Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет357/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   679
Литература
1. Методы развития критического мышления. Дженни Л.Стил, Куртис, С.Мередит, Чарльз Тэмпл.
2. Критическое мышление. Обучение как поиск и поиск для обучения. С.Мирсеитова, Караганда, 2011.
3. Философия и методы RWCT в действии. Под ред. С.Мирсеитовой.
БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАНЫҢ ІСІ


Тұткабаева З. (Қызылорда)

Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіннің ертең мен жалғайтын алтын көпір, асыл мұрат.


Адамзат қоғамы жаратылғаннан бастап бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, елін сүюге, баулып келеді. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдай да отанға деген сүйіспеншілікке байланысты. Еліңді сүю оның ертеңіне сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Ата – бабаларымыз осы туған жерімізді қорғап қалу үшін небір қиямет замандарды басынан кешіріп жерімізді «Ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен» сақтап, қорғап қалған ғой. Енді сол атадан қалған мол байлықты, шұрайлы, кең байтақ жерді, жас ұрпақ сол қалпында сақтап, келешек ұрпағымызға жеткізулері керек. Кейде шіркін бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан – байтақ жерімізді ата – бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аман сақтап қалғанына еріксіз таңданамыз.
Адам тәрбиесі – киелі ұғым. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Егенһменді еліміздің болашағы біздің келер ұрпағымыз. Олардың тәлім – тәрбиесіне жауап беретін – мектеп, қоғам, отбасы. Баланы өсіру оны азамат етіп тәрбиелеу – елдік мәселе. Өйткені бала – болашақ иесі. Қазақ елінің перзенті өз елін, отанын қорғауға дайын болуы керек. Мұғалім қауымы – қоғам сенген өкіл. Оқушыға сенім артатын – ең бірінші өсіріп отырған ата - анасы, ал екіншіден біліммен сусындатқан ұстазы. Әр адам - әрі тәрбиелеуші, әрі тәрбиеленуші. Осы екі қызметті барлық жан аттап өтпейді, өз басынан өткереді. Ұстаз үшін ең басты жауапкершілік – алдында отырған шәкіртінің болашағы. Олай болса, Қазақстанның өркендеп өсуіне, жастарымыздың саналы да парасатты дәне ең бастысы өз отанының нағыз патриоты болып өсуіне үлес қосу, өзін Қазақстанның азаматымын деп есептейтін әр азаматтың борышы.
Бүгінгі заман талабы кешегіден өзгеше. Оның жауапкекршілігі жоғары, тұлғаны қалыптастыру бағытында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүгі ауыр, салмағы басым. Ұстаз болу – жер бетіндегі ең күрделі, ең жауапты мамандық. Бала бойындағы кемшіліктер ол біздің кемшіліктер деп түсініп бала өміріндегі проблемалардың себебін өзімізден іздесек көптеген қаьеліктерге жол бермеген болар едік.
Егеменді ел болдық, жаңа заманауи ойлар қалыптасты. Озат технологиямыз өсті. Егеменді елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді.
Қазақстан – бүкіл қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған жері. Бүгінгі Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы кеңінен танып отыр. Қазақтың басын біріктіріп, оны іргелі ел, мызғымас мемлекет етіп қалыптастыру Президентіміздің барлық ақыл – ойы, күш жігері осыған бағытталған.
Сондықтан ең алдымен оқушылардың бойында ұлттық идея, азаматтық сезім, елжандылық болу қажет.
Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кіішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік қасиеттер болуы тиіс.
Өркениетке апаратын жол баланы адамгершілікке, имандылық пен ізгілікке салауатты өмір салтына баулу.
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық, адамгершілік қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған азамат өсіре аламыз».
Халқымыздың әдептілік, имандылық, қайырымдылық. Ізеттілік, адамгершілік қасеиттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші ұстаз, ата - ана, салт – дәстүр, әдет – ғұрыпты терең білумен қатар, рухани бай, жаны таза адам болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет