Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


АКТ қолданудың бағыты мен мүмкіндіктері



бет454/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   679
АКТ қолданудың бағыты мен мүмкіндіктері
Мен өз сабақтарымды жаңаша, проблемалық білім беру, топтық және жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, тірек схемаларымен жұмысты ұйымдастыру, техникалық құралдарды пайдалану бағытында құрастырдым. Бірақ қойған мақсатыма жеттім деп ойламадым. Оқушының жеке қабілетіне бейімделуі, тиімді бақылау, оқушылардың өзін-өзі дамытуына жағдай болмады.
Оқушыларды ойлауға және әрекет етуге қалай үйретуге болады? Мықты немесе осалдау, дарынды немесе дарынсыз оқушының өзі белсенді қатыса алатын сабақты қалай ұйымдастыруға болады деген сұрақ туды.
Өз жұмысымды сараптай келе мен биология сабақтарында АКТ қолдану, оқушыларды пәнді ынталандырудың қазіргі уақыттағы қажетті әдісі екенін ұқтым.
Мектептегі биология курсын оқуда компьютерді қолданудың тиімділігін көрсетудің бірнеше бағыттарын анықтадым:

  • Шағын әлемнің нысандары мен құбылыстарын көрнекі көрсету;

  • Биохимиялық процестерді оқу;

  • Табиғи процестер мен құбылыстарды оқу;

  • Биологиялық эксперименттерді құрастыру;

  • Тестілік бақылау жүйесі;

  • ҰБТ-ға дайындық;

  • анимацияны кеңінен қолдану, биологиялық модельдеу сабақты көрнекі және түсінікті етеді;

  • оқушының білімін және материалды игеруін тек мұғалім емес, оқушының өзі де тексере алады;

  • компьютер кеңістігінде саяхат жасау баланың дүниетанымын дамытып, қоршаған орта жөніндегі түсінігін кеңейтеді.

Дегенмен де, мен компьютерлік жобалаудың биология сабағындағы басты ерекшелігі – фотосинтез, белок биосинтезі, митоз, және басқада күрделі биологиялық процестерді оқудағы басымдығы деп ойлаймын.
АКТ-мен жұмыс жасау тәжірибесін алу және басқа әріптестеріммен пікір және тәжірибе алмасу маған келесі факторлардың көмегімен іске асады:
1. Кембридж бағдарламасы бойынша 3-айлық курстан өтуде
2. Компьютерлік құрал-жабдықтар және мультимедиалық кабинеттің болуы
3. 6-11 кластар арасында түрлі авторлардың мультимедия оқулықтарын қолдану, басқа бағдарламалық өнімдерді пайдалану
4. Әдістемелік және педагогикалық әдебиеттерді оқу
5. Жаңа жағдайларда жұмыс жасау қабілеті бар оқушылар мен мұғалімдердің болуы.
Табиғатта болып жатқан процестердің биологиялық ақпаратының ерекшелігі мұнда:
- бақылаушының көзіне көрінбейді;
- барлық процестер динамикада өрбиді.
Процестерді динамикада көрсету тек бейнеақпараттарды, мультимедия материалдарын, Ғаламтор қорларын пайдалану арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет