Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



бет314/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   679
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Муханбедиярова Д. Б. (Ақтөбе)

Бүгінгі қоғам – үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Ақпараттың маңызы өскен сайын ол тез ескіретін болуы да заңды құбылыс. Қоғам мен мемлекет қмірінің барлық саласын қамтып отырған ақпараттық-технологилық инновациялар ел дамуында шешуші рөл атқаратын маңызды факторлардың біріне айналып отыр.


Білім беру саласын ақпараттандыру қоғамды ақпараттандырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да білім беру мекемесінің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың білім мазмұнының жаңаруына сай сапалы білім алуына қажетті мүмкіндік жасау, яғни жоғары ақпараттық-коммуникациялық әлеуеті бар білім беру ортасын құру. Бұл міндетті орындау үшін оқу орнын материалдық – техникалық жағынан жарақтандырып және білім беру үрдісі мен жаңа технологияларды тиімділікпен үйлестіре отырып, жүйелі түрде жүргізу қажет.
Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі: әлеуметтік-экономикалық ортаның талаптарына жауап бере алатын , нарықтық бәсекелестікке қабілетті , дербес жұмыс істей білуге икемді, заманауи білім-білікке ие азамат даярлау. Бұл үшін кез келген маман қазіргі оқу үрдісінің негізгі сипаты болып табылатын инновациялық технологияларды меңгеруі шарт. Жалпы бүгінгі таңда білім беру саласы инновациялар, яғни жаңалықтар енгізудің басты нысанына айналып отыр. Отандық білім әлемдік білім беру жүйесіне кірігу мақсатында іргелі реформаларды қолға алған. Сол себепті білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын заманауи білім беру технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп жатыр. Солардың қатарында оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру барысында жаңа ақпараттық технологияларды толық пайдалану да бар. Жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі аса зор, олар кәсіптік білім берудің өнімділігін көтереді, ақпарат ағынында бағдар жасай білуге үйретеді, мәселелердің оң шешімін табуға, білмейтінін білуге тырысуға, алдына қойған мақсатына жетудің жолын іздеуге ықпал етеді.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің өлшемдік сипаттары: мотивациялық шығармашылық бағыт (өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, инновациялық іс-әрекет мақсатын түсіну), жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы (іс-әрекетті түзетуге, қайта құруға қабілетті болу, басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін, тәжірибелерін жинақтау, пайдалану қабілеттілігі); өзін-өзі басқару қабілеттілігі (өзін-өзі талдау, өз бетімен жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қабілеттері).
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекет мақсатын түсінуінен тұратын мотивациялық шығармашылық бағыттағы өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы, іс-әрекетті түзетуге, қайта құруға қабілетті болуы, басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін , тәжірибелерін жинақтау, пайдалану қабілеттілігінен тұратын жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы, өзін-өзі талдау, өз бетімен жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қабілеттерін қамтитын өзін-өзі басқару қабілеттілігі оның инновациялық іс-әрекетінің өлшемдік сипатына жатады.
Білім беру жүйесі мынадай инновацияларды қамтиды:
педагогикалық инновация;
технологиялық инновация;
ұйымдастырушылық инновация;
экономикалық инновация.
Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы немесе қарапайым сөзбен айтқанда, әдістемелік жүйені жүзеге асыратын тиімді құрал.
Әдістеме жалпы мақсатқа, ал технология соңғы нәтижеге бағытталады. Сонымен бірге технология әдістемеден оқыту әрекетін өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді. Педагогикалық технология бөліктері үш құрамдас бөліктерден тұрады:
Тұжырымдамалық негізі, басты қағидалары;
Жүйелі құрылымы және негізгі кезеңдері;
Атқару жолдары және тиімді әдіс-тәсілдері.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру инновациялық білім беру мен оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Инновациялық оқыту дегеніміз – қазіргі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени ортадағы инновациялық өзгерістерді жете қарастыратын үрдіс және оқу,білім беру әрекетінің нәтижесі.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру – мұғалімнің меңгерген инновациялық – педагогикалық технологияны өз тәжірибесінде қолдануға даяр болуы деген сөз.
Мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті – оларды ізденімпаз, жаңашыл ұстаз етіп даярлау , күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, шағын өзгерістер енгізе білу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру болып табылады.
Қазақстандық білім беру саласының бүгінгі даму үрдісі білім берудің жаңа моделдерін іздестіру ісінің белсенділене түсуімен сипатталады, бұл міндет, ең алдымен, педагогтердің біліктілігі мен кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған.
Елімізге бастамашыл, қазіргі заманғы ең үздік технологияларды меңгерген, еңбек нарығында бәсекелестікке лайық, қоғам қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыра алатын іскер әрі қабілетті мамандар қажет.
Бұл қажеттілікті өтетін, әрине, білімді де білікті ұстаздар болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет