Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет639/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   679
Қолданылған әдебиет
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей
2. Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.
3.Ташенова А. Сын тұрғысынанойлаудыоқу мен жазуарқылыдамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.
4. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
5. Менчинская Н.А. Проблемы учения и умственное развитие школьника. – М., 1989, 218 с.
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МУЛЬТИМӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Тогузбаева Л.Ш. (Ақтөбе)

Адамзат тарихы өркениеттің даму жолына енгеннен бастап, философиялық, психологиялық, тарихи және әлеуметтік категория ретінде ұлттық мәселе мен ұлтаралық қатынасты айналып өткен емес. Ол қоғамдық-саяси өмірдің базалық ұғымдарының бірі, қоғамдық тұрмыстың ажырамас құрамдас бөлігі. Тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде ұлт сөзінен төмендегідей туынды ұғымдар пайда болды: ұлтаралық қарым-қатынас, ұлтаралық тәрбие, ұлтаралық мәдениет т.б.. Бүгінгі таңда ұлттық мәселеге, оның ішінде кез-келген қоғамның моральдық-рухани деңгейін танытатын, ұлтаралық тәрбие мәселесін өзектендіретін ұлтаралық қарым-қатынас этнопсихологиясына көптеген зерттеулер арналды.


Адамзат тарихы кез-келген халықтың үйлесімді дамуы үшін оның өзін-өзі анықтауы барысында басқа халықтар мен ұлттардың дамуына зиянын тигізбеуі шарт екендігін дәлелдеді.
Тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді, қалыптастыру мен дамытуды нәтижелі жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік институттар ашылып, еліміздегі түрлі деңгейде білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленуде.
«Білім беру» ұғымы екі мағынада қолданылады: біріншісі – «үлгіні және оның мазмұнын ұсыну» дегенді білдірсе, екіншісі - «адам бойындағы қабілеттерді дамыту» деген мағынаны білдіреді.
Білім берудің негізгі міндеті – әлеуметтік және психологиялық қоршаған ортада, өзін қолайлы сезіне алатын, өзгермелі өмірге бейім, білімді, тәрбиелі, өз бетінше шешім қабылдап, әрекет ете алатын, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Қазіргі кезеңде әлемдік педагогикада жаңа әлеуметтік мәдени жағдайды ескере отырып, білім беру басымдығын жасақтау өзектендірілуде. Жастарды полиэтникалық кеңістікте өмір сүру мен қызмет етуге даярлау Біріккен Ұлттар Ұйымының, ЮНЕСКО-ның соңғы онжылдықта қабылдаған көптеген құжаттарына арқау болды. ЮНЕСКО-ның халықаралық комиссиясы тарапынан ұсынылған баяндамада «XXI ғасырда білім беруді дамытудың маңызды басымдығы ретінде мектептің негізгі міндеті – мемлекеттер мен этностар арасында өзара байланыс пен саналы ынтымақтастықты қалыптастыру»,- деп атап көрсетілген. Аталған міндетке сай білім беру жүйесі, біріншіден, адамның өз тамыры мен тегін сезінуіне, екіншіден, әлемдегі өз орнын таба білуге, үшіншіден, басқа мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру бағытында мақсатты жұмыс жүргізуі шарт.
Білім беру тұлғаның жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыру үрдісінде маңызды рөл атқарады. Ол оқу үрдісінде педагогтардың басшылыққа алатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы ғана емес, адамдарға қателіктерге жол бермей, нәтижелі өмір сүруіне бағдар болатын қоғамдық тәжірибе. Қазіргі қалыптасқан полиэтникалық жағдайда Қазақстандағы білім беру жүйесі мультимәдени үрдіс ретінде қарастырылады.
Осыған сәйкес арнаулы орта және жоғары білім беру жүйесі болашақ мамандарды даярлау барысында қоғамдық пайдалы қызметтің негізгі бағыттарын есепке ала отырып ұйымдастырылады. Ол жастардың бойында болашақ мамандыққа қажетті кәсіби сапалардың: жүйелі ойлау, экологиялық, құқықтық, ақпараттық, технологиялық, коммуникативтік мәдениет пен кәсіпкерлікке деген қабілетті, өз қызметіне саналы талдау жасауды, кәсіби жауапкершілік пен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын, кәсіби өсуге деген ынтаны дамытуды көздейді.
Білім берудің мазмұны – оқу мекемесінің болашақ маманды даярлауда жүзеге асыратын негізгі мақсаты. Ол нормативтік, ұйымдастырушылық және әдістемелік құжаттар кешенін құрайтын мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жүзеге асырылады.
XXI ғасыр ЮНЕСКО мамандарының талдауларына сай гуманитарлық білім ғасырына айналады. Сондықтан қазіргі ізгілендіру үрдісі «білімді адамнан мәдениетті адамға» (В.С.Библер) ұстанымына сай білім беру парадигмасын негізге алады. Бүгінгі таңда күрделі өндіріс пен техниканы меңгерген кәсіби деңгейі жоғары маман болу аздық етеді.
Қазіргі кезеңде «білім беру – адамның рухани-адамгершілік тұрғыда қалыптасуы мен дамуына ықпал ету» деген пікір өзектендірілуде.
В.С.Соловьевтың пікірінше, руханилылық ұғымы ар, ұят, қайырым ұғымдарының мағынасы негізінде толықтырылды. М.С.Каган руханилылықты субьект ретінде адамның маңызды өлшемі деп санайды. В.В. Знаков оны адамның өзін өзі дамытуы мен өзін өзі жүзеге асыруының маңызды белгісі деп санайды. Адамгершілік – еркін тұрмыс пен өзін өзі дамытуда жеке рухани тәжірибе және адамның мейірімділігі, ары мен ұяты, жеке жауапкершілігі негізінде қалыптасатын өзіндік «Менінің» бейнесі.
Қазақстандық білім беру жүйесінде рухани-адамгершілік білім берудің өзектендірілуі құптарлық жайт. Білім беру мазмұнының жаңғыруы жағдайында рухани-адамгершілік тәрбие оқыту мен тәрбиелеудің маңызды бөлігіне айналуы тиіс.
Сонымен қатар, білім мен тәрбие беру үрдісінде ұлттық ерекшеліктер мен педагогикалық құндылық бағдар түрлері, ұлттық ерекшеліктерге сай дүниетаным мен этномәдени топтардың қажеттіліктері ескерілуі тиіс.
Жаңа әлемде үлкен және кіші этностардың этносаралық және мәдениетаралық өзара қарым-қатынасы жекеленген мәдениетті жетілдіретін жалпымәдениеттің қалыптасуы арқылы анықталады. Бұл этносаралық және мәдениетаралық диалогқа қатысушылардың мәдениеттанымдық құзырлылығын қалыптастыруды талап етеді.
Педагогтар әр оқушының жеке субьектілік және мәдени сипаттамаларын ескеруі тиіс.
Көпұлтты ортада тәрбиелік қызметті жүзеге асыру – бірнеше жалпыпедагогикалық принциптерге негізделеді: әлеуметтік түрлі нәсілдік, этностық және діни топ ішінде өмір сүру және қызмет ету даярлығын қалыптастыру, жоғары рухани сапа мен адамгершілік қасиеттерді дамыту, этносаралық және мәдениетаралық тілдесім сипатына сай өзара жауапкершілікті мойындау.
Көпұлтты оқу мекемесінде полимәдени тәрбие беру мақсаттарын анықтауда ғалымдар Дж.Бэнкстің қағидасын ұстанады: полэтникалық мәдениетті тәрбиелеудің негізгі мақсаты – оқушылардың бойында өзінің этникалық мәдениеті негізінде өзге ұлттар мен этностардың мәдениетін игеруге қажетті білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Полимәдени тәрбие беру мақсаттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Кезеңдердің реттілігін төмендегі тұрғыда сипаттауға болады: мәдени көптүрлілікке қарсылық білдірмеуге тәрбиелеу; басқа мәдениеттің қайталанбас ерекшеліктерін анықтау; мәдени көптүрлілікті түсіну; көпмәдени және көпэтникалық ортаны қабылдау; өзге мәдениетке деген қызығушылықты тәрбиелеу; мәдениетаралық өзара қарым-қатынасты қалыптастыру.
Біздің пікірімізше, полимәдени білім беру негізгі екі мақсатты көздеуі тиіс: біріншіден, түрлі этностардың білімдік қажеттіліктері мен сұранысын қанағаттандыру, екіншіден, адамдарды мультимәдени қоғамда өмір сүруге даярлау.
Аталған мақсаттар негізінде мультимәдени білім берудің негізгі міндеттеріне тоқталамыз:

  • оқушылардың өз халқының мәдениетін терең және жан-жақты меңгеруі;

  • оқушыларға Қазақстандағы және әлемдегі мәдениеттің көптүрлілігі туралы мағлұмат беру;

  • тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты болып саналатын адамзаттың дамуын қамтамасыз ететін мәдени ерекшеліктерге оң пікір қалыптастыру;

  • оқушылардың басқа халықтардың мәдениетіне кірігуіне жағдай жасау;

  • түрлі мәдениет өкілдерімен нәтижелі қарым-қатынас орнату білігі мен дағдысын дамыту;

  • оқушылардың этнотолеранттылық деңгейін жетілдіру;

  • «тарихи ескерткіштер», «тарихи мұра» негізінде және өз халқының тарихы мен туып өскен жеріне деген сүйіспеншілікті дамыта отырып, өзіндік ұлттық сана мен ар-намысты қалыптастыру;

  • оқушылардың өзге ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын туғызу;

  • оқушылардың Қазақстандық мәдениетке және мультимәдени ортаға жағымды қарым-қатынасын туғызу, құндылық бағдарын қалыптастыру;

  • өзінің және басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін туғызу;

  • тұлғаның басқа мәдениет элементтерімен қатынасын орнату мақсатында этнопедагогикалық ортаны қолдану;

  • оқушылардың тұлғалық, мәдени өзін өзі анықтау қабілетін қалыптастыру.


Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет