Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет21/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   679
Литература
1.«Развитие социального партнерства» – Алматы, 2011.
2.Закономерности,тенденции и противоречия в системе современного образования.Инновации в образовании №4 2012 Воронов В.М.,Письменский Г.И.
3.Запрудский Н.И.Современные школьные технологии. Мн:«СэрВит»,2003
4. Сальникова Т.П. Педагогические технологии: Учебное пособие /М.:ТЦ Сфера, 2005.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Баймаханова Н.(Қызылорда)

«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты


әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі уақытта жаңа білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі өте зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларға қазіргі кездегі заман талабына сай білім беру үдерісінде біршама жетістіктерді меңгертуге пайдалану қажеттілігі туындайды.


Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің Жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Олай болса, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры».
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қазіргі таңда барлық мектептер компьютермен, компьютерлік құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік туындауда. Менің ойымша, ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат - оқушыны өздігінен оқуға талаптандыру, ізденімпаздыққа баулу, белсенділігі, сенімділігі, өз білімін шыңдап жетілдіре алады. Оқу арқылы ақпараттың 10%-ы, тыңдау арқылы 20%-ы, оқыту процесінде 40-50 %-ы оқушы белсенділігін арттыру мүмкіншіліктері жасалу нәтижесінде білімнің сонда ғана 70 %есте сақталатындығы зерттелген.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылығы:
1. Оқу материалының сапасын арттырады;
2. Компьютер көмегімен оқушының өз бетінше, өзге де оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндігі артады;
3. Оқушының қарым-қатынастарын машықтандырады;
4.Тақырып шеңберінде мәліметтер көлемі ұлғаяды.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез- келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, жұмыс тәсілін дұрыстап ойластыру арқылы мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды.
Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда оқушыларға шынымен де ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді екен. Тақта арқылы оқушылар өз бетінен үйден зерттеп келген тың деректерін, видео деректерін қуана көрсетуге де дағдылана бастайды. Сонымен қатар, ғаламтормен жұмыс - тақырыпқа байланысты материалдарды тауып, оларды өзара әлеуметтік іс-әрекет барысында топпен талқылау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, диалогтік қабілетін арттыруға қалыптасады.
Өзім сабақ берген уақыттан бері байқағаным, оқушыны күнделікті сабақ түсіндіріп, кері сол сабақты сұрай берген де мүлдем жалықтырады. Сондықтан кейбір сабақтарды слайдпен өзің ізденіп, дайындалып келуін өтінген оқушының ынтасын арттыратынын байқадым. Ол сол сабақ үшін кітаптан тыс ізденіп, өзге бір тың мәліметтер жинап, жан-жақты ізденіп, сабаққа деген ерекше бір құлшыныс пайда болады. Оның дайындаған слайдтары да қалған оқушылар үшін үлкен ерекше бір қызықты дүние болып табылады. Келесі сабақтарда басқа оқушы ол оқушының слайдын қайталамауға, одан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.
Компьютерлік презентациялар қолдану сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа сабақты жақсы игеруге көмектеседі. Бірақ осының бәрін іске асырып отыруға кабинеттің жабдықталмауынан үлкен кедергі келтіріп отыр. Электронды оқулықтар да бүгінгі таңда оқушының сабаққа ынтасын арттырушы құрал болып табылады. Кейбір сабақтарды қысқаша осы оқулықпен түсіндіріп өтсең де, келесі сабақта оқушының өзгеше дайындықпен келіп отырғанын байқауға болады. Күнделікті әр сабақты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізу арқылы оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға тез қол жеткізуге мүмкіндік тудыра алады:
1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
4. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
5. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Географиялық білімнің маңызды көзі - географиялық картаны оқып, үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. Бүгінде мектепте географиялық карта жоқтың қасы. Ал география сабақтарын картасыз елестету мүмкін емес. Картасыз өткен сабақта тек теориялық білім ғана алады, практикалық тұрғыда ол оның ешбірін жүзеге асыра алмайды.«Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. Мүмкіндігіне қарай оқулықтармен қоса, атластар мен жұмыс дәптерлері да бірге берілсе, оқушының картамен, кескін картамен жұмыс жасауына үлкен жағдай туғызар еді.
Ақпараттық – телекоммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
БҰҰ – ның шешімімен «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді және компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Ақпарат алмасу істеріндегі компьютерлік технологиялар рөлі өте жылдам өсіп келе жатыр, соңғы кезде телефон, радио, теледидар сияқты құралдар орнына электрондық телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланыла бастады, олар - өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге кеңінен араласып келе жатқан электрондық почта мен Интернет жүйелері болып табылады.
Ақпараттық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметінің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым – қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары;
- методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
- әдістері мен формаларын ұйымдастыру;
- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
- оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;
- өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
- ақпараттық – оқу, эксперименттік – зерттеу қызметінің өз бетімен түрі іс - әрекеттерін жүзеге асыру;
- тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау. Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі.
Олар:
- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету үрдісін жоғары деңгейге жеткізу;
- жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялау;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Қорытындылай келе, қоғамдық сананы қалыптастырудың бір құралы ретінде ақпараттық технологиялардың елдің интеллектуалды әлеуетін арттырудағы маңызы зор. Қоғамның барлық салаларында қолданыс табатын ақпараттық технологиялар арқылы елімізде орын алып отырған маңызды өзгерістер, жаңа бастамалар, халықтың ой-өрісін дамытуға бағытталған бағдарламалар қоғам санасына белгілі бір деңгейде еніп жатыр. Бұл әрине қазіргі ақпараттық заманға тән қалыпты жағдайдың бірі.Ақпараттық-коммуникативті технология құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Ұлы ғалым Сократ былай дейді: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұяттырақ». Қорыта келе, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ болмақ. Сондықтан білімді ұрпақты тәрбиелеу — біздің қасиетті ұстаздық борышымыз деп білемін.

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет