Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет303/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   679
Әдебиеттер

  1. «Бастауыш мектеп» №11. 2002 ж.

  2. Н. Ержанов оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін ашу. «Мектеп технологиясы» №7, 2003ж 36 б.

  3. «Бастауыш мектеп» №2. 2006 ж.

  4. Зерттеушілік оқыту технологиясы «Бастауыш мектепте» Астана. 2006 ж.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАЛА ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ


Қасымбекова М.А. (Қызылорда)

Бала тәрбиесі, денсаулығы- ел мүддесі. Демек, бұл баршамыздың мақсатымыз. Жаңа заман, жаңа талап, жаңа тұлға. Жаңа тұлға дегеніміз – адамгершілігі мол иманды, инабатты, салауатты өмір салтын сақтанатын жан - жақты тұлға қалыптастыру. Ал жас ұрпақтың бойына осы қасиеттерді сіңіру үшін жаңа замандағы жаңа талаптарды орындауымыз керек пе? Бірнеше жылдан кейін бұның зардабын тартып жүрмейміз бе?


Бүгінде студенттер де мектеп қабырғасынан әлі шықпаған оқушыларда қымбат телефондар мен компьютерге тәуелді болған. Тіпті кішкентай балабақша жасындағы балаларды да жыласа алдау үшін қолына ұялы телефон ұстата саламыз, немесе компьютер алдында отырғыза саламыз. Мектеп қабырғасындағы балалар ұялы телефонсыз өз қатарластарының соңында қалғандай сезінетін жағдайға жеттік. Ата – анада баласының жұрттан кем болмағанын қалайтыны анық. Бірақ осы құралдардың бала санасына кері әсері көп екенін ескере бермейміз. Компьютер мен ұялы телефонды бүлдіршіндер мен жасөспірім шақтан қолдана бастаған балалар бара – бара тәуелділікке ұшырайды. Телефон мен компьютерге тәуелділіктен, біріншіден, баланың көз жанары мен есте сақтау процесі нашарласа, екіншіден, жүйкесі (психика) сыр бере бастайды. Бұл бала ұйқысының бұзылып, ашушаң, ызақор болуына әкеліп соқтырады. Компьютерге, интернетке тәуелділіктің ар жағында неврологиялық және психикалық ауытқушылық қалпі тұр. Алғашқыда бала ұялы телефон мен компьютер ойындары арқылы оп – оңай рахатқа кенеледі. Бұл ойында жеңу үшін ешқандай тер тегудің қажет еместігін сезінеді. Өйткені, осы ойындар арқылы балалар «бірінші тұлға», «қаһарман» бола алады.
Компьютер, электрондық машинасы-тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығынан тұратын бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. Алғашында компьютер сандық есептеулер үшін құрастырылғанымен, оның ақпараттың басқа түрлерінде өңдей алатындығы аңықталды, өйткені іс жүзінде ақпараттың кез-келген түрін сандық түрге келтіруге болады. Мұндай өңдеуді іске асыру үшін компьютер ақпартты сандық түрге және кері айналдыра алатын құрылғылармен жабдықталады сондықтан компьютер көмегімен тек қана матиматикалық есептеулер жүргізіп қоймай, мәтін, сурет, фото-сурет, бейне дыбыс өңдеуге, өндіріс пен көлікті басқаруға байланыстың барлық түрін атқаруға болады, яғни компьютер қазіргі уақытта адам қолданатын ақпарттың барлық түрін өңдей алатын әмбебап құралға айналып отыр. Сондай-ақ кеңседе пайдалануға арналған дербес компьютерлер кеңсе жұмысын автоматтандыруға бағытталған және мәтін теруге, түзетуге қағазға басып алуға, деректер базасын жүргізіп, іс-қағаздарын даярлауға өте ыңғайлы.
Бірақта бүгінде, біздің балаларымыз астында жарылғыш заттармен, улармен толтырылған, толқыны ұрып жатқан теңіздердің құрбанына айналды. Неге десеңіз? Қазірде көптеген ата-аналар өздерінің тыныштығы үшін немесе шырмауы бітпейтін үй тіршіліг себебінен балаларын компьютер алдына отырғызып кояды немесе қолына ұялы телефон ұстата салады. Ал компьютерлік ойындар балалардың жүректерін ойларын зақымдап иелеп алды. Компьютерлік ойындардың зияны-қазір жалпы қоғамдық-әлеуметтік мәселерден болып есептеледі. Ата-аналар бұл компьютерлік ойындардың зиянын біле тұра балаларына қазірге дейін бұл ойындармен ойнауға рұқсат беруде. Мәселе тек осы ойындарды жарнама етіп жатқан таспалардағы жартылай жалаңаш қыздар емес, одан да сорақысы жас баланың, тек ұлтты жерлері жабылған қызды қарсылас етіп таңдап, онымен карате ойынын ойнауы. Енді сіз олардың осы ойындағы әрекетін елестетіңіз. Тыр жалаңаш денелер мен иятсыз көріністер.
Британиядағы компьютер ойындарының қауіп-қатерлігін зерттеу комиссиясының жетекшісі доктор Клифор былай деп хабарлайды «бұл ойындар біздің көздеріміздің алдында балаларымызды ұрлап алды. Өздеріміз балаларымызға бұл ойындарды сатып алып беріп, комектестік. Балаларымыздың бұндай желкенішті суреттерді тамашалауға әдеттеніп,дағдыланып кетулері басқа мәселе. Оның келешекте әсер беруі сөзсіз. Олар көп нарсеге сол жақтағы көзбен қарайтын болып қалады». [2.Б.19].
Бұл әңгімеден кейін сіз компьютерлік ойындардың өз балаларыңызға қатерлі екенін түсінесіз. Өйткені сіздің балаларыңыз таза жүрек, адамгершілік пен имандылыққа ұйрететін жанүяда өсіп келе жатыр.
Балаларыңыздың түнгі ұйқыны ұйқтамай барлық уақыттарын компьютердің немесе теледидар алдында өткізуі немесе қолдарында қос-қостан ұялы телефонның жүруі оларға физиологиялық және психикалық жағынан өте қауіпті, оған қоса балаларыңыздың моральдық бұзылуына себепші.
Егер түні бойы ұйықтамау күнделікті әдетке айналса, оның көптеген жаман зардаптары болады. Өкінішке орай, бұл жағдай біздердің араларымызда, әсіресе жас балаларымыздың арасында кең етек жайған. Ол адамның өсуі мен клеткаларына өзінің физиологиялық және психологиялық әсерін тигізеді оның зиянын ата-аналар көптеген жылдардан кейін өз баларынан байқайды.
Психологтар былай дейді: «Адамның миында жүйке орталықтары бар. Оның қызметі-түс көру және мимен, денемен жұмыс істеу сияқты физиологиялық және психологиялық құбылыстарды бақылап отыру. Сонымен қатар мидағы жүйке орталықтары дәлме-дәл жұмыс істейді. Ол оз жұмысын атқару үшін организим тыныққан, демалған болу керек. Ал демалу тек түн уақытында болады. Түнде Аллахтың жаратқан барлық мақлұықтары оның жердегі заңы бойынша демалып, жер бетінде тыныштық орнайды. Керсінше, түнде ұйқтамай, күндіз үйықталып, ереже бұзылатын болса, оның тікелей адамның миына, мазасына, денесіне әсері бар. Психикалық ауруханаға көбінесе түн уақытында ұйықтамағанан психологиялық және физиологиялық ауруларға шалдыққандар келеді. Олар қайғыға шомылып, мазалары кетіп, тез ашуланып, ұмытшақ болып, әлсіз болып қалады.
Бұл ауру қалай басталады?
Менің ойымша, балалар қолы босаған қалт еткен уақытында компьютер алдына отырып, интернетке қосылуға тырысады. Қосыла салысымен ол өзге дүниені, жұмысты, сабақты, жеке істерін ұмытады. Ол нақты өмірден алыста, қияли дүниенің ортасына түседі. Ол достарынан, туыстарынан алыстап көңілі тек компьютерді қалап тұрады. Оның оқуға, серуендеуге ынтасы жоғалады. Бұл құмарлық асқына келе тәуелділікке ұласады. Нашақорлардың жандары қан тамырларына есірткі егіп алмайынша байыз таппайтыны сияқты, компьютерге тәуелділікте дәл осындай ауру болады.
Ал енді теледидарға келетін болсақ, балалар оны сүйіп көреді, бағдарламаларынан еш жалықпайды. Жаңа зерттеулердің нәтижесіне қарасақ, теледидардағы ұрыстар, зорлық пен зомбылықты көріп жүрген жас бала келешекте ашуланшақ, адамдармен қатаң қарым-қатынаста болып, құқық бұзушы қылмыскерге айналуы да ғажап емес. Ғалымдардың айтуынша бұл жағдай жүздеген адамдардың өміріне әсерін тигіздірді.
Америкадағы көп жылдар ішіндегі тәжірибелерден кейін қабылданған дәрігерлердің шешімі бойынша: жас балаға теледидар және компьютер кору күніне 2-сағаттан аспауы керек. Асып кеткен жағдайда организмге төмендегі зияндар өз әсерін тигізеді.
1. Компьютерлік ойындардағы өлтіру және жарып жіберу жағдайларын көрген жас балаларда біреуге дұшпандық қылу сезімдері оянады.
2. Спутник арқылы кейбір арналардағы ұятсыз көрсетілімдердің ұсынылуы. Бұл көрсетулер күндізгі уақытта көрсетіліп, балалар тексерілусіз қалады.
3.Соңғы зерттеулердің көрсетілуінше, теледидардың алдында ас жеуге дағдыланып қалу-адамның семіріп, толып кетуіне себепші болады.
4.Теледидарды мөлшерден тыс асырып көру баланын барлық уақытын алып қояды. Ата-ананың баласымен күнделікті оның мәселелері жөнінде сөйлесуіне мүмкіндігі болмайды.
Ал енді қалталы телефон туралы айтатын болсақ, осыдан оншақты жыл бұрын ұялы телефон біз үшін таңсық еді. Бүгін де ересектер былай түрсын, кішкентай бұлдіршіндердің қолында қос телефоннан бар. Әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына тигізер кері әсері туралы жиі айтады. Алайда құлақ түріп, елеп жатқан ешкім жоқ. Қайта заман ағымына сай ұялы телефонның түр түрі жұрттың назарын баурап жүр. Әсіресе, түрлі ойындары мен ғаламторға шығу мүмкіндігі бар телефондар жас ұрпақтың сүйікті «ойыншығына» айналды. Мамандар алдағы 10-15 жылды сымсыз телефонның әлегінен ісік дертіне шалдығушылардың саны арта түсетінін айтып, дабыл қағуда.
Еуропа, Ұлыбритания, Франция т.б мемлекеттерде мектеп қабырғасында ұялы телефонды пайдалануға үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Ал біздің Қазақстанда ше?
Жасыратыны жоқ қазір мектеп жасындағы балалар ұялы телефонсыз сабаққа кірмейді. Мектеп қабырғасында сымсыз телефонға тиым салып, тежеп жатқан ешкім жоқ. Тіпті, мұғалімдер ұялы телефон оқушылардың сабаққа деген ынтасын да әлсіреттетінін айтады. Европа мемлекеттерінде қолданылатын тәжірибені отандық мектеп қабырғаларына да енгізу керек. Бұл бір жағынан, ұрпақ денсаулығына алаңдаушылық болса, екіншіден мектеп жасындағы балалардың арасындағы бәсекені де бәсеңдететіні анық. Психолог Нуржан Нурпейсов ұялы телефон балалардың санасының дамуына кері әсер ететінін айтады. «Телефонның түрлі дерттің пайда болуына себепкер болуымен қатар, баланың санасына да кәдімгідей әсер етеді. Қазір балалар арасында телефонын көрсетіп мақтану, әдемісін ұстап жарысу дағдыға айналып отыр. Баланың ойы сабақта емес қолындағы телефонда болады гой. Сол себепті мектеп қабырғасында оқушылар мен жеткіншекутерге ұялы телефон пайдалануға тиым салу орынды деп есептеймін»-дейді ол.
Сонымен компьютерде, ұялы телефонда, тіпті теледидарда балаға өз зиянын тигізеді дейміз. Сонда жаңа заманда жаңа тұлғаны қайлай тәрбиелейміз?
Тамаша педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие-баламен сөлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуінде, балаға әр кімнің өз жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен қоғамның мақсат міндеттерімен байланысты болуы керек»-делінген.[4.Б.13].
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен-ақ басталады. Ал адаммен бірге ешбір даяр сана тумайды, сана, ақыл-ойдың өмір процесінде, қоршаған ортадан алған әсерінде дамиды.
Педогог-қаламгер Ж.Аймауытов «тәрбиенің негізгі мақсаты-мінезді түзету, адамшылдыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу деген қағиданы қуаттай келіп, баланы тәрбиелеу үшін әр бір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек»-дейді.[6.Б.23].
Адам баласы өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында тіпті ауадай қажет деп айтсақта болады. Бірақ біз өмір сұрген бұрынғы қоғамда адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тікті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да адамдардың психологиялық тәліміне көніл аударылып көрген емес. Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздардың негізгі себепкері жалпы бала тәрбиесіне хабары шамалы, бала психологиясы дегенді естіп кормеген ата аналардың үкімді де сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқым келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиында қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен үстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі.
Бұрын ата –аналар азаннан қара кешке дейін көше кезген балаларына ұрысушы еді, ал қазір компьютерге сағаттап үңілген ұл қыздарына ренжитін болды. Себебі, ата – аналар балаларын бір уақыт таза ауаға шығып, сейілдеп, сергісіе дейді. Жасөспірім шақта балалар әлеуметтік тұрғыдан жетіліп, өзіндік мінезі мен көзқарасы қалыптаса бастайды. Сондықтан баланың «Толқымалы» сәтін мүмкіндігінше компьютермен ұялы телефон тәуелділігінен, ондағы зұлымдыққа баулитын ойындар мен сайттардан сақтайтын үйірмелер мен спорттық секциялармен қамтамасыз етуге тырысу керек. Психологтар соңғы жылдары көбейіп бара жатқан өз- өзіне қол жұмсау, дүниеден баз кешу сынды жаман әдеттерді осы интернеттен үйренетінін және білімге деген қызығушылықтың жоқтығын компьютер мен ұялы телефоннан туындайтынын дәлелдеген.
Қорыта келе айтатыным: әр бір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстайға тиіс. Егер ата-ананың баласын тәрбиелеуге білімі мен білігі жетпесе, психологтар мен психиаторлардың көмегіне жүгінгені дұрыс. Үйдегі баланың тәртібін қатаң сақтап, балаларымызға қауіп әкелетін, денсаулығы мен өміріне зиянын тигізетін әдеттерден қорғай жүрейік.

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет