Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет116/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   679
Әдебиеттер

    1. М.Қ.Құрсабаевтың ғылыми –практикалық конференция материалдары.

2 «.Бүгінгі біліктілік-кемел келешек кепілі» Дүйсенбаев Е.Ә. Маханбетов О.М.
3. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №11 2008 жыл
4. «Мектеп» журналы мамыр 2008 №5
БАЛАБАҚША ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Измаева Ж. Ж. (Ақтөбе)

Бүгінгі таңда білім, ғылым саласына инновациялық педагогикалық технологияларды енгізудің маңызы білім әлемінде зор болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық технологиялар түсінігі кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналып отыр.


Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселесі қашан да өзекті сәселелер қатарынан түспек емес. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуыбасты назарға алынады.
Білім берудің бастапқы сатылар балабақша табалдырығынан басталатындығы баршамызға ежелден мәлім. Оның мақсаты - мектепке дейінгі білім мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, ұғына білуді талап етеді. Осы орайда балабақшада қолданылатын бірнеше технологияларға қысқаша тоқталып өткен жөн.
Педагогикалық технология – бұл формалар, әдістер, тәсілдер мен оқыту әдістері және тәрбиелеу тәсілдерінің айқындалған арнаулы педагогикалық, психологиялық кешені; ол – педагогикалық процесті ұйымдастырушы әдістемелік инструментарий.

Жобалау қызметінің технологиясы. Жобалау қызметі — кез келген білім мазмұнына бағытталған, ізденімпаздық, зерттеушілік, тәжірибелік міндеттердің шешімін табу үшін нақты мақсатқа бағытталған қызмет.

Ақпараттық –коммуникативтік технологиялар бұл – ақпаратты өңдеу алгоритмі, тәсілдері, механизмдері секілді қорытылған ұғым.


Үздіксіз білім берудің бірінші кезеңі ретіндегі мектепке дейінгі тәрбиеге қойылатын жаңа талап: қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып білім беру болып табылады (компьютер, интерактивті тақта, планшет және тағы басқалары.).
Кабинеттерді (сканерлеу, интернет, принтер, слайд−презентация) топтарды, стендтерді көркемдеу үшін үйлестірмелі материалдар сұрыптау. Ата−аналар жиналысын өткізу кезеңінде ата−аналардың педагогикалық құзыреттілігін және балалардың білімдік сабақтарындағы тиімділік нәтижесін арттыру үшін Рower Рoint бағдарамасында слайд−презентациялар жасаудың маңызы зор.
Бұл орайдағы педагогтың міндеті: тәрбиеші үшін жаңа технологиялар әлемінің жолсерігі болу, компьютерлік бағдарламаларды таңдауда жетекшілік көрсету, бала тұлғасының ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастыру, педагогтардың кәсіби деңгейін және ата−аналардың құзыреттілігін арттыру.
Мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын компьютерлік бағдарламаларға қойылатын талаптар:

  • зерттеушілік сипатқа ие болуы;

  • тәрбиеленушілердің өз бетіндік жұмыстары үшін қарапайымдылық мәнінің болуы;

  • мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің бойында біліктіліктері мен дағдысын кең көлемде дамыту;

  • оларды жас ерекшелігіне сәйкестендіру;

  • қызығушылық тудыруды қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет