Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Мультимәдени білім берудің негізгі принциптері



бет640/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   636   637   638   639   640   641   642   643   ...   679
Мультимәдени білім берудің негізгі принциптері:

  • білім берудің этномәдени бағыттылығы;

  • білім беру үрдісін этнопедагогизациялау;

  • білім беру үрдісінде аудандық, аймақтық, әлемдік жалпыұлттық және этникалық мәселелерді өзара сәйкестендіру;

  • оқушылардың бойында өзге этностардың мәдениетін тануға деген қызығушылық туғызу;

  • білім беру үрдісінде этномәдениеттердің өзара толықтырылуына ықпал ету.

Мультимәдени білім берудің негізгі қызметі:

  • ұлттық өзіндік сананы дамыту;

  • этнотолеранттылық сапаларды қалыптастыру;

  • оқыту мен тәрбиелеу барысында үлкен және кіші этностар арасында туындайтын қарама-қайшылықтардың алдын алу;

  • мәдениеттің көптүрлілігі және олардың байланысы туралы пікір

қалыптастыру;

  • өзін-өзі жүзеге асыру үшін мәдениеттің көптүрлілігінің маңыздылығын түсіндіру;

  • мәдени ерекшеліктерге оң көзқарас қалыптастыру;

  • түрлі мәдениет өкілдерінің өзара қарым-қатынасын дамыту білігі мен дағдысын дамыту т.б.

Сонымен, мультимәдени білім беру нәтижесінде тұлғаның қалыптасуы мен өзін-өзі анықтауы жүзеге асырылатын мәдениеттердің өзара байытылуына қажетті педагогикалық жағымды орта мен ахуал туғызу арқылы жүзеге асырылады.
Мультимәдени білім беру мазмұнының негізгі ерекшелігі - пәнаралық деңгейде гуманитарлық, математика-жаратылыстану, көркем-эстетикалық бағыттар құрамында жекеленген халықтардың тарихы мен мәдениетін танытуға мүмкіндік береді.
Мультимәдени білім берудің негізгі көрсеткіштері:

  • оқу материалында ізгілендіру идеясының қамтылуы;

  • Қазақстан және әлем халықтарының мәдениетіне сипаттама беру;

  • өзара рухани келісім мен татулықта өмір сүруге мүмкіндік беретін Қазақстан халықтары дәстүрінің ортақ элементтерін анықтау;

  • оқушыларды әлемдік мәдениетке баулу, жаһандану үрдісінің мағынасын түсіндіру, қазіргі жағдайда мемлекеттер мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты қолдау.

Жоғарыда ұсынылған өлшемдерді есепке ала отырып, білім беру үрдісінде этникалық мәдениеттің жалпы элементтерін ғана емес, сонымен қатар олардың қайталанбас ерекшеліктері қарастырылуы шарт. Түрлі мәдениетке тән ерекшеліктерді ұғынған сайын оқушылардың дүниетанымы артып, өзге ұлт өкілдерінің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, тұлғалық ерекшеліктерін түсіне бастайды, ал түсіністік – келісімнің алғашқы сатысы екендігі белгілі.
Сонымен қатар, сабақтың мазмұнына сай әр этникалық мәдениеттің толеранттылыққа негіз болатын элементтерін (аңыз әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жұмбақтар т.б.) кеңінен қолдану шарт.
Педагогтар ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін мультимәдени тәрбиенің маңызды компоненті ретінде халықтық педагогиканы қолдануды жетілдіріп, халықтық педагогиканың бай мұрасын орынды әрі оңтайлы қолдану жолдарын меңгеруі тиіс.

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   636   637   638   639   640   641   642   643   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет