Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет187/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   679
Әдебиеттер
1. Браун Л. Имидж – путь к успеху / пер. с англ. Л. Царук. – СПб.: Изд. дом «Питер», 2001. – 95 с.
2. Конфуций. Беседы и суждения// Хрестоматия по истории политических учений/ под ред.В.Л.Лейста. – М., 1999.
3. Митина Л. М. Психологическая диагностика эмоциональной устойчивости учителя: учеб. пособие для практических психологов / Л. М. Митина. – М.: Психологический институт, 1992. – 323 с.
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ


Шаукебаева И. А. (Ақтөбе)

Еліміз егемендік алған соң қоғам өмірінің түрлі салаларында, оның ішінде білім саласында бірінші кезекте адамға қарай бетбұрыс жасалып, оның жан дүниесіне баса назар аударылды және жеке тұлғаның қалыптасып дамуына бағытталған жаңа жүйе айқындалды. Қай кезеңде болмасын, мектептегі басты тұлға – мұғалім. Алған білімін адамзат игілігіне жұмсайтын, қазақтын ой-танымының иесін де тәрбиелейтін мұғалім. Ж.Аймауытов: «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан да шығар қазіргі сабақ қандай болу керек, оның қандай жақтары жеткіліксіз, қай саласына көп мән бөлу керек, күнделікті сабақтың сәтті өтуін қалай қамтамасыз етуге болады деген сан алуан сұрақтар әрқайсымызды толғандырып жүргені сөзсіз.


Мұғалімнің басты мақсаты – өзіндік адамгершілік құндылықтарды бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Мұғалім әрбір сабақтың идеялық ғылыми жағына терең үңіліп, оның өзіндік ерекшелігін жан-жақты аша біліп, практикалық ерекшелігіне баса назар аударып, оқушының сауаттылығын арттыруды әрбір сабақтың мақсаты етіп қоя білуі қажет. Сол үшін де қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден бір жолы. Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары енгізілуде.
Ағылшын тілісабақтарын оқытуда негізгі көзделетін мақсат оқушыларға грамматиканы және лексиканы түсіндіреотырып, олардың ойлау қабілетін дамытып, жаттығу жұмыстарын орындай отырып тиімді әдісін таңдай білу және жазу сауаттылығын көтеру болып табылады. Оқушыларға тиянақты білім алу мақсатында түрлі тәсілдер қолданып, сабақта берілген ұғымдар мен жаңа материалдарды оқушылардың есінде мұқият қалдыру жолында алуан жұмыстар жүргізіледі. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат – оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден сабақ материалына, ал үшіншіден сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты.Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді.Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар.Олар:
- сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
- қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.
- дидактикалық,техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
- сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.
Іс- тәжірибемде «Кембридж» тәсілімен оқытуды қолданып жүрмін.Сондай-ақ, «Кубизм», «Венн диаграммасы», тірек-сызбалар, сөздік диктант, түртіп алу әдісі, «Бинго», «Жалғасын тап», «Алтын сақа», «Алтын қақпа», «Допты қағып алу», «Алты қалпақ» және т.б ойындарын оқушылардың таным белсенділігін арттыру және бұрынғы білетін білімі мен жаңа білімді байланыстыру мақсатында ойнатамын.
«Кембридж» тәсілімен оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. «Кембридж» тәсілімен оқытудың бағдарламасы 7 модульден тұрады:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Осы жеті модульді сабаққа кіріктіріп, психологиялық тренингтер өткізіп, сергіту сәттерін өткіземін. Бұл тәсілдің ерекшелігі – класс оқушыларын жақсы, жаман оқитын оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады. Нашар оқитын оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған, оқушының сезім, түйсігін, қабылдау - ынтасын, зейінін, есте сақтауын, ұғынуын, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін, ерік-қайратын, оқу іс-әрекеттерінің дағды - машықтарын, жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамыту.
«Кембридж» тәсілімен оқытудың сүйенер әдісі –белгілі бір тапсырмалар арқылы оқушының қабілетін дамыту. Осы тәсіл негізінде құрылған сабақта оқушы өз бетімен ойлана жұмыс істеп, ал мұғалім ізденіс-таным процесін ұйымдастырушы ролін атқарады. Сонымен қатар, класс ішіндегі дарынды оқушыларды анықтауға көмектеседі. Бұл тәсілде оқушылар жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, өз еңбектеріне талдау жасайды және тапсырмалар негізінен жеңілден күрделіге қарай құрылады.
Тапсырмалардың мазмұны күрделенген сайын оқушылардың қызығушылықтары артып, еңбектене түседі. Сондай еңбектенудің арқасында оқушылар өз білімдерін шыңдай түседі және тиісті бағалармен бағаланады.
«Кембридж» тәсілімен оқытудың тиімді жақтары мыналар:
- әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес ойлау қабілеті артады;
- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
- класс оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады.
Сөзімді қорытындылай келе оқушылардың тағдыры ұстаздардың қолында екендігін ұмытпай, оқушылардың құрметіне ие болу – ұстаз үшін үлкен мәртебе.
Әдебиеттер

  1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. -АСТАНА. 14 желтоқсан www.inform.kz/

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http:// kz. government. kz/ resources /docs

  2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. –Алматы, 1973. 215 б.

  3. Байтұрсынов А. Шығармалары. –Алматы, 1998. 320 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет