Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ӨМІР СҮРУ ТАЛАБЫ



бет191/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   679
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ӨМІР СҮРУ ТАЛАБЫ


Абжалелова А. А. (Ақтөбе)


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, — дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін- өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педогогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік — дарынды талант емес,үйрену,ізденудің нәтижесі. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылы оқу­шы­лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бас­тама­ларын іске асырудағы ма­ңызды қадам және мұғалімдер қауымына артылар салмақты жүк болып табылады.[1]
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы ретінде қолданылады.
Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
1)білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2)оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4)мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
2013-2014 оқу жылынан бастап Ақтөбе қаласы Новый орта мектебі «Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық деңгейде эксперимент жұмысын жүргізу жоспарланды.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында жеке тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.Экспериментатор мұғалімдер бағдарламаға сай өз жұмыстарын шығармашылық ізденіспен бастады. Әрине алғашқы қадам педагогтардыңосы тақырыпта ақпарат көздерімен, нормативтік құжаттармен танысуы және эксперимент объектісі болып табылатын оқушылармен олардың ата-аналарын тәжірибе жұмысы мақсаты, өзектілігі, күтілетін жағымды болжаммен жете таныстыру болды. Класс жетекшілер мен мұғалімдер функционалдық сауаттылық түсінігін ашуда ата-аналармен қарапайым тіршіліктегі жайттардан мысалдар келтіру, өміршең мәселелерді шешуге арналған тренингтер өткізді. Мысалыға алатын болсақ, жаңадан үй салдыңыз делік сол үйдің құрылысын жүргізуге Сіздің қаражат жағдайыңыз көтере ме, сол үйіңіздің еденіне лейнолиум алу үшін Сізге қанша шаршы метр лейнолиумға тапсырыс беру керек деген сияқты. Сонымен қатар балалардың функционалдық сауаттылығының ең алдымен өз оқу құралын дұрыс пайдалана білуі мен мектепте, көпшілік орында өзін дұрыс ұстауынан басталатындығы сияқты. Жалпы алғанда түсіндіру жұмыстары қарапайымнан күрделіге қарай бағытталды.
Педагогтар төмендегіше тұжырымдар негізінде 2013-2015 жылдар кезеңінде тәжірибе жүргізуді қолға алып отыр:

  • Пәндік білім, ептілік және дағдыларға сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.

  • Функционалдық сауаттылық қалыптастыру процесі жекелеген пәндер мен іс- әрекеттерді игеруде білім, ептілік, дағдының құзыреттілікке көшуі.

  • Бастауыш мектеп оқушыларына оқыту мен тәрбиелеу нәтижесі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тұрмыс- тіршілікіте қолдана алуына бағытталуы - білімнің білікке, біліктің қолдана білуге ұласуының бірден-бір кепілі болып табылады.

  • Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

  • Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың тетіктері анықталды: (оқытуәдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту; оқыту нысандары мен әдістері; оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту; қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады; мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасы; ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуы;).

  • Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделендіріліп отыру керек .

  • Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.[5]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет