Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Ата – аналар ман қоғамдастықтың оқу – тәрбие үдерісіне қатыстыру



бет198/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   679
Ата – аналар ман қоғамдастықтың оқу – тәрбие үдерісіне қатыстыру.

  • Ата – аналар жиналысы, ашық сабақтар мен мерекелік іс – шаралар.

  • Үйірме, бірлескен шығармашылық істер ұйымдастыру.

Аталған жұмыстардың кейбіреуіне тоқталар болсақ, педагогикалық білім университеттері - бұл ата – аналардың педагогикалық – психологиялық білімін жетілдірудегі тиімді формасы деп атап айтуға болады. Ата – аналардың сұраныстары бойынша баланы тәрбиелеудегі өзекті мәселелер жайында мәлімет беріп, таныстыруға болады.
Дәріс - тәрбиенің барлық мәселелер мазмұнын ашатын психологиялық – педогогикалық ағарту ісінің түрі. Тәрбие құбылыстарының, іс - әрекетінің ғылыми талдауы – дәрістің негізі болып табылады.. Сондықтан дәрісте құбылыстардың себептерін, олардың жүру жағдайларын, бала тәрбиесінің механизмін, олардың психологиялық жағынан дамуын, отбасы тәрбиесінің мәнін ашу керек. Дәрістің тақырыбы ата – аналар үшін әр түрлі, қызықты және өзекті болу керек. Мысалы:
«Кіші жастағы балалардың жас ерекшеліктері», «Баланың күн тәртібі», «Өзін - өзі тәрбиелеу деген не?», «Бала және табиғат», «Бала өміріндегі өмір»т.б.
Конференция - бала тәрбиесі туралы білімінің тереңдеуі және бекітілуін қарастыратын педогогикалық ағарту ісінің түрі.
Конференцияны өткізуде ата – аналардың белсенді қатысуы қарастырылады. Оларға балалар жұмыстарының көрмесі, ата – аналарға арналған кітаптар және шағын ән – шашу дайындалады. Конференцияның тақырыбы нақты дұрыс таңдалуы керек, мысалы:
«Бала өмірінде ойынның алатын орны», «Отбасындағы балалардың өнегелі тәрбиесі»т.б.
Ата – аналармен жүргізетін ағарту жұмыстарының тағы бір түрі – тәжірибе. Тәрбиеші педогогикалық тәжірбие барысында ата – ана мен бала, ата – ана мен мекеме арасында келеңсіз жағдайлардан шығу жолдарын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет