БІЛІМ БЕРУ БАРЫСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Габдрахманова Г.У. (Ақтөбе)
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлкеттік бағдарламасында «... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.
Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі –мектептерді компьютерлендіру.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі –компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.
Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Жедел дамып отырған ғылыми–техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Мұғалімнің АКТ пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының уәжінің өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында АКТ пайдалану дағдысына әсер ету жолымен болуы мүмкін.
АКТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық -әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.
Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.
Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық –компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Мұғалімдер мультимедиа кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санаймын. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды.
Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Осы тақырыпты қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім:
қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек әлі де көбірек көрсетіліп, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстары да нақтылы әрі жан-жақты қлоға алынса даеймін.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.
Қолданылған әдебиеттер
1.Ж.Садыбекова, «Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» // Информатика негіздері. №4, 2008, 4-5 б.
2. М.Ғалымжанова, «Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру». Информатика негіздері. №3, 2006, 2 б.
3. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова, «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы». Информатика негіздері, №5, 2008, 17 б.
4. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары», Информатика негіздері, 48 б.
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАҢЫЗЫ
Сатыбалдина Э.С. (Ақтөбе)
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдында үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Осы міндеттерді шешуде, оқушыларды жан-жақты дамытып,қоғам құрылысын белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады
Педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы шәкіртті жарасымды әрі жан-жақты тұлға етіп дамыту үшін қандай педагогикалық технологияларды пайдалану керек екендігін анықтап алуы тиіс. Бұл орайда пәндерді оқыту процесін барынша тиімді әрі қонымды етіп ұйымдастыру көзделеді. Яғни балаларға білімді ең жеңіл әдіс-тәсілдермен меңгерте білу керек. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаз пайдалануы - өмір талабы.
Кез келген даму деңгейі әлемдік жаңа технологияларды қолдану деңгейімен өлшенетіні белгілі. Білім беру жүйеісн ақпараттандыру білім беру саласының болашағына үлкен әсерін тигізеді. Мұғалімнің басты мақсаты - терең де тиянақты білім беру, ал сапасын арттыру үшін, әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік білумен қатар, оны оқушыға меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс.
Дамыта оқытудық негізгі мақсаты: жеке тұлғаны өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқара алатын деңгейге жету және адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сабақта дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, мен бастауыш класта өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамытуға, өзіндік жұмыс жасауға, білік дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізуге баулимын.
Дамыта оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиімді түрде өтуінің арқауы болып табылатын,алдағы уақытта оны бұданда терең білім жолдары күтіп тұрғанын сездіретін оқытудың пәрменді әдісі. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып,теориялық ойлауға икемделеді,білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Дамыта оқыту жайында ойымызды тұжырымдайтын болсақ,ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.
Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды ,біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтежесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Проблемалық оқыту дегеніміз – мұғалімнің басшылығымен келелі жағдайлар туғызу, оны оқушының шешу жолындағы өзіндік қызметінің нәтижесінде шығармашылығын, кәсіптік білімін, дағдысын, іскерлігін, ойлау қабілетін жетілдіруді туғызу.
Білімді меңгеру тек қана заңдылықтарды, ережелерді есте сақтау арқылы емес, оны оқыларды өздері логикалық талдау жасай отырып, алған білімдерін орынды пайдалана білгенде ғана жүзеге асады.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндік-теріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап , белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту , оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс –тәсілдерін іздестіру , жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі.
Мұғалім жаңа білім оқулықтарын оқытудың қазіргі технологиясын , қазіргі білім беру саласының негізгі мақсатын,мән-мағынасын жете түсініп оқыту жағдайда ғана келешек ұрпақ еркін дамуына жол ашпақ.
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып,жан-жақты талдауға , өз ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты , білімді оқушылыр тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп , көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру,өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп,мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу,технологияны таңдау,оқу үрдісін құру-мұғалім құзырындағы іс.
Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға деген талаптар қазіргі заманда көлемді болып келеді.Біздің ойымызша,негізгі талаптардың бірі білім берудің жоғары деңгейі болып табылады.Өйткені,сонда ғана әлеуметтік,саяси,ғылыми және басқа да салалардағы болып жатқан жедел жағдайларға тез бейімделе алуға болады.
Бүгінгі қоғамның негізгі де басты мақсаты оқушыны жаңа өмір жағдайына дайындап, болашақ білім жүйесін қалыптастыру. Білім сапасының жоғары болуы-бұл біздің қоғамымыздың ертеңі.
Мектептің басты мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақты өмірдің түрлі ағымына икемді етіп дайындау. Қазіргі нарық экономикасы тұсында қоғамның қарқынды дамуын, ғылыми, тиімді ақпараттарды уақытында нәтижелі сапалы қолдану керек. Бұл істің нәтижелі өтуі оқу процесіне тығыз байланысты.
Оқу икемділігі мен сауаттылығы төмен оқушылардың оқу, жазу машығын жетілдіруге жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қараев Ж.А Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері. Алматы, 1993
2.В.Ф. Шаталов.Точка опоры.М, 1987
3.Б.Тұрғынбаева Теория және тәжірибе.Алматы, 2005
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
ТастаеваА.М. (Ақтөбе)
Қазірде білім беру саласында әр түрлі технологиялар енгізілуде. Біздің басты талабымыз олардың ішіндегі қажеттілерін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану. Міндетіміз осы енгізіліп жатырған технологияларды кеңінен пайдалану емес, міндетіміз-тұлғаны нәтижеге бағыттай отырып білім беруде. Қазіргі кезде заман ағымына қарай көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық- коммуникативтік технологияның бір өзі атқаруда.
Алға қойған мақсаттарды іске асыруда мұғалім басты рөл атқаратындығы бәрімізге белгілі. Мұғалім оқушыға сапалы білім беруі үшін көп ізденіс үстінде болып, біліктілігін арттырып отырады. Осындай мақсатпен құрылған курстың бағдарламасының жеті модулін пайдалану мақсатында мектептегі тәжірибеден өттім. Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, өз мамандығыма сәйкес тәжірибемде ана тілін оқыту пәнін алдым. Жалпы ана тілі пәніне бастауыш сыныптарда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады. Осы сөз болған тәжірибелік мақсаттарға мыналар жатады: оқушылардың сөздік қорларын байыту және де қазақ тілінде ауызекі сөйлесуге, сауатты оқу мен сауатты жазуға үйрету мен дағдыландыру, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге, жағдаяттардың шешімін табуға, ол жайында өз пікірін еркін айта білуге үйрету қажет.Мектептегі тәжірибе кезінде өткізген тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның жеті модулін енгізуге тырыстым. Курста жүріп оқып түсінген «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін тәжірибеме енгізудің өзектілігіне көзімді жеткіздім.Осы модулді жүзеге асыру үшін нұсқаулықты пайдалана отырып, жаңа әдіс тәсілдердің түрлерін оқып, қосымша өзіме жаңа ақпараттар іздей бастадым. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі «Диалог негізінде оқыту мен оқу» және «Қалай оқу керектігін үйрену» әдістерін қарастырады.
Жалпы оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер сан алуан. Бірақ сол әдістер мен тәсілдерді тиімді қолдану ұстаздың міндеті. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, өзіне қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек.»
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Ол сөйлесудің негізгі түрі. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39бет) Адамдар арасындағы қарым-қатынас сәлемдесуден басталады. Алдымен мұғалім сабаққа кіргеннен, бастап оқушылармен диалогта болады. Мұғалім оқушымен диалог құра отырып, оқушының көңіл күйі мен сыныптың атмосферасын анықтап, байқап, бақылап алады. Сол арқылы оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, біледі. Мысалы «Үш бақытым. Туған тілім» өлеңін оқыта отырып, алдымен сыныпты ұйымдастырудан бастадым. Әр елдің тілімен амандасу таныстырдым. Әр күн сайын біз бір- бірімізбен жаңаша әдістерімен амандасып отырдық. Мұның барлығы оқушыларды қуантып, сабаққа деген қызығушылығын оятты. Ең бірінші «Диалог арқылы оқыту» оқытудың жаңа тәсілін, үй тапсырмасын тексеру мақсатында қолдандым. Оқытудағы әңгімелесу - қарым- қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды. (Александер 2004ж.40 бет) Үй тапсырмасына дайындық деңгейін тексергенде «Өзіме от шақырамын» әдісін қолдандым. Бұл әдісте де оқушы мен оқушылар арасында диалог орнайды. Үй тапсырмасына дайын оқушы өзін тексеру үшін ортаға шығады. Ал қалған құрдастары оған үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойып, оларға жауап алып отырады. Жауабы дұрыс болмаған жағдайда, сұрақ қойған оқушы сұрағына өзі толықтыру жасайды. Сонымен қатар, жаңа тақырыпты оқушылардың өздері табуына жайдай тудырған кезде де, мұғалім мен оқушы арасында диалог жүреді. Яғни, сұрақтар арқылы мұғалім жауабын алып, тақырыпты аштырып алады. Оқушыларға белгілі бір мақсатта , белгілі бір тақырып аясында тапсырмалар беруде сұхбаттар құрылады. Мен сабақтарымда тақырып ашылғаннан кейін мәтінменнемесе мысалдармен, ертегілермен жұмыс жүргіздім. Жаңа тақырыпты алдымен оқушылар өздері іштей оқып алады. Бұл жағдайда INSERT және де ДЖИГСО әдісі қолданылып отырды. Оқып алғаннан кейін бір-біріне мазмұндады. Өлеңдер негізі өзі үш шумақтан тұрады. Сол себептен де оқушылар өлеңді шумаққа бөлу жұмысын орындады. Әр шумаққа ат қойды. Мәтін бойынша жұмыс жүргізгенде оқулықты пайдалана отырып, диалог құрып оқиды. Диалог оқушы мен оқушы арасында жүреді. Кейін бір бала бірінші шумақты басқа топ мүшелеріне мазмұндады, екінші оқушы екінші шумақты басқа топ мүшелеріне мазмұндады. Оқушылар осылай бір –біріне мазмұндап болғаннан кейін, шумақтарға ат қойды. Тапсырма бес топқа бөлініп берілді. Топтық таныстырылымдар жасау барысында, қосымша бірінші топтар Мұқағали Мақатаевқа ассосация жасаса, келесі топ тіл туралы мақал-мәтел тауып жазды. Келесі топ Отан туралы шығарма жазды, Оқушылардың құраған әңгімесі тамаша шықты. Оқушылар өз ойларын барынша нақты жеткізуге тырысты. Сабақты қорыту кезінде оқушы мен мұғалім арасында диалог орнайды. Себебі мұғалім сабақты қорытуда оқушы қаншалықты түсінді, қаншалықты түсінбеді деген мақсатта, ойларын жинақтау, қорыту үшін сұраққа жауап алады. Мысалы осы сабақты қорытуда оқушылардан «Өлең неліктен,Үш бақытым, Туған тілім деп аталған?», «Үш бақытқа нелер жатады?» тағы басқалай сұрақтарға жауап ала отырып, диалог орнаттым. Сонымен қоса, топтық тапсырмалар бердім. Онда жұмыс түрлеріне сурет салып, шығарма жазып, әңгіме құрады. Екі өлеңді («Үш бақытым» және «Туған тілім») топтастыру мақсатында Венн диаграммасы қолданылды.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39бет) Сабақ барысындағы мәселелерді шешу арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу алдымен коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді де, ал коммуникативтіліктің жауап алған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып саналады. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болмасын лексикалық – грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Сонда белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастырғанда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болады. Сонымен бірге, ақпараттық оқу құралдары бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерін қолдану, сөйлем, әңгіме құрау, сұрақ қоюдың барлық түрін үйрену тиімді. Жалпы оқушылардың сөйлеу дағдылары қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығанын ауызша да жазбаша да мазмұндай алатындай дағды-машықтарынан, шығарма т.б дағдыларынан құралады.
«Туған ел» деп аталатын сабағымда әдеттегідей сабақты бастамас бұрын оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыпастырып алып отырдым.Өз Отанына деген құрметін тілмен жеткізуге тырыстым. «Туған ел» тақырыбында ой қозғау бөлімінде бейне фильм көрсету арқылы «Біз нені көріп отырмыз?», «Сіздер қалай ойлайсыңдар, біздің Отанымыздың жері қандай?» деген сұрақтар арқылы мұғалім мен оқушы арасында диалог орнады. Диалог туған ел,туған жер жайында жүрді. Оқушылар өздерінің ойын айтып, пікірін білдіріп, түсінгендерін жинақтап жатты.Жаңа сабақты түсіну үшін өз беттерінше оқу бойынша жұмыс істеді. Себебі,өлең шағын болатын. Оқушыларға енді осы өлеңді өздеріне іштей оқу ұсынылды. Өлеңді тереңірек ұғыну үшін оқулықпен жұмыс жүргіздім. Жаңа сабақты түсінгендерін кеңейту мақсатында топтық таныстырылым жасау тапсырылды. Әр топқа мынадай тапсырмалар берілді: Туған ел тақырыбында мақал-мәтел,»Менің қалам» постер жасау,Сахналау «Кімнің мекені жақсы»,Туған жердің табиғатын қалай қорғар едің?, Туған ауылың туралы әңгіме жазу тапсырылды. Оқушылар берілген тапсырманы белсене, бірлесе отырып орындады. Жұмыстарын кезекпен қорғап шықты. Ой түйіндеу. «Табиғат адамға не береді?», «Табиғат-ана» дегеніміз не? деген сұрақтар бере отырып,сабағымызды қорыттық.
«Сен ұйықтап жатқанда» тақырыбын өткенде алдымен жаңа сабаққа тоқталмас бұрын, оқушымен диалог жүргізілді. Мамандыққа байланысты топқа бөле отырып,осы мамандықтар сендерге неліктен ұнайды?, оның адамға тигізер пайдасы қандай? Деген сұрақтарға жауап берді. Топпен жұмыс, ассоциация әдісі жүргізілді. Оқушылар әңгіменің авторына ассоциация жасады, мәтіннен мамандық түрлерін тауып, оның пайдасы туралы әңгімеледі. Келесі топ көлік түрлерінің суретін салса, келесі топ сурет бойынша әңгіме құрады. Ал бесінші топ мәтіннің мазмұнына сай мақал -мәтелдер тауып жазды.Ол жазған мақалдарын жұптаса отырып баяндап, бір- біріне тексертіп, бағалатты.
Мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер мен қоса соның ішінде диалогтік оқытуды өзімнің сабақтарымның барлығында дерлік қолдандым деп айта аламын. Ең басты өткенді қорытып, ой жинақтау кезінде әрқашан диалогтік оқытуды пайдаландым. Тағы бір «Мен елімді сүйемін» тақырыбын өткен кезімде, сабағымда мәтінді өз беттерінше оқи отырып,тапсырмалармен жұмыстар жүргіздім. Әңгімені іштей оқып шықты. Одан кейін тірек сөздер арқылы әңгімені баяндаттырдым. Тірек сөздер арқылы мысалы, туған тіл,туған ел,туған жер тағы сол сияқтылар. Оқушылар мәтінді тірек сөздер арқылы баяндап берді. Оқушылар жазушының көңіл күйін түсінді. Топтық таныстырылым, ассоциация әдісінде оқушылар сызбадағы сөздерді пайдалана отырып мәтінді әңгімеледі. Жаңа әдіс -тәсілдерді кіріктіре отырып, өткізген сабақтарымды қорытып, ой түйіндер болсам, топтық әңгіме, басқа да әдіс- тәсілдердің түрін, жұптық әңгімені бақылай отырып, мен жақсы өзгерістерді байқадым. Сабақ барысында оқушыларда едәуір өзгеріс болғанын көрдім. Себебі, балалардың мінез-құлқы әртүрлі болады. Сабақ барысында үндемей отырған, қарым –қатынасқа түспейтін балалар осы кезде ашылды. Бақылау жүйесінде оқушылардың өзінің пікірін топта еркін білдіруіне жағдай жасап отырдым. Олар 9 жаста болғанына қарамастан нақты өз ойын айтуға тырысып, қателесуден қорықпай, білім алуларына жағдай жасап отырды. Тапсырмаларды орындауда оқушылар өздерінің білімін көрсетуге, білімді жақсы жақтарына пайдалана алуға тырысты.
Менің оқушыларымның көбі әдебиетті оқуды жақсы көреді. Бірақ қазіргі уақытта өздеріне санаулы алған білімді игереді. Ал мен біріншіден, қабілетін арттыратын жұмыс түрлерін өткізуді жоспарлаймын. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақтарды нақты, анық қоя білуде.
«Ұлы мұғалім қанағаттандырады, шабыттандырады»-деп А.Уорт айтқандай оқушының құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибемде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор екені анықталды.
Мұғалімге арналған нұсқаулық (20І2ж )
Курстың таратпа материалдары.
ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІНІҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Абикеш Ж.З. (Ақтөбе)
Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан - жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан - жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?
Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс - тәжірибеге пайдалану, өзінің технологиясын қалыптастыру - заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау - бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден - бір қызмет етуі керек.
Атақты педагог – ғалым В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт.
Қоғамдағы жаңаша үрдіс әлеуметтік мәдениеттің басым бағыттарының өзгерістерінің білімдегі жаңаруды қажет етуі оның мақсаты, мазмұны, әдістері мен технологияларының іске асырылуы жаңаша білімдегі жетекші тұлға ретінде мұғалім қызметінің маңыздылығын айқындау болып табылады.
12 жылдық білім жүйесіне көшу ҚР білім реформасының басты бағыты болып табылады, сонымен қатар барлық мектеп пәндерін оқыту әдістерін өзгертіп қана қоймай, педагогтарды қайта даярлау мен оқытудағы тәсілдерді жаңартуды қажет етеді.
«12 жылдық білім берудің жетістігі – кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдер, олардың біліктілігі мен кәсіптік шеберлігі болуы тиіс».
Жалпы орта білім беруде міндетті мемлекеттік стандарт жаңа тұрпатты мектеп моделін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар мектеп бітірушінің жеке тұлғалық шарттарын ескерте келе оған мұғалімді анықтайды.
Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - «рухани - шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға».
Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. Ол маңызы жағынан, Н. Коперниктің жаңалығына тең(Күн – астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады), тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына, шоғырландыра жүргізіледі.
Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс - әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден – бір тәсілі - өзін - өзі рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен – ақ демократиялық қарым – қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама – қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;
Оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдері:
● мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
● қайшылықты практикалық іс - әркетте көрсете білуі;
● бір сұрақты жан – жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
● құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
● мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
● нақты сұрақтар қояды;
● тапсырмаларды бірігіп орындайды.
«Оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына «адам – шындықты танушы тұлға» түсінігі қалыптасады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру –
- адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық, шығармашылық бастамасы – тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету;
- сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін - өзі реттеуге, өзін - өзі қорғауға, өзін - өзі тәрбиелеуге әкеледі.
- адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол – тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым – қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзінідік қатынастың негізін қалау.
- адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізудің мұғалімдер үшін мынадай ерекшеліктері бар:
● білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделеді;
● барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршатуын болдырмауды көздейді;
● педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал – жабдықтарды жаңартудан емес, субьектаралық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;
● білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың – оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата – ана - өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;
● мұғалім өз әрекетінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз қызметінің бүгінгі күн талабы, қоғам, ата – ана, оқушы сұранысына сәйкестігін біледі.
● тұлғалық бағдарлы білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылу, авторлық адаптивтік бағдарламалар құру, тәжірибеде бар жаңалықтарды өз тұрғысынан өзгерте алу.
12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының төмендегідей тұлғалық сапалары қалыптасады:
● өзіндік сана;
● өзіндік таным;
● өзіндік білім алу;
● өзара қарым – қатынас;
● өз өмірінің субьектілігі.
Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.
Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бабаев C.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. «Педагогикалық теория негіздері) Монография. Түркістан.
Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2010 ж. №6.
Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2004ж.
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Андирова В.Т,. Жайлышева А.А. (Ақтөбе)
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалім тұлғасы атқаратындығы туралы тұжырымға ешкім қарсы шыға қоймас.
Осы орайда қазіргі кезеңде жүзеге асырылып жатқан жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты - жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды.
Мұғалімді тәжірибелік тұрғыда дамытуға бағытталған курс мазмұны заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып, қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес педагогтың зерттеу мәдениеті мен өзіндік рефлексивтік қабілетін және осған сай теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруды мақсат ететін құзырлылықты дамытуды көздейді.
«Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы».
Латын тіліндегі «компетенс» сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет, өйткені, құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты» деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг, К.Ушинский А.Макаренко, В.Сухомлинский, т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық құзырлылық - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Мұғалім қызметіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібі аясынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Құзыретті мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі: мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің, жаңашыл-мұғалімнің, зерттеуші-мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Жаңа бағдарламаның мазмұны бойынша бірінші кезекте құзырлы мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.
Қазіргі кәсіптік-педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Олай болса, мұғалімдердің күн сайын қабылдайтын шешімдері түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталады. Осыған сәйкес, жаңа курс мазмұнында қолданылатын негізгі әдістер: оқушының жеке бас ерекшелігін, ішкі қажеттіліктері мен қабілет – мүмкіндіктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу. Жеке тұлғалық қасиеттереге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін, үйренуді үйрету әдісін қолдана отырып тәрбие жұмысын ұйымдастыруы қажет.
Қорыта айтсақ, сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс. Күрделі үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп шығу бүкіл ғұмыр еншісіндегі мәселе, міне, сол себепті де практикаға үнемі ерекше назар аударылатын болса, мұғалімдер қызмет барысында өзін жетілдіруді жалғастыра бермек.
Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен ұштастыра оқыту, оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқытудағы ерекшеліктерді түсінуі қажет болады. Оқыту және сабақ беру саласындағы негізгі білімнің болуымен қатар, мұғалімдерге қандай өзгерістер болып жатқаны және қандай стратегияларды алдын ала қабылдау қажеттігі туралы барынша дәлелді тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін қосымша ақпараттар жинауға тура келеді. Шешім қабылдау үдерісінде мұғалім үшін ең маңыздысы оқушының қызығушылығы болып табылады. Осылайша, оқушыларды өзгермелі өмірге дайындаудан күтілетін нәтиже үдесінен шығу үшін мұғалімдерге білім беру бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет болады. Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды мәселеге тіреледі. Олар:
• Өз қызметтері аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу үшін құзыретті мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?
• Мұғалімдерге әртүрлі оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары туралы кері байланысты қамтамасыз ету, өзінің мұғалімдік тәжірибесін сыни бағалау және оны жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?
• Әр баланың жеке тұлға есебінде де, кәсіби ұжым мүшесі ретіндеде табысқа жетуіне, өз білімі мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кәсіби міндеттер қажет?
Құзыретті мұғалімдердің нені білуге және үйренуге тиіс екендігін анықтау, қолданыстағы халықаралық бағдарламалардың қалай жұмыс істейтінін зерделеу және ғылыми әдебиетті оқу арқылы білім берудің жалпы байланысын және негізгі базасын анықтау келер күннің еншісінде.
Пайдаланылған әдебиеттер
В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.
С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования //«Государство и образование», 2002. 88-б
В.А. Хуторской. Ключевые компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы образования.//«Народные образования», №2, 2003. 58-94-б
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе//Aлматы. 2005, 174-бет
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ – ПЕДАГОГТЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ
Алекешова Ж.Б. (Ақтөбе)
ХХІ ғасырдағы адамның бейнесі – жан жақты, шығармашыл, әрдайым өзінің білімі мен дағдыларын кеңейтіп отыратын, бәсекеге түсе алатын, өзін өзі дамытып жетілдіретін тұлға болып есептеледі.
Бүгінгі білім беру саласының басым бағыты – білім сапасын арттыру болып табылады. Бұған қол жеткізудің бірден-бір жолы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының іс-әрекетін, дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін, мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға тікелей байланысты.
Шығармашылық – ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігер мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.
Шығармашылық – алынған ақпаратты түрлендіріп, жиі тапқырлық таныту, бірыңғай ойларды қорыта білу, оралымды және көп нұсқалы ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол іс-әрекет түрлі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам әрекеті деуге болады:
шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
әлеуметтік және жеке адамға деген мәнінің болуы;
шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
нәтиженің жаңалығы, соңы.
Шығармашылық қабілет танымдық iс-әрекетке тұрақты қызығушылық пен оны қажетсiну, белсендiлiк пен iзденiмпаздық нәтижесiнде, сондай-ақ нәтижеге жетуге деген мақсаткерлiк ұстаным арқылы қалыптасып дамиды.
Ғалымдардың тұжырымдамаларынан, ғылыми еңбектер мен iзденiстер нәтижелерiн саралай отырып, шығармашылық iс-әрекеттер қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде iске асады және жас ұрпақтың дамуына әсерiн тигiзетiн адами құндылық деуге болады.
Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Нәтижені жан-жақты тексеру, т.б.
Шығармашылық қабілеттің пайда болуының негізгі шарттары:
1. Пәнге үйретудің еркіндігі.
2. Білім кеңістігінің әр бағытта болуы. Мазмұндылық, шығармашылық, жан-жақтылық.
3. Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.
Шығармашылық қабiлет проблемасы – оқушылардың жекелiк айырмашылық мәселесi. Қабiлет әрбiр балада болатын қасиет, олар өмiр сүру барысында дамып отырады. Қабiлет дәрежесi әр адамда әр түрлi деңгейде болады. Қабiлет әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мыналарды жатқызуға болады.
1. Шығармашылық деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру).
2. Қызығушылығын, шығармашылығын және белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
6. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Шығармашылық қабiлет әрекеттiң белгiлi түрiмен айналысудағы мүмкiндiк беретiн бейiмдiлiкте байқалады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту 3 кезеңмен анықталады. Олар:
1. Анықтау кезеңінде – оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің көрсеткіштері мен белгілерін, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің бастапқы деңгейін анықтау, оқушыларды қабілет деңгейіне қарай топтау, бағдарлама, оқулықтарды зерттеп, талдау белгіленеді.
2. Қалыптастыру кезеңінде – шығармашылық қабілеттердің мотивациялық компоненттерін қалыптастыру, мазмұн, әдістеме жасау, шығармашылық – тапсырмалар жинақталған әдістемелік нұсқау жасап, оның тиімділігін оқу процесінде тексеру оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, білім деңгейлерінің артуын қамтамасыз етуі керек.
3. Бағалау-қорыту кезеңінде бұған дейінгі жасалған жұмыстар нәтижесінде – оқушының шығармашылық әрекетке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімдер құра білуі. Ол шешімдер бұрынғы шешімдермен салыстырылады.
Шығармашылық қабілетті дамыту тұлғаның негізгі іс-әрекеттері арқылы жүзеге асыру, оған психологиялық жағдай құру, шығармашылық ойлауын тудыратын күрделі мәселелердің құрылуы, оның жаңаша шешімін табу – тұлғаның өзіндік танымдық мотивациясынан туындайды. Тұлғаның шығармашылық қабілетінің даму мүмкіншіліктерін күшейтетін сыртқы әсерлер оның өзінің жоғары интеллектік потенциалдарымен ұштасып отыру керек.
Шығармашылық тұлғада қабілеттің негізі – нышанның дамуынан бастау алады. Тұлғадағы көріп-білуге құмарлық, танымдық белсенділік, терең, түрлі сипатта қабылдағыштық, меңгеруге икемділік, айрықша жасампаздылық, ақыл-ой белсенділігі, зейін ұшқырлығы, ойдан айрықша нәрсе құра алушылығы – шығармашыл тұлғаның қалыптасуының ең негізгі факторы болып табылады. Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әp жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің ісінен сабақ алуға, саналылыққа, танымдық, әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасып, сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді: ортақ іске өз үлесін қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді; оқушының өзіндік жұмысы талқыланады: шығарма, реферат, баяндама, бақылау жұмысы т.б.; сайыстар ұйымдастырылып, оқушылардың жарысу серпінін туғызады; ортақ мақсаттарының болуы есебінен ұжымдық шешім шығады, болжамдар жасайды, эксперименттер жүргізіледі.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, тілін байыптауға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Г.А.Цукерман “Виды общения в обучении”, Томск “Пеленг”, 1993 г.
2. С.Танцоров “Групповая работа в развивающем обучении”, пед.центр “Эксперимент”, Рига, 1997 г.
3. А.Гин “Приемы педагогической техники”, “Вита-Пресс”.
4. Рудестам К. Групповая психотерапия / Рудестам К. СПб. : – Питер, 2005. – С. 278-279
ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Базаргалиева Б.Т., Умирзакова З.Т. (Ақтөбе)
Қазіргі таңда білім беру жүйесі заман талабына сай жаңаруда. Бүгінгі кезең түлегі бұрынғыдай дәстүрлі оқумен шектелмеген жан болуы қажет, өйткені күн сайын өзгеріп жатқан дөңгеленген дүние мектеп түлегінің, елінің келешек тірегі болар азаматының бойынан сапалы өзгерістерді, құзыреттіліктерді күтеді. Елбасымыздың өзі «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында қыркүйек айында әлем елдерінің жоғары оқу орындарымен терезесі тең білім ордасы – Назарбаев университетіндегі интерактивті дәрісінде сапалы білім мен тәрбиенің маңызына айрықша тоқталған болатын.
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалім тұлғасы атқаратындығы туралы тұжырымға ешкім қарсы шыға қоймас.
Елімізде биылғы жылдан бастау алған педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі де осыған сай қолға алынуда. Ұстаздар қауымының сындарлы оқыту технологиясы бойынша кешенді түрде бағдарлама модульдері идеясын меңгерту арқылы рефлексивті мәдениетін дамыту – жас ұрпаққа тәлім берерлік мамандардың тың серпіліс, жаңа талап межесінен танылуы үшін жасалып жатқан игілікті істер болып табылады.
Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды мәселеге тіреледі. Олар:
• Өз қызметтері аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу үшін құзыретті мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?
• Мұғалімдерге әртүрлі оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары туралы кері байланысты қамтамасыз ету, өзінің мұғалімдік тәжірибесін сыни бағалау және оны жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?
• Әр баланың жеке тұлға есебінде де, кәсіби ұжым мүшесі ретіндеде табысқа жетуіне, өз білімі мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кәсіби міндеттер.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер бағытында Л.Выготский диалогтік оқыту тәсілінің оқушы ойын жетілдіре, ойлануына, өз жауабын саралай қарап, нақты шешімге келуге ыңғайлы және білім беруде ең керекті әдіс екендігін айтып өткен. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықты оқи отырып, Л.Выготскийдің диалогтік оқыту тәсіліне мән бере отырып, сабақ құрылымында пайдаланып, оқушының білімінің тереңдеуіне ықпал ету мақсатында сұрақ түрлерін түрлендіріп жасауға мән бердік. Сабақта түрлендіре берген сауалдар кезінде байқап қарасақ, оқушы сыни көзбен қарай отырып, жауап бергендері, сол жауапты дәлелдей білуі, ойын ашық жеткізуі оқушының білім деңгейін бір саты болса да жоғарылататынын байқадық. Оқушылардың түрлі сұрақтарға жауап беру кезінде олардың жеткізе білу шеберлігін, ойын дамыта отырып дәлелді ақпараттармен жауап беруіне назар аудардық. Оқушыларға сауалды қоя білсең олардың жауабының нәрлі болып шығатынына көзім жетті.
Жеті модульді мүмкіндігінше сабақ құрылымына қатыстыра отырып, өзімнің сабақ өткізу тәсілімнің өзгергендігін байқадым және оқушылардың сабақ өткізу кезінде топтаса жұмыс жасап ынтымақтаса білімді алуы қуантарлық жағдай деп айтсақ болады. Топтаса, жұптаса отырып, жұмыс жасап, оны өзіндік дәлелдерімен жеткізе алуы сөйлеу мәдениетін жоғарылатады және сыныпта шет қалатын оқушылар болмайды. Үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушыларда ортада өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыланды.
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау әдісімен оқушылардың өздерін сабақта сыни тұрғыда ойлана отырып, бір-бірінің жұмысын бағалауды сұрадық. Бұл сабақтар орта мерзімдік сабақ құрылымында орын алды. Сабақтар топтамасының бірінші сабағында топтық жұмыстардың бағалануы жайында бағалау парақшаларын әр топ басшысына тапсырдым. Сабақта оқушылардан топ басшысының бағалауымен қатар оқушылардың әр топтан көзқарасын, баға беруін сұрадық. Сабақ түрткі болу сұрағынан басталды. Балалар сауалдарға белсене араласа отырып, жаңа сабақтың тақырыбын сауал арқылы аша білді. Әр топқа мәтін бөліктерін бөліп бердім. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы он минут ішінде оқып, түсіну тапсырылды. Берілген уақыттан соң оқушылар әр топтан өз түсініктерін мазмұндап, әр топтың оқушыларының сауалдарына жауап берді. Балалардың бір-біріне тақырыпты түсініп алуы балалар үшін тиімді тәсіл болды. Оны оқушылардың өздері де жақсы меңгергендіктерін айта отырып, сабақ үстінде осылай меңгерсек болады екен ғой деген ойларын айта білді.
Оқушыларға әр сабақтың басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, сабақ барысында сергіту мақсатында өткізілген психологиялық тренинг-жаттығулар ерекше әсер етті. Алғашқы сабақта өткізілген «Мен Сені таныстырғым келеді» ойынының өзінде оқушылар бір-бірі туралы, біздер, мұғалімдер қауымы кейбір біле бермейтін ақпараттармен бөлісті, кластасының қызығушылықтары мен бейімділіктеріне мән беруге тырысты, мұның өзара сенім ахуалын қалыптастыруға ықпалы болды [6]. Әр сабақ сайын әр түрлі әдіспен топқа бөлу де балаларды таң қалдырды. Топтың ережелерін бірлесе құрастырып, балалар жаңа үлгідегі жұмыстарды жылдам ұғына білді, ынтамен кірісті.
Бағдарлама бойынша 7 модуль идеяларын орта мерзімді жоспарлау барысында қамтуға ұмтылдым, өйткені аталған модульдердің өзара сабақтастығын, сабақта жүйелі жүзеге асыруға болатындығын түсіндім.
Мәселен, сабақтарымда оқушылар нәтижеге жету картасын құрастыруда бір-бірімен әңгімелесіп, ой-пікір алмасып, ұсынылған пікірлерді топ ішінде өзара бағалады және бір-бірін толықтыра келе топтың атынан ортақ шешім ұсынды. Бұл – «Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша диалогтік оқытуға және «Сыни ойлауға үйрету» модуліне негізделді. Балалар мақсатқа жету үшін маршрут картасын құрастыра білді, маршрут картасы бойынша сабақ барысында өзіндік бағалау жасап отырды. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекетті жауапкершілікпен атқарып, өзінің дамуына көз жеткізгендер де болды. Салалас құрмаласқа қатысты презентацияны электронды оқу құралы арқылы бұрынғы білімдерін қайталап, еске түсіре білу арқылы дайындады. Оқушылар ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана отырып, нәтижеге жету сатылары, яғни өз білімінің бағалану критерийлері бойынша мақсатты түрде жұмыс жасады, «Қалай оқу керектігін үйрету» тәсілі жүзеге асырылды. Оқушылар бір-бірін оқытты, топта талқылады, сұрақтар қойып, жауап берді. Өзара оқыту арқылы дарынды балалар өз кластастарына көмектесті.Топтар презентацияны «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады. Синтаксистік талдау жасаған парақтарын топтар сағат тілі бойынша алмасып, критерий бойынша қалыптастырушы бағалау жасалды. Электронды тест арқылы оқушылар өз білімдерін тексерді, өз білім деңгейлерін анықтады. Тест қорытындысы бойынша жұптық тексеру жүргізіп, бағалады. Сабақ қорытындысында оқушының өзінің өзіне қойған бағасы, кластасының бағасы қойылған маршрут карталары жиналып, мұғалім бағасы қойылды. Бағаның объективтілігі үш түрлі бағаны салыстыру арқылы жүргізілді. Сабақтың барлық кезеңін қамтыған «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» модулі – оқушының өзін-өзі реттеуіне үлкен әсер ететіндігін байқадық. Нәтижесінде олар өзінің және кластастарының жұмысына сыни тұрғыдан қарай білуді, өз жұмысымен салыстыра білуді, өз деңгейін байқай білуді үйренді. Таңдау элементінің көмегімен өзін-өзі реттеуді қолдану оқушыларға қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Балалар өзінің әлі нені қайталайтынын, мен қай оқушыға қандай көмек қажет екенін анық түсіндік. Оқушылар ақпараттар ағынынан тапсырмаға орай қажетін таңдап, оқып-танысып, оны сараптап, өңдеп, көрнекі түрде ұсына білді. Топ мүшелерінің барлығы дерлік сабаққа белсенді қатысып, өзінің қабілеттерін дамыта білді. Оқушылардың үлкен қызығушылығын тудыратын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта тиімді қолдану білімді меңгерудің сапасын арттыратындығын түсіндік. Жиынтық немесе оқытуды бағалауды Блум таксономиясы арқылы және қорытынды бақылауды критерий арқылы жиынтық бағалау түрінде жүргіздік, бағалау критерийлерін оқушылар өздері талқылап, бірлесе дайындады. Нәтижесінде оқушылар әр топтың жұмысының, таныстырылымының түйінді мәселелерін ажырата білді, меңгергенін жеткізе білу әдістерін ұғынды, оқушылар бақылау жасауды, мәліметтерді интерпретациялауды және қорытынды жасай білуді үйренді.
Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, диалогтік оқытудың өзін сыни ойлауға жетелейтіндей етіп ұйымдастыра білу мені шығармашылық ізденістерге ұмтылдыратыны анық [1]. Қалай оқу керектігін үйрету тәсілдері оқушылардың білім нәтижесіне жету жолдарын өздерінің түсініп-пайымдауы арқылы тек жаттап оқу арқылы емес, өмірдің кез келген жағдайында пайдаға асатын өміршең білімді меңгеруі оқушының құзыреттілігін дамытудың іргетасы екенін дәлелдейді. Әр оқушы өзінің қабілет-қарымын дамытып, талантты және дарынды балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік беріліп, жас ерекшеліктері ескеріле отырып, әр баланың ынтасы мен қызығушылықтары арттырылып, дамуы үшін толық жағдай жасалады. Оқушылардың көшбасшылық қасиеттері де топтық жұмыс барысында алға басатыны анық [2]. Тиімділігіне көз жеткізген «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» модулін енгізу барысында менің де бағалауға деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Сабақ барысында мұғалімнің қойған бағасынан гөрі оқушының өз жұмысына сыни тұрғыда қарап, өзін-өзі бағалауы немесе кластастарының берген бағасының балаға оң ықпалы болатындығын, өзіндік, өзара және мұғалім бағасы сабақ қорытындысында салыстырылып, сараланып отырылса, бағаның объективтілігі артатындығын, бағаның әділдігіне оқушының өзінің, тіпті ата-анасының да көзі жететіндігін байқадық [4]. Мұғалім мен оқушының арасында жедел кері байланыстың болмауы оқушылардың оқуға деген ынтасына кері әсер ететінін пайымдадық. Бағалаудың әдістері жөніндегі білімімді толықтыра түсуге, әдістемелік деңгейімді жетілдіре түсуге орай өзіндік жоспар құрып, нақты іздену бағытын айқындадық, өйткені оқыту үдерісінде тиімді жұмыс моделі төмендегідей: жоспарлау – оқыту – бағалау – жоспарлау [5]. Бағалау тың жоспарларға, жаңаша ізденістерге жетелейді. Ендеше, мұғалім мамандығы әрдайым ізденісті талап етеді.
Әдебиеттер тізімі
[1] Имжарова З.У., Ахметова А.У., Имжарова Ж.Н. Критическое мышление в образовательном процессе. Актобе, 2010
[2] Қашықтан оқыту кезеңінде мектепте орындауға арналған тапсырмалар
[3] Мұғалімге арналған нұсқаулық
[4] Шакиров Р. Х., Буркитова А. А., Дудкина О. И. Оценивание учебных достижении учащихся.Бишкек, 2012
[5] Н.Задорожная, И. Низовская. От педагогического опыта к педагогической рефлексии. Бишкек, 2011 http://www.cpm.kz.
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МҰҒАЛІМ – СМАПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Бахрадинова Ж.Т., Айтжанова А.И. (Ақтөбе)
Тарихи дамудың әрбір кезеңінде қоғам уақыттың өзіне тән ерекшелігін көрсететін, мамандарды даярлауға қоятын айқын талаптармен алға жылжып отырды. Бүгінде түлек дайындау оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейімен айрықшалануы қажет. Бәсекеге қабілеттілік еңбек жолын жаңадан бастаған жастардың бірінші, ең маңызды сипаттамасы болып қалыптасуда. Өмірдің қарқынды өспелі динамикасы оқыту мен тәрбиелеуден бәсекелестік әрекетке қатысатын және бәсекелестікті өркениетті әдістермен жүргізе білетін, өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлға талап етіп отыр.
ХХІ ғасырдағы адамның бейнесі – жан жақты, шығармашыл, әрдайым өзінің білімі мен дағдыларын кеңейтіп отыратын, бәсекеге түсе алатын, өзін өзі дамытып жетілдіретін тұлға болып есептеледі.
Сол себептен қазіргі экономикалық нарықта жаңа маман түрін, яғни бәсекеге қабілетті, кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіріп отыратын және бейімделуі жоғары, тез әрекет ете алатын тұлғаны қалыптастыру міндетін шешу талап етіліп отыр. Басында «бәсекеге қабілеттілік» ұғымы экономикалық категория болса, ал қазір педагогика мен психологияда кеңінен қолданыс табуда. Педагогикада «бәсекеге қабілетті маман» ұғымы «кәсібилілік» түсінігімен қатар қолданылып жүр. Бұл түсінік жеке тұлғалық және кәсіби дамуының нәтижелілігі аясында сұрақтар туғанда пайдаланылады.
Бәсеке қабілеттілік- тұлғалық қасиет, ол әлеуметтік - еңбектік саладағы тәжірибесінде табысты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Ал бәсекеге қабілетті маман кәсіпқой, кәсіби еңбектік қызмет саласындағы бәсекелестікті көтере алатын тұлға.
Бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру мәселесін шешуде, оның жеке қасиетін анықтау маңызды болып саналады. Оларды анықтау үшін келесі сапаларға мән берген жөн (А.В.Гришин):
Құзыреттілік – хабардар болушылық, абыройлылық. Еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы, қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі, іс әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігі.
Ұйымдастырушылық – өзінің және қарамағында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін нақты ұйымдастыра білу, жоспарлау, болжау, бақылау, реттеу қабілеті.
Іскерлік - кәсіби қызметіне жаңа инновацияларды енгізуге деген қызығушылығы мен ынтасы, озық технологияларды жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту.
Көшбасшылық – әріптестеріне, қызметкерлеріне бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық ету.
Бейімдеушілік – жаңа жағдайларға тез бейімделу қабілеті, туындаған мәселелерді шешуде тез және нақты жолдарын білу.
Әлеуметтік жауапкершілік - жұмысында мемлекеттік және жеке басының мүддесін байланыстыру.
Жұмысқа қабілеттілік – қысқа уақыт ішінде көп көлемді жұмыстарды атқару және кәсіби міндеттерін уақытында орындау.
Коммуникативтілік – іскерлік келіссөздер жүргізу, адамдармен қарым қатынас жасай білу, өзінің көзқарасын дұрыс жеткізу.
Қазіргі мұғаімдер мына факторларға ерекше көңіл бөлгендері жөн:
Жұмысының сапасы мен сенімділігіне (жұмысында нақты және мұқият болу);
Кәсіби білімінің тереңдігі;
Қабілеті, ынтасы, шығармашылығы (өзіне ғана тән ойы, шешімі, жолы бар; қабілетін үнемі жетілдіріп отыру; ой өрісін кеңейту);
Табысқа жетуге талпыну;
Білім мен жұмыс тәжірибесі;
Ұстамдылық (баса назар аудару қабілеті, қарбаластық жағдайда жұмыс жасау);
Мақсатқа талпынушылық және мақсатқа жетудегі жоспарының болуы.
Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті мына 4 ұстаным бойынша бөліп көрсетуге болады:
Біліктілік, кәсіби құзіреттілік, алған білімінің деңгейі;
Мотивация;
Мәдениет (құндылық және даму деңгейі)
Өмірлік бағдары, мінез құлықтық сипаттамасы.
Осы орайда В.И.Андреев былай деп жазады: «...тұлға еңбек нарығында жоғары кәсібилікке және осының негізінде бәсекеге қабілеттілікпен бір мезгілде жоғары рухани-адамгерішілік мәдениетіне қол жеткізуі тиіс»..
Р.А.Фатхутдинов бәсекеге қабілеттілікті қазіргі нарықтағы ұқсас объектілермен салыстыру бойынша олардың нақты қажеттіліктерін шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыру деңгейін сипаттаушы «объект сапасы» деп түсіндіреді. Бәсекеге қабілеттілік қазіргі нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төзімділікті анықтайды.
Бәсекелестікті дамытудың мүмкіндіктерінің бірі ретінде ғалымдар «Үш үштік» бағдарламасын таратуды ұсынады. Олар: денсаулық (денсаулықты нығайтуға мақсатты бағытталу), білім (табыс кепілі - білім) және жақын адамдарға қамқорлық көрсету (рухани-адамгершіліктік мәдениет). Бәсекелік күресте табысты компаниялар өздерінің барлық қызметкелерінің іскерлік және кәсіби өсуінің мүмкіндіктері мен шығармашыл кеңістік беру, өндірістік әлеуетін арттыру секілді өзіндік даму негізінде жоғарылатуға ұмтылған. Бүгінде экономистер бәсеке күресінің табысын басқарудың тиімділігі мен өндіріс мекемелерінен, сападан тікелей тәуелді басқару функциясынан көріп отыр. Бұл мысалы, басқарудың үнемді аппараты, шешім қабылдаудағы жоғары оперативтілік, кәсіби икемділік, жұмысшылардың айқын мотивациясы болып табылады. Бәсекеге қабілетті тұлға даму процестерінің күрделі динамикасын саналы түсінген және оның жүруі барысына әсер ететін әлеуметтік әрекеттер мен өзгерістердің субъектісі. Дамудың осындай көпқырлылығынан, қабілеттіліктерден, білім мен біліктен іс-әрекеттің алуан түріне белсенді атсалысуы үшін сондай көпбейнелі болу қажеттілігі туындайды. Ол өзіне тек материалды өндіріс сферасын қосып қана қоймай, сонымен қатар адамның өмірлік іс-әрекеті аспектілері ретіндегі дәстүрді сақтау және мәдениетті өзіндік ерекшелігі, коммуникация сапалары мен адамдардың өзара әрекеттестігі, уақытты шығармашылықпен қолдану, өз денсаулығын қамтамасыз ету мен сақтауды кірістіреді. Бәсекеге қабілеттілікті бұртұтас мағынада адамның шешім қабылдауға қабілеттілігі мен оны орындауға жауапкершілік алуы болып түсініледі. «Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы адамның физикалық және интеллектуалдық сапаларының жиынтығын, сондай-ақ өмірлік жағдаяттарға өз бетінше және тиімді шешім қабылдай алуды, басқа адамдармен сындарлы қарым-қатынаста болу үшін жағдай жасауды болжалдайды.
Д.Дьюидің еңбектерінде «еркін кәсіпкерлік» жағдайында «әр түрлі жағдаяттарға ептілік таныта білетін» тұлғаны қалыптастыру идеялары көрініс тапты. Ғалым өмірді бірінші орында, ал оқыту осы өмір себебімен мүмкіндікті деп есептейді. Д.Дьюи қазіргі оқыту тәжірибесіндегі ең басты кедергіні «пәндік мазмұнды әлеуметтік мәнмәтіннен оқшаулау» деп көрсетеді. Ол оқытудың басты мақсатын «жастарды келешектегі міндеттіліктерін орындауға даярлау және өмірде табысқа жету мүмкіндіктерін тарату» деп түсінеді және адамды жүйелі ойлауға күшпен әсер етуге қабілетті ойлаушы қайраткер ретінде қарастырады. Адам өзінің жаратылысындағы осындай қабілеттіліктерінің нәтижесінде табиғаттың басқа жаратылыстарымен табысты бәсекеге түсе алады. Адам өзін-өзі бақылауды, өз әрекеттерін сана елегінен өткізіп, ақылға бағындыра білуді үйренуі тиіс. Тілек ақылға бағынбайды, кездейсоқ жағдайлармен басқарылады.
Педагогикалық тұжырымдамада ағылшындық психолог және педагог-практик Александр Нейлл таңдау еркіндігі идеясын дамытуды алды. Еркіндік А.Нейллдың тәрбие жүйесінде бала тұлғасын дамытудың тәсілі мен шарты болып табылады және ол еркін адам ғана бақытты бола алады деп санайды. Ғалымның педагогикалық көзқарасы тұжырымдаманың басты тезисіне негізделген – білімді балаға өмір сүру үшін беру қажет, ал кез келген адамның өмірдегі басты мақсаты – бақыт. Әрбір адам өзінің негізгі қызығушылығын табуы және өз өмірін сүруі қажет.
«Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы психологиялық-педагогикалық ғылымға А.Маслоу, О`Делла, Дж.Грейсон, К.Роджерс, Р.Мартенс, Э.Эриксон және т.б. шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне байланысты енгізілді. Гуманистік психология өкілдері адамды өз өмірін белсенді құрушы, таңдау еркіндігіне ие, жеке өмір стилін дамытушы деп пайымдайды. А.Маслоу адамның өзін-өзі өзектендіруге құлшынысы арқылы жан-жақты жетілген тұлға бола алады деген көзқарасын білдіреді.К.Роджерс адамның мінез-құлқын өзін-өзі өзектендіру мотиві ретінде қарастырады. Ол адамға «жеке тұлғасын сақтау және дамытуда өзінің барлық қабілеттіліктерін дамыту тенденциясына ие» деген пікірін білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, тұлға құрылымының негізінде субъектінің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасқа түсуінде қалыптасатын және мінез-құлықты өзіндік реттеудің интегралды механизмі болып табылатын «Мен-тұжырымдамасы» жатыр.
Г.Олпорт тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін кемел тұлға феноменіне сараптама жасау арқылы ашты. Ол осы тұлғаны сипаттайтын сапаларды былайша көрсетеді:
- Өзін-өзі дамытуға қабілеттілік;
- жылы, жайдары әлеуметтік қарым-қатынас жасауға қабілеттілік;
- Кәсіби қызмет аясына сай біліктілікті, дүниетанымды меңгеру;
- құзыреттілік пен бәсекеге қабілеттіліктің болуы.
Біз бәсекеге қабілеттіліктің қарастырылып отырған феноменін тұлғаның бәсекеге қабілеттілгінін зерттеу мінез−құлық жиынтығы мен оны құраушылардың сапасын қолдану барысында мүмкін болатындығын көреміз. Бұларды сараптау жекелеген жағдаяттар мен қалыптастыруда даму үшін интегралдылықта жеке дамуға бағытталған тікелей түрдегі педагогикалық әсер ету қажеттілігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |