Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМ БЕРУДІ САПАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖАҢАЛАУ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ



бет18/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   679
БІЛІМ БЕРУДІ САПАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖАҢАЛАУ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ


Қағазбаева Ә.К. (Ақтөбе)

Білім беруді сапалық тұрғыдан жаңалау үдерісі (мақсаты оның қызмет етуінің ең тиімді формасын іздестіру болатын) білім мен ғылымды дамытумен анықталатын бірқатар тенденциялармен байланысты. Олардың қатарында - бір-бірімен байланысты компоненттер жүйесі ретіндегі білім беру мәселелерінің кешеніне тұжырымдамалық тұрғыдан келу, сонымен қатар оларды ХХI ғасырдың басындағы ақпараттық қоғам талаптары тұрғысынан қарастыру да бар.


Білім беру жүйесі – бір-бірімен байланыстағы және өзара тығыз қарым-қатынастағы элементтер (компоненттер) арқылы жүйені сипаттауға қажетті және жеткілікті болатын шекарасы айқын анықталған келесі белгілерге ие білім берудің тұтастай объектісі: табиғилық, әлеуметтік, күрделілік, ашықтық, динамикалық, ықтималдық, мақсаттылық, өзінөзі басқарушылық.
Үнемі оқумен айналысатын қоғамның ғана даму потенциалы өте жоғары болады, олай болса білім бүгінгі таңда тек қана қоғам мүшелерінің бір ғана бөлігі- жас урпақтың мақсаты мен артықшылығы емес, ол әрбір жеке адамның өмірдегі жетістікке қол жеткізу шарты болып табылады. Білім өмірлік үзіліссіз процеске айналуда, процесс шын мәнінде білімге деген жаңа көзқарасты білдіреді.
Білім процесінің тұрақтылығына қажеттілік барлық білім беру мекемелері жүйелерін, соның ішінде орта білім беру мен жоғары кәсіби білім беруді және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру жүйесін дамытуды талап етеді.
Әлемдік практикада үздіксіз білім беруді жетілдірудің жаңа жолдарын іздестіру эксперименті мақсатты жүзеге асырылуда.
Халықаралық білім беру кеңістігі де дамуда. Сондықтан да әлемдік қоғамдастық адам білімінің (адамның қайда туратынына және оның білім деңгейіне байланыссыз) ғаламдық стратегиясын жасауға умтылуда. Сонымен қатар әлемдік білім кеңістігі философиялық және мәдени дәстүрлерімен, мақсаттар мен міндеттерімен және сапасымен біршама ерекшеленетін әртүрлі деңгейлік типтегі ұлттық білім жүйелерін біріктіреді.
Қазақстан, нарықтық экономикасы бар ел ретінде жаңа озық технологияларды қолдана отырып, әлемдік өркениетпен кірігуі тиіс. Қазіргі әлем келесілермен сипатталады:

  • тұрақты дамудан үдемелі (өзгерістер, тұрақсыздық, анықсыздық пен болжаусыздық) дамуға қөшуімен;

  • ақпараттың шексіз ұлғайуымен, ақпараттық коммуникацияның жаңа формаларының пайда болуымен, лездік коммуникация қуралдарының (интернет, ұялы телефон, т.б.) дамуымен, жоғары технологялардың (hi tech) пайда болуымен;

  • постиндустриялды заманның ерекшеліктерімен (адами құндылыққа бағыттылық алумен): экономикалық шекарасыз әлем (жахандану) және бүкіләлемдік еңбекбөлінісі процесін дамытумен;

  • әлеуметтік өзгерістердің болуымен: адами қоғамды қызмет көрсету қоғамына айналдыру, жекетулғаның қоғамдағы ролінің өсуі;

  • интеллектуалдық өзгерістердің болуымен: ми мүмкіндігін тиімді пайдалану, «Өзің жаса» идеяясының өзектілігі, тұлғаны бағалауда интеллектуалдық коэфициенттен (IQ) эмоционалдық коэфициентке (EQ) көшу.

Бұл аталған жаңалықтар білім беру жүйелеріне жаңа талаптар қояды:

  • мақсаттың өзгеруі: интеллектуалдық тұлғадан рефлексивтік тұлғаға айналу;

  • оқыту процесінің мазмұнын зерттеу қызметі құрайды;

  • репродуктивті оқытудан конструктивті оқытуға көшу;

  • білімдік парадигмадан таным процесіне қатысушылардың белсенді әрекеттерін көздейтін іс-әрекеттік парадигмаға көшу;

  • жаңа маман дайындау: экономикасы дамыған елдердің символикалық аналитиктерге (яғни анық емес жағдайда жұмыс жасай алатын, мәселе қоя алатын, оның шешімін таба алатын және стратегиялық жолдарын анықтай алатын мамандарға) деген қажеттіліктерінің артуы.

  • Қазақстан Республикасы президенті А.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында [3] ХХI ғасыр деңгейіндегі білім мен кәсіптік дайындық мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттары қатарына енгізілген. Елбасының айтуынша «экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім берудің жаңа жүйесі қажет». Тек кепілді нәтижеге бағытталған толыққанды, сапалы, бәсекеге қаблетті білім ғана адами ресурстардың кәсіптік жинақтылығын қамтамасыз ете алады. Сондықтан да адами ресурстардың алдынала дамуын қамтамасыз ететін және Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіретін білім беру жүйесінің ұлттық моделін жасау мемлекет алдында тұрған басым мәселе болып саналады.

Білім қазіргі таңда өмірдің барлық салаларына, соның ішінде ғылым саласына кадрлар қалыптастыратын болғандықтан, ол ерекше әлеуметтік сала ретінде қоғамның, мемлекеттің және жекетұлғаның сапалы білім алуына деген мүддесін қанағаттандыру керек. Жаңа сапаны іздестіру бағыты – ол репродуктивті, центрлік білімнен (білімдер қосындысын игеруге бағыттылықтан) конструктивті, құзыретті білімге көшумен (өзінөзі жүзеге асырумен ) байланысты.
Кепілді нәтиже алуға бағытталған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім білім беруді ғаламдық интеллектуаландыруды және әлеуметтендіруді көздейді. Білім беруді ғаламдық интеллектуаландыру мен әлеуметтендіру басқа салаларды, яғни ғылымды, техника мен технологияны және өндірісті интелектуалдандырудан бурын жүзеге асырылуы қажет. Бұл дидактикалық заңдылықты сақтау қоғамның бүтін жүйе ретінде қызмет етуі мен озық дамуын үйлесімді және сенімді ғаламдық интеллектуалдандырудың маңызды шарты мен факторы болып табылады.
Адами ресурстардың кәсіби жинақтылығын қамтамасыз ету ең алдымен дидактикалық ғылым мен практиканың мәселесі болып саналады.
Интеллектуалды және әлеуметтік тәрбие мен білім беру оқытудың жоғары тиімділігіне (яғни орташа бір адамға бөлінетін шығындардың халқаралық нормамен тағайындалған мерзімдегі бідлікті кәсіби қызмет арқылы ақталатын) қол жеткізумен байланысты.
Оқытудың мұндай тиімділігіне қол жеткізу үшін оқу мазмұнының мақсаттары мен тұжырымдамаларын қайта қарастыру қажеттідлігі туындайды. Жоғары тиімді маманды дайындау болашақ мамандарды оқу мақсаттарының категорияларымен («білімдер», «қабылау», «қолдану», «талдау», «құрылымдау» және «бағалау») тутастық – жүйелік деңгейде қаруландыруды, яғни білім беру жүйесінде білімді толық игеру технологиясын (тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін терия мен практиканың байланысы тұрғысынан) жүзеге асыруды көздейді
Олай болса, оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі- оқу мазмұнының білімалушылардың келешек мамандығына қажет және оның кәсіби қызметін жинақты ететін бөлігіне аса мән берілуі қажет. Бұл дегеніміз болашақ мамандарды кәсіби қызметтерін игеруге, үнемі кәсіби жетілуіне, сонымен қатар теория мен практика мәселелерін шешу жолдарына қазіргі ойлау стилі мен ғылыми тұрғыдан келуінің, өзін-өзі жетулдіру мен дамытуының негізі әрі тиімді құралы болатын білімдермен қаруландыру. Оқытуда шешімін табуы қажет мәселелелер: «оқу дербестігін қамтамасыз ету», тез өзгермелі әлемде өзін-өзі жетілдіруге, тез шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.
Адами капиталды дамытуға қажетті және жеткілікті болдатын сапалы білім беру жаңа тұрпаттағы мұғалімнің қалыптасуымен байланысты. Жаңа тұрпаттағы мұғалім аталған бағытта (қазіргі білім беруді жетілдіруде) жоғары нәтижелілікке қол жеткізуде білім беру қызметінің тұжырымдамалық негіздерімен, педагогикалық менеджмент, сол сияқты гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білім саласындағы ғылыми зерттеулермен, қазіргі педагогикалық технологиялармен, білім беру саласында ақпараттық технологияларды қолдану әдістерімен жете қаруланып, оқытуда инновациалық орта құра алуы керек.
Жаңа тұрпаттағы педагогтың (мұғалімнің) миссиясы Моцей Танастың (Варшава) айтуынша: «Ғалымның ісі – әлем заңдылықтарын ашу мен сөзге айналдыру, Методолог ісі (миссиясы) – ғалым ашқан жаңалықты білім көзіне айналдыратын құралдарды табу болса, Педагогтың ісі (миссиясы) – оқушының біртұтас ойлауын, бұл үдеріске ғалым мен методологтың жетістіктерін теңөлшемде енгізе отырып, қалыптастыру. Педагогтың сапалық ерекшелігі –білімді және іскерлікті синтездеу».

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет