ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет44/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56

Әдебиеттер

  1. Білім заңы. Алматы, 2010 ж.

  2. Орта мектеп жаршысы. Республикалық оқу-әдістеме журналы, № 2, 3, 2011



ҚАЗІГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Таскинбаева А.Х.(Ақтөбе)
Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуын білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс. Яғни, біз өмір сүріп отыған әлем – жаңару үстіндегі ақпараттық ілімдік орта. Олай болса, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үйлесуі білім беру үдерісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгеріп, қазіргі мамандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.

Білім беру жүйесінің басты мақсаты – білім алушының оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқытуды пайдалануға болады, сонда педагог өзі білетін, өзі жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Сондай-ақ, оқушы өзіне қажетті оқу материалдарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялары арқылы іздеп таба отырып, толықтыра алады.Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену үдерісін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Білімді ақпараттану үдерісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кəсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді.

Педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқыту пікірталастыру, топтық жұмыс, рефлексияны, жаттығуларымен және әрекеттер жоспарымен жекеленген жұмысты біріктіре қамтиды. Бұл формалардың барлығы пән мұғалімі ретінде еңбегіңіздің тиімділігін арттыруға көмектесуді көздейді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үдерісінде үйлестіру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Олай болса, педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестірудің ерекшелігі мыналар болып табылмақ:

- жаңа ақпарат беру;

- заманауи технологияны меңгерту;

- іздендіру;

- өз бетімен жұмыстарды орындату;

- ой-қиялын, сынай ойлауын дамыту;

- іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;

- қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру;

- топпен жұмыс істеуді үйрету және т.б.

Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.

Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.

Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.

Мұғалім қызметінде компьютер:

- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады);

- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы жаңа деңгейде);

- дербес ақпараттық кеңістік;

- тренажер;

- диагностика және бақылау құралдары.

Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Әдебиеттер

1. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. Вестник КазНПУ им.Абая, Алматы, №2(13), 2005г., 161-165б.

2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуындағы ашық қашықтан білім берудің келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы, Алматы, 2009ж., 21-22 қазан

3. Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб.



АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Темиргалиева Р. (Ақтөбе)
Қазіргі кезде ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту сапалы білім берудің бір бөлігі. Сонымен қатар, білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Ал, мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу. Соңғы жылдары ақпараттық - коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қазіргі таңда барлық мектептер компьютермен, компьютерлік құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім.

Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.



Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық -коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық — бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

Сабақта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп: физикадан, химиядан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электрондық оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл оқушылар білімін бақылауда және оқушының үлкен ізденісін туғызады. Электрондық оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландырады. Сабақ сапасы артады. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімді жақтары оқытушының жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруі, оқушының пәнге қызығушылығының артуы, нәтижеге бағытталған білім дағдысының қалыптасуы. Электрондық оқулықтарды оқушы сабақтан тыс уақытта да пайдалануға мүмкіндігі бар. Жоғары оқу орындарына оқуға талапкер оқушылар электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша толық ақпарат алып, өз білімін тексере алады. Ал білім сынақтарына, түрлі пәндік білім олимпиадасына қатысушы оқушылар өз бетінше білім қорын молайтуға, есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Электрондық оқулық көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізу оқушылардың зертханалық құрал – жабдықтарды қолымен ұстап көрмесе де, визуальді түрде сол құрал – жабдықты пайдаланып зертханалық жұмыс жүргізуге қол жеткізеді.

Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру және сезу болып табылады. Оқушы қабылдайтын мәліметтің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы өзінің жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Олай болса, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі «ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры». Н.Ә.Назарбаев

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Тлембаева А. Б., Мухамбеткалиева. М. М., (Ақтөбе)
Қазіргі кезде білім беруде биологияны оқыту кезеңінде оқушылардың қоршаған ортаны ғылыми танудың дәстүрлі әдістеріне ерекше көңіл бөлінеді: балаларға төмен танымдық белсенділігімен қызықсыз болып көрінетін теориялық және эксперименталдық. Қазіргі балалар ақпарат алу үшін кітаптарға көп үңілмейді, оны компьютерден алады. Биология курсында ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың төмен ынталануының өзінде білім сапасы деңгейін көтереді. Оқытудағы мультимедиялық технологияны қолданудың ерекше қасиеті қызметтің жаңалығының, компьютермен жұмысқа қызығушылықтың арқасында оқыту сапасын көтереді.

Биология сабақтарында компьютерді қолдану сабақты көрнекі және қызықты етіп, оқушылардың саналы және белсенді қызметінің жаңа әдісі бола алады. Компьютерді қолдану сабақтары мұғалімді алмастырмайды, керісінше оқушымен қарым-қатынасты мазмұнды, дербес және өнімді етеді.

Педагогикалық бағдарламалық құралдар жинағы білім алушыларға ауқымды ақпарат ағымын жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнда оқушыларда көріп есте сақтау қабілеті дамып, материалды жекелеп беру арқылы маңызды нысандарға көңіл бөлінеді. Жұмыс барысында бірнеше компоненттерді үйлестірген ақпараттық технологияның басымдығы қолданылады: мәтінді, суретті, анимацияны, дыбыстық ілестіруді және т.б.

Биология сабақтарында материалды берудің тиімді түрлеріне мультимедиялық презентацияларды жатқызуға болады. Мультимедиялық презентацияларды сабақтың және тақырыптың барлық кезеңінде қолдануға болады. Презентация мұғалімге шығармашылығын, тұлғалығын көрсетуге, сабақ өткізудің қарабайыр түрінен ауытқуға мүмкіндік береді. Бұл оқу материалын алгоритмдік тәртіпте құрылымданған толық ақпаратты тірек образдарының жүйесі ретінде ұсынуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда оқушылардың барлық қабылдау қабілеттері іске қосылады, ақпаратты фотографиялық түрде сақтаумен қатар, оқушылар санасында тұрақты қалады. Ақпаратты бұлай берудің мақсаты – оқушыларда ойтұлғалардың қалыптасуы. Оқу материалын мультимедиялық презентациялар түрінде беру оқу уақытын үнемдейді, оқушылар денсаулығы қорын тоздырмайды. Мұнымен қатар олар принтер болған жағдайда көшірмеге айналады.

Мектеп жасында оқушылардың жарысқа қажеттілігі, материалды терең меңгеруге, жаңаны білуге құмарлығы артады. Бұл оқу сабағының аясына сыймайтын әдіс, тәсілдерді талап етіп, тек сабақта ғана шешілмейтін міндеттер. Бұған ақпараттық технологиялармен үйлескен білімді үнемі жетілдіріп отыруға, оның өзі толықтырып және практикада қолдануға әкелетін кластан тыс жұмыс түрі жатады.

Компьютерді сабақ үрдісінде қолдану ақпараттар базасында қажетті дидактикалық материалды жинақтауға мүмкіндік береді: бақылау, емтихандық, өзіндік жұмыстарының нұсқалары, бланктік нұсқадағы жаттығулар мен тестілер. Оргтехниканы қолдану оқушыларға жеке тапсырмаларды таңдауды жеңілдетеді, оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету қажеттілігін шешеді.

Соңғы кездері мектеп біліміне Ғаламаторды жаппай енгізу үрдісі байқалады. Барлық пәндер бойынша, соның ішінде биологиядан ақпараттық қорлар саны көбеюде. Ғаламтор мұғалімнің өзін-өзі оқытуына, сабаққа дайындық барысында бай қорларын пайдалануына үлкен көмегін тигізеді. Соның ішінде ағылшын тілді сайттарды жиі пайдаланып, сақтап, ондағы өте қызықты иллюстрацияларды мультимедиалық презентациялар дайындау кезінде қолдануға болады.

Сонымен, биология сабақтарында АКТ-мен келесі жұмыс түрлерін қолдануға болады:

- сабақтарда жаңа материалды оқу кезіндегі презентациялар;

- электрондық оқулықтардағы кейбір фрагменттерді жаңа материал оқу кезінде қосу;

- практикалық жұмыстарды жүргізу;

- ҰБТ дайындық кезінде

- түрлі деңгейдегі бақылау жұмыстарын, тестілерді жасақтау;

- класты безендіру кезінде көрнекі құралдар жасау

АКТ қолданып жақсы сабақ өткізу үшін:

- осындай техникамен жабдықталған заманауи химия және биология кабинеті;

- әр сабаққа дайындық кезінде әрбір мұғалімнің үйінде және жұмыс орнында дербес комптютері болуы;

- әрине, ең бастысы мұғалімнің өз ниеті болуы қажет. Мұндай сабақтарға дайындық көп уақытты, ақпаратты жүйелеуді және безендіруді талап етеді.



Ең бірінші кезең – экранға қарапайым кестелер мен көрнекі құралдарды шығару.

Бүгінгі күні оқулықтан суретті сканерлеу міндетті емес. Оқу дискілерінің алуан түрі бар.

Бүгінгі күні оқу орындарында оқу құралдарының медиатекасы құрылған. Оның ішінде биология пәнінен де бар. Бір дискінің өзі көптеген кестелер жиынтығын алмастыра алады. Егер де суреттер аз немес жеткіліксіз болса, оны ғаламтордан табуға тырысу керек.

Екінші кезең – бұл презентациялар жасау, мұнда әрбір слайд сабақтың түрлі кезеңдеріне нақты сәйкес келеді. Презентацияға тек статистикалық суреттерден басқа сабақтың мақсаты мен міндетіне сәйкес анимация, кадр сыртындағы дауысты кірістіруге болады. Оқу фильмдерінен фрагменттер енгізу өте маңызды.

Келесі кезең – өте күрделілердің бірі, тақта қарапайым экран емес, интерактивті тақта болады. Бұл білім алушы тақтаның интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалану кезінде түрлі тапсырмалар мен оқушы білімін тексерудің түрлі нұсқаларын ойластыру.

Сондай-ақ, бүгінгі күні іске асырылуы күрделі кезең – бұл компьютерлік тестілеу.

Бұл мектепте АКТ қолданудың алуан түрінің бір қыры. АКТ қолдану қазір оқу үрдісіне дендеп еніп келеді. Дегенмен, мұның көптеген пайдалы жақтарымен қатар, зияны да бар. Ең бастысы, білім алушы дәстүрлі оқудан алыстап, кітапты пайдаланбай кетуі мүмкін. Көзбен көрген ақпараттар легі шоғырланып, кейбір оқу арқылы есте сақтау қабілеті бар оқушылар тоқырауға ұшырап, сабақты қабылдауы төмендейді. Бұл әлі де зерттеп, сабақта АКТ қолдану уақытының мөлшерін анықтауды қажет етеді.

Сонымен АКТ қолдану әр оқушының санаткерлік дамуын қамтамасыз ете отырып, білім сапасын арттыруға шексіз мүмкіндік береді, білім алушының танымдық қызметін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.



ОҚУ ҮРДІСІНДІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Тлесова Г.Н. (Ақтөбе)
Қазіргі заманда оқыту процессінде ақпараттық – коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылуда. Білім беру жүйесін компьютерлендіру уақыттың табанды құбылысы болып табылады және жалпы мемлекеттік әлуеметтік – экономикалық талабы бар қазіргі кездегі Қазақстандағы ақпараттандырудың маңызды бағыттырының бірі. Жоғары, орта арнаулы және жалпы білім беретін орта мектептерді компьютерлендірудің басты бағыты мен мәселелерінің бірі – оқытуда ақпаратты коммуникациялық технологияны енгізу мен тарату болып табылады. Осы бағытта болашақ маманның бойынан табылатын білімділік, біліктілк және дағды арқылы болашақтағы қоғамның даму жолдарын анықтауға болады.

Білім беру жүйесін жеделдетіп компьютерлендіру қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар:



  • Есептеу техникасын пайдалану аймағында жоғары білікті мамандарды дайындаудың кәсіби сапасын көтеру, жалпылама оқытуды жаппай компьютерлік оқытумен толықтай қамтамасыз ету;

  • Интеллектуалдық қызметін күшейтетін күшті құрал болып табылатын, тұтынушының есептеу техникасы мен информатикадағы әр түрлі құралдарының сапалы ерекшеліктерін барлық білім алушылардың білім деңгейі мен мамандандырылуына байланысты қалыптастыру;

  • Оқу – тәрбие үрдісінің сапасын арттыру қажеттілігі, білім беру жүйесін тиімді басқару, ғылыми – педагогикалық зерттеулерді жетілдіру, олардың педагогикалық практикаға әсерін күшейту.

Сабақта компьютерді пайдалану студент пен оқытушының позивтивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді.

Себебі студенттер компьютермен тікелей жұмыс жасау арқылы, өзі орындайтын міндетке байланысты болғандықтан өзін еркін сезінеді. Өйткені кейбір студенттер оқытушымен тікелей қарым – қатынаста өз білімін төмен бағалау нәтижесінде оқытушыға жауап беру барысында айтпақ болған ойын дұрыс жеткізе алмай, ұмытып қалады. Ал бұның бәрі студенттің психикасына әсер етіп, оның есте сақтау және ойлау қабілеттерін тежейді. Осы себептен студент пен оқытушы арасында түсінбеушілік пайда болады. Осы тұрғыдан алғанда сабақта компьютерді қолдану өте тиімді, студент төмен баға аламын және баға қоюда әділетсіздік болады деген ойдан арылады.

Оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны студентке жеткізу үрдісі. Осы үрдісті іске асырудың негізгі құралы – компьютер.

АКТ сабақ беру барысында пайдалану адамның ақпаратты қабылдауында: студент өз бетінше еңбектенеді, өз еңбегінің нәтижесін көреді, өзін – өзі қабылдауға мүмкіншілік туады, берілген тапсырмаларды оқытушының көмегінсіз орындайды. Сол арқылы есте сақтау және ойлау қабілетері дамиды. Студент жаңа материалды болашақта қажет мамандығына, қызметіне, кәсібіне қатысты мақсатта игеретін болса, оның есте сақтау қабілеті тез және берік болады.

Жаңа материалдарды тез қабылдап, есте сақтау қабілетін арттыру өтілген материалдарды қайталап отыру арқылы жүзеге асырылады. Компьютермен жұмыс барысында өтілген материалға бірнеше рет қайтып оралуға болады. Берілетін материал бір сарынды болып, тек оқытушы ғана сөйлейтін болса, студенттер тез шаршап, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін арнаулы пән сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтерді қолданған жөн. Осыған орай төмендегі ұсыныстарды есепке алаған жөн:


  1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана қолдану;

  2. Компьютердің пайдалану уақытын сақтау;

  3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

  4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кірістіру арқылы жүргізу.

Бұл жерде электронды оқулық – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік

технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу және тағы басқа бағдарлама жиынтығы болып табылады.

Электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ, электрондық оқулық – мультимедиялық оқулық деуге болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту процессін үздіксіз және толық деңгейін бақылау және ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез – келген саласында электрондық оқулықты пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға және шығармашылықты жұмыс істеуге жағдай жасайды. Электрондық оқулықтың құрылымы сапалы әрі жаңа деңгейде болуы тиіс.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, білім жүйесінің барлық түрлерінде технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды дамытуды нақты жүзеге асыру шаралары.

Электрондық оқулық келесі жағдайлар жүзеге асқанда тиімді болып табылады:


  • Оқытушы мен стуңдент арасында жедел кері байланыс ұйымдастыру;

  • Анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі;

  • Бақылау (тестілеу, өз білімін бақылау) мүмкіндігі;

  • Демонстрациялық мысалдар мен модульдер.

Электрондық оқулықтың принциптері:

  • Оқу ақпаратының көп деңгейлігі;

  • Өз бетінше орындаулығы, жеке жұмыстарға бағытталуы.

Электрондық оқулық ерекшеліктері:

  1. Оқытудың заманға сай белсенді – әрекетті тәсіліне бағытталуы;

  2. Оқытуды күшейтудің негізгі факторларын қосып қолдану;

  3. Барлық тақырыптар бойынша оқыту анықтамалық тестілеу материалдарының көлемінің көптігі;

  4. Оқыту ақпараттырының көрнектілігін арттыру;

  5. Виртуальді лабораториялық жұмыс барысында зерттемелік жұмысты орындау арқылы оқытушы мен студент арасында кері байланысты ұйымдастыру;

Электрондық оқулықтың екі түрі бар: жабық электрондық оқулық және ашық электрондық оқулық.

Жабық электрондық оқулық – жеке компьютерде немесе локальді желіде қолданылады.

Автормен құрылады, бірнеше версиялары болады және оқулық дискілер мен компакт дискілерде таратылады.

Ашық электронды оқулық – Интернет, ол сыртқы ақпарат көздерінен алуға болады және глобальді желі серверлерінің бірінде орындалады.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде, онда мәтіндік ақпараттан гөрі, графиктік ақпарат көбірек қамтылуы керек. Бұл студенттің ақпаратты тез, әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасайды. Бұл оқулықта иллюстарция болуы қажет. Мультиплекациялар мен видеоиллюстрациялар электрондық оқулықтың қажетті компоненттері болып табылады.

Электрондық оқулықтың төрт компоненті:



  • Мотивациялық – мақсаттық;

  • Мазмұндық;

  • Операциялық;

  • Бағалы – нәтижелік;

Зерттемелік жұмыстарды жеке компьютерде орындау барысында лабораториялық жұмысты виртуалды компьютерлік Multisim 2010 – 1 «Electronics Workbench» бағдарламасын пайдалану арқылы студенттердің білімдерін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруды, логикалық ойлау нәтижесінде, шығармашылық іс- әрекетте жұмыс істеу арқылы өз білімдерін шыңдай түсуге, өз бетімен жинаған сұлбаның диаграммасын алуды және қортынды жасауға дағдылауды оқытып үйретуге болады.

Әдебиеттер

  1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Астана – 2011

  2. Ж.У.Кобдикова – Деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы – Алматы 2007ж

  3. Г.А. Кардашев – «Цифровая электроника на персональном компьютере» - Москва, «Горячая линия – Телеком» - 2003


ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Түкібаева Ұ.А. (Қызылорда)
ХХI ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХI ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.

Оқытудың озық қазіргі білім берудегі ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.

Қазіргі білім берудегі ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру мұғалімдердің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі.

Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту, оның ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық - коммуникациялық технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды-қайталау сабақтарында, т.б. сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтиды, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану арқылы білім алу сапасын жақсартудың жолын тауып, жан - жақты дамыған шығармашыл, әлеуметтік бәсекеге қабілетті, ортаға бейімделген кәсіби біліктілігі жоғары тұлға тәрбиелеу мәселесін шешуге болады.

Оқушылардың жалпы жұртшылықтың ақпараттық технологиясымен байланысуы жылдан жылға артып келеді. Біздің №242 «Сығанақ»мектебі жаңа үлгіде салынған мектеп.

Барлық жаңа технологиямен жабдықталған.Интернет арқылы көптеген мәліметтер алып,білімді толықтырып отыруға мүмкіндік бар.Интернет желісіндеМұның бәрі біздің өркениетті дамуымыздың,әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкіндігіміздің мол екендігін көрсетеді.

ХХI ғасыр-білімділер ғасыры. Сондықтан қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісін рухани дамыта отырып, қазіргі білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеп,білігі мен білімі жоғары ұлағатты болуы керек.



Әдебиеттер

  1. «Мектеп» 2005

  2. «Егемен Қазақстан» 2013



ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В ОБУЧЕНИИ ДЕТЕЙ С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ РАЗВИТИЯ
Тулебаева Г.Б.,Камбарова Б.Б. (Актобе)
Образование в Республике Казахстан нацеливает педагогов на обеспечение индивидуализации образования, личностно-ориентированное обучение и воспитание.Особого внимания требуют наименее социально защищенные слои населения, среди которых дети с ограниченными возможностями развития.Число таких детей увеличивается из года в год по самым различным причинам.

В связи с этим в республике ведется интенсивное изучение особенностей психофизического развития детей с ограниченными возможностями, осуществляется поиск новых организационных форм их воспитания и обучения, разрабатываются новые коррекционные технологии.Актуальным направлением на данном этапе является поиск оптимальных форм и методов коррекционной работы с использованием информационно-коммуникационных технологий, обладающих способностью откликаться на действия ученика, активно внедряющихся в учебный процесс, стимулируя интерес к познанию.Как отмечают многие авторы, применение компьютерной технологии позволяет оптимизировать педагогический процесс, индивидуализировать обучение детей с нарушениями развития и значительно повысить эффективность любой деятельности (Р.Ф. Абдеев, 1994; В.П. Беспалько, 2002; Е.И. Машбиц, 1988; О.И. Кукушкина, 1994 и др.).Применение в коррекционно-образовательном процессе специализированных компьютерных технологий, учитывающих закономерности и особенности развития детей с общим недоразвитием речи, позволит повысить эффективность коррекционного обучения, ускорить процесс подготовки дошкольников к обучению грамоте, предупредить появление у них вторичных расстройств письменной речи, а, следовательно, снизить риск социальной дезадаптации младших школьников.Использование компьютерных программ позволяет превратить учебный процесс в содружество ученика и учителя.



Информационно-коммуникационные технологии применяются в специальном образовании, прежде всею, с целью коррекции нарушений и общего развития аномальных детей (О.И. Кукушкина, 1994 и др.).Особого внимания требует проблема особенностей общения ребенка и компьютера. Часто ребенок, осознавший наличие у себя определенного нарушения, стесняется, у него появляется боязнь, что он будет осмеян или не понят, неуверенность в себе, своих способностях в общении, боязнь общества, что опять же приводит к неудачам в общении. Они еще больше закрепляют психологическое состояние неуверенности и неспособности, что в свою очередь имеет неблагоприятное влияние па эмоциональное и психическое состояние и развитие ребенка. В такой ситуации необходимо проводить работу, направленную на формирование и развитие коммуникативных навыков ребенка, развитие способности извлекать информацию из речевою общения, широкие возможности для которой предоставляют компьютерные средства обучения. Общение с компьютером становится для ребенка в некотором роде обезличенным, и малыш, не испытывает боязни, учится доверять собеседнику. Кроме того, компьютерные упражнения позволяют моделировать различные ситуации общения и повторять диалог с тем же партнером необходимое для ребенка число раз, что в реальной жизни затруднено.Кроме того, элементы компьютерного обучения помогают формировать у детей знаковую функцию сознания, что является крайне важным для их языкового и интеллектуального развития. Начинаетразвиваться понимание того, что есть несколько уровней окружающею нас мира - это и реальные вещи, и картинки, слова, схемы и т.д. Формирование и развитие знаковой функции сознания, развитие вербальной памяти и внимания, словесно-логического мышления создают предпосылки для коррекции лексико-грамматических нарушений и способствуют формированию и развитию языковых средств у детей с нарушениями развития.Одним из преимуществ специализированных компьютерных средств обучения является то, что они позволяют значительно повысить мотивационную готовность детей к проведению коррекционных занятий путем моделирования коррекционно-развивающей компьютерной среды. В ее рамках ребенок самостоятельно осуществляет свою деятельность, тем самым, развивая способность принимать решения, учится доводить начатое дело до конца. Общение с компьютером вызывает у детей живой интерес, сначала как игровая, а затем и как учебная деятельность. Этот интерес и лежит в основе формирования таких важных структур, как познавательная мотивация, произвольные память и внимание.В процессе занятий с применением компьютера дети учатся преодолевать трудности, контролировать свою деятельность, оценивать результаты. Благодаря этому, становится эффективным обучение целеполаганию, планированию и контролю через сочетание различных приемов. Решая, заданную компьютерной программой проблемную ситуацию, ребенок стремиться к достижению положительных результатов, подчиняет свои действия поставленной цели. Таким образом, использование компьютерных средств обучения помогает развивать у детей с нарушениями в развитии такие волевые качества, как самостоятельность, собранность, сосредоточенность, усидчивость, а так же приобщает их к сопереживанию, помощи герою программы.Занятия на компьютере имеют большое значение и для развития произвольной моторики пальцев рук. В процессе выполнения компьютерных заданий им необходимо в соответствии с поставленными задачами научиться нажимать пальцами на определенные клавиши, пользоваться манипулятором «мышь».Кроме того, важным моментом подготовки детей к овладению письмом, является формирование и развитие совместной координированной деятельности зрительного и моторною анализаторов, что с успехом достигается на занятиях с использованием компьютера.Таким образом, применение компьютерных технологий в процессе коррекции общего недоразвития речи у детей с нарушениями развития позволяет сочетать коррекционные и учебно-развивающие задачи, учитывать закономерности и особенности психического развития. Эффективными вспомогательными средствами обучения являются следующие специализированные компьютерные программы, как «Игры для Тигры», «Солнечный замок»,логопедический тренажёр «Дэльфа – 142», «Кид/малыш»«Гарфилд малышам», «Баба яга учится читать» и т.д.Компьютерная программа «Игры для Тигры», являющаяся частью компьютерной технологии, предусматривает возможность объективного определения зон актуального и ближайшего развития ребенка и индивидуальной настройки параметров программы. Упражнения программы содержат задания возрастающей сложности, что позволяет учитывать при проведении коррекционной работы с ее использованием индивидуальные возможности и коррекционно-образовательные потребности ребенка.

Широкое применение в практике получили компьютерные презентации.Компьютерные презентации –это самые современные технологии представления информации.Опыт применения электронных презентаций, выполненных в программе PowerPoint, показал, что повышается качество урока.На таких уроках реализуются принципы доступности, наглядности.Уроки эффективны своей эстетической привлекательностью, также между учителем и учеником существует посредник-компьютер, что способствует часто эффективному взаимодействию.Урок-презентация также обеспечивает большой объем информации и заданий за короткий период.

Методически грамотно построенный урок – это такой урок, на котором ученик напрягается интеллектуально в течение всего урока.Учитель должен только направлять мыслительную деятельность ученика в нужное русло.Помочь решить эти задачи может использование электронных флипчартов по программе Aktivстудия.Учитель-мастер своего дела создает флипчарты с учетом психофизических и индивидуальных возможностей каждого ребенка и тем самым позволяет выполнять основные принципы современного урока: индивидуализации (каждый ребенок может работать в своем темпе за компьютером), дифференциации (можно построить уровни сложности задач при работе за компьютером).Данная программа рассчитана для любой категории детей и применяется на различных уроках, включая индивидуальные занятия.

В последнее время в коррекционной школе используют мультимедийные технологии.Коррекционный смысл применения мультимедийных технологий состоит прежде всего в перспективе реализации основополагающего преимущества этих технологий по сравнению с другими средствами- возможности индивидуализации коррекционного обучения в условиях класса, обеспечения каждому ребенку адекватных лично для него темпа и способа усвоения знаний, предоставления возможности самостоятельной продуктивной деятельности, обеспеченной градуированной помощи.Условия обучения, создаваемые мультимедийными средствами обучения должны способствовать развитию мышления, ориентировать его на поиск очевидных и неочевидных системных связей и закономерностей.

Целенаправленное системное коррекционное воздействие, направленное на коррекцию нарушений психического и речевого развития у детей, с использованием компьютерной технологии позволяет значительно повысить эффективность коррекционно-образовательного процесса. Оно достигается в результате системного и деятельностного подходов к коррекции нарушений развития, полисенсорного воздействия, интерактивной формы обучения, а также создания психолого-педагогических условий развития положительной мотивации.

Литература

1. Абдеев Р. Ф. Философия информационной цивилизации. - М.:ВЛАДОС, 1994. - 125с.

2. Беспалько В. П. Образование и обучение с участием компьютеров (педагогика третьего тысячелетия). - Москва - Воронеж, Изд-во Моск. псих.-пед. ин-та; Изд-во: НПО «Модэк», 2002.

3. Кукушкина О. И. Компьютер в специальном обучении. Проблемы. поиски, подходы //Дефектология. 1994. - № 5.



ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ –КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Түркпенбаева Ү. (Қызылорда)
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күн білім беру жүйесі жаңа педагогикалық - психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды білім жүйесінде пайдаланғанда, есепке алынатын фактор адам болуы тиіс. Қоғамның қалыптасуы мен дамуы негізінде адам тұрғандықтан, білім берудің денегізгі қағидасы ретінде жеке тұлғаның, индивидтің өз потенциялын дамытуына керекті жағдай жасалуы тиіс.

Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық – мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып,оны жетілдіру жолдары іздестірілуде.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық интерактивті тақта, электронды оқу құралдарын мектеппәндерін оқытуға пайдалану- өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін ақпараттық технологияны пайдаланудың орны ерекше.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістерімен механизмдерін және оларды жазып, жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу мақсаты білім беруді ақпараттандыру процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, ақпараттық орта құру және оны ұйымдастыру.

Бұл мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:

1. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу процесінде пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының сапалық деңгейін анықтау және оның оқу процесіне әсері.

2. Жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды компьютерді пайдалану арқылы ұйымдастыра білу.

3. Компьютерді пайдаланып өткізілетін сабақтарды өзара бір –бірімен сабақтастыра білу және оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау, оны бағалай білу.

Алған міндеттерді орындау негізінде мынадай нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру, жас ерекшелігіне сай ақпараттық сауаттылығын жетілдіру, өзіндік «Мені» қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу

Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:


  • дидактикалық;

  • бағдарламалық ;

  • техникалық ұсыныс;

  • пәндік аумақта қолдануы.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді көздейді. Интерактивті тақта мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларғаақпараттық білім негіздерінберу, құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік- ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интелектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Жаңа технологияны оқушы бойына сіңіру теориялық білім мен практикалық дағдыны шебер үйлестіруді талап етеді.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.



Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды,өнертапқыш, ізденімпаз ,талапты,өз алдына мақсат қоя білетін тұлға. Оқу үрдісінде мұғалім оқушылардың бейімділігіне, өзінің шеберлігіне қарай жаңа технологияны үйлестіре білу керек .

Оқыту технологияларына байланысты түсініктер:


Осы орайда өзім сабақтарда СТО бағдарламасында ақпараттық коммуникациялық технологияларды ұштастыра үйлестіру арқылы сапалы білім деңгейіне өз тарапымнан жеткен жетістігім деп білімін.




Биллердің «Бойында білімі бар екен, одан басқаларда өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидалары қазіргі уақытта маңызды болып тұр. Бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты болу мүмкін емес.

Әдебиеттер

  1. Бастауыш сынып. № 12 2012 жыл.

  2. Бастауыш сынып оқыту әдістемесі. № 5, 2011 жыл.

  3. Бастауыш мектеп. №8, 9, 2007 жыл.

  4. Қазақстан мектебі. №1, 2011 жыл.



АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Узбекбаева Г. (Ақтөбе)
«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады», - деп орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Келер ұрпаққа талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңашылдықты енгізуде шешуші рөл атқарады. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздарға зор міндет жүктейді. Ал, мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқушының оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың,оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу - оқыту процесінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан да ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту - сапалы білім берудің бір бөлігі.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз — бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудың негiзгi құралы - компьютeр болып табылады. Компьютер — бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуі арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік тууда.

Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты серпінді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі басты мақсат -оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлу. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады.

Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтағанда, жаңа сабақты бекіткенде тестілеу әдісін қолдануға болады.

Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен аудио - видео жазбалар қолданыста жүр. Осы ақпарат тасушылардың көмегімен оқушыларға аз уақытта көп ақпарат беруге мүмкіндік мол. Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады. Мысалы, жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі тақырыпқа байланысты сызбалар, дидактикалық тапсырмалар, сызба –талдаулар үлгілері , топтық жұмыстарға байланысты тапырмалар электрондық тақта арқылы берілсе, уақытты үнемдеу арқылы тапсырмаларды түрлендіріп, сабақ сапасын арттыруға мүмкіндік туады. Оқушыларға алдын ала тапсырмалар беріп, өз мәнжазбаларын презентациялық слайдтар арқылы көрнекі жеткізуіне, тақырыпқа байланысты өз жобаларын қорғау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалады.

Ал, видеосабақтар ең алдымен арнайы даярланған сөйлеу үлгісіндегі материалдарды енжар қабылдамай, керісінше өз бетінше ізденуге үйретеді және мұғалімнің көмегі арқылы сөйлеу бағытындағы әрекетін қалыптастырады. Видеосабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.

Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:

- есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әр түрлі жолдарында оқушының түсінігіне жан - жақты мүмкіндік беру;

- оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру видеосабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;

- оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру.

Тек видео көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:

- видео көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек;

- Видео көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.

Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:

1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.

3. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;

ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.

4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

5. Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады.

6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

Оқушының шығармашылық қабілеті, практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес - танымдық іс – әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Сондықтан да қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру үшін, сауатты да білімді, білікті, жаңа технологияны жақсы меңгерген іскер маман қажет. Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан - салалы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім - қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты — ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз халқымыздың тарихи құндылықтарын, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған, толыққанды техникаланған болашаққа ала баруымыз керек. Сонда ғана біздің ұрпақ өз өз тіліне, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамыта алады.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұалім қажет. Бір уақытта әрі педагог, әрі психолог және оқу - процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің Әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін - өзі дамуына,өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Өз бетімен және өмір бойы білім алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін көтерудің бірден бір жолы.

Қазіргі заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үдерістерді оқытушы меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Ұлы ғалым Сократ былай дейді: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұяттырақ»,Қорыта келе, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасының білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ болмақ. Сондықтан білімді ұрпақты тәрбиелеу — біздің қасиетті ұстаздық борышымыз деп білемін.

 
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ


Умирбаева М.У. (Ақтөбе)
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық -инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты ақпараттық - коммуникациялық технологиялармен қамтамассыз етілуі керек.

Ақпараттық - коммуникациялық технология білім беру жүйесін ақпараттандыруға, білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, электрондық есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық оқулықтарды, интерактиктік құралдарды қолдануға, интернет желісін пайдалануға, телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру – Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткендей елімізде оқыту теледидарын құруға негізделген міндет. Қоғамның ақпараттандырылуы білім беруге қойылатын талаптарды да өзгертеді. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау.Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгертуге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу - әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты салалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлемі бізге өте үлкен көлемді есептерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте үлкен санын өңдеуге көмектеседі.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал. Мұғалім қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға барлық идеалдарды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда әртүрлі түстер интерактивті тақтада қолайлы орындалады. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Математика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Математика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Сондай - ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін арттырады. Математика сабақтарында жаңа технологияларды енгізу – білім сапасын көтеру негізі. Осы жаңа технологияларды пайдалану барысында оқушылардың пәнге қызығуларын, шығармашылықпен ойлауларын тереңдетеді. Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану – білім сапасының артуына әкеледі. Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйретеді.

Сабақта ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға болады:

- білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыруға;

- жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыруға;

- есеп пен талдау жасау дағдыларын үйретуге;

- логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамытуға;

- өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеуге;

- алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеуге.

Қазіргі заман талабына сай адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық – техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгерту қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Ақпараттық технологиялардың барлық салаларға енуі оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасайды. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқу процесінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген. Солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер – оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа – технология – жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер – білім жетілдіру құралы.

Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақта қолданатын болса сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын. Математикалық білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқу процесіне жаңа ақпараттық - қатынастық технологияларды енгізу арқылы оқушыларда ойлаудың сапалы жаңа түрін қалыптастыру болып табылады.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан - жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Еліміздің 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеледі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.Саналы да сапалы білім алған оқушы, ұлт келешегі, өз мамандығының иесі болып табылады деп ойлаймын.

Қорыта келе айтарым, инновациялық технологияларды қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеріміз анық. Оқушыларға инновациялық технологияны меңгерту таңғажайып әлімнің есігін ашып берумен пара – пар емес пе? Өмірдегі шынайы, ғажап адамзатқа маңызды ашылулардың бәрі ізденімпаз ұстаздардың қолында.



Әдебиеттер

1. Математика оқытудың теориясы мен әдістемесі. Талдықорған, 2008ж.,-70б.

2. Математика оқытудың теориясы мен әдістемесі, Талдықорған, 2007ж.

3. Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауы.



СОВРЕМЕННЫЕ ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ КАК ОСНОВА НОВОЙ МОДЕЛИ ОБУЧЕНИЯ
УсенкоЛ.И. (Актобе)
Новая модель обучения построена на основе современных информационных технологий, которые не только облегчают доступ к информации, но и позволяют по - новому организовать взаимодействие всех объектов обучения, где ученик - активный и равноправный участник образовательного процесса.

В Концепции образования Р.К. говорится об учителе новой формации, который должен постоянно адаптироваться к изменениям, происходящим в обществе, соответствовать потребностям общества, государства. Одна из актуальных проблем дидактики - внедрение информационных технологий в образовательную систему.

Использование ИКТ на уроках позволяет разнообразить формы работы, повышает творческий потенциал ученика и учителя, изменяет содержание деятельности преподавателя. ИКТ - компетентность является одной из ключевых компетенций современной личности. Поэтому главная задача - вовлечь учащихся в процесс познания, помочь ученику увидеть его роль в процессе обучения. ИКТ продуктивно применяются на всех этапах обучения. Использование компьютерных технологий на уроке придаёт ему зрелищность, эмоциональную окраску и позволяет открыть активный познавательный потенциал. Содержание современных информационных технологий даёт возможность успешно реализовать цели образования - воспитание здоровых, интеллектуально-творческих, гармонично развитых личностей. Сегодня, как и много лет назад, основной формой образовательных услуг остаётся урок. Другое же дело, что современный урок принципиально отличается от вчерашнего. Он предполагает иные подходы в обучении. В первую очередь - это компетентностный подход, нацеленный на готовность использовать знания в любой жизненной ситуации, умение находить новые пути - решения и проектировать будущее. А.С. Хуторский даёт следующее определение образовательным компетенциям: «Это совокупность знаний, умений, навыков и опыта деятельности ученика по отношении к объектам действительности». Одна из ведущих образовательных компетенций - коммуникативная, представляющая собой основу профессиональной деятельности современного учителя. Современная парадигма образования направляет школу на личностно - ориентированный подход к обучению. Эффективно обучать - значит постоянно находиться в творческом поиске приёмов педтехники, нацеленных на личность ученика, находить личностный смысл с учётом его опыта. Когда я только пришла работать в школу, завела общую тетрадку и назвала её «Педагогическая копилка». И вот уже 30 лет я «опускаю» туда интересные находки, идеи, открытия, а в нужный момент «достаю» и внедряю в процесс обучения учащихся. Активно использую мнемонические приёмы запоминания. Мои выпускники при встрече признаются, что не всегда помнят правила грамматики, но пишут без ошибок слова с чередованием корней по мнемонической формуле: Ира не хочет быть Ерой.

Например: замирать, выбирать и т.д. Или: Кое-то - либо, - нибудь- Чёрточку (дефис) не забудь.

В ничего не значащей фразе: «Какая бумага» собраны согласные, перед которыми в середине слова пишется мягкий знак.

Например: борьба, коньки, письмо.

Мнемозина многим помогла запомнить последовательность падежей по парадоксальному выражению: «Иван родил девчонку, велел тащить пелёнку». Нас не интересует, что ещё ни один Иван не родил, но мы его «благодарим» за незабываемую подсказку. Убеждена, что учебные знания следует разнообразить нестандартными формами обучения. Стараюсь, чтобы уроки были разные: лекции, диспуты, конференции, путешествия, вернисажи и т.п. Особенно эффективны интегрированные. В конце года при изучении любой лингвистической темы провожу такие уроки с психологом, который учит выпускников, как не терять самообладание и справиться со стрессом на ЕНТ. С целью повышения интереса к изучаемому предмету регулярно использую игровые задания. Игра как методический приём способствует формированию у учащихся внимательного отношения к художественной детали, оттачивает читательское восприятие. Это прекрасный способ проверки творческих возможностей ребят, метод развития у учащихся мотивации к учению, умения совместно решать общие задачи и при этом чувствовать свободно, не комплексовать, ибо работа чаще всего ведётся в группах. Ученик поражение или успех делит с другими, не воспринимая как личную неудачу.

Организуя работу с художественным текстом на уроке, девизом взяла слова заслуженного учителя России Г.П. Соколова: «Язык наших писателей должен, прежде всего, поражать и вызывать желание подражать». И здесь трудно переоценить эффект использования классических образцов мастеров слова в формировании речевого, интеллектуального и нравственного развития современного школьника. Современный процесс обучения неразрывно связан с отношением учителя к учебному предмету как предмету для приобщения к чему-то высшему, непреходящему общечеловеческому. Тогда обучение становится искусством, помогающим детям жить полноценно и насыщенно.



Литература

1.Журнал о секретах профессионального мастерства «Педагогическая техника» №4 (45),2011 г.

2.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.,1998

Қазіргі білім беру барысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың кейбір аспектілері
утешова Г.Т. (Ақтөбе)
Жоғары білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізілуде. Қазқстанның жалпы білім беру жүйесінде жалпыға бірдей және дәстүрлібілімберуформасының оқытудың жеке, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі оқыту қатысына көшкендігі байқалады. ЖОО жүйесінде студенттердің кредиттік технология бойынша оқыту ерекшеліктерін сараптай отырып, инновацияға терең және сын көзбен назар аударуға мүмкіндік береді, әсіресе, ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, онжылдық аясында жақсы деңгейде қалыптасқан оқыту технологиясының маңызын, студенттердің мотивациялық ортасын және өзіндік жұмыстарын басқару, оқыту процесінің әрқилы талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыпты дамытуға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың технологияларын қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, тиімді пайдалану деп нақтылап атап көрсеткен болатын. Оқытудың ақпараттандыру технологияларын тиімді пайдалану – студенттің жаңа жаһандану үрдісі орын алған қоғамда өмір сүруге дайындауға, ғылымы техникалық ілгерілеуді жетілдіруге әкеледі. Осы ретте, құзіреттілік дегеніміз – жеке тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Жеке тұлғаның негізгі құзіреттілігі ретінде құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек, коммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамытуда белгіленген маңызды күштің бірі – компьютерлік технологияны меңгеру. Қазіргі нарық заманындағы адамның бәсекеге қабілеттілігі оның жаңа технологияны меңгергендігіне байланысты. Бұл үрдісті асыруда негізгі құрал - компьютер. Компьютер білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа дидактикалық мүмкіндіктерді иеленуге жол беретін бірден-бір қажетті құрал. Көптеген мамандық саласында компьютерді пайдалану, қолданбалы бағдарламаларды қолдану, мәліметтерді жинау, өңдеу, дайындық жұмыстарын женілдетіп, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Ақпараттық технология – казіргі компьютерлі техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау болып табылады. Ақпараттық технологиямен жұмыс студенттердің өз бетінше оқу, білу, талдау, таңдау және өзгерте білу қабілеттерін жетілдіреді. Жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланудағы негізгі мақсат:



  1. ақпараттық жұмыс жасау іскерлігін қалыптастырады, комуникативтік қабілеттерін дамытады;

  2. ақпараттық қоғамның «жеке тулғасын қалыптастырады»;

  3. берілетін оқу материалының көлемін студент меңгере алатын деңгейге дейін өсіреді;

  4. зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу дағдысын жетілдіреді.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Коммуникациялық технология адамдармен өзара адамгершілік қарым-қатынасқа құралады. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы басты мақсат – студенттердің оқу материалдарын толық меңгерту мәліметті практикалық тұрғыда тиімді ұсыну. Бұл мақсатқа жету жолында тексеру бағдарламалары, компьютерлік ойындар, үнтаспа, бейнетаспалар қолданылады.

Дәстүрлі құралдар мен АКТ құралдарын пайдаланудағы айырмашылықтар



Оқу әдістемелік әдебиет

Компакт – дискідегі электрондық білімдік ресурстар, білім ресурстарының ұлттық коллекциясы және оларды қолдану құралдары. Интернет желісіне қосылуы.

Тақта, бор

Интерактивтік тақта, мультимедиалық проектор, теледидар және бейнемагнитафон, ДVД қуралғылары.

Көрнекі құралдар мен материалдар

Көрнекті құралдардың электрондық кітапханасы, электрондық плакаттар, бейнекамера, компьютердің қосымша жабдықтарды.

Зертханалық практикумдар

Интерактивтік тақта арқылы виртуальды зертханалық жұмыстар жүргізу.

Сабаққа дайындалу (әдебиет, анықтама, сөздік бейнефильм, аудиожазу) және өзіндік білімін көтеру құралдары

Желілік әдестемелік консультациялар жүйесі, қашықтан оқыту жүйесі, педагогтардың желілік қогамы, педагогтар үшін желілік байқаулар, білім беру порталдары. Интернет- кітапхана, интернет- каталог және кітапханалық жүйе.

Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологиялар мен виртуальды ақпараттандыру құралдарын қолданып сабақтың тиімділігін арттыруға болады, алайда бұл құралдар оқытушыны толықтай алмастыра алмайды. Сондықтан виртуальды ақпараттандыру құралдарын оқу үрдісінде қолданып жақсы нәтижелерге жету әрқашанда оқытушының шеберлігіне тікелей байланысты болмақ.Ақпараттық технологияның міндеті – студенттерді білімге қызығушылығын арттыру және ізденушілікке баулу. Қазіргі таңдау білім саласында заманға сай жаңа технологиялардың түрлері көптен кездеседі. Соның бірі – студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсаттында қолданылатын инновациялық технология – сын тұрғысынан ойлау технологиясы болып табылады.Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-студенттердің оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру.Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар,тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» - деп, XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлауға ерекше назар аударумен қатар, Қазақстан халқына жолдауында да «...ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндетін алға қойды», - деп атап өткен болатын [1]. Қазіргі кездегі қалыптасып келе жатқан қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізді деуге тұрарлық. Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ақпараттандыру ісі өз ықпалын тигізіп келеді. Сондықтан кез-келген ғылымның алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізгі ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты міндеттер қойылады.Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігін электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр. Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту процесіне қатысты барлық қатысушылардың кәсіби дайындығын және теориялық ұғынуын қарастыруды талап етеді. Осыған байланысты, студенттердің әрбір пәндерді оқыту процесінің тимділігін артуын қамтамасыз ететін электрондық оқытудың кейбір элементтерін қолдану моделін құру және оны анықтау қажеттігі туындайды.

Қазақстанның жалпы білім беру жүйесінде оқытудың негізгі формасы ретінде студенттің өзін-өзі жетілдіруі мен өзін-өзі дамыту қатынасы болып табылады.Осыған байланысты заман талабына сай жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияның бір құралы-электрондық оқулықБілікті маман даярлау оқытушыларды қажетті оқулықтармен, ақпараттық технологияның басқа да түрлерімен қамтамасыз етуден басталады.Студенттердің қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу, олардың болашақ мамандығын игеруіне ұсынылып отырған жобаның ықпалы зор [2]. Қазіргі таңдағы Қазақстан білім беру жүйесіндегі елеулі өзгерістер ақпараттық технологиялардың электрондық қайнар көзінің жедел дамуы, оқыту процесінде кең қолданылуы, үздіксіз,өзбеттілік оқыту формасының қажеттігі, қазіргі оқыту түрінің бастысы-өзін-өзі жетілдіру болып табылады.Сонымен қатар техникалық құралдарды пайдаланып оқыту процесіне жаңа педагогикалық технологиялрды әкеліп қана қоймай, оның тиімділігін арттыру қажет. Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту жоғары оқу орнының басты міндеті болып отыр.

Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының 2010жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.//Егемен Қазақстан.-26 желтоқсан,2003

2. Осетова А.В, Смирнов А.И, Осин А.В. Книга и электронные средства в образований. Москва: РМЦ,-2003

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Шокибаева Р. (Қызылорда)
Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек».

Сондықтан 12 жылдық білім беру жағдайында білім сапасын көтеру мақсатында қашықтықтан-виртуальды оқытуды және жаңа білім беруде ақпараттық технологияларды енгізу туындап отыр.

Қазіргі кездегі оқыту бағдарламасының талаптарына сай сабақ өткізуде ең соңғы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану қажеттілігі артуда.

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз-оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары және балаларға білім беруші құрал.

Оқытудың ақпараттық технологиясы –бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар болып табылады. (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желіліер).

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру прцесі қазіргі заманда олардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін, ақпараттық және кәсіби құзырлығын қалыптастыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті міндеттеріміздің бірі.

Құзырлық амалдың (компетентностный подход) жаңа білім беру парадигмасымен ұштасу қажеттілігіне философтер, психолог және педагог ғалымдардың еңбектерінде ерекше көңіл аударылған. Ғылыми әдебиеттерді талдау «парадигма» және «құзырлық» «компетентность» ұғымдарының мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Құзырлық дегеніміз-белгілі сападағы жақсы мәліметке ие болуының терең білімі, іскерлік, жеткілікті деңгейдегі білімділік.

Ал хабардарлық, жете білушілік, жетіктік, терең білу құзырлықты білдіреді.

Білім беру жүйесінің жаңа парадигмалы жағдайында білім беру мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын арттыруға талаптар одан әрі күшейеді. Сол себепті жалпы білім беретін мектепте физика-информатика пәнінің мұғалімі ретінде кәсіби біліктілігін, хабардарлығын, іскерлігін дамыту мәселесіне айырықша назар аудару талап етіледі.

Әсіресе үнемі ізденетін, әлемнің дамыған елдерінен тәжірибе алған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, менеджмент негіздерін терең меңгерген мектепте физика-информатика сабағын беретін құзырлы мамандар аз емес.

Білім беру саласындағы ұстаз мәселелері бойынша ғылыми әдебиеттерді, менеджерлердің даярлау озық тәжірибесін талдау негізінде жаңа парадигмалы жағдайда білім беру мұғалімдердің кәсіби құзырлығын арттырудың мынандай негізгі жолдарын анықтап алу .

Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.Оның қолданылуы нәтижелі болу үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуіне және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. Егеменді еліміздің озық ойлы, парасатты азаматын қалыптастыруда ауыл мектебінің салмағы басым.

Мектептегі басты тұлға-мұғалім. Өркениетті елдер деңгейінде білім мен тәрбие беру, ойлау қабілеті, білімі мен білігі, іскерлігі жоғары азамат тәрбиелеуде мұғалімнің міндеті зор. Бүгінгі күн жаңашылдықты талап етеді. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың.XXI ғасыр мұғалімінің бойында мынандай қасиеттер болу керек:


2009 жылғы 7 наурыздағы Президент Н.Назарбаевтың жолдауында Азаматтарды басқа адамдардың оң тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми және шығармашылық интелигенцияға да осындай роль жүктеледі. Мен бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамын!- дей келе Елбасымыз мұғалімге қойған талаптарда физика-информатика - математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдер ақпараттық технологияны меңгерген маман болуына баса көңіл аударып отыр.

Математика-Физика-информатика пәнінің мұғалімдері төмендегілерді білуі қажет:

- әр түрлі объектілерді кескіндеуді, оны салып тұрғызуды дисплей бетінде іске асыру және олардың динамикалық елестетілуін ;

- есептеу процесін, ақпаратты іздеу жұмыстарын, сонымен қатар мәліметтерді жинау, өңдеу жұмыстарын автоматтандыру және көрсетілген оқытылған объектілер, құбылыстар, процестер туралы мәлімет жинау;

- физика-информатиканы-математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануды қосымша оқытуды жүзеге асыру;

- оқушылардың білім деңгейін бағалауға қойылатын негізгі критерийлерін;

- қолданушының білімін, дайындығын, бағалауға арналған компьютерлік тесттік және диагностикалық әдістерді қолдана білу;

Сонымен қатар физика-информатика пәнінің мұғалімдері өзінің кәсіби қызметінде келесі негізгі бағытарды бөліп алуға болады:

1.Физика-информатика-математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары:

- қолданушы мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

- оқытылу ақпаратының компьютерлік көзге елестетілуі;

- ақпараттық – әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру.

2.Жергілікті және жалпы тораптағы ақпараттық қарым-қатынас.

3.Оқыту- тәрбиелеу процесінің білімді ақпараттандыру шарттарындағы ерекшеліктері, сонымен бірге әдістемелік практиканың қолданылуы, соның ішінде, физикалық ақпараттық жүйелер.

4.Электронды құралдардың құрылымы, қолданылуларын, жобалауы және бағалануын, мазмұндық әдістемелік құндылығын білу.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда жұмыс беруші мекемелер жас мамандардан құзіреттілік, яғни біліктілік, бәсекеге қабілеттілік және жұмыс барысында болатын қандай да бір жағдайларға тез әрекет жасауға дайын болу сияқты қасиеттерін алға қояды. Сондай-ақ олардың бойынан жаңа білімді, іскерлікті жылдам және нәтижелі меңгеру, өздерінің кәсіби қызметтерін заман талабына сай бейімдей алу қабілеттіліктерінің де бар болуын талап етедіБілім беру саласын заман талабына сай дамыту бағыттарының бірі – білім беруде құзіреттілік тәсілді енгізу қажеттілігіне негіздейді, себебі ол мұғалімнен оқушыға білім, білік және дағдыларды қалыптастыруды ғана емес, сол мұғалімнің бойында кәсіби құзіреттіліктің қалыптасуын көздейді. Кәсіби құзіреттілік бұл көпжақты ұғым болып саналады. Болашақ педагогтың дайындығының негізгі көрсеткіші оның кәсіби құзіреттілігі десек қателеспейміз. Маманның кәсіби құзіреттілігі жеке тұлғаның қабілеттерінің, қасиеттерінің, сондай-ақ қандай да бір салада табысты кәсіби қызмет жасау үшін қажетті білімі мен тәжірибесінің жиынтығын көрсетеді. Жоғары кәсіби білім беретін мекемелердің әрбір мамандықтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын бір қатар талаптары анықталған. Мысалы, информатика мамандығының кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптары төмендегідей, яғни болашақ информатика мұғалімі:

- мұғалім өзінің педагогикалық қызметін қалыптастыратын;



  • педагогикалық қарым-қатынасын айқындайтын,

  • мұғалім тұлғасы ретінде белгілі бір құндылықтарды, идеалдарды және педагогикалық танымды анықтайтын қажетті білім, білік және дағдылар жиынтығын меңгеруі керек. [1]

Бүгінгі жас маманның кәсіби қызметіне байланысты алған білімі оның бүкіл еңбек жолына жарамды бола алмауы ақпараттық қоғамның үздіксіз дамуына байланысты. Сондықтан өзінің кәсіби құзіреттілігін өз бетімен білім алу, өз бетімен оқу-үйрену сияқты әрекеттермен үнемі көтеріп отыруға, яғни үздіксіз білім алуға шақырады. Әсіресе, қоғамның шарттары мен оқыту технологияларының жиі өзгеріп отыруына бейімделу қабілеттілігі болашақ информатика мұғалімдері үшін аса қажет қасиет болып табылмақ.

Тіпті болашақ маманның жоғары білім орны қабырғасында жүргенінде-ақ аппараттық және бағдарламалық құралдардың бірнеше буындары ауысуы мүмкін, яғни жаңа ақпараттық технологиялар немесе оқытудың жаңа ақпараттық құралдары пайда болуы мүмкін.

Сондықтан болашақ информатика мұғалімін кәсіби даярлауда тек пәндік білім, іскерлік және дағдылармен қаруландырмай, оқу бітірушілердің келешекте педагогикалық жаңа есептерді, міндеттерді шеше алатындай тұлғалық қасиеттерін дамытуды да қарастыру қажет. Осындай жұмыстарды жүргізуде болашақ информатика мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі алдыңғы орынға шығады. Зерттеулерде қарастырылған білім беру саласында мұғалімдерге қойылатын құзіреттіліктердің қатарынан [2] информатика мұғалімі үшін қойылатын мынандай құзіреттілікті ерекшелеуге болады. Болашақ информатика мұғалімі үшін кілтті құзіреттілік ретінде ең алдымен ақпаратты-коммуникативті құзіреттілікті алуға болады. Көптеген әдебиеттерде қарастырылған ақпараттық құзіреттілікке талдау жасайтын болсақ, ол шынайы объектілер және ақпараттық технологиялар көмегімен студенттердің бойында өз бетімен ақпаратты іздеу, талдау, қажетті ақпаратты іріктеу, түрлендіру, сақтау және тасымалдау сияқты іскерліктерді қалыптастыруды көздейді. Аталған құзіреттілік жалпы педагогикалық жоғары оқу орнының студенттеріне, яғни болашақ мұғалімдерге өзінің оқу пәніндегі және білім беру аймағындағы ақпаратқа қатысты іс-әрекеттің дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Ал коммуникативті құзіреттілік те өз кезегінде кәсіби білім беру мақсаттарының бірі ретінде жеткілікті түрде кеңінен қолданылады.

Коммуникативті құзіреттілік болашақ мамандарда қазіргі коммуникациялық құралдар туралы білімдерінің болуын, телекоммуникациялық құралдарын мақсатты түрде оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын көздейді. Жұмыс беруші мекемелердің қоятын талабына сай болашақ маман иесі өзінің бойында кәсіби құзіреттілігін шыңдау үшін

- кәсібилігіне бағытталған ойлауды қалыптастыру;

- информатиканы кәсіби және тереңдете оқытуды;



  • әр оқушының жеке қабілеттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • өзінің кәсіби даярлығын үнемі тұрақты түрде дамытып отыруға жағдай жасау;

  • білім беруде қазіргі замандық ақпараттық технологияларды және құралдарды қолдануға даяр болу сияқты жұмыстарды атқаруы керек.

Бүгінгі таңда ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын жән компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Қазіргі таңдағы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі,әрі бастысы білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік, ізденімпаздық қасиетін дамыту болып табылады.Жас ұрпаққа білім таратушы тұлға ретінде сабақтарымызды мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды пайдаланып оқушылардың өз беттерімен оқып үйренуге баулу бағытында жұмыс жасауымыз қажет.Сонымен бірге, әрбір пән мұғалімі ретінде өз сабақтарымызды жаңа технология әдістерімен, оқыту тәсілдері мен оқыту формасын,өзіндік педагогикалық технологиясын пайдалана отырып, білім алушының білімін жетілдіруде қазіргі пайдалануға келіп жатқан ақпараттық технологиямен үздіксіз жұмыс жасауымыз қажет деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, ақпараттық-коммуникациялық технология нәтижеге бағытталған еңбегімізге зор ықпалын тигізетіндігін өз тәжірибемізден байқауға болады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жыл 28-ақпанда халыққа жолдаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауының Жаңа кезеңнің жаңа міндеттері тарауындағы мына сөзбен өз баяндамамды қорытындылауды жөн көрдім.«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –білім мен білік»деп алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу бағытында жұмыстар жүргізуміз қажет.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген елбасының сөзімен ойымды қорытындылағым келеді.

Әдебиеттер


  1. Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы.

  2. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беру дамуының тұжырымдамасы /Егеменді Қазақстан, 2004 ж желтоқсан/.

  3. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу. Алматы. 2002.



ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ НА УРОКАХ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ
Юрист О.Д., Табельдинов А.К. (Актобе)
Как педагоги, мы часто задаем себе вопрос: какова цель современной школы? Отвечая на него, мы сходимся в одном - подготовка детей к жизни.

Каждый ученик должен получить за время учебы знания, которые понадобятся ему в дальнейшей жизни. При этом учитель должен работать так, чтобы обучение не наносило вред здоровью. Более того, одной из главных целей учебно-воспитательного процесса считаю обучение детей методам сохранения и укрепления своего здоровья.

Важную роль при этом отвожу здоровьесберегающим образовательным технологиям, целью которых является формирование необходимых знаний, умений и навыков по здоровому образу жизни, развитие двигательных способностей, которые так необходимы в жизни.

К сожалению, в современных условиях школьники стали меньше двигаться. Дефицит движения школьников могут покрыть только занятия физической культурой и спортом, а в условиях школы- уроки физической культуры. Чтобы сделать их максимально полезными и интересными, применяю современные педагогические технологии, нестандартные приемы и методы обучения. Учитываю при этом функциональные возможности компьютерных средств обучения.

Использование информационных технологий в школе есть объективный и естественный процесс, формирующий новый тип культуры – информационной. Считаю, что современный урок физкультуры значительно выигрывает при использовании новых информационных технологий, поэтому хочу остановиться на этом подробнее.

Информационные технологии позволяют существенно повысить эффективность физкультурно-оздоровительной деятельности, стимулируют личную заинтересованность, повышают интерес к собственному здоровью, способностям и демонстрируют возможности для их дальнейшего развития.

Рассмотрим на конкретном примере.

По программе физического воспитания в школе закладываются основы техники специфических действий по разным видам спорта. Это может быть бросок баскетбольного мяча, прием волейбольного мяча, низкий старт в легкой атлетике и др. Обучение двигательному действию эффективно начинать с демонстрации показа техники игры. Эта цель прекрасно реализуется через использование электронных мультимедиа-презентаций.

Просмотр школьниками техники двигательных действий спортсменов, создает базу для теоретических знаний, способствует развитию логического, образного мышления. Применение цвета, мультипликации позволяет воссоздать реальную технику движений, способствует более быстрому усвоению учебного материала.

После демонстрации движений, целесообразно их практически апробировать на техническом этапе урока. Для этого применяю интерактивные методы обучения. С помощью помощников веду видео или фотосъемку выполнения учащимися приемов и действий, затем проецирую на экран и совместно с учениками веду разбор техники выполнения различных приемов по данному виду спорта. Подобный метод способствует развитию у учащихся аналитического мышления, детального изучения техники двигательного действия.

При такой технологии построения урока, все то, что изучается вначале, закрепляется особенно прочно и ученики приобретают правильные представления о двигательных действиях, вырабатывают правильный стереотип движения. Применение компьютера возможно на всех этапах урока: при изучении нового материала, на стадии закрепления материала (тестовый компьютерный контроль). Уроки, основанные на использовании информационных технологий, всегда увлекательны, содержательны и интересны ученикам.

Физическая культура- это один из тех предметов, где связь обучения с жизнью используется как стимул самообразования, активизируется физический потенциал, прививается интерес к заботе о своем здоровье и его сбережению.

Применение компьютерных технологий дает богатые возможности для работы в данном направлении. В моем арсенале - большой комплекс общеукрепляющих, адаптивных физических упражнений для учащихся с учетом уровня их физического развития, что позволяет реализовать дифференцированный и индивидуальный подход в обучении. Наглядная их демонстрация с помощью компьютера, соответствующее текстовое и звуковое сопровождение способствуют повышению эффективности восприятия учебного материала, росту интереса к своему здоровью.

Всем нам известно, что дети часто болеют. Основными бедами наших школьников являются простудные заболевания, близорукость, нарушение осанки, стрессы и конечно, недостаточная двигательная активность- гиподинамия.

Поэтому на своих уроках, при проведении физкультминуток, на классных часах и просто в беседе с учениками обучаю детей элементарным приемам здорового образа жизни.

В числе методов, которые я использую,- оздоровительная гимнастика: пальцевая, дыхательная, а для профилактики простудных заболеваний, снятия усталости и боли в мышцах рекомендую самомассаж. Известно, что сегодня одним из распространенных заболеваний школьников является близорукость. Ведь учебный труд связан с усиленной работой зрительного аппарата. Да и взрослые все чаще страдают от этого в наш век всеобщей компьютеризации. На уроках, во внеклассной работе с детьми я рекомендую упражнения для глаз, которые являются эффективной профилактической методикой (работа с глазотренажером, «Гимнастика для глаз», «Точечный массаж» на основе использования биологически активных точек).



В качестве дидактической основы уроков, основанных на использовании здоровьесберегающих технологий, выступают современные оздоровительные методики, разработанные известными учеными. Применение мультимедийных форм представления информации в сочетании со звуком, графическими иллюстрациями, дает хороший учебный эффект: формируются навыки заботы о своем здоровье, навыки самоконтроля, вырабатывается адекватная самооценка.

Нам, педагогам, важно не только физическое, но и душевное здоровье детей. Огромные возможности для душевного здоровья детей имеет музыкотерапия, которая является интереснейшим и перспективным направлением, используемым во многих странах в лечебных и оздоровительных целях. Экспериментально доказано, что музыка может успокоить, укрепить иммунную систему, что приводит к снижению заболеваемости, улучшает обмен веществ, активнее идут восстановительные процессы, и человек выздоравливает. На отдельных уроках я использую метод музыкотерапии, который дает лечебный и успокаивающий эффект. Использование аудиоматериала считаю одним из важных электронных средств поддержки обучения.



Информационные технологии обладают высокой дидактической эффективностью, а в сочетании с личностно-ориентированным подходом, позволяют решать одну из важнейших задач,- разбудить заинтересованность школьников в формировании здорового образа жизни, отвлечься от негативных социальных факторов - употребления алкоголя, курения.

С этой целью мною подобран и демонстрируется учащимся с помощью ЦОР цикл бесед о вреде курения и алкоголя, правильном питании и мерах профилактики здоровья.

Подводя итог сказанному, хочу отметить, что использование информационных технологий на уроках физической культуры позволяет реализовать сразу несколько функций: мотивационную, информационно - обучающую, контролирующую. Подобные уроки обладают характерными особенностями современного урока - двигательной плотностью, динамичностью, эмоциональностью в сочетании с общеобразовательной направленностью.

Эффективность современного урока оценивается по его конечному результату. Поэтому содержание учебного материала и организация форм деятельности учеников на уроке должны быть хорошо продуманы. Они должны способствовать успешности формирования двигательных умений и навыков, вызывать положительные эмоции, поддерживать высокую работоспособность учащихся. Использование информационных технологий позволяет решать данные задачи и добиваться высокого дидактического качества урока.


ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУ ЖҮЙЕСІ: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
Алипкалиева Г.Б. (Батыс Қазақстан)
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында: «Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың 2009 жылғы Жалпыға міндетті мемлекеттік Стандартында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың төмендегідей негізгі бағыттары белгіленген:



  • білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру;

  • үш тілді оқыту негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында көптілділікті дамыту;

  • отандық және шетелдік әдістемелер мен технологияларды зерделеу негізінде білім беру үдерісін технологияландыру.

Білім беру үдерісін технологияландыру педагогтердің балалар әрекеттерін ұйымдастыруы мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы педагогтердің инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады:

  • педагогтердің технологиялардың құрамдас бөліктерін жеткіліксіз білуі;

  • тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы;

  • педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;

  • жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну.

Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық білім беру жағдаяттарын тудырады.

Қазіргі кезеңде білім,ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандарының біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Бүгінгі Қазақстанда ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты, еліміздің білім беру жүйесінің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды пайдалануға үлкен мүмкіншіліктер болып жатыр. Осыдан келіп бүгінгі таңда Қазақстан педагогтеріне қойылатын көптеген талаптар туындап отыр. Мәселен, педагогтердің құзырлылығы қалыптасуы керек, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы (АҚҚ) қалыптасуы өте қажет.

Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Әр оқыту технологиясы педагогтен терең теориялық, психологиялық-педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау -қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.

Соңғы 2 жылда МДБҰ 32% біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

МДБҰ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігіне бағытталған әдістемелік мақсаттарды анықтаудағы жүйе сапасын жоғарылату шарты ретінде біліктілікті арттырудың құзыреттілік бағытын қамтамасыз ететін жаңа инновациялық технологиялар мен дамытушы әдістемелер курс барысында жүйелі түрде таныстырылуда:



  • М.Монтессори педагогикалық жүйесі;

  • «Step by Step» технологиясы;

  • ӨТДТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы);

  • В.Воскобович, Г.Доман, З.Дьенеш дамытушы әдістемелері.

  • Ақпараттық-коммуникативті технологиялар

Іс-тәжірибе алмасу мақсатында облысымызда мектептегі мектепалды даярлық сыныптары мен топтарында, балабақшалар базасында семинар, іскерлік ойын, доңгелек стол, тренингтер ұйымдастырылады.

Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 балабақшасында М. Монтессори әдісі кеңінен қолданылуда. Бұл әдіс қалыпты жағдайда баланы бақылауға және ол қандай болса, сондай күйде қабылдауға негізделген. М.Монтессори педагогикасының негізгі принципі: өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге баланы итермелеу. М.Монтессори топтарында бала негізінен өз бетімен арнайы жасақталған қоршаған орта – М.Монтессори-материалдары көмегімен оқиды. Монтессори-материалдарында өзін-өзі бақылау мүмкіндігі қарастырылған, бала өз қателігін өзі көреді және ересек адамға оны көрсету қажет емес. Педагогтың рөлі оқытудан емес, тек баланың өз бетімен әрекет етуіне басшылықтан тұрады.

Орал қаласының №27 «Жігер» балабақшасының базасында «Step by Step» технологиясы жүзеге асырылуда, «Step by Step» технологиясы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке талпындыруға, өзіндік дамуына жағдай туғызып, кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп,ой қорытып, өз бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған. Технологияда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, дамытушы орта арқылыбаланы дамыту көзделген.

Бұған қоса, Орал қаласындағы № 4 «Березка» және № 20 «Балбөбек» мектепке дейінгі ұйымдары «12 жылдық білім беруге көшуге мектепке дейінгі ұйым жағдайында 5 жасар балаларды мектепалды даярлау» тақырыбында эксперимент режимінде жұмыс жасайды. Қазіргі кезде эксперименттік жұмыс практикалық кезеңде – экспериментті жүзеге асыру ісі жалғастырылуда.

Қазіргі заманғы қазақстандық білім беру үлгісіне көшуде және әлемдік білім кеңістігіне енуде кәсіби білікті, құзыретті педагог қана өз жұмысын жаңадан құрып, жоғарғы нәтижелерге жете алады.

Қорыта келе, Елбасымыздың «Егемен еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеп жетілдіру басты назарда болуы тиіс», - деген ұтымды ойдан туған сөзімен аяқтай келе, еліміздің ертеңі балаларымыздың болашағы үшін тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден жалықпайық.



Әдебиеттер

1. Ш. Арзымбетова, И. Сауытбаева, Жаңа педагогикалық технологияның әдіснамалық қызметтері // Менеджмент, № 2/2012- 66 б.

2. Ж. Кобдикова, «Технологизация учебного процесса-приоритетное направление 12-летнего обучения» // 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында білім ұйымдары басшыларының кәсіби құзырлылығын дамыту, жинақ. // Алматы, 2011.

3. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың оқу бағдарламалары және оқу-тақырыптық жопарлары // Алматы, 2013

4. Ж. Елемесова, Мектепалды даярлықтың міндеттері // Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы, №7/2013-11 б.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет