Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет194/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   679
Әдебиеттер

  1. Бабаев C.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. «Педагогикалық теория негіздері.Монография. Түркістан.

  2. Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2010 ж. №6.

  3. Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2004ж.

АТА - АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ


Адырбекова Г. (Қызылорда)

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отыра білім алады. Сәл жәрдеммен мүмкіндігі ашылып, қабілеті дами кететін ұрпақ, тапшылықтан алға жылжымай тұрған келешегі мол, көзін ашуға арзитын бұлақ тәрізді.


Отбасы ата-аналарға педагогикалық білім беру өте қажет, себебі ата – ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды. Ата –аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігі олармен бірге өткізілетін жұмыстар барысында ескерту қажет. Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамытуды жеделдетуге болмайды, сондай – ақ даму барысында кідіріс те болмақ қажет. Сондықтан ата – ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психофизиологиялық көрсеткішін біліп, өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып реттеп отыру үшін қажетті жағдай жасауда маңызды. Отбасында бала әрнәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстау керек, жағымды, жағымсыз мінез құлықтарды байқайды. Сондықтан ата – ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап зерттеу жағдайын есепке алып отыруы тиіс. Көп жылғы жүргізілген бақылау мен зерттеу жұмыстардың мәліметтеріне сүйенсек, отбасындағы теріс қылықтар мен қиыншылықтар бала бақшаға келгенде де дағдыға айналады. Әрине, мұндай себептер әр түрлі әсерлерден болады. Атап айтқанда, олар мыналар;

  • отбасы мүшелерінің әсіресе, әке мен ана арасындағы біріңғай талаптың, көзқарастың жоқтығы;

  • отбасында балаға жеткілікті назар аудармаудың тапшылығы;

  • отбасында болатын ұрыс керіс;

Осындай келеңсіз іс - әрекеттер балаға әсер етпей қоймайды.Осыдан бала психологиясында ауытқушылық пайда болады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін тәрбиеші, бүкіл педогогикалық ұжым ата – аналармен тығыз ынтымақтастық орнатып бірлесе отырып жұмыс атқаруы керек.
Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. «бала жүректің шуағы »деп қарайтын балажан халықтардың бірі қазақ халқы да балаға ежелден болашағым деп, игі де зор үміт артады, әр ата – ана арманын ұрпағына аманат қып тапсырады. Бөбегің қуанышың, мақтанышың. «Бала адамның бауыр еті»деп оның ыстық екенін танытып еміренеді. «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры»-деп сүйенеді. «Ата- бәйтерек, бала жапырақ». Өсетін, өрбитін ағаш жылда бүршік жарады, жапырақ жаяды. Болашағы бар деп осыны айтады. Бала өсірген болашаққа қызмет етеді. Тек ұрпағыңа ізгі, тәрбие бере біл, сонда оның жемісін сөзссіз татасың. Бала тәрбиесіндегі басты рөл атқарушы отбасы.Отбасы балабақшамен бірлесе отыра оқу тәрбие үдерісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші орта факторының маңызды кешенін туғызады.
Тәрбиешінің ата аналармен жүргізетін жұмыс мазмұны 3негізгі қызметті құрайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет