Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет195/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   679
Бірінші қызметі. Ата – аналарды оқу тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру.
Екінші қызметі. Ата – аналармен психологиялық – педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру.
Үшінші қызметі. Ата – аналдарды бірлескен әрекетке тарту.
Әр бөлікті іс - әрекет түрінде және форма жүйесі ретінде құруға болады.
Ата – аналар мен тәрбиешінің өзара іс - әрекетінің функциялары мен міндеттері. Отбасы мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы өзара іс - әрекет байланысының функциялары:

  • ақпараттық,

  • тәрбиелік - дамытушылық;

  • қалыптастырушылық;

  • қорғау – сауықтырушылық;

  • бақылаушылық;

  • тұрмыстық;

Өзара іс - әрекет байланысының міндеттері:

  • ата – аналардың белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру;

  • ата – аналарды педагогикалық білім және білік дағдыларымен қаруландыру;

  • бала тәрбиесіне ата – аналарды белсенді қатыстыру.

Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы арасындағы қарым – қатынас отбасындағы тәрбие жағдайын, балалармен ата – аналардың жеке ерекшеліктерін танып, оқып білуден басталады. Осының негізінде тәрбиеші отбасындағы рухани құндылықтар, дәстүрлер, тәрбие мүмкіншіліктері және баланың ата – аналармен қарым – қатынасы жайында жақынырақ таныса алады.
Бұл тұрғыда тәрбиеші психологиялық – педагогикалық диагностиканың дәстүрлі әдістер кешенін қолдана алады:
бақылау, әңгіме, сауалнама, іскелік ойындар, балалар шығармашылығының материалдары және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет