Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет158/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   679
Оралбеков Қ., Өтеев Д. (Қызылорда)

Жауынгерлік дайындық факторларының бірі- жас ұрпақтың дене тәрбиесі процесіне негізделетін жоғары дайындық. Әскерге шақырылуға дейінгілердің жоғары дене дайындығының обьективті қажеттілігі қазіргі жауынгердің іскерлігі мен біліміне , қойылатын талаптарды бір мезгілде арттыру жағдайында әскери қызмет мерзімінің қысқартылуына байланысты болып отыр. Дене дайындығы елдің қорғаныс қабілетін нығайту міндеттері мен мектептердегі дене шынықтыру жұмыстарын біріктіреді. Сондықтан да болашақта әскер қатарында қызмет ететін жасөспірімдердің өз денесін жан-жақты жетілдіруіне ерекше назар аудару қажет. Мектепте, спорт секцияларында дене тәрбиесімен айналысу , белгілі бір мақсатпен машықтану, әскери тұрмыс- тіршілік жағдайында әскери мамандықты меңгеруге жылдам көндігуге көмектеседі.


Әскерге шақырылуға дейінгі құрамның дене дайындығына әскери қызметтің қоятын талаптары нормативтік көрсеткіштерде белгіленген.
Әскерге шақырылғанға дейінгі дайындық жүйесі деп, жастарды әскер қатарында қызмет атқаруға дайындау жұмыстарының өзара байланыстылығы және процестің алдағы жауынгарлік оқу қызметінің талаптарына сәйкестігін түсінеміз.
Әскерге шақырылуға дейінгі дайындықтың екі кезеңі бар; біріншісі – бастапқы әскери даярлық кезеңі, екіншісі – шақыруға тікелей дайындау кезеңі.
Бірінші кезеңде шақырылуға тиісті жастарды (15-16 жастардағы ) дайындау жүзеге асырылады. Ол негізінде жалпы білім беретін мектептерде (Х-ХІ сыныптарда) жүргізіледі. Бұл кезеңде негізгі күш шақырылуға тиісті жастардың қозғалыс белсенділігінің көлемін арттыруға, дене дайындығының құралдары мен әдістерінің тиімділігін арттыруға, дене дайындығының тексеру жүйесін жетілдіруге және жасөспірімдердің дене дайындығын бағалауға, олардың сабаққа деген белсенді- жағымды көзқарасын тәрбиелеуге назар аударылады.
Жоғары сынып оқушылары (Х-ХІ) алғашқы әскери дайындықты мектептегі алғашқы әскери даярлық пәні арқылы жүзеге асырады. Мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беруге аса көңіл бөліп, түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Оқушылардың әскери- патриоттық тәрбиелеуге баулудың жолдарының бірі ол- дене тәбиесі сабағы мен алғашқы әскери дайындық сабақтары екені белгілі. Осы екі аралық байланыс мектеп қабырғасында жоғары сатыда өту керек деп білеміз. Осы мәселенің сұрақтарына енді жауап тауып көрейік.
Біріншіден , мектеп оқушылары дене тәрбиесі сабақтарында алғашқы рет дене жаттығуларымен, спорт түрлерімен, ұлттық ойындарымен танысады.
Алғашқы дене тәрбиесі сабағында бала дәріс алу кезінде дене шынықтырумен шұғылданған адам күшті, жігерлі, жылдам, шыдамды және т.б. қасиеттерді меңгеруі керектігін түсінеді.
Осы атап айтқан қасиеттерді дамыту жолдары мен дамыту әдістері дене тәрбиесі сабағында жүзеге асырылады. Ал ер балалар 10 сыныптан бастап алғашқы әскери дайындық пәнін оқу кезінде болашақ азаматтық борышын Отан алдында өтеуі жөнінде мағлұмат алады.
Сол АӘД пәнінен берілетін дәрістерден оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту және әскери қызметке даярлау міндеттері мен мақсаттары жүзеге асырылатыны айқын. Ә. Айтықов «Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу» деген еңбегінде «Сабақ процесінде оқушылардың психологиясына , сана сезіміне әсер етудің педагогикалық және психологиялық принциптері басшылыққа алынуға тиіс»- деп көрсетеді.
Бастапқы әскери дайындық кезеңіндегі дене дайындығының мазмұны жалпы білім беретін мектеп оқушыларының (5-11 сыныптар) дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген. Онда сабақтардың міндетті және өзгермелі түрлерінің негізгі мазмұны, 11- сыныпты бітірушілер үшін Президент сынапаларының нормативтік талаптары құрастырылған, әскери қызметті атқару үшін қажетті алғышарттар жасау мақсатында қандай кешендерді пайдалану көрсетілген .Сабақтардың әскери қолданбалылық бағыттылығын күшейту үшін бұрынырақ шыққан кешенді бағдарлама «Дене дайындығы туралы нұсқауда» жаттығулардың арасында қолды бүгіп , жазу,120 см биіктікке дейінгі кедергі (лента, кергі) арқылы алға домалап түсу , арқанмен шапшаң өрмелеу, самбо күресінің қарапайым әдістері, гранатты қашыққа лақтыру, 16 кг-дық кір тасымен жаттығу, 3 км дала жарысы және т.б. бар.
Сабақтарда «жараланғандарды» тасымалдау, әр түрлі жағдайдан (отырған, жатқан, тізерлеп және түрегеліп тұрған) қозғалмайтын нысанаға гранат лақтыру, противогаз киіп жүру, автоматпен немесе автоматтың макетімен кедергілер алабынан өту секілді кезеңдерден тұратын әскерилендірілген эстафеталар да енгізілген. Ерік қасиетін тәрбиелеу және болашақ жауынгердің психикалық даярлығын арттыру үшін енсіз бағана, 1,5 м биіктіктегі бөренемен жүру, екі тіреудің арасында тартылған арқанмен өрмелеп жүру, биіктіктен құмға секіру, таудан шаңғымен түсу қолданылады.
Жасөспірімдердің дене қасиеттерін тәрбиелеуге көбірек назар аударылады. Көлемі және қарқындылығы арттырылған жаттығу жүктемелерін жүйелі пайдалану, әдетте жаттығудың «айналмалы» әдісінің көмегімен сабақтың тығыздығын арттыру, бір мезгілде көпшілік пайдалана алатын снарядтарды, тренажерлерді қолдану дене қабілеттерін жақсартудың маңызды жағдайы болып табылады. Дене қабілеттерін жетілдірудің типтік құралдарына шапшаңдыққа жүгіру, дала жарысы (кросс), шаңғымен жүру, снарядтардан және денеге көп күш түсіретін жаттығулар жатады. Кедергілер алдында орындалатын жаттығулар ерекше маңызға ие.
Олар қажетті дене қасиеттерін тұтас қалыптастыру үшін жағдай жасап қана қоймай ды, сонымен бірге әскерге шақырылуға дейінгілердің дене дайындығының басты міндеттерін сабақтағы жаттығулардың өзара тығыз байланысында шешуге жәрдемдеседі. Ондай жүйенің нәтижелілігіне дене тәрбиесі мен алғашқы әскери даярлық сабақтарының апасы мен оқушыларының тұрғылықты жерлеріндегі, мектептегі спорт секцияларындағы, жалпы дене дайындығы топтарында Президенттік сынамалар бойынша көп сайыстарға, жарыстарға қатынасуы және сынамалар жаттығуларымен оқушылардың дербес айналысуы да әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет