағылшын тілін жетілдіру. Оқу – жұмыс бағдарламасына мамандыққа сай тақырыптар ендіру. Берілген білімнің тәжірибеде қолдану қажеттілігі.

Осыны қортындылай келетін болсақ: оқыту технологиясы дегеніміз қойылған мақсатқа тиімді, нәтижелі жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе.



9.3. М.М. Жанпейісованың модульдік интерактивтік оқыту технологиясы

Бұл технология 2000 жылдан бастап мектеп тәжірибесіне енді. Ақтөбе қаласында сынақтан өтті. Модульді оқыту тәжірибесін зерттеген ғалым

М.М. Жампейісованың “Технология модульного обучения” атты еңбегі жарық көрген. Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері арқылы баланың қиялын дамытуға, зейінін тәрбиелеуге, халықтық педагогикамен қаруландырып, терең білім беруге негізделген.

Модульдік интерактивтік оқыту технологиясының тиімділігі:

Оқушыларды оқытудың мақсатымен, жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру; мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.); оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогты қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекеті ұйымдастыру. Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы т.б.) жүргізу.



Модульдік оқыту технологиясының мақсаты:

Оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу, эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеу.



Міндеті:

Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру; таным үрдістерін дамыту; танымдылық қабілеттерін дамыту; сөздік қорын дамыту; өзара көмек және бірге бастан өткізу; оқу себептілігінің өзгеруі.


Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесi

Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiстемелiк нұсқаулар, шамамен алғандағы iс-әрекеттер негiзi,оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау(өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi.

Интерактивті үрдіс дегеніміз—педагогикалық үрдіс қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.

Ерекшеліктері:

Оқу материалының тұтастай берілуі; оқу үрдісінің интерактивті формада ұйымдастырылуы; оқу материалын жеңілдеп күрделіге қарай өсу бағытымен берілуі.Оқушылардың біліктілігін жүйелі түрде диагностикалауы; Оқушылардың ізденіс, шығармашылық жұмыстармен айналысуына жағдай туғызуы.



Модульдік оқытудың құрылымы:

Оқытуға мақсат қою; жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; оқушылардың білім деңгейін алдын-ала (диагностикалық) бағалау; оқу әрекеттерінің жиынтығы; нәтижені бағалау.



Оқыту модулі:

Кіріспе бөлімі: (модульге , тақырыпқа енгізу).

Сөйлесу бөлімі: (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру).

Қорытынды бөлімі: (бақылау).



Интерактивтік үрдісті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:

Ойлау қызметін, мазмұнын, шығармашылық қызметін ұйымдастыру; таңдау еркі; рефлексияны ұйымдастыру.



Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

  • модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу;

  • оқу материалын біртұтас, жинақы, ”өсу” бағытымен беру;

  • тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының

  • талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау;

  • оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материалдайындау;

  • осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.

І кезең. Оқу модулін даярлау технологиясы

Мұғалімнің модульді даярлауы: оқу материалын блок арқылы тақырыптарға бөлу; оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни оқушы нені біліп, үйренуі тиіс); модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыру; тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру; диагностикалық және бақылау жұмыстарын әзірлеу; білім, білік дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.



ІІ кезең. Мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау

әрекетінің құрылымы:

Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу; оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу материалын оқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларындайындап алу; әр түрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар және олардың жауап үлгілерін дайындау; әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар дайындау;



Сөйлесу бөлімінiң iс-әрекет қадамдары:



ІІІ кезең. Қорытынды (бақылау) бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет