Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет78/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   679
Әдебиеттер
1. [«Экологияны оқыту әдістемесі.Оқу құралы» Алматы, 2010ж. Ж.Б.Шілдебаев, М.Б.Аманбаева ]
2. [Биология. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2011ж. Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж. Шілдебаев ]
3. [Биология және салауаттылық негізі.Ғылыми педагогикалық журнал. №6, 2012ж.]
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ


Бисенбина Г.К. (Ақтөбе)

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде қазақстандықтардың алдында үлкен міндеттер тұр, ол – қоғам сұраныстарына ілесе алатын бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатарлы елдермен теңесе алатын ұрпақ тәрбиелеу.


Әлемдік өркениетке бет бұрған кезеңдегі жас ұрпақтың білім алуын қамтамасыз етуде жасалған нақты қадамдардың бірі – мектепке дейінгі білім беру стандартының енгізілуі.
Жаңа стандарт ҚР білім беру саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдарына, білім беруді басқарудың, ұйымдастырудың демократиялық сипатына сәйкес білім беру ұйымдарына, пән мұғалімдеріне озық педагогикалық технологияларды таңдап пайдалану және өзіндік әдістемелік - шығармашылық ізденістерінің нәтижесін еркін қолдану мүмкіндігі берілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені, ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Стандарт дарынды балаларды дамытуды, оның негізінде оқу-тәрбие үрдісі бес сала бойынша жүзеге асырылады:

  • денсаулық;

  • қатынас;

  • таным;

  • шығармашылық;

  • әлеуметтік орта.

Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланың жеке тұлғасының даму, қалыптасу және моральданудағы тенденциялығына бағытталған. Бізге тәрбиелеудің мақсаты мен биік мотивтері туралы теория жүзінде айтылған педагогикалық шығармаларды тәжірибеде жүзеге асыру өте қиын және күрделі іс, ол педагогтан үлкен шеберлікті және өзін-өзі жетілдіріп отыруды талап етеді. Сол себепті тәрбиешіде таңдау құқығы болуы қажет, ол педагогтың білімі мен білігі бала қажеттілігін өтеу үшін педагогикалық процесс тұлғаға бағытталған болуы тиіс.
Балаға тәрбиені өзінің жас шамасына, жаратылысына қарай беру керек . Жас бала - жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрде иіп тастасақ, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласын. «Баланы бастан» деген сөздің мәнісі осы,- дейді Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты ғылыми, публисцистикалық оқулығында.
Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.
Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды түрткісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан әлсіз болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты – оны біртіндеп саналы ниетке бағындырып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.
Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ананың сүтімен, ана тілімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Тәлімгерліктің бұлақ көзі де, тәрбиенің барып құяр арнасы да мектепке дейінгі мекеме, балабақшалар екені белгілі. Балабақша тәрбиеленушілерінің танымдық іс-әректін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі – ойын әрекеті.
Оның ішінде баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдіңдыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көр-некіліктерін пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижегө жету мақсаты көзделді. Ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Жолдасының қатесіне көмектесуде, оған ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды үйымдастыруға жаттықтырылады.
Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін дамытады. Бала ойыны кезінде де қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, бала еш уақытта өзі ғана емес, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі-баланың дамуы үшін маңызды фактор екендігі түсінікті. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С.Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірге кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.
Ойын мен ойын әрекеті мазмұннан әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Ойынның негізгі ерекшелігі – ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. ойында бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Сондықтан, ойын процесінде тілдесім үрдісі қалыптасады.
Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады.
Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке – психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді.
Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып, оның тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер етеді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігіне ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.
Балабақшадағы әрбір шара оқушылардың ізденімпаздығы мен шығармашылық қызығушылығын арттырып, танымдық ойлау белсенділігіне бағытталуы тиіс. Шығармашылық қызығушылық тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі мен осы мақсатқа бағытталған оқыту қызметі мен қазіргі заманғы инновациялық процесті меңгеру мүмкіндігіне байланысты.
Бүгінгі білім жүйесінде, Д.Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан Н.Коперниктің жаңалығына (күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, баланың тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі».
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни, жан-жақты, көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру үшін ұстаз өзі де шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол үшін тәрбиеші оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, оны ғылыми негізде құруы, тұлғаны дамытуың қозғаушысы болуы, шебер ұстаз болуы тиіс. Себебі қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайы, қоғам талаптарына байланысты туындап, әр педагогтың өз кәсібіне құзырлы болуын ғана емес, ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, білім берудің болашақ бағдарын болжай білетін, соған сәйкес өз іс-әрекетін сабақтастыра алатын маман болуы өзекті.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау.
Сондықтан, баланың танымын қалыптастыру бағытында педагогтардың өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру – кезек күттірмес мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет