Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет267/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   679
Әдебиеттер

    1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандарты ,Алматы 2002 ж

    2. 12 жылдық білім методологиясы. Журнал 2005-2006

3. «Химия мектепте» журналы № 4 – 2009 ж.
4. «Қазақстан мектебі» журналы №11- 2009 ж.
5. Қожанова А.У. Жаңаша оқыту уақыт талабы. Ақтөбе 2003ж.
6. Педагогикалық технологиялар жүйесі,педагогикалық технология - белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ә.Амангелдиев.
ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жилкишина С.К. (Ақтөбе)

Білім берудің қазіргі замандағы негізгі мақсаты - білім негізін беріп, білік пен дағдыны қалыптастырып, болашақ мамандық иесі болуға машықтандыру ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны дербес, әлуметтік, кәсіби ұтымды шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыра білуге даярлау болып табылады. Яғни бүгінгі білім алушы, келешек маман бәсекеге қабілетті, жан - жақты дамыған, өз Отанына қызмет етуге даяр тұлға болып шығуы тиіс.


Білім жүйесінің үздіксіз білім беру үлгісіне көшуі білім беру технологиясын түбегейлі өзгертуді талап етеді.Ол талаптар әдістемелікәрекеттерді жинақтау, білім берудің әдістерін және тәсілдерін интеллектуалдандыру, жекелендіру, берілетін білімді жаңаша жүйеде қарастыру, оқу материалдарын шығармашылық түрде қабылдануын, оқу материалдарын қолданылатын оқу дидактикалық құралдарының ақпараттылығы және коммуникативтілігі, білім алушының жоғарғы сапалы білімділік қабілеттілігін және оқуға қызығу негізін қалыптастыруды көздейді. Мұндай көзделген мақсатқа оқытудың жаңа тәсілін пайдалану инновациялық технологияны ендіру арқылы жүзеге асырылады.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-ірекеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Бүгінгі таңда қай пән болса да білім беріп қана қоймай, оқушының өз бетімен ізденісін, шығармашылығын дамытуды талап етуде. Оқу орындарындағы әрбір оқушыны жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін, білімі мен білігіне сай келетін оқыту бағдарламасын таңдай отырып, олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек. «Мұғалім –өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатса, оның мұғалімдігі де жойылады», деген К.Д.Ушинский. Ең бастысы сабақты түрлендіре отырып, шәкіртті қызықтыра білу, жаңаны көрсету, өз ойын ашық айтуға жетелей отырып ойланта білу керек.
Білім берудің даму бағытын айқындайтын 50-ден астам технологиялар бар. Кез-келген әдіс-тәсілді қолдануда оқытушы өз шығармашылығын еңгізіп, нәтижеге жетеді. Оқытуда жаңа технологияны қолданудағы негізгі ерекшелік-оқушылардың ой-өрісінің еркін дамуына, жан-жақты білім алуына мүмкіндік береді.
Оқушылардың қабілетін, ақыл-ойын дамытуға септігін тигізетін американ философы, педагог Д.Ж. Дьюн негізін қалаған проблемалық оқытудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл әдісті қолданғанда мұғалімнің тікелей басшылығымен негізінен оқушыға қайшылықтар тудыру, одан шығу жолын қарастыруда түрлі көзқарастардың болуына қалыптастыру, талдау, шешімдер қабылдау, яғни бір сөзбен айтқанда шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді.
Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруда, теориялық білім көзін жетілдіру мақсатымен, оны жеткізуді де есте сақтау үшін сабақта кестелер сыздыру, тест сұрақтарын құрастыру да өз бетінше ізденуге мүмкіндік береді.
Сабақта әртүрлі карточкалар, көрнекіліктерді тиімді пайдалану, газет журнал жаңалықтарын, дұрыс қолдану арқылы оқушыларға көп нәрсені үйрете аламыз. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді. Сөйтіп күнделікті сабақтарды тек бір сарынды әдіс-тәсілдермен емес, түрлендіріп өткізсек, білім сапасын жақсартуға пайдасы тиеді.
Осындай әдіс – тәсілдер арқылы сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті 50елдің қатарына енуге өз үлесін қосатын тұлға қалыптастыруға сенімім мол. Осыған орай, сабақ өткізу барысында әр тақырыпты түсіндірудің, оны оқушы санасында қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері жүйеленсе. Мұғалімдер арасында пікір алмасу, сұхбат, семинар жұмыстары кеңінен қамтылуы, «Қазақстан-2030» бағдарламасы талаптарына сай, тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі боларлықтай терең білімді саналы да тәрбиелі жастарды оқытуда мазмұны жаңартылған әдістерді еңгізу қажет.
Халқымыздың «Білікті – бірді, білімді – мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін ол терең түсінді. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық – рухани күш, қуат көзі жоқ екені баяғыдан белгілі. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең алдымен білім күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандығы басты себебі содан. Өйткені, білім - тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: «Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма», - дейді ол. Білім – қоғамды әлеуметтік – мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасызететін жоғарғы құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш те білімде ғана.
Бүгінгі таңда кәсіптік білім беру жүйесінің басымдылығы – халақаралық білім нарығында бәсекеге қаблетті мамандарды даярлау сапасын арттыру. Яғни, адамды үздіксіз білім алуға, еңбек процесіне даярлау, бағыттау. Осыған орай еліміздің ертеңінің тізгінін ұстар, өзіне сенімді, Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны дайындап, тәрбиелеу – аса жауапты қоғамдақ міндет.
Болашақ бүгіннен басталады. Бүгіннен әрекеттенсек, ертеңіміз жарқын болары сөзсіз. Жаңа тұрпатты ұстаз жауапкершілігін сезіне білу, білім сапасын дамыту-біздің басты мақсатымыз.
Қорыта келе, білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияның негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына көмек беріп, білім сапасын арттыруда басты негіз болып табылады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамыту, оқу-тәрбие сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Әр сабаққа мұғалімнің үлкен жауапкершілікпен қарауы-алдындағы әр оқушының өмір баспалдағының дұрыс қалануына септігін тигізеді. Білім беру жүйесінде жаңаша қарау, білімніңсапасы мен тиімділігін қалыптастыру заман талабы.
Әдебиеттер

  1. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. – Алматы, 2003. – 126 с.

  2. Абылкасымова А.Е., Ушуров Е.А., Омарова Р.С. Развития системы общего среднего образования в современном мире. - Алматы, 2003.

  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2011, қаңтар - 29. - №29-30.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет