Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет215/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   679
Үзінді кейіпкерлер

«Жылаған мен еш нәрсе өнбес».

«Елді жердің ұрысы далалы жердің бөрісі жаман»

«Сендердің жұртта қалғандарыңды біліп, іздеудеміз»

«Үйректі тірі ұстап алып ойнайық».

Асан










+

Үсен

+










Үсеннің әкесі




+







Қойшылар







+




3. Венн диаграммасы ( салыстыру).
Оқушылар Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің ерекшелігі мен ортақ сипатын табады.
4. «Өнерлінің өрісі кең..»
Аталған Ыбырай әңгімелерінің бір эпизодын алып, әрбір топ өзінше кейіпкерлерді бейнелеп көрініс көрсетуге тырысады. Талап етілетін мәселе – әңгіменің негізгі идеясын, көзделген мақсатын жете таныту.
5. Шығармашылық тапсырмалар:
1-топ. Ой толғау: «Ыбырай –әңгіме шебері».
2-топ. Арнау: «Ізбасар ұрпағы –мына біз!».
3-топ. Мақала: «Ата тәрбиесі мен ғибраты».
6. «Әдебиет лотосы»


Бұл бөлім бойынша әр топта оқушы-тексеруші сайланады. Әр оқушыға кесте парақшасы таратылады. Бұл кестеде Ыбырай әңгімелеріне талдау жасалады.

Әңгіме тақырыптары

К е й і п к е р л е р

Әңгіме желісі

Немен аяқталады?

Не суреттеледі?

жағымды

жағымсыз

1
















2
















Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек, әсіресе, тілді үйрету сабағында оқытудың ойын әдісін пайдаланудың болашағы өте зор [1, 12].Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып, өткен материалды берік меңгерту.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Оқушыларды келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулуға болады деп есептеймін:

  • сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;

  • жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;

  • нақыл сөздердің мәнін ашу;

  • мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;

  • өз сыныптастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;

  • автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу;

  • еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;

  • ұжым болып ертегі құрастыру;

  • оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу;

  • қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;

  • баспасөз материалдары бойынша пікір айту;

  • тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;

Қазақ әдебиеті сабағында оқушының құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды 4 бағытқа бөліп дайындауға болады:
- Ақпараттық құзыреттілік
- Қатысымдық құзыреттілік
- Мәдени-танымдық құзыреттілік
- Мәселенің шешімін табу құзыреттілігі
Шығармашылық жұмыстар – оқушылардың тілін дамыту барысындағы тәжірибелік жұмыстардың бірі [2, 4].Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бере отырып, колледждегі "Ақындар" клубына жетекшілік етіп келемін. Клубтың мақсаты мен міндеттері: оқушыларға тілдің қоғамдық қызметін ұғындыра отырып, талантты жастардың шығармаларын талдау, қаламдарын ұштау және өнерге жолдама беру болып табылады. Клубқа оқушылар үлкен қызығушылықпен, ынтамен қатысып, танымал, жергілікті ақын – жазушылардың шығармаларын зерделей отырып, өздерінің де шығармаларын ортаға салуда.
Оқушыларға шығарма жаздыра білу, үйретудегі мақсат Абай, Мұхтар, Ғабит сияқты ірі сөз зергерлерін дайындау міндетін шешу емес, өз ойын, пікірін орамды түрмен дәлді әрі нақты, әсерлі де жүйелі жеткізе алатын сауатты адам тәрбиелеу, оның түрлі тәсілдері мен амалдарын меңгере отырып, жазу жұмысына үйрету болмақ. "Ақындар" клубының жас таланттарға көмегі зор. Колледжде өтетін, облыстық, республикалық т.б. көптеген шараларға клуб мүшелері белсенді түрде қатысып отырады. Осы орайда оқушылардың 2012-2013 жылғы жетістігіне ғана тоқталсақ, қазан айында Республикалық 45minut.kz басылымы Ұстаздар қауымының төл мерекесі құрметіне "Ұстазым- менің жан досым" тақырыбында шығармашылық мақалаларға бәйге жариялады. Бәйгеге "Ақындар" клубының мүшесі 213 "Сестралық іс" бөлімінің студенті Амандықова Айдана қатысып, жүлделі орынды иеленді. 2012-2013 жылы колледждердің 1 курс оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиадада Мырзабай Ақілгек II орынды иеленді. Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жас ақын-2012» жас ақындар байқауына «Ақындар» клубының мүшелері Әлжан Дастан, Орынбасарова Қанымгүл атты студенттер қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Желтоқсан айының басында Ақтөбе қаласының әкімдігі, қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын кеңінен жариялауға арналған шығармалар байқауында «Ақындар» клубының мүшесі Афанасьева Светлана III орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет