Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет197/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   679
Отбасының әлеуметтік портреті. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушінің отбасы портретін құру үшін зерттеу дәстүрлі түрде оқу жылының басында жүргізіледі. Зерттеу сауалнама сұрақтарынан тұрады(отбасы құрамы, білімі, ата – анасының жұмыс орны мен қызметі, ата - әжелері жайында мәлімет).

  • Әке мен шешенің балаға деген ата – аналық ұстанымын анықтау және отбасындағы тәрбие үрдісінде өз мақсаты мен тәрбие артықшылығын сезіне білу үшін отбасын тікелей зерттеу әдісі.

    Көрсетілген отбасы ерекшелігін танып білу – қиын диагностикалық бағыттардың бірі. Өйткені отбасы – автономиялы, жабық құбылыс. Дегенмен де, сыпайылық танытып, отбасын зерттейтін әдістер де бар. Мысалы, осындай әдістердің бірі «Ата – ананың шығармасы». Шығарма баланы жақынырақ танып, жұмыс барысында оның жеке ерекшеліктері мен қызығушылығын ескеруге өте тиімді.
    Сонымен қатар өзінің диагностикалық мүмкіндіктерін сурет салу әдістері де танымал. Мысалы, «Отбасы портреті», «Бала үйде және балабақшада», «Үш ағаш»,
    «Үй, ағаш, адам». Бұларды баламен, ата – аналармен жұмыс жүргізу барысында қолданады. Бұл әдіс арқылы отбасы жағдайын жан – жақты байқауға болады


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   679




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет