5. Осыған орай, М.Кларин инновациялық оқыту мен инновациялық білім беруде төмендегі қызмет кезеңдерін көрсетеді:
-Бірінші кезең – оқушыларды анықтау қызметінің бір жиынтығы арқылы және қажет еткен мөлшерде оқушылардың білімін анықтауды жоспарлау.
-Екінші кезең - анықтап білу - ол оқушының алдағы уақыттағы танымдылық қасиетін, қабылдауын анықтау. Оның ішінде әр оқушы жуықтау емес өте нақты айқындықты білуі керек.
-Үшінші кезең - дайындық бөлімі: оның көлемінде оқытудың тиісті нәтижесін «бағдарлау» және тәрбие берудегі керекті әдістерді жинақтауды қамтамасыз етудегі таңдау.
-Төртінші кезең - белгіленген жоспарды іске асыру - оқыту шарттарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, оқыту жағдайларындағы тәрбиелік мәні бар тренинг технологиясы қызметіне кіру.
-Қорытынды, бесінші кезең - алдыңғы белгіленген мөлшердегі өлшеммен нәтижелерді салыстыра бағалау, тапсырманы біртіндеп қиындату арқылы жүйелі кезеңге өту, тест алу.
(Кларин М.В., Педагогическая технология в учебном процессе. Анализ заружебного опыта-М.: Знание, 1989-80с.)
Сонымен, «Әдістемелік жүйе» төмендегі бағыттағы мәселелерді шешуге арналған:
1. Неге оқыту керек?
2. Қалай оқыту керек?
3. Не үшін оқыту керек? болса, қазіргі оқыту технологиясы бір ғана қосымша сұраққа жауап береді:
4.Қалай нәтижелі оқыту керек?» - деп М.Чошанов атап көрсетеді. (Ш.Т.Таубаева,С.Н.Лактионова. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования,-Алматы. «Ғылым», 2001.)
Достарыңызбен бөлісу: |