ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет39/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56

Оқушы АКТ Мұғалім


Білім қорын жинаушы Ұйымдастырушы

Өз бетімен әрекеттенуші,ізденуші Саралаушы

білім қорын жинаушы Кеңесші

Өңдеуші

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыпайдалануоқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бүртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Мектептегі технологияларға мыналар жатады: Теледидар бағдарламалары; Сандық теледидар; Интернет; Ұялы телефон; Ұтқыр қондырғылар; Компьютер/ ноутбук.



Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу [6] .

Cабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін АКТ арқылы бақылауға,тәжірибе жасауға ақпарат жинауға, бағалауға,талдауға және синтездеуге болады.

Блум таксономиясын басшылыққа алып,АКТ құралдары арқылы оқушыларды тақырыпты меңгеруі, түсінуімен қатар оқушының сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға болады.

Сыни тұрғыдан ойлау тыңдау және көру арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру керек.[7]

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Суреттер,фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға;

Негізгі дереккөздерді көріп болған соң бағалауға және соларға сәйкес сұрақ қоюға;Негізгі дереккөздерді тауып, жағдаяттық қорытындылармен және уақытша жинақтаулармен салыстыру және талқылауға; Анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға болады.

Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады Оқуға деген қызығушылығын арттырады; Көрнектітүрде тапсырмаларды орындай алады; Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі; Уақытты үнемдейді; Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді; Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.

Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.Ал ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.[8]

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.[9].

Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді рөл атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.[10]

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету; тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру; дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру; [11].

Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті: мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы; сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы; білім мен тәрбиенің бірізділігі; сабақтың жүйелілігі; әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру; әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану; өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну; оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау; үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі; бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.

Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады,белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.[12].

10сыныпта «Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары» тақырыбын өткен кезде «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихынан» мәліметтер берген кезде электорнды оқулықтан үзінді алынып, анықтама берілді.«Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері»тақырыпшасы бойынша берілген мәлімет, анықтамалар оқушылардың таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетілді.Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.

Қорыта айтқанда,оқушыларды шығармашылыққа,өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, жаңа ақпараттық технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.Тарих пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.



Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2. Ақпараттық технология-http:kk.wikipedia.org.

3. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы , 2007 жылғы 27 шілде



МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Аблашимова А.Т. (Ақтөбе)
Соңғы кездері жалпы білім беру мекемелерінің түлектерін дайындау талаптарының өсуіне байланысты мектептердегі оқытудың түрлі әдістері іске асырылады. Сабақтың тиімділігін арттыру, оқытуда жоғары нәтижелерге жету үшін заманауи педагогикалық технологиялар қолданылады. Бұл технологиялар алдымен, білім берудің сапасын арттыру және оқушылардың оқу қызығушылығын арттыруға, әрбір оқушы оқу үрдісінің белсенді субъектісі бола алатын ыңғайлы білім ортасын қалыптасыруға бағытталған. Қазіргі уақытта мектептегі әрбір оқу бағдарламасының аясында түрлі технологиялар жасақталып, іске асуда.

Бірақ, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданбай қазіргі білім беру үрдісін елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологиялар білім беруге дендеп енуде. Оқу үрдісінде АКТ қолдану – бұл уақыт талабы. Бүгінгі компьютер қолданбайтын бірде-бір мамандық, бірде-бір сала жоқ, сондықтан да, әрбір оқушының міндеті оны өмірде қолдана білу: ізденіс үшін, ақпаратты жасау және құру үшін.

Математика сабағында АКТ қолдану күрделі және жауапты іс болып табылады. Дәстүрлі оқытуға қарағанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы өзгереді: мұғалімнің белсенділігі оқушылар белсенділігіне жол беріп, оқушылар қызметіне ыңғайлы жағдай тудырады. Сонымен қатар оқушыларға беріліп отырған ақпараттың оқу бағдарламасына сай, түсінікті, таңдап және іріктеліп алынған, бір бағдарламалық ортаға енгізілген содан соң ғана оқушыға ұсынылған болу керек. Сондықтан да мұғалімнің жұмысы күрделеніп, дәстүрлі сабаққа қарағанда жоғары біліктілікті талап етеді. Бір жағынан компьютерлік бағдарламамен жасақталған оқу материалы оқушылардың назарын жинақтап қоймай, қызығушылығын да арттырады.

Жаратылыстану пәндері мұғалімдері үшін АКТ және компьютерлік техника қолдану жаңа мүмкіндіктер ашып, мектеп сабағын оқытуда мүлдем жаңа әдістемені қолдануға мүмкіндік береді.

Компьютерді қолдану геометрия курсын оқуда үлкен тиімділік беріп, компьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады. Бұл тек берілген материалды іске асыру емес, тікелей ойлауды іске асырады.

Математикадан көп тараған бағдарлама-құрастырушыларға (Практикум «Математика 5-11», «Ашық математика» сериясы, «Оқыту топтамасы» сериясы, «Тірі математика» т.б.) графикалар құрастыру, компьютер көмегімен геометриялық чертеждер құру жатады.

Оқушы функциялар графикасын қағаз бетінде құрған кезде кеңістіктік шектеулер болады да, сызба координаттар жүйесінің шегінде бейнеленіп, жақын арадағы шексіздік оқушының ойында бейнеленеді. Барлық оқушылар қажетті кеңістіктік ойлау қабілетіне ие болмайды, нәтижесінде графика секілді математикалық тақырыпта үстірт білім қалыптасады.

Берілген тақырыпта кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуда және дұрыс түсінік қалыптастыруда компьютер теңдессіз құрал. Дисплей экранында графикалар құрастыратын бағдарламалар графика сызбасын түрлі масштабқа сыйғызып көрсете алады. Компьютерлік графика балаларға экрандағы түрлі объектілермен әсер ете, олардың жылдамдығын, өлшемін, түсін өзгерте отырып, оқу материалын игерте алады. «Тірі математика» өз сызбаларын құрастыруға, зертханалық жұмыстар жасауға, құрылған сызбаларды, объектілерді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл нысандарды бұруға, көрсетуге, үлкейтуге, кішірейтуге басқа қырынан қарауға болады – бұл геометрия сабағында өте қажет дүние.

Жақсы көрнекілікпен, ақпаратпен жабдықталған оқу ортасы пайда болады, материалды игеру үшін жеке схема таңдау мүмкіндігі беріледі; материалды оқу траекториясын бағыттау, бақылап отыруға мүмкіндік туады; тақырып басқа материалға шексіз сілтеме құрайды.

Компьтер оқудың барлық сатысында қолданылады: жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, бақылау кезінде, мұнда ол түрлі: мұғалімнің, жұмыс құралының, оқу нысанының, тұтас ұжымның функцияларын орындайды.

Соңғы кездері PowerPoint ортасында орындалатын презентациялар үлкен рөл ойнауда. Мұндай презентацияларды әр мұғалім кез-келген сабағына жасай алады. Мұнда күрделі сызбалар, нақты тақырыпқа тірек конспектісін жасауға, қызықты бейнефрагменттер, тарихи анықтамалар, схемалар, кестелер, жақсы иллюстрациялық материалдар т.б. салуға болады.

Мұндай презентацияны әрбір компьютерде, үлкен экранда көрсетуге болады. Сонымен қатар оны кез-келген қолжетімді редакцияда әдемі, көрнекі түрде беруге болады.

Зерттеулерге қарағанда адам ойында естігеннің 1/4-і, көргеннің 1/3-і, естіген және көргеннің 1/2-і, сондай-ақ оқушы сабақ үрдісінде белсенді қызметке тартылған болса көрген және естіген материалдың 3/4-і қалады.

Кез-келген педагог өзінің пәнін оқушы жақсы меңгергенін қалайды, сондықтан да, бір компьютерде бір немесе бірнеше оқушы жұмыс жасаған компьютер кластарындағы сабақ кезінде біз оқушыларды топпен жұмыс жасауға үйретеміз, ұжымдық, ұйымшылдық дағдыларын дамытамыз, сонымен қатар АКТ қолдану түсіндіру-көрсету тәсілінен бала сабақтың белсенді мүшесі бола алатын қызметтік тәсіліне көше аламыз.

Ақпараттық технологияларды қолдану оқу үрдісінің тиімділігін арттырады, оқу уақытын үнемдейді оқушыға оқу материалын меңгере алатындай жұмыс жасауға, яғни, оқушыны оқытуда жеке-бағдарланған тұрғыда оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді, оқушыға білімді дербес алуға жағдай жасап, дамушы білім беру қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді, оқытудың ыңғайлы ортасын қалыптастырады.

Жұмыстың тағы бір бағыты – компьютерді оқушылар білімін тексеруге пайдалану. Ол үшін электрондық оқулықтарда берілетін тестілер қолданылады, бірақ дайын тестілер барлық жағдайда оытылып отырған материалдың өзегін бере бермейді, сондықтан да, тестілер құрау бағдарламаларының көмегімен тақырыптар бойынша қосымша тестілер жасақталады.

Компьютер оқушылардың білімін тексеріп, оқытушыға тәуелсіз бақылау нәтижесін көрсетеді. Тестілер нәтижелері әрбір оқушының және тұтас кластың білім сапасының ақпараттар базасын жасақтайды.

Дегенмен, АКТ-ң барлық жетістіктерімен қатар ақпараттық компьютерлік технологияларды енгізуді қиындатып, тежейтін қиындықтар да кездеседі.:

1) Техникалық сипаттаға себептер. Бұған компьютерлік кластардың және қазіргі компьютерлік техниканың жетіспеушілігі.

2) Психологиялық сипаттағы себептер – оқытушылар өз істерінің стилін өзгертуге қорқады, техникаға сенбейді, ешқашан ондай болмаса да бұзылып, сынудан қорқады.

3) Оқу пәндерін бағдарламалық қамтамасыз ету түрліше: бағдарлама-оқулықтар, бағдарлама-тренажерлер, оқыту бағдарламалары, тестілеу құралдары, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, бейнесабақтар, электрондық көрнекі құралдарының кітапханасы. Сол сияқтя бұл қорлар үнемі өзгереді, жаңарады және жетілдіріледі. Мұғалімге қандай да бір бағдарламалық өнімді пайдалану және жасаудың мақсаттылығы мен мүмкіндігін бағалаудағы бағдарлану қиындығы.

4) Жұмыста осы технологияларды тиімді қолдана алмау – басты проблема. Мұндай проблеманы шешудің басты жолы – мұғалімдерге оның қалай жасалатынын көрсету, десек те, басқа пәндер үлгісінде көрсету тиімсіз, оқытылып отырған пән бойынша нақты бағдарламалық өнім қажет және осы бағдарламамен жұмыс жасаудың қолданыстағы әдістемесімен таныс болу керек. Тек осыдан кейін ғана мұғалімдер бағдарламаны өз бетінше іздеп, оны қолдана алады.

Бірақ та, барлық қиындықтарға қарамастан АКТ қолдану болашағы бар. Математика сабақтарында АКТ қолдану тәжірибесін саралай келе, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мынадай мүмкіндіктер береді деп сенімді айтуға болады:


  • Оқу ынтасын көтереді (ақпараттық дамуға байланысты);

  • Сабақтарда неғұрлым көп көрнекіліктер ұсынуға;

  • Сабақ тиімділігін көтеру мақсатында жұмыстың түрлі нысандары мен әдістерін қолдануға;

  • Нақты зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыруға;

  • Жедел тексеріліп, атқарылған жұмысты компьютер бағалайтын тест тапсырмаларын пайдалануға (жұмыстың түрлі сатысында);

  • Түрлі анықтамалық жүйелерге, электрондық кітапханаларға басқа ақпараттық қорларға қолжетімділік қамтамасыз етуге

Математика сабақтарында АКТ қолдану оны іске асырудың тәсілдерін, әдістерін, түрлерін ізденумен ұласады, сабақ үрдісін тиімді етуге көмектесетін педагогикалық ақыл-ойдың даналығы жинақталады. Болашақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әрбір мұғалімнің қызметіне үйлесімді еніп, сабақтың ажырамас бөлігі болады.

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕ
Аймагамбетова Ш.Ж. (Ақтөбе)
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «... біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөліп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді. Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол жиі өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы делінген».

Жаңа XXI ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының әрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптарымен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, оқытып логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп пен мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор.

Бұл ғылым - әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін көптен толғандырылып келе жатқан, әліде толық шешімін таппаған күрделі мәселе. Бүгінгі мектеп жағдайына, оны іске асыру мұғалімнен өте көп жұмысты талап етеді. Басқаша айтқанда, мұғалімнің әр оқушымен жеке жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі. Бірақ ол компьютерлік технология көмегімен бұл қиындықтан шыға алады. Дәстүрлі оқыту әдістері мен жаңаша жаңғырта оқыту әдістеріне салыстырмалы түрде талдау жасасақ, компьютерді оқу үрдісіне пайдалану барысында, оқушы мен мұғалімнің бір – бірінен тәуелсіз жұмысы олардың бірлесіп атқаратын әрекетінен көп болатыны байқалады.

Оқу үрдісіне компьютерді пайдалануға негізделген жаңаша жаңғырта оқыту әдістері бір жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан мұғалімнің оқу үрдісіне техникалық және ақпараттық құралдарды мақсатты түрде кеңінен пайдалануы оқушының дамуына оң әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі реформаға сәйкес педагог мамандардың жаңа идеяларды және білім беру технологиясын игеруде ақпараттық мәдениетін дамыту және қалыптастыру басты міндет болып саналады.

Ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдануы мұғалімнің мүмкіндіктерін кеңейтеді, яғни ақпараттық технологияларды пайдалану қазіргі өзекті мәселені біріне айналу даусыз. Ақпараттық технологияны пайдалану қалыптасып келе жатыр. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай, жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын арттыру әр бір география мұғалімінің міндеті. Әрине электрондық оқулықтарды қолданудың әсері мол.

География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

ХХІ ғасыр – ақпаратты технология ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Ендеше география пәнінің мұғалімі де басқалар сияқты информатикадан хабары болуы қажет. Сондықтан қазіргі оқу үрдісіне оқушы белсенді болып өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек.

Ол үшін бүгінгі таңда қолданылып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтың алатын орны ерекше деп айтуға болады. Бұл оқулық география пәні бойынша білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес келеді.

География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұпжазбас бірлестікте екенін ескеріп, оқушылардың геграфия сабағында материктер мен, оның дүние бөлігіндегі және аралдардағы елдер мен халық жайында, қызғылықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайданумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. Материктердің қалыптасуын, дамуын және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсастықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерін көзбен көріп, есте сақтау үшін, жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту жүйесін пайдаланған жөн.

7- ші класта өтетін материктер мен мұхиттар географиясы курсында оқушылар материктер мен дүние бөліктері тарауында географиялық орнынан бастап, елдері мен халқы және жекелеген елдер мен танысумен аяқтайды. Әрбір материктің географиялық орнын анықтап, оның географиялық объектілерін (бұғаздарын, шығанақтарын, түбектерін, аралдарын, теңіздерін, өзен-көлдерін, сарқырамаларын, тауларын, жазықтарын, ойпаттарын, үстіктерін, шөлдерін және т.б.) картадан жаттанды түрде көрсету, үшін оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру электрондық оқулықтың көмегі арқылы іске асады.

География сабағын информатикамен тығыз байланыстырып, компьютерде ақпараттық – технологияларды пайдалану оқушылырдың білімін одан әрі жетілдіреді. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында тарау соңында өтілетін тақырыптарда мемлекеттердің орналасуын, олардың астаналарын, мемлекеттік туын, мемлекеттің пішінін және шекаралас елдерін есте сақтау үшін электрондық оқулықтардағы ойын түрлерін қолдануға болады.

Сарамандық жұмыстарды орындағанда атласты пайдаланбай кескін картаға кез – келген географиялық объектілерді түсіре алады.

Ойын шарты: Компьютердің мониторында «Тренинг» көрсетілісімен оқушы перне тақтасындағы (клавиатура) Enter –ді басып дүние бөлітерін таңдап алады. Мысалы: Азия – монитор бетінде Азияның кескін картасы пайда болады, сол жақ беткейінен мемлекеттің пішіні шыға бастайды. Оқушы мемлекет пішінінің орнына орналастыру керек. Мемлекетті дұрыс орналастыруына байланысты ұпай беріледі. Оқушы оны курсор арқылы реттеп отырады. Ойын 10 (он) деңгейден тұрады.

Оқушы 1 – деңгейден озіне тиісті жалпы ұпайды жинап алса, келесі деңгейге көшеді. Әрбір деңгейде ұпай саны өсіп отырады. Әрбір деңгейден соң тапсырма қиындап отырады. Оқушылардың атласты меңгеруінде пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделі деңгецде (қарапайым, орташа, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушы өзі шешеді. Оқушы өзінің танымдық белсенділігі, жылдамдық әрекеті және есте сақтау қабілеті арқылы 10 деңгейді меңгерсе, онда ол дүние бөлігін немесе материкті толық меңгергені.

Мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуі керек, себебі есептеуіш техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі саналады. Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастырады.

Екіншіден, мектепте оқытылатын әр бір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұстатады. Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім, оқушылардың алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі.

Қорыта келгенде: мультимедиялық электронды оқулықпен оқыту арқылы-білім берудің; интенсивті, автоматты үрдісін; ойын түрін пайдалануға; оқушының жеке қабілетін есепке алуға; білім алу үрдісін түбегейлі өзгертіп; оқушының өздігінен білім алуға; пәнге қызығушылығын арттыруға болады.

Әдебиеттер

1. М.Юрков. Дидактический материал по физической географии, М., Просвещение, 1990

2. А.В.Даринский. Методика преподавания географии. М., 1975

3. Г.Орынбаева. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,



ФИЗИКА САБАҒЫНДА «XPLORER GLX» ДЕРБЕС ҚҰРЫЛҒЫСЫН ҚОЛДАНУ
Айтмағанбетова Ә.Ә. (Ақтөбе)
«Біз Қазақстанда қазіргі заманғы технологияларды дамытуымыз тиіс. Әсіресе, өмірдің барлық саласында мультимедиялық технологияларды енгізу және дамыту қажет.Мультимедиялық әзірлеудің негізгі бағыты электрондық үкіметті дамытуға, білім сапасын жоғарлатуға, телемедицинаны және электрондық бизнесті дамытуға бағытталуы тиіс» – деп Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсеткендей,жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.[1] Адамзат ақыл-ойының ХХ ғасырдағы қол жеткен ең ірі табыстарының бірі-кибернетика және осыған байланысты электрондық есептеуіш техникасы. Уақыт өткен сайын ғылым мен техника қарыштап дамып келеді. Заман талабына сай бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді оқытуда ақпарат құралдарыды пайдалануды алдымен әрбір пән мүғалімдері жетік білгені жөн. Ақпараттық технологияның ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде өзіндік ерекше орыны бар. Оқу орындарында интерактивті оқыту мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқытуда қолданудың арқасында оқытушы мен оқушы арасында көзге көрінбес білімге деген, жан-жақты білуге деген көзқарас дамитындығы байқалады.

Ақпараттық технологияны әрбір пән мұғалімі өз оқыту жұмысын жүргізуде қолдану үшін ең алдымен компьютерлік сауаттылығы болуы керек. Оқыту мен тәрбие беру үрдісінде ақпараттық технологияны жүйелі пайдалану барысында оқушы мен оқытушы арасындағы білімге деген сара жол ғылым мен техниканың дамуында өзіндік ерекшеленетін жаңалықтарына толып, жалғасып отырғанын аңғарамыз. Қазіргі уақытта оқыту процесінде компьютер, мультимедия құралдары,электрондық оқулықтар, электрондық бейне таспалар, интернет қолданып отырмыз. Ақпараттық оқытудың енгені әрбір пәнге байланысты оқытуда оқушының жұмысын оқытушы бақылап отырады, оқушы тапсырмалар жүйесін ретімен өз деңгейінде орындай алады және оқыту нәтижесін интерактивті тақта арқылы жариялы түрде көрсетіп отыруда толық мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану – әр бір оқытушы мен оқушы өз білімін әрі қарай жетілдіру болып табылады. .[2] Міне көріп отырғанымыздай өскелең ұрпақ уақытты тиімді пайдалана алтын, жан-жақты, іздемпаз, шығармашылыққа жаны құмар, ойлау қабілеті дамыған, белсенді,ақпараттық технологияны жете меңгерген болып шығады. Физика пәнін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту-педагогиканың мүмкіндігін, іскерлігін, шығармашылығын күшейтеді ал бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды.

Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Физика пәнін оқытуда берілген зертханалық жұмыстарды орындауда есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады. Жаңа ақпаратты технология құралдарын физика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интелектуальдық қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдылардың қалыптасуына әкеледі.[3] Физика пәні табиғаттағы құбылыстарды зертейтін негізгі ғылым екені белгілі. Зерттеу жұмыстарында түрлі эксперементтік тәжірбиелер жасалынады, есептеулер жүргізіледі. Заңдылықтарды тұжырымдау барысында зертханалық жұмыстар жасалынып, дәлелдемелер келтірілді. Міне осындай жұмыстарға негізделген зертханалық оқу құралы Xplorer GLX, PASCO scientific компаниясының авторлық құқығымен қамтамасыз етілген, мектептерде физика, химия, биология пәндерін оқытуда қолданылады. Xplorer GLX - бұл жаратылыстану ғылымдары топтамасы оқушылары мен мұғалімдер үшін деректер жинау, сызбалар құрастыру мен талдауға арналған қүрылғы. Xplorer GLX мамандандырылған порттарға жалғанған екі температуралық сенсор мен кернеу сенсорларына қосымша PASPORT төрт сенсорын қатар қолданады.

Xplorer GLX құрылғысыныңUSB портына оптикалық тінтуір, пернетақта немесе принтер жалғауға болады. Xplorer GLX құрылғысында оптикалық құлаққаптар мен күшейтілген дауыс зорайтқыштарға арналған стерео сигналдарды қайта өндіру және шығару порттары үшін ықпалдастырылған акустикалық жүйесі бар.

Xplorer GLX – бұл ғылыми мақсаттарға арналған бернелік дербес қалталы компьютерлік құрылғы. Сонымен қатар ол DataStudio бағдарламалық жасақтамасы бар компьютер немесе ноутбуктың жұмыс үстеліне жалғанған кезде PASPORT сенсоры интерфейсі ретінде жұмыс істейді.

Осы қолданысқа еніп отырған оқу құралында PASSPORT Xplorer GIXТМ құрылысы арқылы зертханалық жұмыстардың орындалуы көрсетілген,ол автономды қолмен басқарылатын есептегіш құрылғы. Алынған мәліметтерді сараптама жасап және тапсырмаларды орындау үшін компьютерлерге қосуды талап етпейді.[4]

Физика пәнін оқытуда Xplorer GLXдербес қондырғысын пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

- оқушыларға тақырып шеңберіндегі физикалық құбылыстарды немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер қорын ұлғайтады;

- оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру және оқу материалдарының сапасы арттады;

- компьютер көмегімен оқушы өз бетінше және өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасай алады;

– оқу курсындағы жаттығулар мен эксперименттік тапсырмаларды шапшаң, әрі нақты орындай алады;

Мысалы, өз сабағымнан бірнеше тапсырманы ұсынамын.



Тақырыбы: Еркін түсу үдеу

Мақсаттар мен міндеттер

Кішкентай арақашықтықта құлап бара жатқан дененің қозғалысын өлшеу үшін қондырғыны қолданыңыз.



Xplorer GLX- ті берілгендерді көрсетуге немесе тіркеу үшін қолдану.

Құлап бара жатқан дененің уақытқа байланысты жылдамдық сызбасының көлбеулігіне сараптама жасау.



Ескерту

Техникалық ескерту: Құрылғыны орнатудағы бастысы- доп секіретін жазықтық тегіс болу керек. Егер жазықтық тегіс болса, онда доп бірнеше рет секіруі мүмкін. Допты қалай лақтырғаныңыз көп нәрсеге әсер етеді. Егер допты мұқият лақтырса, онда еденнің үстінде жоғары төмен секіреді.



Берілгендер үлгісі

Түсірілгендер секірген доптың жылдамдығының уақытқа байланысты жағдайының жобасын көрсетеді. Екінші түсірілім жылдамдықтың уақытқа байланысты көлбеулігін көрсетеді (Сызықтық құралдардан). Соңғы түсірілім жылдамдық- уақыт сызбасының аймағындағы ‘сызықтық құралды’ көрсетеді.





Тапсырма: Электромагниттік индукция–Магнит және катушка

Мақсат және міндеттер

Магнит катушканың ортасынан құлағанда катушканың сымы арқылы кернеуді өлшеу үшін кернеу қондырғысын пайдаланады.

Xplorer GLX пайдалана отырып, индукцияланған кернеудің сызбаларын зерттейді. Әр түрлі айналым кернеудің санымен екі катушканың максималді кернеуін салыстырыңыз. Катушканың ішіне магнитті қозғалтқанда, катушкада электр қозғалыс күшін туғызатын катушка арқылы пайда болатын өзгермелі магниттік ағыны пайда болады.

Фарадея индукция заңы бойынша :

- пайда болған электр қозғаушы күші, N – катушкадағы орамдар саны және - катушка арқылы ағым өзгерісінің жылдамдығы.

Егер уақытқа қатысты электрқозғалтқыш күш сызбасы құралса және қисық аймағы итегриленген болса бұл аймақтағы ағым келесідей болады:

кернеудің бірінші жоғарғы нүктесіне арналған қисық аумағы уақытқа қатысты екінші жоғарғы нүкте қисығы аумағына тең болады. Дегенмен екінші жоғарғы нүкте жоғары ол сондай кең емес себебі екінші полюс катушка арқылы жылдам жылдамдықта құлап катушкада бірінші нүкте сияқты көп уақыт өткізіп алады сосын баяу қозғалады.

Деректер үлгісі

Суреттер бірнеше өткізуде уақытқа қатысты кернеудің сызбасын көрсетеді







Міне, физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың өзі-ғылым мен техниканың қарыштап дамығандығын көрсетеді. Және Xplorer GLX –пен бірге физика сабағын өткен кезде оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқанын байқаймыз.

Әдебиеттер

1.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы,2012 ж.

2. Қалығұлов А.Ж.«Физиканы оқыту методикасы»,Алматы:«Рауан»1992 ж.

3.Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике. М.:“Академия”, 2008ж.

4. Физика Xplorer GLX –пен бірге. Физика бойынша зертханалық оқу құралы. «PASCO», 2006ж.



ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТА «ҮШ ӨЛШЕМДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ» МАҢЫЗЫ
Ақбаева А.С. (Қызылорда)
Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетін ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденіс жолында болуы тиіс:дарынды шыңдау, оған үлгі-өнеге беруде ұйымдастыру жұмыстарының сан қырына, оның өзекті салаларына баса назар аудару және жас талантқа үміт арту, олардың жүрек сезімін ояту, оның көкейіне мақсат-мұраттарына қозғау салып отыру керек. Жас дарынды шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу, оның қабілетін ашу, санасында жылт еткен шоқты үрлеп, үлкен жалынға айналдыру-әрбір ұстаздың әдістемелік шеберлігі мен парасат-пайымының көрсеткіші екені анық.

Дарындылықты анықтау үшін әртүрлі деректерді, бақылау-бағалау нәтижелерін тест, тренинг әдістерін пайдалана отырып қолдануға болады. Әр пән мұғалімі педагогикалық-психологикалық карта жүргізіп, осы картаны толтыру барысында әрбір оқушының зейінін,есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, интеллектуалдылығын, шығармашылылық жұмысқа бейімін анықтайды.

Д.Ж.Рензули бойынша дарындылық дегеніміз-үш байланыстың үйлесімдігі:

жоғары интеллектілік,креактивтілік және нәтижеге жетуге ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интелектің жетіспеуінен адам жақсы жетістікке жете алмайды. Нәтижеге жетуге деген ынтасы болмаса да нәтиже болмайды. Ал креативтілік нашар болса ол адам тек орындаушылықпен шектеледі. Адам сүйіспеншілікпен, жанымен қалап істеген жұмысын жетілдіре,дамыта ұйымдастырса, ол шығармашылық, яғни дарынды баламен жұмыс істеуде алдымен нәтижеге жетуге ынтасын қалыптастыру, шығармашылық жұмыс істеуге үйретуі өте маңызды.

Соңғы жылдары дарынды балалар мәселесі үлкен назар аударып отыр. Жүргізілген сараптама бойынша дарынды оқушылардың 30% екінші сатыға өткенде, тағы 25-30%-ы ,

7-10 сынып аралығында табиғаттың берген қасиетін жоғалтатын көрсетеді.Көп жағдайда балалардың жасырын дарындылық жиі кездеседі.

Ұғымтал, ой-өрісі кең,есте сақтау қабілеті жоғары оқушыларды бірден табу оңай емес,бірақ жолдары бар. Оқушыларды зерделеп,қабілетін тану әдістері көп:баламен сөйлесу, тестілеу бойынша білімі мен біліктілігін тану, қорытынды бақылау, жеке күрделі тапсырмалар беру.

Оқушының дарындылығына әрекет етушілер:


  1. ата-ана

  2. қоршаған орта

  3. құрбы-құрдастары

  4. ұстазы

Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында мұғалім тек бағдарламаны меңгеріп қана қоймай басқа да дағдыларды меңгеруі қажет:

1. Оқу бағдарламасын жетілдіріп, білім аясын кеңейтіп отыруы,мазмұнын арттыру қажет.

2.Оқушының танымдық қабілетін арттыру барысында жүйелі жұмыс жүргізе ала білуі.

3.Оқушының ынтасын арттыра отырып,дарындылық қабілетін қалыптастыру.

4.Оқушыға педагогикалық-психологиялық демеу жасай білу.;

5.Оқушының іс-қимылына анализ жасай білуі;

6.Шығармашылық жұмыстарды іріктей және жұмылдыра білуі тиіс.

Кез-келген дарынды балалар:

-Ақыл-ойының жүйріктігімен;

-жоғары қабылдау қасиетімен;

-аса сезімталдығымен;

-жоғары ынталылық пен ой ұшқырлығымен ерекшеленетіні белгілі.

Осы қасиеттерін назарда ұстай отырып,әрбір мұғалім осы қасиеттерін жойып алмай, жетілдіру жолында еңбек жасай білуі тиіс.Сондықтанда дарынды балармен жұмыс жасау барысында мұғалімдерді дұрыс таңдап алуға аса көңіл бөлу керек.



«Көптеген табиғи талант дарынсыз мұғалімдердің кесірінен жойылып кетеді.Олар табиғи дарынның табиғи құбылысына мән бермей,тұлпарды есекке айналдырып жібереді»,деп ұлы Плутарх айтқандай,жаңа тұтанып келе жатқан ұшқынның жалынға айналуы да,бықсыған көмірге айналуы да тұтандырушыға,яғни ұстазына байланысты екені айдан анық жағдай.

Сондықтанда, мұғалім міндетті түрде:

-сөзсіз таланты болуы тиіс.Оның тиориялық және практикалық икем-дағдылары қалыптасқан,жан-жақты шығармашыл тұлға болуы міндетті.


-өз маманын жетік меңгеруі тиіс.

-интелектілігі мен адамгершілігі жоғары болуы;

-Жаңа технологияны жақсы меңгерген;

-педагог қана емес,психолог және ұйымдастыру қабілеті жоғары болуы тиіс.

-Өз-өзіне сенімді, өзіндік ойы,мақсаты, жігері және кез-келген жағдайға байыпты көзқарасы болуы тиіс.

Оқушылардың дарындылық қасиеті төменгі сыныптан бастап-ақ байқалатыны белгілі. Төменгі сынып оқушыларының ерекшелігі айрықша сезімталдық, мұғалімге «табынушылық», тынымсыз білуге ұмтылу. Баланың осындай ерекше білуге деген қызығушылығын ата-ана да,мұғалім де назардан тыс қалдырмауы тиіс, яғни білімге деген ерекше сұранысы оның болашақтағы дарынының алғашқы кілті іспеттес. Көп жағдайда балаларының жасына тән емес қызығушылығына үрке қарайтын ата-аналарда кездеседі,яғни оның бұл қылығы денсаулығына кері әсер етуі мүмкін деген оймен «балам, басыңды артық нәрсемен ауырта берме, миың ауырады» деген сияқты тиымдар жасалатын кездер де аз болмайды,ал кейбір ата-аналар баласының ерекше қабілетін байқаса, оны мақтан тұтып, мадақтап, қабілетін ұштауға күш салады,үлкен үміт күтеді.

Кейде балаға деген үлкен сенім,оған деген үлкен жауапкершілік кері әсер етуі де мүмкін өйткені ол бала қателесуден, басқа баладан төмен болып қалудан қатты қорқады, сондықтанда егер ол бір жерде ата-анасының, достарының, ұстаздарының ойынан шыға алмай қалса,ол бала іштей қатты күйзеліске ұшырауы мүмкін, сондықтанда келесі бір қателігі оның дәрменсіздігін туғызуы мүмкін,яғни жаңа бір дарынның жанбай жатып өшуіне апарып соқтырады.Сондықтан да дарынды баламен жұмыс жасау қаншалықты жеңіл болса соншалықты ауыр,ол бір мөлдір бір шыны тәрізді,сондықтан да ерекше қабілеті бар ата-аналарға қарапайым баланың ата-анасына қарағанда тіптен қиын деуге болады.Ата-ана жылуы ерекше керек ететін жас та осылар болады,өйткені олар тым сезімтал болып келеді.

Ерекше қабілетті балалар үйде ғана емес,мектептеде көптеген қайшылықтармен бетпе-бет келуі мүмкін,өйткені оқушыларға берілетін жалпы білім баланың ішін тез пыстырып,жалықтыруы мүмкін,егер осындай баланың сұранысын қанағаттандырмай, баланың бетін қайтара беретін болсақ,онда біртіндеп ол өз қабілетін жоя бастайды да өзгелерден айырмашылығы болмай қалады.

Дарынды балалардың тағы бір ерекшелігі –еріктен тыс тапсырмаларды орындағысы келмей,көңілі қалаған іспен айналысқысы келетіндігі,яғни өзіндік «мендігі».Ғылымда дәлелденгендей мұндай қабілеті жоғары балалар өз дәрежесімен бірдей балалармен оқуы,яғни интеллектуалды мектептерде оқулары тиіс,сонда ғана бұл балалар қоғамға өлшеусіз пайда әкелуі,яғни қоғамнан өзіндік орнын табады деп ойлаймын.Ал қазіргі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің жарқын болашағы үшін,білімді де,білікті жастарды тәрбиелеуде барлық жағдайлар жасалуда:еліміздің түкпір-түкпірінде интеллектуалды мектептер жүздеп ашылуда,дарынды жастардың шет елдерде білімін ұштауға мүмкіндіктер жасалуда.Міне, осы жағдайдың бәрі де

Елбасымыздың асқан көрегендігінің арқасында...

Жоғарыда айтып өткеніміздей,дарынды балаларды ұштауда мұғалім жаңа технологияны озық меңгеруі және оны жүйелі пайдалана білуі тиіс екенін айтып өткенбіз.

Қазіргі таңда осындай талаптарды қанағаттандыратын технологиялардың бірі және бірегейі ретінде Қараевтың «Үш өлшемді оқыту технологиясы» дер едім, өйткені ол барлық технологиялардың жиынтығы іспетті.

«УӘЖ» технологиясының ерекшеліктері:

1.Ұғымдардың қайталана отырып меңгерілуінде.

2.Оқушылардың толыққанды жұмыс жасауына мүмкіндік беретіндігінде.

3.Назардан тыс оқушы болмайтындығында.

4.Бағалау әділдігінде

5.Оқушылардың өз мүмкіндігінше тапсырманы орындау құқылығында , яғни оқушының денсаулығына нұқсан келмеуінде.

6.Деңгейлік тапсырманы үйде аяқтап,өз дәрежесінде бағалануға болатындығында.

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы ғана Қазақстанның жаңа үлгідегі Ұлттық мектебін құруға мүмкіндік туатыны ғылыми түрде дәлелденген. Мектеп іргесінде жеке оқушының үздіксіз даму траекториясын көрсететін мониторинг құрылады және электронды журнал, оқушының электронды күнделігі жүргізіледі.

Дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдануда да, сабақ барысында қарапайым немесе күрделі тапсырма болсын, мысалы олимпиадалық тапсырмалар, олар тек дұрыс орындалса болды – «4» пен «5» қойыла береді және әр тақырып бойынша бірнеше ғана оқушы бағаланады.

Осыған орай, туындайтын мәселе: біріншіден,дұрыс орындалған тапсырмалар, олардың күрделілік дәрежесіне сәйкес бағалану қажет, яғни тапсырманың сапасы өлшенеді (квалиметриялық амал негізінде: квали – сапа, метрия – өлшеу); екіншіден,гуманистік көзқарас (парадигма) аясында оқушының оқу жетістіктері оның тек алған білім сапасымен ғана өлшенбейді. Оқушының білім,біліктілігіжәне оларды күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешуде қолдана білу құзіреттілік дәрежесі өлшенеді. Яғни, оқушының оқу жетістігін әділ бағалау – білім беру саласындағы басты өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Үш деңгейлік тапсырмалар жүйесі стандарт анықтаған мазмұнды ғана қамтиды және оларды орындау барысында оқушылар зерттеушілік әдісті меңгеретін болады, егер тапсырмалар Б.Блум теориясының негізінде іріктелген болса. В.П. Беспалько ұсынған төртінші меңгеру деңгейінің тапсырмаларын оқушылар жоғарыда меңгерген зерттеу әдісін пайдаланып, қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайда өз бетімен орындайды (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, үйірме,факультатив сабақтар мазмұны, т.б.). Олар стандарттан жоғары мазмұнда болғандықтан, өздері бөлек 12 балдық жүйемен бағаланады.

Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұратын «Ашық журналға «+» белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады (1-кесте).

«А Ш Ы Қ Ж У Р Н А Л » 1-кесте

(«+» - класта , «V» - үйде орындалған тапсырмалар)

Оқушылардың

аты-жөні


1- деңгей

Барлығы 5 балл

2- деңгей

Барлығы 4 балл

3- деңгей

Барлығы 3 балл

Сыныпта жинаған балы

Үйде

Барлық балл

Баға

1

2

3

4

5

1

2

3

4

1

2













Батырбеков

+

+

+

+

+

+

+

+

+

v

v

9

3

12

5

Жансейітов

+

+

+

+

+

+

+

+

+

v

v

9

3

12

5

Нұрланұлы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

v

v

9

3

12

5

Дарынды оқушылар барлық пәндерден төртінші шығармашылық деңгейден көрінетін болады. Ал жас дарын терең ойлай білетін,ойлағанын есте сақтай алатын,кең қиялды,ұшқыр ойлы,тұрақты мінезді болып тәрбиеленсе оның шығар шыңы,көтерілер биігі шарықтай бермек.

Осы технология негізінде сабақ жоспарларын және жұмыс дәптерін жасап, жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың қызығушылығы мен икем-дағдыларының және өздеріне деген сенімділік пен жауапкершіліктің жоғарылағанын байқадым.

Және де айтарым «Үшөлшемді оқыту жүйесінде жасалған жұмысымның нәтижесі ретінде 2012 оқу жылы желтоқсан айының 11-12 аралығында өткен «Үшөлшемді оқыту жүйесінің педагогикалық іс-әрекеттері» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда «Үшөлшемді оқыту жүйесі-менің тәжірибемде» тақырыбындағы жұмысым үздік деп танылып, «Алғыс хатпен» марапатталды және жинаққа енді.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» мемлекет саясат ретінде әр баланы қабілетіне қарай, «жеке тұлға» ретінде қалыптастыру мәселесін енгізіп отырғаны белгілі.Елбасының ұзақ мерзімге арналған өркенде,даму,тәуелсіздігімізді баянды ету жоспарын біз тәрбиелеп отырған жасөспірімдер іске асырмақшы.

Еліміздің көркейіп,өркениетті елдердің қатарына қосылуы-бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Ғылым мен техниканың шарықтап дамыған «XX1 ғасыр-ақпараттар заманында» жан-жақты дамыған шығармашыл жастарды тәрбиелеу-бүгінгі күнгі ұстаздар еншісінде.

Жас өркеннің бойындағы ерекше қабілет –дарындылықты анықтау,оның ары қарай дамуына ықпал жасау-өте қиын іс,алайда әр баланың қабілетін анықтап,оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы.

Дарынды жас-елдің болашағы,баға жетпес қазынасы.Болашақта еліміздің тарихын арқалап,болашағын айқындайтын дарынды жастар ғалым болуға талпынып,шығармашылық өрісте ілгері баса отырып,алған білімі мен тапқан жаңалығын елдің мәдениетін,экономикасын өркендетуге,рухын тәрбиелеуге бағыштаса ұстаздардың да мәртебесі асқақтай түспек...



Әдебиеттер

1. Ж.У.Кобдикова«Қазақстанның жаңа үлгідегі

мектебін құруына негіз болатын жоба «Үшөлшемді әдістемелік жүйе(УӘЖ)»

2. Ж.У.Кобдикова «Критериальная система система оценивания в вузахкак средство формировании интеллектуальной нации»

3.Савенков А.И. «Одарённый ребёнок дома и в школе»— М., 1981.

4. Волков И.П. « Много ли в школе талантов»



ОРТА МЕКТЕПТЕ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АКТ ҚОЛДАНУ
Аккожина Р. С. (Ақтөбе)
География сабақтарында оқыту сапасын арттыру проблемасын шешуді ақпараттық және коммуникациялық технологиялар шеше алады. Демек, қандай ұтымды жақтары бар:

  • Ақпараттың жеделділігі: тек ақпараттық технологиялар ғана толық және жаңа ақпараттарды жедел ала алады

  • Ақпаратты сақтау мүмкіндігі. Дидактикалық базаны жинап, сақтауға, көрнекілік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Соңғы кездері география мұғалімдері алдында оқу үрдісін географиялық карталармен жабдықтау мәселесі тұр. Ақпараттық технологиялардың көмегімен біз кез-келген картаны қажетті деңгейде алып, үлкен экранға шығарып, оқу үрдісінде қолдана аламыз.

  • Коммуникациялық (электрондық конференциялар ұйымдастыруға, жобалық қызметпен айналысуға, әдістемелік бірлестіктерге қатысуға мүмкіндік береді).

Технологияның бұл қасиеттері педагогикалық қызметтің жаңа түрлерін қолдануға септігін тигізеді:

  • Электрондық оқулықтар

  • Презентациялар

Компьютерлік технология қазіргі компьютерлердің теңдессіз мүмкіндіктерімен ерекшеленетін бағдарламалық оқытуды дамытып, оқытудың мүлдем жаңа, әлі толық зерттеліп үлгермеген технологиялық нұсқаларын ашады.

География сабақтарында АКТ қолдану бірқатар басымдықтар береді:



  • Біріншіден, ол уақыт үнемдейді.

  • Екіншіден, оқушылар білімін жан-жақты және кешенді тексеруге мүмкіндік береді.

  • Үшіншіден, оқуды ынталандыруды көтеру, оқушылылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

  • Төртіншіден, әр оқушы компьютерде жұмыс жасай отырып, өз жұмысының жылдамдығын таңдайды, біреулері тез қабылдаса, басқалары бірнеше рет қайталағанды ұнатады. Оқушының компьютермен қарым-қатынасы дербес болады.

География сабақтарында компьютерді қолданудың басқа да басымдықтарын атауға болады.

Сабақтарда АКТ қолдануды басқа заманауи технологиялардың орнына емес, олармен қатар қолдану қажет.

Өз сабақтарымда мен түрлі табиғи көріністердің динамикасын көруге мүмкіндік беретін анимациялар қолданамын. Олар техникалық тұрғыда өте қарапайым – сіз бастапқы слайдты жасайсыз, сонан соң, оны көшіріп отыру арқылы ондағы модельдің тұрпатын өзгертіп отырасыз, сонда тез көрсету кезінде сізде анимация пайда болады. Әрине күрделі анимацияларды қолдануға болады, бірақ та, ол күрделі үдерісті талап етіп, көп уақыт алады, ал, егер де, нысандардың қимылы күрделі болмаса – олар тез және анимация тарауында орындалады.

Менің сабақтарымда бейнероликтер басты рөл атқарады. Географияны оқуда бейнероликтерді қолдану ыңғайлы – ғаламшардың қайсыбір бөлігін немесе географиялық құбылыстарды тек оқып қана қоймай көзбен көруге мүмкіндік туады. Бейнероликтерді дербес фильмдер ретінде немесе презентацияларға қойып көруге болады – бұл қиын емес, файлдағы фильмді кірістіріп қоясыз.

Презентацияларда мен үстінен басып түрлі әрекетер жасауға болатын триггер-тетіктерді пайдаланамын. Мысалы, сіз сабақтың басында немесе аяғында түсіп қалған әріптерін қойып, бір мәтінді оқуды немесе жазуды ұсынасыз. Бұл кез-келген түсініктің, үрдістің т.б. сипаттамасы болуы мүмкін.

Презентация білімді тексеруді ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді – тапсырманы орындағаннан кейін дұрыс жауаптарын беріп, орындалу деңгейін бағалауға болады.

География кабинетін көрнекіліксіз елестету мүмкін емес. Олардың ішінде басты орынды карталар алады. Сондықтан да, менің сабақтарымда үлкен рөлді интерактивті карталар алады.

Адам өмірінде көп кездесетін ақпараттар үлесін кеңістіктік ақпараттар алады. Бұл жалпы географиялық, топографиялық, тақырыптық карталар, сондай-ақ, басқа картографиялық материалдар: атластар, аэроғаламдық суреттер, қалалардың, үйлердің және пәтерлердің жоспарлары мен схемалары, қозғалыстар маршруттары, ауа-райы жөнінде мәліметтер т.б.. Мұның бәрін география мұғалімі оқушылардың картографиялық құзыреттілігін қалыптастыру үшін қолданады. Қазіргі сабақты өткізуге қажетті картографиялық материалдар өте көп. Кез-келген мұғалімде оны сақтау проблемасы болады. Сондай-ақ 45 минуттық сабақта бірнеше картаны пайдалану, оны өзгертіп отыру уақыт алады. Бұл проблеманы қалай шешуге болады. Сабақты қалай танымды, толық, дамытушылықты өткізуге болады? Міне, осы арада замануи географиялық ақпараттар көздері – цифрлық карталар көмекке келе алады. Цифрлық карта – картаның арнайы құралдар арқылы цифрлау жолымен құрылған географиялық ақпараттың электрондық нұсқаға енгізілген цифрлық мүсіні.

Интерактивті картаны қолдану тәжірибесі оқытудың бұл түрінің баға жетпес басымдықтарын, әсіресе көп көрнекіліктерді қолдануды талап ететін материалды оқу кезіндегі басымдықтарын айқындап берді.

Электрондық карталармен жұмыс жасаудың негізгі үш түрі бар:



  1. Картаның қатпарларымен жұмыс жасау;

  2. Қосымша материалмен жұмыс жасау;

  3. Бағдарламаның қосымша мүмкіндіктерін пайдалану (суреттер, жазулар орындау).


Оқыту үрдісінде интерактивті карталарды пайдаланудың басымдықтары:

  • Оқушылардың назарын оқу материалының негізгі бөліктеріне шоғырландырады;

  • Ауызша түсіндіретін материалдың иллюстрация бейнелерімен, схемалармен, карталармен, кестелермен, диаграммалармен көрнекілікті және қазіргі мультимедиялық технологияны қолдану арқылы шынайы ете алады;

  • Интерактивті картаны қолдану сабақтан тыс қызметте өзіндік жұмысқа, қосымша сабақтарға, үй тапсырмасын орындауға қолдану;

  • сабақ барысында интерактивті режимде білімді тексеруге, тірек схемаларын құруға, салыстырмалар жүргізуге т.б.;

  • ақпаратты берудің түрлі тәсілдерін – сандарды, мәтінді, бейнелерді бір мезгілде беруге мүмкіндік береді.


География сабақтарында интерактивті карталарды пайдалану маған:

  • сабақтарда түрлі кеңістіктік модельдерді – цифрлық карталарды, цифрлық суреттерді пайдалануға;

  • экранда географиялық нысандар мен құбылыстарды нақтылау немесе өзгерту мақсатында картографиялық бейнелер масштабын жедел өзгертуге;

  • бір тақырыптық қабаттарды, сондай-ақ, жалпыгеографиялық, физикалық карталарды басқаларына кіріктіруге;

  • бірнеше цифрлық карталарды соның ішінде практикалық жұмыстарға қажет контурлық карталарды дайындауға мүмкіндік береді.

Сонымен, география сабақтарында ақпараттық компьютерлік технологияны қолдану маған оқу материалын игертуді жеңілдетіп қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жаңа мүмкіндік берді:

- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға;

- танымдық қызметін белсендіруге;

- оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамытуға;

- белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға;

- оқушыларға пәнді тереңдетіп оқуға және де, қарапайым дағдылар мен білікті қалыптастыруға мүмкіндік бере отырып, сабақ үрдісін дербестендіруге;

- оқушыларға тапсырманы тақтадан көшірмей, өз бетінше жасату жолымен өз бетімен жұмыс жасауын дамыту;

- оқу үрдісіндегі көрнекіліктердің сапасын көтеруге (презентациялар, бейнефильмдер көріністері, сирек кездесетін суреттер, графикалар т.б.);

- география пәнінің басқа пәндермен пәнаралық қатынасын іске асыруға.

Пәндерді оқытуда АКТ-ны кеңінен қолдану «өсірумен оқыту» қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді, сонда кез-келген пәннің балалардың сүйікті пәні болуына мүмкіндігі бар.



МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Алиева Г.А. (Ақтөбе)
Қазіргі ақпараттық қоғам білім беру мекемелерінің барлық түрінің алдына мектеп түлегінің қабілетті болып шығуы талабын қойып отыр:

  • өзгермелі өмір жағдаяттарына тез бейімделе алатын;

  • өз бетінше сын тұрғысынан ойлай алатын;

  • ақпараттармен сауатты жұмыс жасай білетін;

  • коммуникабелді, әр түрлі әлеуметтіктоптармен қиындықсыз байланысқа түсе алатын, өзіндік құндылықтарын дамыту үшін дербес жұмыстанатын, зияткерлі, мәдени деңгейге сай.

Бұл шарттардың шешімін табуда, оқу табыстылығын арттыруда білім әлемінде кеңінен қолданылып жүрген технологиялар, атап айтсақ, ақпараттық технологиялар да кеңінен зерттелуде.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар көмегімен педагогикалық технологиялардың жүзеге асырылу саласын зерттеуші ғалымдар (К.Г.Кречетников, И.В.Роберт, Н.В.Софронова) мынадай дидактикалық принциптерді белгілейді:



  • адаптивтілік принципі;

  • интербелсенділік принципі;

  • индивидуалдық принципі.

Адаптивтілік принципі оқу материалының күрделілігіне, көлеміне және мазмұнына қарай сұрыпталуы түрлі деңгейлерде (базалық және кәсіптік) жүзеге асырылуы үшін қажетті.

Интербелсенділік принципікомпьютер мен оны тұтынушының белсенді әрекетінде көрінеді, оқушының белсенділігін болжалдайды.

Индивидуалдық принципі берілген оқу материалын есте сақтаудың беріктілігін арттыра отырып, тапсырманы орындау және нәтижені тексеруді қамтамасыз ету есебімен өз бетінше жұмыстануы үшін жағдай жасайды.

Математика сабақтарында аталмыш принциптерді ақпараттық коммуникациялық технологиялармен үндестіре қолдану мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:

Білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін кешенді шешімін табады;


  • Әрбір оқушының қабілетін, мотивациясын, сабаққа даярлық деңгейін есепке ала отырып, нақты тапсырма береді;

  • Оқу әрекетін белсендендіретін түрлі электрондық құралдарды қолдану;

  • Мұғалімді ақпараттық, машықтық және бақылаушылық қызметтен ішінара босатады;

  • Оқушының білімді дербес меңгеруі дағдысын қалыптастырады;

  • Көрнекіліктің барлық түрлерін кіріктіру есебімен оқу мотивациясын жағымды ынталандырады.

Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану оқулықтың көрсете алмайтын мүмкіндіктері ұсынады; сабақта компьютер оқушының жеке ерекшеліктерін айқындай отырып, дербес дамуға жағдай жасайтын құрал болып табылады.

Компьютерлік технологияларды қолданудағы маңызды мақсат адамның зияткерлік мүмкіндіктерін кеңейту, екінші жағынан ақпаратты қолдану біліктілігін арттыру.

Компьютерлік технологияларды пайдалану оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертеді: оқытудың ұйымдастырушылық формасы мен жаңа әдістері көрініс береді.

Орта мектеп курсында математика пәні күрделі сабақтардың бірі болып табылады. сондықтан оқытудың барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін бір-бірімен сәйкес келетін, бір-бірімен үндестіктегі әдістер мен технологияларды таңдап алу қажет.

Оқу үдерісі ақпарат алмасусыз мүмкін болмайтындықтан, барлық педагогикалық технологиялар өз табиғатында ақпараттық болып табылады. Бүгінде «ақпараттық технология» ұғымы электронды құрал-жабдықтар көмегімен пайдаланалатан және қолданылатын өңдеу және жинақтау процесі деп түсіндірілуде.

Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану адам физиологиясына да сүйенеді. Ғалымдар адамның есінде естіген ақпараттың 1/4 бөлігі сақталатындығын, көру қабілеті 1/3 бөлікті қамтыса, ақпараттың 1/2 бөлігі көру және есту арқылы, егер оқушы оқу процесіне белсенді қатысып отыратын болса, 3/4 бөлігі қабылданатынын дәлелдеген.

Компьютердің мүмкіндігі қосымша қосымша технологияларды: бағдарламалық өнімдерді, Интернетті, желілік және демонстрациялық құрал-жабдықтарды өзіне бейімдеу барысында ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың материалды базасын құрайды.

Ақпараттық технологияларды математика сабағының түрлі кезеңдерінде қолдануға болады:

— мұғалімнің қатысымынсыз өз бетінше оқу;

— ішінара алмастыру (фрагменттік, қосымша ақпаратты сұрыптап пайдалану);

—тренингтік (машықтық) қолдану бағдарламалары;

— диагностикалық және бақылаушы ақпараттарды пайдалану;

— өз бетінше үй тапсырмасын және шығармашылық тапсырмаларды орындау;

— графиктерді құруда есептеуде компьтер көмегіне жүгіну;

— зертханалық жұмыстар мен тәжірибені имитациялайтын бағдарламалармен жұмыс жасау;

— қызғылықты ойын бағдарламаларын пайдалану;

— ақпараттық-анықтамалық бағдарламаларды тұтыну.

Адамның өсмірінде ойлаудың көрнекі-бейнелік компоненттері маңызды роль атқаратын болса, ақпаратты зерделеуде ақпараттық комуникациялық технологияларды оқытуда қолдану оқу табыстылығын арттырады:

— графика мен мультипликация оқушыларға күрделі математикалық логикалыққұрылымды оңай түсінуді қамтамасыз етеді;

— оқушылар дисплей экранында түрлі объектілерді зерделеуге, олардың қимыл-қозғалыстарын басқаруға, түстерін өзгертумүмкіндігіне ие болады.

Компьютерді оқытудың барлық кезеңдерінде қролануға болады: жаңа білімді түсіндіру, қайталау, бақылау. Бұл жағдайда ол оқушы үшін мұғалімнің, жұмысшы құралының, оқыту объектісінің, ұжымдық жұмыс секілді әр түрлі функцияларды орындайды.

Компьютер оқу мотивациясын оқушының компьютермен белсенді диалогы жолымен күшейтуге мүмкіндік береді, әр түрлі және бояулы ақпараттар (мәтін+дыбыс+видео+түс), оқудың табыстылыққа бағдарлануы жолымен (қажетті көмекке жүгіне отырып, кез келген тапсырманың шешімін табуға жеткізу).

Ақпараттық технологиялар өз компоненттеріне сәйкестікте белгіллі бір ортамен сипатталады:


  • Техникалық орта (негізгі тапсырмалардың шешімін табудағы қолданылатын техника түрі);

  • Бағдарламалық орта (бағдарламалық орталар жиынтығы);

  • Пәндік орта (ғылым, техника, білімнің нақты пәндік саласының мазмұны);

  • Әдістемелік орта (нұсқаулық, пайдалану ережесі, нәтижені бағалау және басқалары).

Жоғарыда аталғандардан математика пәнін оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану бірінші кезекте мұғалімнің жоғары дәрежелі дайындықты талап етеді.

Математика сабақтарындағы ақпараттық технологиялар мұғалім жұмысын барынша өнімді ете отырып, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағыталады.

Сонымен қорыта келе, математика сабағында компьютерлік технологияларды пайдалану уақытты үнемдейді, мотивацияны артырады; білімді бақылауды жан-жақты және кешенді тексеруге мүмкіндік береді; сабаққа, пәнге деген қызығушылықты күшейтіп, меңгерілуі тиіс ақпаратты көрнекі түрде ұсынады.

Әдебиеттер


  1. Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб.пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001. С. 26.

  2. Введение в педагогическую деятельность: Учеб.пособие для студ. высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.

  3. Нургалиева Г. К., Тажигулова А. И., и др. Педагогические технологиии информатизации образования. Алматы: РЦИО. 2002, -269 с.



ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алмағанбетова К.Қ. (Ақтөбе)
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді баршаға игерту күн тәртібіндегі өзектілікке айналып отырған кезеңінде аталмыш мәселенің шешімі ретінде білім саласының қарыштап дамуы еліміздің білім беру жүйесінде мемлекеттік тлді оқытуып үйретуі дүниежүзілік стандарттық үлгіге жақындастыруды және оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруді міндееттейді. Бұғанреспубликамыздағы білім жүйесіндегі оң өзгерістер мен жаңалықтар қазақ тілін оқыту мәселесінде жаңа қырынан дамытуды қажет етіп отырғандығы баршаға белгілі.

Жоғары білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізілуде. Бұған Қазақстан республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында аталған Лиссабон конвенциясы мен жоғары білім саласымен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясы мен Болон конвеннциясының айқын дәлелі ретінде келтіруге болады.

Бүгінгі күнде мемлекетімідің білім беру жүйесінде қанат жайып кеңінен қолданыс тауып отырған технологияның бірі – қашықтан оқыту технологиясы. Соңғы жылдарда телекоммуникациялық технологиялардың айтарлықтай өріс алуына байланысты оқыту үрдісінде компьютерді қолдану маңызы зор екендігі белгілі. Бүкіләлемдік ғаламторлық байланысы қашықтан білім беру жүйесінің дамуына түрткі болып отыр. Ғылым мен техниканың дамуы білімді ақпараттандыру үдерісін жетілдіруді талап етеді.

Қоғамның ақпараттандырылуы болашақ мамандардан жаңа ақпараттық құралдарды барлық салада қолданылуын талап етеді. Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту:



  • Мемлекеттік тілді оқытудың ғылыми-теориялық, әдістемелік жағының

жоғары болуына;

  • Студенттің кәсіби құзыреттілігінің жетілуіне,

  • уақыт үнемдеуге;

  • кез келген аймақта тыңдаушыларға білім алуға көмектеседі.

Қазақ тілін қашықтан меңгерту мынадай технологияларды меңгерту арқылы жүзеге асырылады:

  • ақпараттық технология;

  • кейс технологиячсы;

  • желілік технология;

  • теледидар технологиясы.

Мемлекеттік тілді қашықтан оқыту гипертілдегі жаттығу тапсырмалар; аудио-бейне таспалар; бейнефильимдер; компьютерлер; теледидарлық телеоқулар; электронды оқулықтар, тест тапсырмалары; интернет жүйесі; телефон т.б. құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады.

К.Ж.Шабденова өз еңбегінде оқу сатыларын игерту үшін топтастыру, тығыз байланыс, кейс, кәсіби даярлық немесе қайта даярлау нұсқаларын береді.

Топтастыру нұсқасы. Қашықтан оқыту жүйесінің мөлшері және алуан түрлі тәсілдері, көпқырлы нысандарды зерттеу, дәл бағдарлау үшін топтастыруды қажет етеді. Топтастыру – жалпы сызба нұсқасының формасы бойынша ұсынылатын; олардың арасындағы байланыстарды белгілейтін құрал ретінде пайдаланылатын; нысандардың көпқырлылығын бағдарлауға арналған нысандар жүйесі.

Тығыз байланыс нұсқасы. Студенттер қашықтан оқыту кезінде педагог кадрлардың жетіспеушілік проблемаларын сезінбейді, себебі қашықтан оқыту әдістемесі бұл жағдайды бәсеңдетеді. Қашықтан оқыту кезінде студенттер тьюторлармен жүзбе жүз кездесуді мүмкін болса аптасына бір рет өткізген жөн. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өз бетінше оқып білім алуы барысында тьютормен телефон, телефакс, электронды пошта және байланыстың басқа да құралдары көмегімен кеңес ала алады.

Кейс нұсқасы. Студенттерге оқу материалдары бар кейс тапсырылады және кіріспе сабағы өткізіледі. Студенттер өзінің жұмыс тобымен, тьютор, сабақты ұйымдастыру жоспарымен және оқытушының әдістемесімен танысады. Содан кейін қашық аудандардағы студенттерге СД дискілеріне, аудио кассеталарына жазып, жұмыстың үлгілерін жіберуге болады, сондай-ақ арнайы жүйемен барлық оқу материалдары бар материалдарды интернет беттеріне салып ұсынуға болады.

Кәсіби даярлық немесе қайта даярлық нұсқасы. Оқыту курсында студент үш немесе бес жазбаша тапсырма орындауы мүмкін. Студент тьюторға телефон арқылы тіпті тікелей кездесіп, ақыл-кеңес алуына болады. Сөйтіп тұрақты байланыс жасауды қамтамасыз етеді. Бұл оқу барысында туындаған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Курс соңында студенттер өздерінің білім деңгейін ретке келтіру, топтық жұмыстың практикалық дағдыларын дамыту, тәжірибе алмасу және іскерлік байланысты орнықтыру үшін көшпелі жексенбілік мектепті ұйымдастыруларына болады.

Л.Керимов, А.Алиева т.б. қазақстандық ғалымдар мынадай төрт түрлі моделді ұсынады: кейс технологиялық модел, корреспондеттік оқыту, радиотелевизиялық модел, желілік оқыту. Қазақ тілі сабағында іс-қағаздарды қашықтан оқытудың ұтымды модельдерді сұраптауды:


  1. кейс технологиялық модель;

  2. корреспоноденттік модель;

  3. желілік оқыту моделі;

  4. іскерлік ойындар моделі.

Кейс технологиялық модель бойынша мемлекеттік тілде іс-қағаздар пәнінен кешенді оқу материалдары әзірленеді. Мұндай оқыту кезінде жекелеген нысандарды жинақтауды көздеген жалқыдан жалпыға келу әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс оқытуды белгілі бір тәртіппен жүргізуге, жүйелі оқытуға игі ықпал етеді. Кейс құрамына пәнге қатысты төмендегілей материалдар жинақталады:

  • оқу бағдарламасы;

  • қарапайым және мультимедиялық оқыту бағдарламалары;

  • оқу құралдары;

  • аудио кассеталар;

  • бейне таспалар;

  • жұмыс дәптерлері;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспар кестесі, нұсқаулықтар;

  • практикалық сабақтарға арналған сұрақтар;

  • курсты оқытып үйренудің әдістемелік нұсқаулары;

  • әдебиеттер тізімі;

  • тестілік сұрақтар.

Корреспоноденттік модель. Студент қазақ тілі саласын, оқыту деңгейін, қарқынын өз бетінше таңдап алады. Студент білімін бағалауды журнал, жұмыстық дәптер түрінде зерделумен өзін байқап көреді. Оқытудың мүмкіндік қарқыны баяу, қалыпты және шапшаңдатылған болып бөлінеді. Журнал нұсқаулары, оқу материалдары, бақылау тапсырмалары аудио кассеталардың жинақтамаларынан тұратын дидактикалық материалдарды қамтиды.

Желілік оқыту моделі. Жоғарыда келтірілген моделдердің ішінен желілік оқыту интернет желісін қолдануға негізделгендіктен, кез келген жоғары оқу орындары үшін оны қашықтан оқыту жүйесінің моделі ретінде таңдау тиімді болып саналады.

Іскерлік ойындар моделі. Студенттің оқу-танымдық жұмысының негізгі формасы дидактикалық материалдармен өз бетінше жұмыс жасау. Сонымен бірге оқытудың тиіміділігін арттыру үшін іскерлік ойындар, топтық пікірсайыстары кең пайдалынылады. Өз бетінше орындалатын тапсырмалар студенттің ойлау қабілетін жетілдіруге, өз саласының құжаттарын жете меңгеруге көмегін тигізеді.

Тілдік оқыту барысында болашақ мамандардың сана - сезіміне әсер етіп, тілдің қажеттілігін оның әр саласының маңыздылығын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру қажет. Студент психологиялық тұлғасы оның әлеуметтің толыққанды мүшесі бола алуын танытады. Әлеуметтік орны бар білім алуы үшін психиканың дұрыс дамуына мүмкіндік беру – мемлекеттік тілді меңгеруге жүктелген міндет. Болашақ мамандарға мемлекеттік тілді игертудегі басты талап - олардың іскерлік қабілеттіліктерін дамытуды қалыптастыру.

Мемлекеттік тілді қашықтан оқыту арқылы болашақ мамандардың тіл ерекшеліктерін игертуде оның жеке тұлғасын дамыту – тьюторлардың алдында тұрған басты міндеті. Өйткені, қай пәнді болмасын қашықтан оқытуда болашақ мамандардың психологиясы қазіргі отандық дәстүрлі оқытуда студент психологиясынан әлдеқайда жоғары дәрежеде қалыптасқандығын отандық ғалымдар өз еңбектерінде қарастырып келеді. Себебі студент жолдастарынан көмек күтпей, сабаққа өз бетінше белсенді араласады, ал бұл жағдайда студенттің өзіне деген жауапкершілік сезімі артып, өзіне деген сенімі дамиды.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, қашықтан оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Ол әдістердің негізгі функциясы болжамдық болып есептеледі. Негізгі қызметі жобалау, себебі жоғары білікті мамандарды даярлауда жалпы мақсатты жәненәтижелерді, негізгі кезеңдерді білім, тәрбие процеснің тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын жоспарлау. Әсіресе, үйрету технологиясының қарастырылған үйрену мен дағдылану әрекеттерін қарастыру әр сабақта қолданылады.

Сонымен қатар қазіргі уақытта әлеуметтік сұраныс жоғары оқу орындарының студенттеріне мемлекеттік тілді оқытып үйретудің кәсіби бағдарлы қатысын жағымды күшейту. Оның ұлтаралық қатысым құралына айналдыру басты мақсат деп қойылып отыр. Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылып, оның маңызы күн өткен сайын арта түсуде.

Әдебиеттер


  1. Жарықбаев Қ.Б.Ұстаздық еткен жалықпас. –Алматы, 2004.

  2. Аукбакирова Л. Жаңашылдық заңдылықтары, Қазақсстан мектебі, 2010

  3. Әбілқайов Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемелік құралы, 1998.

  4. Артықова Т.М. Педагогические условия формирование учебное языковой среды при обучении государственному языку. Алматы, 2013



ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Аяпова А. Ш.(Ақтөбе)
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында».Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту – білім берудің бір бөлігі.

Білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Технология термині гректің techne – шеберлік, өнер, logos- ұғым, ілім деген мағынасын білдіреді. Бұл ұғым XIX ғасырда пайда болған. Осы заманғы техникалық сызба: идея = > жоба = > шикізат = > үрдіс = > өнім.

Педагогикалық технология 1970 жылдан бастап пайдалана бастады. Технология ұғымы мен әдістеме ұғымы жақын. Бірақ әдістеме ұғымы технология ұғымына қарағанда кең. Ол ұғымға тиімді және қажетті жұмысты кіргізу кіреді.



Қазіргі кезде мемлекет алдында білімді, іскер, білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін орта буын мамандарды тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты білім беру жүйесінің жаңаруы заман талабына айналып отыр. Ал оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда оқыту технологияларының маңызы зор.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:

  • Интерактивті тақта;

  • Мультимедия;

  • Ғаламтор кеңістігі;

  • Электронды оқулық.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану кезінде оқушылар түсіну үрдісіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Мұғалім дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:

  • Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

  • Ақыл-ойын дамытады;

  • Ойын ұтымды жеткізе білуіне ықпал етеді;

  • Тіл байлығын жетілдіреді;

  • Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

  • Шығармашылық белсенділігін арттырады;

  • Жан-жақты ізденушілігін арттырады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың мәні ерекше.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты:

  • Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру;

  • Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану;

  • Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. [2]

Ақпараттық технологияны оқу үрдісіне енгізу білім беруді әлемдік деңгейге жақындатуға мүмкіндік береді. Студенттердің дербестігі, танымдық белсенділігі артады, оқытушының рөлі өзгеріп, ұйымдастырушы, басшы қалыбынан кеңесші деңгейіне дейін өседі. Бұл ретте оқытушы мен студент жаңаша тұрғыдағы қарым-қатынасының сипатын былайша сипаттауға болады:

  • студенттердің дербестігі артады, олар өз жұмыстарының мазмұнын компьютерлік техника арқылы өздігінен түзетуге мүмкіндік алады;

  • студенттердің теориялық білімі және практикалық дағды-біліктері нақты анықталады;

  • студенттерде өздігінен іздену, ақпарат көздерін іріктеу, қажетті материалдарды тауып, тиімді қолдану дағдылары қалыптасады;

  • студенттердің өзіне, өз қабілетіне деген сенімі артады, даралық жеке басын бағалау сапасы қалыптасады;

  • студент өзін-өзі басқаратын, тексеретін, өзін-өзі бағалайтын деңгейге көтеріледі[1].

Студентке білімді дайын күйінде бермей, білімді өзі алатындай біліктермен қаруландыру қажет.


Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын ақпараттық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.



Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану, студенттің өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Міне, осындай тиімді жақтарын біз айта отырып, іс-жүзінде пайдалануымыз керек. Студенттің сабаққа деген құштарлығы одан сайын артып, келесі сабақты асыға күтетіні сөзсіз. Қазіргі заман талабына сай боламыз десек, ақпарттық технологияларды жетік меңгергеніміз жөн болмақ.



Әдебиеттер

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет